Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 09:11, курсовая работа
Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.
Автомобиль моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі. Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кейбір конструкциялық айырма шылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.
І КІРІСПЕ......................................................................................... 2-4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Цилиндр-поршень топтары................................................................5-8
2. Кривошипті-шатунды топтар............................................................9-10
3. Иінді білік............................................................................................11-12
4. Маховик...............................................................................................12
5. Мотордың сығылу дәрежесін басқару..............................................13-14
6. Кривошипті-шатунды механизмнің ...................................................15-16
негізгі ақаулары
7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы...........................................17-18
8. Газ тарату механизмінің бөлшектері..................................................19-20
9. Газ тарату фазасын басқару.................................................................21
10. Газ таратпу механизмінің жұмысы...................................................22
11. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын ..........23
электронды жүйемен реттеу
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................25
3. Иінді білік
Поршень (1) мен шатун (5) арқылы келетін күшті қабылдап және оны бұраушы моментке өзгертіп, мұны автомобильдің трансмиссиясына беретін иінді білік (7)| мотордың әр түрлі механизмдері мен бөлшектерін жетекке алу үшін пайдаланылады. Газ бен инерция қысымының күші ұдайы әсер ететіндіктен иінді білік ете төзімді болуы тиіс.
Жоғары сапалы болаттан иінді білікті штамтайды немесе өте тезімді шойыннан құяды. Иінді білік түпкі және шатундық мойыннан имек түрінде жасалады. Жақтауына білікпен қоса, оны теңгеріп тұратын қарсы салмақ бекітілген немесе құйылған. Білік мойны тозуға өте берік болуы үшін жоғары жиіліктегі токпен шынықтырылған. Білік жадтауынан қиғаш каналдар өтеді, сол арқылы май түпкі және шатунды подшипниктерге келеді. Иінді білік (7) мойнының іші қуыс (15) етіп жасалған, мұның өзі ортадан тепкіш тазартқыш үшін қажет. Қуыс (15) бұрандалы динамометрлік тығынмен бекітілген. Иінді білік айналған кезде механикалық қоспалар (тозған енімдер) ортадан тепкіш күштің әсерінен қуыс кенересіне тұнады. Иінді біліктің әрбір шатунды мойынындағы V тәрізді орналасқан цилиндрлерінің иінді білігіне екі шатуннан орналасады, сондықтанда мойны ұзын болады. Иінді біліктің алдыңғы шетіне газ таратқыш және басқа да механизмдерді жетекке алатын бір не екі шестерня, желдеткіш пен генераторды жетекке алатын шкив (16), сондай-ақ иінді білікті қолмен айналдыруға арналған тіреуіші тісті дөңгелек (храповник) немесе болт бекітілген. Шкив пен шестерня аралығына май қайтарғыш орнатылған, ол сальникті нығыздағыштың алдындағы майды кері қайтарады. Кейбір моторларда таратқыш шестерня біліктің артқы шетіне орналасқан.
Бірқатар моторларда маховикті (14) орналастыру штифімен және болтпен бекітіледі. Ал, басқа бір моторларда фланец болады, оған маховикті болтпен ұстататын тесік жасалады.
Иінді білік (7), шатун (5) кесіндісі.
Иінді білік фланецінің алдына май айдайтын бұранда жасалған, ол арнайы жіңішке ішпекпен немесе сальникпен қоса лабиринтті нығыздағыш құрайды да, маховик картеріне май құйылуынан сақтайды. Түпкі подшипникте кертпектер немесе тіреуіш жартылай сақина болады.
Түпкі подшипниктер де, сол сияқты шатунды подшипниктерде ішпек секілді, олар биметалды болат-алюминий лентасынан жасалған. Шатунның да, сондай-ақ көптеген түпкі подшипниктердің де ішпектері өзара ауыстырмалы.
