Кривошипті – шатун механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2013 в 09:11, курсовая работа

Краткое описание

Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.
Автомобиль моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі. Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кейбір конструкциялық айырма шылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.

Содержание

І КІРІСПЕ......................................................................................... 2-4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Цилиндр-поршень топтары................................................................5-8
2. Кривошипті-шатунды топтар............................................................9-10
3. Иінді білік............................................................................................11-12
4. Маховик...............................................................................................12
5. Мотордың сығылу дәрежесін басқару..............................................13-14
6. Кривошипті-шатунды механизмнің ...................................................15-16
негізгі ақаулары
7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы...........................................17-18
8. Газ тарату механизмінің бөлшектері..................................................19-20
9. Газ тарату фазасын басқару.................................................................21
10. Газ таратпу механизмінің жұмысы...................................................22
11. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын ..........23
электронды жүйемен реттеу
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

Шорат.doc

— 3.15 Мб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

І   КІРІСПЕ......................................................................................... 2-4

ІІ  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Цилиндр-поршень  топтары................................................................5-8

2. Кривошипті-шатунды топтар............................................................9-10

3. Иінді білік............................................................................................11-12

4. Маховик...............................................................................................12

5. Мотордың сығылу дәрежесін басқару..............................................13-14

6. Кривошипті-шатунды механизмнің  ...................................................15-16

негізгі ақаулары

7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы...........................................17-18

8. Газ тарату механизмінің  бөлшектері..................................................19-20

9. Газ тарату фазасын басқару.................................................................21

10. Газ таратпу механизмінің жұмысы...................................................22

      11. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын ..........23

электронды  жүйемен реттеу

 ІІІ   ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................24

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ

Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.

Автомобиль  моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі. Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кейбір конструкциялық   айырма шылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.

 

 

1-сурет. Мотордың блогы.

 

Мотор, ілініс және беріліс қораптары автомобильдің қаңқасына үштен жетіге дейін тіректер арқылы бекітіледі. Көп цилиндрлі мотор қаңқасының негізгі бөлшегі - блок — картер.

Моторлардың блок қабырғасы және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен толтырады. Картердің төменгі бөлігі ұлғайтылған, өйткені онда иінді білік айналады. Қатарлы мотордың картері бірнеше бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағында құйылма бар, ол қақпақпен бірге иінді біліктің түпкі подшипнигінің тірегіш қызметін атқарады. Таратқыш жұдырықшалы білікке арналған тесіктер бар.

Су картерге енбеуі үшін горизонталь бөліктің қашап кеңейтілген жеріне гильза сыртына нығыздауыш сақина орналасқан. Блоктың жоғарғы плитасында шпилькаға арналған бұрандалы тесік бар, ол цилиндр қалпақшасын блоккартермен және штанг саңылауын түрткішпен жалғастырады. Мотордың кейбір үйкелетін детальдарына май жіберетін саңылаумен канал тесілген.

2-сурет ГАЗ жеңіл  автомобилі моторының корпусы.

1-клапан қақпағы, 2-таратқыш  білік корпусы, 3-цилиндрлер блогы, 4-картер.

 

Блок-катердегі V тәрізді моторлардың цилиндрлер гильзасын рет санына қарай орналастыратын үлкен саңылау жасалған. Барлық цилиндрлердің сыртқы қабырғалары жалпы су тысымен біріккен. Шпилькалармен иінді біліктің түпкі подшипниктерінің қақпағы бекітіледі. Жартылай блоктың жазықтығына цилиндрлер қалпақшасын орнатады.

Ауамен   салқындатылатын моторлардың     блок картері болмайды.  Оның барлық бөлшектері картерге құйып орналастырылған.   Картердің   жоғарғы   плитасына  цилиндрлер гильзасын орнататын саңылау ер орналасқан. Блок-картердің сыртында бұрандалы саңылауларға құйылма және әр түрлі агрегаттар мен құрастырма бөлшектер бекітіледі. Судың немесе майдың ақпауы үшін олардың аралығына, сондай-ақ детальдардың түйіндескен жерлеріне тесем немесе сальник қояды. Блок-картердің өңделген алаңшаларына - цилиндрлер қалпақшасы, артына — маховик картері, алдына - таратқыш шестерня картері, төменгі жағына — картер түбі бекітілді.

Ауамен салқындатылатын моторларда әр цилиндрге бөлек қалпақша жасалады. Қалпақшаның сыртқы беті салқындатқышпен жабдықталған.

Блок-картердің төменгі жағына қуыс түп бекітілген ол май резервуары қызметін атқарады, әрі мотордың төменгі бөлігін жауып тұрады. Мотор жұмыс істеген кезде май шайқалуын азайту_үшін қуыс түпке тыныштандырғыш орнатылған. Таратқыш шестерняның картері отын гидравликалық және май (16) насостары жетегі арқылы иінді біліктен таратқыш айналысты беретін шестерняларды жабады.

Мотор асқышы. Көп автомобиль мотор агрегаттарының құрамына мотор, ілініс және беріліс қораптары жатады. Олар бір-біріне бекітілген. Осы агрегат автомобиль қаңқасына 3 тен 7-ге дейін резинка металды амортизаторлар арқылы орнатылады. КамАЗ автомобилінің мотор агрегаты автомобиль қаңқасына 4 асқыш арқылы орнатылады. Урал-375Д автомобилінде мотор агрегаты автомобиль қаңқасына 3 асқыш арқылы бекітіледі.

Таратқыш шестерня картерінің қақпағында мотордың алдыңғы тірегі орнатылған. Тірек резеңке металды амортизатор арқылы кронштейнге бекітіліп, ол қаңқаға орнатылған. Амортизатор, мотор мен автомобиль қаңқасының дірілін басады. Мотор арт жағынан трансмиссия корпусына болат қаңылтыр арқылы бекітілген. Двигательдің бұлайша асылуын үш, төрт, алты нүктелі және консольды мотор аспасы деп бөледі. Консольды аспа жағдайында (мәселен, өздігінен жүретін шассиде) мотордың артқы бөлігі трансмиссия корпусына қатаң бекітілген, ал алдыңғы тұсында тірек болмайды. Алты нүктелі аспада алты солқылдаң резеңке-металл амортизатор көмегімен мотор фамаға бекітіледі; оның екеуі алдында және төртеуі — артында орналасқан.

Маховик картері  маховикті орналастыру, моторды  рамаға бекіту және әр түрлі агрегаттарды (мәселен, беріліс қорабы, іске қосу моторы, іске қосу құрылғысының редукторы, т.б.) жалғастыру үшін қолданылады. Бірқатар моторлардың маховик картерінде поршеньнің жоғарғы шектік нүктесін айқындайтын құрылғы (стрелкалы көрсеткіш, қысқышы бар саңылау) болады. Мотор түбінен басқа қаңқа бөлшектері шойыннан құйылады, ал кейбір моторлар -алюминий қорытпасынан жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Цилиндр-поршень топтары

Қарастырылып  отырған автомобиль моторларының цилиндрлері  алмалы-салмалы келеді. Бөлек жасалған цилиндрді гильза деп атайды. Осындай гильзаны пайдалану блок-картердің жұмыс істеу мерзімін ұзартады, тозған гильзаны жаңасымен ауыстырға болады. Гильза қоспалы шойыннан жасалады. Гильзаның айнасы немесе ішкі беті жақсылап өңделеді және шынықтырылады. Ішкі диаметрі бойынша гильзаны үш мөлшерлік топқа сорттайды: Б, С жөне М (үлкен, орташа және кіші).


 

 

 

ГАЗ жеңіл автомобилінің моторының корпусы. 1—клапан қақпағы, 2—таратқыш білік корпусы, 3-цилиндрлер блогы, 4 - картер, 5 —цилиндр гилъзасының салқындатқыш қырлары, 6—нығыздауыш төсем.

Гильзалар дымқыл және құрғаң деп бөлінеді. Оның сыртқы беті салқындатылған сұйықтыққа малынып тұратыны «дымқыл» деп атайды. Сыртқы бетінде екі қондырма белдеу (2 және 3) жасалған, бұлар гильзаны блокқа нығыз орналастыру үшін қажет. Кейбір моторларда резеңке сақина 4 гильзаның төменгі белдеуінде жасалған қырнақтарға орнатылады. Гильзаның жоғарғы шеті блок бетінен шығып тұрады, мұның өзі цилиндрден газды шығармай нығыз бекітілуіне мүмкіндік береді.

Ауамен салқындатылатын мотор цилиндрлері сырт жағынан салқындатқыш қырларымен жабдықталған.

Цилиндрдің  теменгі бөлігінде кертпек болады, ол картер бетіне тіреледі. Картер мен кертпек аралығына мыс сақина орнатылады. Цилиндрлер арнайы (анкерлі) шпилькамен картерге бекітіледі.

Поршеньге жоғары температура мен қысым әсер етеді, ол өте жылдам қозғалады. Жұмыс жағдайына байланысты поршень материалының механикалық қасиеті өте жоғары, әрі қажалуға төзімді, жеңіл, жылуды тез шығаратын болуы тиіс. Сондықтан да қазіргі кезде мотор поршеньдерін жеңіл, әрі біршама төзімді алюминий қорытпасынан құяды.

а —дизелъді мотордың поршені, в - автомобилъдің бензинді моторының поршені, г — поршенъ саусағы; 1 — жай бүріккіш жиек, 2 — май сыдырғыш сақина жырашығы, 3—бекіткіш сақина жырашығы, 4 — поршенъ саусақтарына май жеткізетін тесік, 5 — компрессиялық сақина жырашығы, в — поршеньдегі жану камерасы, 7 — тілік, 8 — поршенъ саусағы; А — түбі, Г — бобышкалар,Д — тоңазытқыш, Е — поршенънің массасын және өлшемдік тобын таңбалайтын жер, Ж — поршенъді орнатудың бағытын белгілеу, 3 — саусақтың өлшем тобының таңба салу орны.

Поршень төңкерілген стаканға ұқсайды. Ол түбінен (А), қалпақшадан (Б) (немесе нығыздағыш бөліктен), және етегі деп аталатын бағыттауыш бөліктен (В) тұрады. Мотордың поршень түбінің ойығы бар үлгі формасында жасайды. Оның түбінің мұндай формада болуы цилиндрден келетін отынның ауамен жақсы араласуына және оның толық жануына мүмкіндік береді.

Тікелей бүрку инжекпторы (форсункасы) бар бензинді мотордың поршенінің үстіндегі жану камерасы.

Қалпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарға арналған ойықтар (5 және 2) жасалған. Поршеньге орнатылатын сақиналар саны мотордың типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне бай- ланысты. Ойық шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында тесіктер болады, ол майды мотор картеріне жіберу үшін қажет.

Поршень етегінің ішкі жағында екі құйылма — бобышкалар (Г) бар, оның саңылауларына поршень саусақтары орнатылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поршень мен шатунка  тобы.

 

Құрастырған кезде  поршень топтары гильза топтарымен бірдей болуы тиіс. Суретте тікелей бүрку инжекторы бар мотордың жану камерасы мен поршені көр-сетілген.

Бензинді моторларда түбі жалпақ немесе арнайы формалы  поршеньдер пайдаланылады. Кейбір автомобиль моторларында   бобышка, астындағы поршень етегінің бір бөлігі алынып тасталынады. Поршендегі қалпақша астында көлденең тілік (7),  ал поршень етегінде ұзынша Т тәрізді тілік болады. Тіліктер поршень етегінің серпімділігін арттырып, кептеліп қалу қаупінен сақтайды. Поршеньдерді моторға дұрыс бағыттап орналастыруға поршень етегіндегі жазу көмектеседі.

Поршень саусақтары ішкі қуыс болаттан (16) жасалған. Поршень саусақтарын осьтік орын ауыстырудан қозғалтпай ұстау үшін бекіткіш сақина (15) қолданылады. 
      Поршень саусағы поршеньді шатунмен жалғастырады. Шатунның жоғарғы қалпақшасының втулкасындағы тесікке саусақты саңылауына келтіріп, ал поршеньді — керіп орнатады.

Поршень сақиналары поршень мен цилиндр арасынан 
картерге жанған газды өткізбеу (18) үшін және цилиндр бетінен майды сындыруға (17) қолданылады. Компрессиялық сақина (18) жану камерасындағы газдың картерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Май сыдырғыш сақина (17) картердегі майдың жану камерасына енуіне бөгет жасап, цилиндр кенересіндегі артық майды жинап алады.

Цилиндрдің  герметикалығын (нығыз жабылуын) қамтамасыз ету мақсатында бензинді моторларда поршеньге 2-3, ал цилиндрлеріндегі газ қысымы едәуір жоғары келетін дизельдерде 3-4 компрессиялы сақина орнатылады. Сақинаны қоспалы шойыннан немесе болаттан жасайды. Сақина бөліктері кесілген болғандықтан, цилиндрге орнатқан кезде сақина серіппеленіп, оның беткі жағына тығыз орналасады. Поршень сақинасының жапқышы қиғаш немесе тік болуы мүмкін. Поршень ойығына сақинаны_ аздаған саңылау қалдырып орнатады және олар поршеньде біршама бос орналасуы мүмкін. Егер поршень саусақтары цилиндр кенересіне нығыз орналаспаса, онда цилиндр мен сақина арасындағы саңылаудан газ шығып, сақинаны қыздырып жібереді.

Компрессиялық сақинаның көлденең қимасының формасы әр түрлі келеді, тік бұрышты және конус қималы.

Компрессиялық сақинаның цилиндрге үйкелетін бетіне хром жалатылады. Көпшілік моторларда поршень сақиналарының қажалатын беттері ұзақ жұмыс істеуі үшін қапталады.

Компресскялық сақинаның астына май сыдырғыш сақинасы орнатады. Олардың компрессиялық сақиналардан айырмашылығы — тілігі болады немесе бірікпен екі сақинадан тұрады. Құрастырмалы сақиналар цилиндр бетіне жақсы орналасатындықтан картер майының аз жұмсалуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кривошипті-шатунды топтар

 

Кривошипті-шатунды  топқа шатун, поршень саусағының втулкасы, шатун және иінді білік подшипнигі, иінді білік, маховик, жетекші шкив пен шестерня және қолмен айналдыруға арналған храповик немесе болт жатады.

Шатун (5) поршеньдерді (1) иінді білікке (7) жалғастырады. Шатунға газ бен инерция қысымының күші әсер етеді, сондықтан ол өте берік, әрі жеңіл болуы тиіс. Шатун сапалы болаттан жасалады, кесіндісі екі қалпақшалы стержень тәрізді.

ГАЗ автомобилъ моторының  кривошипті-шаптунды тобы.

Қола втулка шатунның жоғарғы қалпақшасына (4) престеп орнатылады.

Шатун ажыратылмалы қалпақшамен білікке (7) бекітіледі, оның алмалы-салмалы бөлігі - қақпақ (9).

Шатунның төменгі  қалпақшасындағы қақпақты өзара ауыстыруға болмайды. Шатунның төменгі қалпақшасының бүйір бетіне жөне қақпаққа рет нөмірі салынады, бірінші нөмір радиатор жағынан басталады. Құрастырған кезде осы цифр жиынтықтары сәйкес келуі тиіс. Шатунды білікке орналастырған кезде қалпақшаның екі жартысын өте берік арнайы болттармен (10) бекітеді. Болат гайкаларын кілтпен бұрап қатайтады және шплинттейді (мұрындықтайды). Шатунға жоғарғы және төменгіден тұратын подшипниктер (6, 8) орнатады. Подшипниктердің осьтен ығысуын және бұрылуын болдырмас үшін шатунның бір жақ тұсындағы ойықтан мұртша жасалған. Шатунның стерженінде (5) май жіберетін тесік болады.

Поршень саусағына (2) май канал арқылы беріледі. Бұл канал шатунның өзінде жасалған. Шатунның төменгі қалпақшасы тік немесе қиғаш ажыратылмалы орналасқан. Қиғаш ажыратылма поршень топтарын монтаждаған кезде шатунның төменгі бөлігін гильза арқылы шығарып алуына мүмкіндік береді. Оларды гайкамен емес, арнайы шатунға бұралып кіретін болтпен бекітеді. Қиғаш ажыратылмалы жазығының жанасу аумағын арттыру үшін шатунның төменгі қалпақшасы тегіс емес, ойыдты (шлицті) етіп жасалған, мұнық өзі шатун болттарының кесілуін болдырмайды. Өздігінен бұралып кетпес үшін болт қалпақшасының астына бекіткіш шайба орнатады.

Информация о работе Кривошипті – шатун механизмі