Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 22:36, реферат

Краткое описание

Жүргізушілер еңбегін ғылыми ұйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау, адамның жан-жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Жүргізушінің ойлау қабілеті 4
2 Жүргізушілерді психологиялық дайындау 6
3 Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы 9
Қорытынды 11
Әдебиеттер тізімі 12

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 38.54 Кб (Скачать документ)

Француз мамандарының есептеуі бойынша алғаш 500 км жүргізушінің бар ойы тек қана автомобильінде болады екен да, басқа қозғалыс қатысушыларына көңіл аудармайды екен. 500 ден 3 мың км аралығында жүргізушінің өзін-өзі ұстауы жол жағдайына бейімделе бастайды. 3 мың км кейін басқару дағдылары тұрақтанып жүргізуші зор сенімділікпен автомобильді жүргізе алады. Кәсіби шеберлікке жету үшін кем дегенде бір рет «жер шарын айналып шығу» қажет немесе 40 мың км артық жүру керек.

Әрине мұндай жүріс әр адамға әр қилы біріне көп, біріне аз болып көрінуі мүмкін. Бұл жүргізушілердің дайындық деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Келтірілген мәліметтер тәжірибе мен кәсіби шеберлік шешуші деңгейде жүргізуші мүмкіндігін, демек қозғалыс қауіпсіздігін анықтайды.

Жүргізуші дағдыларының қалыптасып жетілуіне жалпы заңдылықтарды білуі және оның жүргізуші іс-әрекетінде байқалуы көмектеседі.

Дағды – мақсатқа бағытталған әрекет барысында арнайы назар аудармастан бірақ саналы түрде жеке бір әрекеттерді орындау қабілеттілігі. Мысалы тәжірибелі жүргізушіге өзінің әрбір әрекетіне назар аударып бақылау қажет емес, олар өздігіне жасалып жатады. Бірақ жүргізуші қателік жіберсе немесе оның әрекеті жолдағы жағдайға сай келмесе, сананың арқасында уақытылы байқап кателіктерді түзетеді.

Жүргізуші іс-әрекетінде дағдының үш тобын бөліп қарауға болады: сенсорлық, ойлау және қозғалмалы.

Сенсорлық дағды – қабылдау дағдылары, мұнда басты рөлді сезу мүшелері атқарады. Олар өз автомобильімен жолдағы объекті арақашықтығын жылдам әрі дәл бағалауға мүмкіндік береді және динамикалық көз мөлшерінің негізі болып табылады. Сенсорлық дағдылар автомобиль қозғалысының жылдамдығын бағалауда қозғалтқыш жұмысын есту арқылы бақылауда, автомобильдің бағыттан шамалы ауытқуын тез қабылдауда, дөңгелектің жолмен ілініс бағалауда маңызы зор.

Сенсорлық дағдылардың қалыптасуы мен қабылдауы үшін көру анализаторының маңызы зор, себебі барлық қажетті ақпараттылық 90 %- астамын көру арқылы алады. Бірақ сенсорлық дағдылардың қалыптасуына есту, вестибулдық аппарат, бұлшық ет, дене түйсігінің де қатысы бар. Көбінесе жүргізуші қоршаған ортадан, жолдан немесе автомобильден түсетін ақпаратты бірнеше каналдар арқылы қабылдайды. Мысалы автомобильдің арқа белдігінің тайғанауын жүргізуші вестибулдық аппарат арқылы, бұлшық етпен сезіну және көру арқылы сезеді.

Ойлау немесе ақыл-ой дағдылары тиісті шешімді уақытылы қабылдау үшін қажетті жол жағдайын бағалау жылдамдығын анықтайды жүргізуші іс-әрекетінде маңызы зор. Ондай дағдылар қосымша ойлауды қажет етпей-ақ бар тәжірибе мен дағдыларды қолдануға мүмкіндік береді.