4. Маховик
Иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасайтын және көлік орнынан қозғалғанда, әрі жұмыс кезінде моторда пайда болған аса ауыр күшті жеңуге жәрдемдесетін — маховик 14. Маховик салмағы біршама ауыр шойын диск. Маховиктің артқы жақ тұсында іліністі орналастыратын қырнақ болады, сол мақсатта маховиктің артқы беті мұқият өңделеді.
Маховиктің алдыңғы ұшында ойық бойынша бірінші цилиндрдегі поршеньнің орналасу қалпын белгілейді немесе кейбір дизель моторларында бірінші цилиндрде отын бүрку бастау бұрышын көрсетеді. Осы ойық маховик картерінің тесігімен сәйкес келген жағдайда бірінші цилиндрдегі поршень жоғарғы шекті нүктеде болады немесе бірінші цилиндрде отын бүрку басталады.
Маховик құрсауына болат тісті тәж престеп ұсталған немесе болтпен бекітілген. Моторды алғаш іске қосқанда стартер ең алдымен осы тіс тәжімен ілінісе отырып, иінді білікті айналдырады.
5. Мотордың сыҒылу дәрежесін басқару
Осы заманғы автомобиль техникасын пайдалану көрсеткіштерін автоматты бақылау мен басқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін мәліметтер оқулықтарда жарық көрген.
Бензинді моторларда сығылу дәрежесінің максималды мәні детонациямен шектеледі және максималды айналу моментінде ең ауыр режимде қалыпты жұмыс істеу үшін таңдалады.
Сырылу дәрежесі ең үнемді режимдегі мотордың жұмысына жетуден анағұрлым төмен мөлшерде таңдалады. Осыны біле тұра мотордың үнемділігі төмендейді. Бұл тиімсіз режимдегі жұмыс жартылай жүктелгенде күшті білінеді. Бұл режимде цилиндрдің жанармаймен толтырылуын төмендету сығылу дәрежесі мотордың үнемділігін көтеру үшін жасалады. Өйткені жартылай жүктелу - автотрактор моторының жұмысының негізгі пайдалану режимі.
Жартылай жүктелу кезіндегі және жанармай ауыстыру кезіндегі тиімсіз жұмысты жою үшін ауыспалы жану камерасы көлемі бар мотор қолданады. Оған екі жолмен жетуге болады.
1. Жану камерасының көлемін қадамсыз өзгертумен
2. Жану камерасы көлемін сатылы
өзгертумен
SААВ фирмасы өзгермелі
сығылу дәрежесі мен бензиндік мотор жасады.
Жану камерасы көлемін қадамсыз өзгерту
моторға бензинмен, газбен, дизельді отынмен
және спиртпен жұмыс істеуге мүмкіндік
береді.
Конструкторлар мотор жұмыс істеп тұрғанда сығылу дәрежесін басқару жетістігіне жетті.
SААВ фирмасының сығылу дәрежесі реттелетін моторы. а—сығу дәрежесі жоғары, в—сығу дәрежесі төмен. 1—картер мен блокты қосатын топса (шарнир); 2—осі картерге бекітілген эксцентрикпгі білік (оны бұрау арқылы сығу дәрежесін өзгертеді); 3—эксцентрикті біліктің шатунын мотор блогына жалғайтын топса (шарнир).
SААВ моторының сығылу дәрежесі 8:1 ден 14:1 тұрады. Мотор «талғаусыз болды, ол әр түрлі сападағы және фракциялық құрамында айырмашылық бар отындармен жұмыс істей береді. Екіншіден, орташа жүктелуде үнемділігі 30% -ке артты, ал максималдыда - қуаты бірден жоғарылады.
SААВ моторында картер (иінді білік) мен мотор блогы топса (шарнир-1) арқылы бекітілген. Картердің қарама-қарсы жағына эксцентрикті білік бекітілген (2), оның шатуны мотор блогына жалғайтын топсаға (3) жалғасқан (шарнир). Эксцентрикті бұрау арқылы сығу дәрежесін өзгертеді, немесе мотор блогының сол жағын (1 топса арқылы) жоғары немесе төмен түсіруге болады. а-сығу дәрежесі жоғарылату үшін блок (картерге 2 қарағанда) сағат жүру бағытымен, ал е-сығу дәрежесін төмендету үшін сағат бағытына қарсы бұралады.
Жүргізушінің тапсырмасымен (қолданылатын отын түрінің өзгеруі кезінде), болмаса иінді білік айналу жиілігі көрсеткішінің дабылымен және ЭСУ басқару басқышының қалпында, моторды тоқтатпай сығылу дәрежесін басқаруда іске асады.
6. Кривошипті-шатунды механизмнің
негізгі ақаулары
Мотор үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық (тартымдылық) қасиетін, жанармай және жағар майдың шығынын белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін қуатта жұмыс істеуі қажет.
Кривошипті-шатунды механизмнің техникалық жағдайын анықтауға болады: дыбысы мен діріл-соғысынан, бөлшектерінің едәуір желінгендігінен, ұлғаятын май (жоғары шығында) күйігі түтінінен. Өйткені мотордың жұмысында қатты түтіндеуден, сығымдау процесінің соңында (компрессиясы) қысымның азаюынан болады.
4.5.1. Мотордың діріл-соққысы стетоскоп арқылы тыңдалады және басқа да электронды жүйелер қолданылады.
Үнді соққы-мотордың салқын кездегі және оның қыза бастаған кезінде бәсеңдейтін немесе жоғарылайтын дыбыс поршеньнің желінгенінен пайда болады.
Егер айналу жиілігі шапшаң артқан кезде қатты шығатын соққы дыбысы иінбіліктің негізгі мойыншасындағы күпшектерінің немесе шатундың мойыншадағы күп-шектердің (тесеніш) желінгенін байқатады.
4.5.2 Май қысымның күрт төмендеуі көбіне инбіліктегі негізгі немесе шатундық мойыншадағы күпшектердің еріп кетуінен болады. Бұл жағдайда ақаудың күрделіленіп кетуін алдын алу үшін моторды тоқтату қажет.
4.5.3 Күйген және түтін шығару поршень сақинасының поршень ойығына отырып қалуы, желінуінен және сақинаның сынуынан, оның серпімділігін жоғалтуынан, май ысыратын сақиналардағы саңлақ кесінділердің бітеліп қалуы, гильзаның немесе цилиндр ішкі қабатының жырылғанынан.
Сонымен қатар, майдың жоғары шығыны, оның мотор төсеніш саңлақтарынан ағуынан және картерді желдету жүйесінің ақаулығынан болады,
Сығымдау процесінің соңында (компрессия) қысымның азаюы поршень сақинасының күйгендігі, желінуі және сынғандығы салдарынан, цилиндр қалпағының төсенішінің зақымдалғанынан, цилиндрлердің желінгендігінен болады.
Қалыпты моторда компрессия 70—75 кН/м3 (7,0—7,5 кгс/см3) болуға тиіс. Компрессия айырмасы әрбір цилиндрлердегі 10 кН/м2 (1 кгс/см2) аспауға тиіс.
Түтін және зиянды газдың мотордан шығуын тексеретін сезгі арқылы автомобильдің компьютері анықтап отырады. Оның қалай істейтіні келесі тарауларда келтірілген. Ол сезгі — лямбда-зонд, О2 - сезгісі (датчигі) немесе мотордан шығатын газ сезгісі.
4.5.4. Күйенің отыруы
поршеньнің түбінде және Жану камерасының
қабырғаларындағы мотордың
бөлшектерінен жылудың алып кетілуін
төмендетеді, бүның өзі бөлшектердің қызуына,
қуаттың бәсеңдеуіне және жанар-
майдың шығынына соқтырады.
Күйе қабыршақтары ағаштан жасалған немесе жұмсаң темірден жасалған қырғышпен тазаланады. Тазалар алдында отырған күйе қабыршағын жұмсарту үшін. Бөлшектерді керосинмен немесе арнайы ерітіндімен ылғалдайды. Қазіргі кезде басқа да тазалау жолдары қарастырылған.
Жарық цилиндр блогының
жөне цилиндр қалпағындағы суыту
кеңістігінің қабырғаларындағы судың
қатуынан немесе ысып тұрған моторды суыту
кеңістігін
суық сумен толтыруынан пайда болуы мүмкін.
Жарықты
болдырмас үшін алдын-алған жөн.
Электронды басқару блогының мағлұматтары бойынша мотор жағдайын анықтау компьютерлік тексеру арқылы анықталады.
7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы
ГТМ ол цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар енгізу жөне шығару тесіктерін ашыл-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.
Газ тарату механизмінің екі түрі бар: жоғары және үйірге орналасқан клапандар. Оқулықтағы автомобильмоторларында газ тарату механизмінің клапаны жоғары орналасқан.
Газ тарату меха низмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернялар кіреді.
Жоғарғы клапанды механизм: 1-клапан, 2—таратқыш, 3—күйенте (коромысло), 4—реттегіш винт, 5—шпанга,6—түрткіш.
Иінді білік шестернялардың көмегімен таратңыш^ білікті (2) айналдырады. Қатарлы (а) және V тәрізді (б) таратңыш біліктің жүдырыңшасы (2) түрткішті жылжы-та отырып, оны штангамен (5) ңоса көтереді, ал осы кез-де оның екінші/шеті төмен жылжып, немесе клапанды (1) күйенте (3) арқылы басады да, клапан (1) серіппені сығып енгізу немесе шығару тесіктерін ашады (2.22-су-рет).
Таратңыш біліктің жүдырьщшасы түрткіштен шыңқан кезде штанга мен түрткіш түседі, ал клапан серіппе әсерінен ершікке отырып, канал тесігін ныгыздап жаба-ды.
Иінді білік бензин моторларында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналыц үргіреді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд/ғана немесе осы аз|уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жібе-руге мүмкіндік жасауы қажет.
Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүктеге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады.
Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.
Газ тарату диаграммасы
Газ тарату диаграммасы
Клапандардың ашылу моментінен олардың жабылу моментіне дейінгі кезеңді (бұл иінді біліктің айналу градусымен өрнектеледі) газ таратудың фазасы деп атайды.
Газ тарату фазасын таблица |немесе айналма диаграмма түрінде бейнелейді. Қазіргі автомобиль моторларының газ тарату диаграммасының фазасы келтірілген. Енгізу клапанының ертерек ашылуын және кешігіңкіреп жабылуын жүзеге асырудың нәтижесінде енгізу тактісін 180 градустан 270 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік туады.
Шығару клапанының ашылу ұзақтығы иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша 237-275°С болады.
Клапанның ашылу және жабылу сәтін таратқыш білік жұдырықшасының профилі және клапандар мен күйентелердің арасындағы саңылау бойынша анықтайды.
8. Газ тарату механизмінің бөлшектері
Клапан (1) стержені ажарланған. Стержень (5) ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде онын, күйентесі әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя (2) қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендік те үйкеленіп тұрады. Мұның өзі көпшілік моторларда 45°С бұрыштықта |орындалып, мұқият ажарланады. Цилиндрді ауаға жақсы толтыру үшін шығару клапандарының ұясы мен қалпақшасының диаметріне қарағанда, енгізу клапандарының ұясы мен қалпақшасының диаметрін үл-кенірек жасайды. Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты суха-риктер (7) орналастыруға арналған қырнақ болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе (8) табаңшасына (6) берік ұстатылады. Сухарик-тер (7) жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді. Кейбір моторларда жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің аралығында) втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табақша (6) түбіне тереледі.