Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 22:36, реферат
Жүргізушілер еңбегін ғылыми ұйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау, адамның жан-жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады.
Кіріспе 3
1 Жүргізушінің ойлау қабілеті 4
2 Жүргізушілерді психологиялық дайындау 6
3 Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы 9
Қорытынды 11
Әдебиеттер тізімі 12
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
1 Жүргізушінің ойлау қабілеті |
4 |
2 Жүргізушілерді психологиялық дайындау |
6 |
3 Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы |
9 |
Қорытынды |
11 |
Әдебиеттер тізімі |
12 |
Кіріспе
Жүргізушілер еңбегін ғылыми ұйымдастыру оның жағдайын және жұмыс атқару қабілетін, қоршаған ортаның ең аз мөлшерлі теріс әсер қауіпсіздігін сақтау, адамның жан-жақты факторларын оқитын пән, автокөлік психологиясы болып табылады.
Жүргізуші қызметінің барысында бақылау оның дайындығы жөнінде, жұмысқа қабілеті, өзін-өзі ұстауы, шешімге тез келушілігі, эмоцияға тұрақтылығы, бағдарлағыштығы, оның басқару қозғалысындағы жылдамдығы және нақтылығы жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бақылаушы жүргізуші қызметінің ерекшелігі жөнінде толық білуі қажет, әдістің психологиялық мәнін жеткілікті елестете алуы және белгіленген бақылау мақсатын нақты түсінуі керек (мысалы, әртүрлі талаптарда жүргізушінің автомобильді басқаруға дайындығын анықтауы керек – түнде, үлкен жылдамдықта, тауда және т.б); басқарылмайтын қиылыста жүргізушінің іс-әрекеті мен тәртібін тексеру керек, басып озу, қозғалыс жолағын өзгерткенде жүргізушінің іс-әрекеті, ЖҚЕ білімін тексеру және т.б.
Статистикалық мәліметтер бойынша жол көлік оқиғасының 70-80 % жүргізушілердің қателігінен болады. Қателік дегеніміз қате іс-әрекетінің нәтижесі яғни мақсатқа жетпеген іс-әрекет. Ол жүргізушілерде жолдағы жағдайдың күрт өзгеруі кезінде, әсіресе қауіпті жағдайларда уақытынан бұрын, қате немесе кешігіп әрекет ету немесе әрекет етпеу түрінде байқалады. Сондай-ақ кез келген Жол қозғалыс ережесін бұзу да қателікке жатады, оның арты жол көлік оқиғасына соқтырады.
1 Жүргізушінің ойлау қабілеті
Заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін көрсету, олардың арасындағы заңды байланыстар мен қатынастарды табу процесі ойлау деп аталады. Ол біз тікелей бақыламайтынды көрсетуге, оқиғаның барысын және біздің іс-қимылдарымыздың нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Ойлаудың соңғы ерекшелігі жүргізушінің жол-көлік жағдайының дамуын және бола-шақтағы басқарушы әрекеттердің нәтижелерін болжауға мүмкіндік туғызады.
Ойлауға екі процесс: талдау және синтездеу кіреді. Талдау – бұл процесті, құбылысты немесе затты ойша бөлшектеу, оның жеке белгілерін ерекшелеп көрсету. Синтездеу – бұл жеке элементтерді, бөліктерді, белгілерді ойша қосу, бұл олардың өзара байланыстарын орнатуға және құбылыстарды, заттар мен процестерді бірыңғай тұтас нәрсе ретінде тануға мүмкіндік береді. Жүргізуші алдымен жол жағдайын оны құраушы элементтерге бөлшектейді және олардың сигналдық мәнін бағалайды (талдау). Содан кейін олардың және өз автомобилі-нің жолындағы жағдайдың арасындағы өзара байланыстарды ойша анықтайды (синтездеу), бұл оның тұтас алғанда жол жағдайы және өз автомобилінің жағдайы туралы қозғалысқа басқа қатысушыларға қатысты түсінік алуына мүмкіндік береді. Алайда жолдағы жағдай жылдам өзгереді. Сондықтан оны бағалау кезінде талдау мен синтездеу процестері, жүргізушінің ойлау процесі-нің мәнін құрайтын, өзара байланыс пен өзара тәуелділік үздіксіз ауысады.
Ойлаудың үш формасы болады: ұғым, пікір және ой тұжырымы. Ұғымдарда заттар мен құбылыстардың жалпы және аса маңызды қасиеттері көрсетіледі. Ұғым ой элементтері болып табылады. Пікір ойлау процесінің ең қарапайым түрі болып табылады. Сонымен, мысалы, жолға көз салғанда жүргізушіде «Алдыда- көпір, басып озуға болмайды» - деген пікір туады. Ой тұжырымы - аса күрделі процесс, онда бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығарылады. Мысалы: «Қазір жолдың шұғыл бұрылысы болады, ендеше, мен жылдамдықты азайтуым керек».
Кез-келген жүйе операторының жұмыс негізінде оның санасында қалыптасқан ақпараттық модель болады – ол қоршаған орта мен басқару объектілерінің жағдайы туралы толық мәлімет беретін ақпараттар ағымының жиынтығы. Жүргізуші үшін жолдан, автомобиль мен қозғалыс ортасынан түсетін ақпараттар жиынтығы ақпараттың модель болып табылады, соның негізінде жүргізуші сол сәттегі ЖАЖО жүйесіндегі өзінің автомобильдің жағдайы туралы толық мәлімет ала алады.
Бірақ, егер жүргізушінің орына ЖҚЕ мен автомобильді басқаруды білмейтін адамды отырғызса және ол да жүргізуші алатын ақпаратты алса да, ол автомобильді жүргізе алмайды. Сонымен автомобильді басқару үшін ақпаратты қабылдау жеткіліксіз, оның мағанасын да түсінісу керек және арнайы білім мен тәжірибе керек. Сондай білім мен тәжірибе негізінде жүргізуші санасында нақты бір жағдайда атқаратын қимыл-әрекеттері туралы түсінік қалыптасады. Ол түсінік болашақ қимыл-әрекеттің модельі болып табылады. Инженерлік психологияда сол жасалатын істі ойша бейнелеу концептуалдық модель деп аталады, яғни ақпараттық модель мен өткен тәжірибе негізінде жасалатын басқару іс-әрекеттерінің модельі болып табылады.
2 Жүргізушілерді психологиялық дайындау
Еңбекті белсендету жаңаша технологияларды кеңінен қолданғанның өзінде тек қана кәсіби шеберлікпен анықталмайды сонымен қатар басым деңгейде адамгершілік қасиеттермен, тұлғалық әрі психофизиологиялық ерекшеліктермен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей адамды толық қанағаттандыратын мамандық өндіріске де пайдалы. Адамның қабілетіне, қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жұмыс қана толық қанағаттандырады. Осы тұрғыдан алғанда адамның нақты бір еңбекке жарамдылығын анықтау қазіргі кезде аса маңызды. Адамның мұндай жарамдылығы кәсіби бейімдеу, кәсіби іріктеу және таңдау әдістерімен анықталады.
Кәсіби бейімдеу – бұл адамға оның жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектесуге бағытталған адамның жеке әрі психофизиологиялық ерекшеліктерін айқындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жүйесі.
Кәсіби іріктеу – дегеніміз адамның оқуға және нақты мамандық бойынша жұмыс жалғастыруға жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесі. Кәсіби таңдау дегеніміз кәсіби іріктеудің бір бөлігі. Оның міндеті – нақты бір мамандық шеңберіндегі жекелеген жұмыс түріне өзінің психофизиологиялық қасиеттерімен сәйкес келетін адамдарды анықтау, мысалы автобус, такси, ауыр жүк автомобильдерінің жүргізушілерін таңдау.
Кәсіби іріктеуге: медициналық, әлеуметтік психофизиологиялық және білімділік іріктеу жатады. Медициналық іріктеу Денсаулық сақтау Министрлігі шығарған құжаттармен регламенттеледі.
Біздің елімізде білімділік іріктеу аса маңызы емес, себебі жүргізуші мамандығына ие бол үшін орта білім жеткілікті. Әлеуметтік іріктеу белгілі бір мамандық талаптарына моральдық-адамгершілік жағынан сәйкес келмейтін тұлғарды уақытылы айқындап жұмыстан немесе оқудан аластауға мүмкіндік береді. Психофизиологиялық іріктеу нақты бір мамандықтарға қойылатын талаптарға психофизиологиялық қасиеттері сәйкес келмейтін тұлғаларды уақтылы анықтап жұмыстан және оқудан аластатуды қамтамасыз етеді.
Ресейдегі психофизиологиялық іріктеудің тиімділігі бойынша қорытынды мәліметтер оқу орындарындағы кәсіби жарамсыздығы бойынша оқудан шығып қалуды 30-50% төмендеуге, басқару жүйесінің сенімділігін 10-25 % дейін арттыруға, апатылықты 40-70% азайтуға, мамандарды дайындау құнын 30-40% төмендеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда автомобилизация деңгейі жоғары дәрежеге жеткен елдердің барлығында автомобиль жүргізушілерін психофизиологиялық іріктеуден өткізу жүргізіледі. Мұндай іріктеудің енгізілуі жүргізушілер сенімділігін арттыруға, ЖКО санын азайтуға, адам өлімі мен материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кейбір елдерде психологиялық іріктеуден жүргізушілерді оқытудың алдында ғана өткізумен шектелмейді. Мысалы Австрияда ЖҚЕ бұзған жүргізушілердің жарамдылығын анықтау үшін психологиялық тест жүргізеді екен. Кері нәтиже көрсеткен жүргізушілерді автомобиль басқарудан шектету бір жылдағы ЖКО санын 3 мыңға дейін азайтқан, ал материалдық шығынды 200 млн. шиллингіге дейін азайтқан.
Қарапайым жол жағдайларында автомобильді сенімді басқаратын жүргізуші күрделі жағдайлар мен өте қиын жол жағдайларында оның психофизиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғары болғанда ол тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. М.А. Котик мұндай қасиеттер жиынтығын жүргізушінің негізгі сенімділігіне жатқызады, ол тәжірибеде байқалатын прагматикалық сенімділіктен өзгеше. Котиктің пайымдауынша төтенше жағдайда жүргізушінің сенімділігі, сондай жағдайларда қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлғалық және психофизиологиялық қасиеттерінің сәйкестігімен яғни базалық сенімділігімен айқындалады. Базалық сенімділігі төмен адамдардан төтенше жағдайлада қатесіз әрекет ете алатын жүргізуші тәрбиелеп шығару мүмкін емес. Сондықтан базалық сенімділігі төмен адамдар жүргізуші жұмысын атқаруына жол берілмеуі керек.
Жүргізушілерді психофизиологиялық іріктеуден өткізу үшін қолданылатын әдістерді тексерістен өткізу тәжірибесі кенеттен туындайтын өте күрделі жол жағдайында жүргізушінің сенімділігін қамтамасыз ететін психикалық іс-әректтің жылдамдық көрсеткішіне жоғары талаптар қоятын әдістер нақты болжағыш болып табылады. Осындай күрделі жағдайлардағы жүргізушінің жіберген қателіктері көбінесе ЖКО себебі болып табылады.
Жүргізушінің жедел қасиеттерін бағалау үшін төмендегі әдістемелік тәсілдер қолданылуы мүмкін:
- сынаушының функционалдық мүмкіндіктері шегіне жеткенше дабылды тез, баяу және өсу қарқынымен беру;
- қателескен жағдайда дыбыстық белгі беру;
- сынақ жағдайын кедергілер келтіру, алаңдатушы факторлар келтіру арқылы күрделілендіру;
- білімді меңгерген бетте жаттықпай тұрып, тексеру жүргізу, себебі тұлғалық ерекшеліктер дағдының қалыптасу процесінде нақты айқындалады.
Зерттеліп отырған жұмыстың негізі элементтерін жобалау ұстанымы жүргізіушілерді психофизиологиялық іріктеуден өткізу мақсатындағы басты ұстаным болуы тиіс. Ондағы ең бастысы сыртқы ұқсастығы емес шынайы әртүрлі жолдың күрделі жағдайларында жүргізушінің психофизиологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды жобалау процесінде орындау. Сонымен қатар жүргізушілерді психофизилогиялық іріктеуден өткізуде қолданылатын әдістер төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- тексеріс жүргізуге көп уақыт алмау;
- аса қымбат емес және жаппай психофизиологиялық іріктеуден өткізгенде экономикалық жағынан мақсатқа сай болуы тиіс.
Осы талаптардың барлығына апараттық әдістеме сәйкес келетін тәжірибе көрсетіп отыр. Оларды автомектепке жаңа түскендерде болмайтын арнайы дағдыларды талап ететін тренажерлермен шатастыруға болмайды. Мұнда жұмыстың ұстанымдық құрылысын жобалау арнайы кәсіби дайындығы жоқ адам орындай алатындай шартты түрде болуы тиіс.Тексеру кешенді түрде жүруі тиіс, яғни келешектегі кәсіби жұмыстың сенімділігі мен оқытудың сәтті болуына тікелей әсер ететін негізгі психофизиологиялық қасиеттерді сипаттайтын әдістер мен құрылғылар тобын пайдалану қажет. Психофизилогиялық жарамдылық пен жарамсыздықты бағалау барлық сынақ әдістерінің нәтижелері есерілген, сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде, бақылау, әңгімелесу, құжаттарды зерттеу нәтижесінде салынған мәліметтерді ескере отырып интегралды түрде жасалуы тиіс. Психофизиологиялық іріктеуге арналған әдістер тәжірибелік тексерістен өткеннен кейін ғана ұсынылуы мүмкін.
Сынақ алдында, сынақтан өту кезінде және одан кейін де физиологиялық көрсеткіштерін жүрек соғу жилігі, тері-гальвоникалық реакциясы, өкпенің ауа алмастыру көлемін тіркеп отыру орынды. Физиологиялық көрсеткіштердің ауытқуы сынаушының жүйкелік-психикалық қысым деңгейін көрсетеді. Қысымның шамадан тыс басым болуы көп күш қуатты талап етеді жүргізушінің тез шаршап, содан оның сенімділігін төмендетеді.
3 Жүргізушінің кәсіби шеберлігі, жасы
Автомобиль көлігінде апаттылық себептерінің бірі жүргізушілердің жеткіліксіз кәсіптік шеберлігі болып табылады.
Жүргізуші мамандығы негізгі болып табылатындықтан, оның қызметінің тиімділігі мен сенімділігі автомобиль көлігінің жұмыс нәтижесі мен жол қозғалысының қауіпсіздігін анықтайды. Статистикалық деректер бойынша ЖКО 75% дейін жүргізушінің кінәсі бойынша болады. Осыған орай автомобиль жүргізушілеріне қойылатын талаптар да артып келеді. Ішкі істер министрінің 2006 ж. 10 шілдедегі №341 бұйрығымен Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау ережелері бекітілді.
Автомобиль басқарудағы кәсіби шеберлік – дегеніміз қауіпті жол-көлік оқиғаларында жағдайды жылдам әрі дұрыс бағалап, оның одан әрі өзгеруін болжай білуі, автомобильді оңай әрі қатесіз басқарып және қажетті жағдайда оның техникалық мүмкіндіктерін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жүргізушінің дайындығының деңгейі.
Жол қозғалыс қауіпсіздігі үшін кәсіби шеберлігінің маңыздылығының зор екендігіне, жас әрі тәжірибесіз жүргізушілер қателігінен болатын ЖКО көптігі дәлел.
Арнайы зерттеулер бекітетіндей, жас жүргізушілер өзінің тәжірибелі әріптестерімен салыстырғанда 4 есе жиі ЖКО-ң қатысушысы болады екен. Европалық елдерде жүргізілген бұқаралық анкеталық сауалдар жолда болатын апаттардың 30% 21 жастан төмен жүргізушілер үлесіне түседі екен.
Егер 30 жастағы жүргізушілер жасаған ЖКО 100 % деп есептесек, онда 25-30 жас аралығындағы жүргізушілерде 123 % өседі, 21-25 жас аралығындағы 180%, 18-21 жас – 350 %.
Зерттеулер нәтижесінде жұмыс стажы бір жылға жетпейтін жүргізушілер барлық жүргізушілердің 8 % құрайды, олар барлық ЖКО-ң 13 % құрайды. Апаттылық көрсеткіші (ЖКО санының сол категориядағы жүргізушілер санына қатынасы) бір жыл толмаған жүргізушілерде 1,68 тәжірибелі жүргізушілерде – 0,44. Жапонияда тәжірибесіз жүргізушінің ЖКО-на тап болып қайтыс болғандары 10 % құрайды, ал жүргізуші құжатын алғаннан кейін 1 мыңға жуық осындай жүргізушілер апатты жағдайдан қайтыс болған.