Дағдылар тұрақсыз болып келеді. Егер жаттығулар тоқтаса, дағдылар бұзылып, автоматтылығы жойылады. Дағдының бұзылуынан жүргізуші бұрын орындап жүрген әрекеттерін орындай береді тек оның сапасы біршама төмендейді. Әсіресе басқару іс-әрекеттерін орындау уақыты бұзылады. Жаттығулар үзілісінен кейін жүргізуші іс-әрекеттерін біресе жылдам, біресе баяу орындайды. ЖҚҚ үшін іс-әрекеттің уақытылы орындалуының маңызы зор.

Оқу барысында қалыптасқан дағдылардың қажетті деңгейін сақтау, адам әрі жетілдіре түсу үшін тұрақты жаттығу қажет. Ескеретін дағдылардың бұзылу процесін жүргізушілер байқамайды. Бұл әуесқой жүргізушілердің ЖКО-на жиі тап болуының бір себебі болып табылады.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Ойлау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін көрсету, олардың арасындағы заңды байланыстар мен қатынастарды табу процесі.

Жүргізуші мамандығы ойлаудың қажет қасиеттерін жетілдіріп дамытады. Шеберлігі жоғары тәжірибелі жүргізушілер күнделікті өмірде де ұшқыр оймен, тапқырлығымен, жылдам шешім қабылдағыштығымен және жағдай күрт өзгергенде нақты әр тез әрекет ету қабілетімен ерекшеленеді. Бірақ ойлаудың бұл қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы стендтер мен автомбиль тренажерлерінің көмегімен күрделі жағдайларды немесе олардың жеке элементтерін модельдеу арқылы жаттығу жасау пайдалы.

Жүргізуші мамандығы ЖҚЕ мен техника білімін,әртүрлі жағдайларда автомобильді басқару дағдыларының автоматтандырылған деңгейін, қозғалыс маршрутын есте сақтауды, өте қиын жол жағдайында жадынан қажет ақпаратты ала білуді талап етеді.

Кәсіби бейімдеу – бұл адамға оның жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған адамның жеке әрі психофизиологиялық ерекшеліктерін айқындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жүйесі.

Кәсіби іріктеу – дегеніміз адамның оқуға және нақты мамандық бойынша жұмыс жалғастыруға жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесі. Кәсіби таңдау дегеніміз кәсіби іріктеудің бір бөлігі. Оның міндеті – нақты бір мамандық шеңберіндегі жекелеген жұмыс түріне өзінің психофизиологиялық қасиеттерімен сәйкес келетін адамдарды анықтау, мысалы автобус, такси, ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілерін таңдау.

Кәсіби шеберлік – дегеніміз автомобиль басқару кезінде қауіпті жол-көлік оқиғаларында жағдайды жылдам әрі дұрыс бағалап, оның одан әрі өзгеруін болжай білуі, автомобильді оңай әрі қатесіз басқарып және қажетті жағдайда оның техникалық мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жүргізушінің дайындығының деңгейі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

 

  1. М.К. Ибатов, Т.С. Ынтықов, А.Т. Жұмабеков, С.Ж. Кеңесов Автокөліктік психология: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2010. 80 б.
  2. Шпейд В.А. Основы управления автомобилем и безопасность движения. Астана: Фолиант, 2007. – 240 с.
  3. Коноплянко В.И. Основы управления автомобилем и безопасность движения. М.: Высшая школа, 2005.-271 с.
  4. Курганов В.М. Технология управления. Автотранспортная психология. М.: Приор-издат, 2004. -144 с.
  5. Романов А.Н. Автотранспортная психология М.: Издательский центр Академия, 2002.-224 с.
  6. Ибатов М.К. Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2000. -149 б.
  7. Коноплянко В.И. Организация и безопасность движения М.: Транспорт 1991.-183 с.
  8. Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения. М.: Транспорт, 1990.-167 с.
  9. Интыков Т.С. Безопасность движения. Караганда: КПТИ, 1989.-80 с.
  10. Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения. М.: Транспорт, 1982-288 с.

 

 

 

 


Информация о работе Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы