Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:05, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық қатынастар -белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық катынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Содержание

Кіріспе......................................................................................2
І бөлім.Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
1.1.Құқықтық қатынастың түсінігі мен белгілері.......................4
1.2.Құқықтық қатынас түрлері..................................................8
ІІ бөлім. Құқықтық қатынас құрылымы
2.1.Құқықтық қатынас субъектілері.........................................11
2.2. Құқықтық қатынас объектілері.........................................14
2.3.Құқықтық қатынас мазмұны...............................................16
ІІІ бөлім. Құқықтық қатынастың пайда болу алғышарттары
3.1.Құқық нормасы..................................................................18
3.2.Құқық субъектілік.............................................................20
3.3 Заңи айғақ..........................................................................22
Қорытынды..............................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................27

Прикрепленные файлы: 1 файл

тгптгптпгп.doc

— 133.50 Кб (Скачать документ)

    Құқық  қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке  заң актілерінде қарастырылған  тәртіппен жағдайларда ғана болмаса,  ешкімге шектеу қойылмайды.

    Субъектілердің екі түрі бар: жеке тұлға және заңды тұлға. Жеке тұлға- бұл құқықтық қатынастардың жеке дара қатысушылары. Жеке тұлға болып ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматығы жоқ адамдары саналады.

    «Жеке  тұлға» жалпы ұғымы ҚР АҚ-ның  12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі рның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте «азамат» терминін қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, «азамат» терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады (ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, ҚР АК-ның 3-бабының 7-тармағы). «Азамат» ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.4

    Заңды  тұлға дегеніміз- меншік, шарушылық  жургізудің, жедел басқару құқығында  оқшау мүкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Оларға: ұйымдар, шарушылық серіктестіктері, қоғамдар, тұтыну кооперативтері, діни ұйымдар, мекеме.

    Заңды  тұлғаның белгілері:

  1. Оқшауланған мүлкі болады;
  2. Өзінің міндеттемелері бойынша мүліктерімен жауап береді.
  3. Өздерінің атауы болады.

4.  Сотта талапкер  және жауапкер бола алады.

    Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлга ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым- заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.

     Заңды  тұлғаның ұйымдық бірлігі сның  құрылтай құжаттарында көрсетіледі  АҚ-ның 41-бабына сәйкес, заңды  тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады.

     Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтық басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.

     Заңды  тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық  (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы  жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі  және т.с.с. ұжымдық органдарға  жатады. Заңды тұлғалардың органдарын  тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.

     Заңды  заңды филиалдары мен өкілдіктері.  Филиалдар мен өкілдіктер заңды  тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды. Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, сны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әреттері үшін заңды тұлға жауап береді. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АҚ-ның 45-бабы) және таратылуы (АҚ-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның ызметі тоқтатылады.

      2.2.Құқықтық қатынас объектілері.

Құқықтық  қатынастардың объектісі дегеніміз-бұл  құқық қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің қайда бағытталғандығын айтамыз.

    Теорияда объектіге байланысты  екі тұжырым қалыптасқан

           1. Плюралистік.  2. Монистік.

    Плюралистік теорияға байланысты- объектілерде мыналар танылды:

  1. Материалдық игілекдер: (заттар, ақша, құнды қағаздар).
  2. Интеллектуалдық щығармашылық нәтижелер: (өнер, әдибиет, кино).
  3. Жеке мүліктер емес игіліктер: (жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, іскерлік беделі).
  4. Құқық қатынастары субъектілерінің әрекеттері.

  5. Субъектілер әрекеттерінің нәтижелері.   

    Монистік теорияға байланысты  объект болып тек құқықтық  қатынастар субъектілерінің әрекеттері  мен әрекетсіздіктері танылды.

    Құқықтық қатынастың  объектісі- қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық әкімшілік, еңбектік, т. б. қарым- қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнімдері, жеке мүліктік емес игіліктер, құқық субъектілердің іс- әрекеті және құқық қатынастарының нәтижелері- құқық қатынастарының объектілері. Құқық, қатынастың объектісі- тек қоғамдық және тұлғалар мүдде- мақсатын реттеп- басқарып отыратын қарым- қатынастарды қамтиды. Осы мүдде- мақсаттарды орындаудағы субъектілердің іс- әрекеті, атқаратын жұмыстары құқықтық қытынастың объектісі болады.

    Мүліктік және мүліктік емес  өзіндік қатынастарды азаматтық-  құқықтық реттер мұндай қатынастардың  қатысушыларына құқықтар мен  міндеттер беру жолымен жүзеге  асырылады. Шын мәнінде, құқықтық  қатынастар дегеніміз- бұл адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзар байланыстылығы. Азаматтық- құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.

   Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүтіктік және мүліктік емес өзіндік шіліктер мен кұкықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқаңда, заттар, ақша, оның ішіңде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.

    2.3Құқықтық қатынас мазмұны.

     Құқықтық қатынастардың мазмұнын құратын элементтер- субъективтік құқықтар мен өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.

     Субъективтік  міндет дегеніміз- міндетті адамның  байқалуға тиісті мінез- құлқының  заңды жолымен қамтамасыз етілген  щарасы. Құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады.

      Субъективтік құқықтың құрылымдық  элементтері болып мыналар танылады: 1) өз іс- әрекетіне құқықтығы; 2) міндетке  иелі адамнан белгілі іс- әрекетті  талап ету мүмкіншілігі; 3) өз міндетін орындамаған тарапқа мемлекеттің мәжбүрлеу шарасын қолданылуы жүгіну мүмкіншілігі; 4) берілген құқықтың негізінде бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіншілігі.

    Құқықтық  қатынастардың объектілерін жалпылама  түрде адамдардың іс- әрекетін айтамыз. Жеке алғанда олар әртүрлі қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар өздерінің ішінде тағы бөліктерге бөлінеді. Мысалы, экономикалық қатынастарды алатын болсақ, ол меншік, еңбек, т.б қатынастарға даралануы мүмкін. Сөйтіп, құқықтық қатынастардың объектісі кең мағынада нақтылы қоғамдық қатынастар болады. Бірақ, әр нақтылы құқық қатынастарының сыртқы объектісі болады, мүліктік және мүліктік емес игіліктер болып табылады. Құқық қатынастарының объектілеріне мысал келтіретін болсақ, егер, азаматтық құқықтық қатынас сатушы мен сатып алушының арасындағы азаматтық құқық негізінде автомобильді сату- сатыа алу шартын жасауға байланысты туындаса, құқықтық қатынастың объектісі автомобиль болады.

   Құқық  қатынастарының объектісі ұғымының  түсінуін негізгі қадамдары: монистикалық- бұл бүкіл құқық қатынастарының тек бірақ объектісі- адамның іс- әрекеті (мінез- құлқы); плюралистік (әр алуандылық)- құқық қатынастарының әр түрлі объектісінің болуы.

    Сөйтіп, құқық қатынастарының құрамына  субъектілер, объектілер және  мазмұндары кіреді. Ал енді, құқық қатынастарының туындауының алғышартының құрамына жоғарыда айтылып кеткендей, құқық нормалары, құқықтық субъектілік, заңи айғақтар жатады.5 

   

 

 

ІІІ бөлім. Құқықтық қатынастың пайда  болу алғышарттары

3.1.Құқық нормасы

  Құқық нормасы- бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс- тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатынасушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже атанған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған. Заң нормасы- құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір- бірімен бүтін және оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1.Жалпыға  міндеттілігі- ол адамдардың мүмкін  және міндетті әрекеттеріне қатысты  мемлекеттік биліктік ережелерін  білдіреді.

2.Формальды  анықталғандығы- ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады.

3. Мемлекетпен  байланысы- оны мемлекеттік органдар  орнықтырады және мемлекеттік  әсер ету шараларымен қамтамасыз  етіледі.

4. Ұсынушылық- міндеттемелік сипат- ол бір  субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:1. Реттеуші және құқық қорғаушы;2. Құқық берушы, тыйым салушы және міндеттеуші; 3.императивтік және диспозитивтік

  Реттеуші норма- бұл субъектінің  субъективтік құқықтары мен міндеттерін,  олардың пайда болу және әрекет  ету жағдайларын анықтайтын норма.

  Құқық беруші норма- бұл субъектіге  белгілі бір әрекеттерді жүзеге  асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

  Міндеттеуші норма- бұл субъектіге  белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді  жасау міндетін жүктейтін норма.

  Императивтік норма- бұл қатаң  ережелер түрінде көрініс табатын  және құқық субъектілерінің қалауларынан  тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.

  Диспозитивтік норма- бұл өзіндік  қалау бостандығын білдіретін  норма.

Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың  құрылымы үш элементтен құралады:гипотеза, диспозиция және санкция.

Гипотеза- бұл құқықтар мен міндеттердің пайда  болу жағдайын көрсету; диспозиция- бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция- бұл норманы бұзудан туындайтын  қолайсыз салдарды көрсету болып табылады.6

   

 

 

 

 

3.2. Құқық  субъектілік.

 Құқық субъектілік — салалық құқық субъектіліктің бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, заңдық шындық ретіңде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық қүқықтың ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар — адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық, зандық қасиеттері больш табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардың құқық қабілеттігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізіңде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметті өтеу міндеттері).7

  Азаматтық  құқықта нақты құқықтар  мен міңдеттерді иеленудің алғышарты  — құқық субъектіліктің болуы  қатысушылардың  тендігіне  негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, занды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.

   Құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарьш ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктің бір түрі — жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін кұқықтық шындық, жеке адамдардың жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтың көрінісі — құқық субъектілік ұғымымен шатастырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы зандық қасиеті ретін ң әдебиеттерінде көрсететініндей, әлде бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР Конституциясының терминологиясында құқық субъектіліктің нақ әрбір тұлғаға тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабында әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.8

Информация о работе Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері