Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2013 в 13:00, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама мынадай функционалдық ұстамдылықтарды атқаруға бағытталған: кешенділік, жүйелік, сабақтастық, іске асырушылық пен атаулылық, іс-қимыл жасаушылық пен нәтижелілік.
Сыбайлас жемқорлық осы кезде әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуға қарамастан әлемнің әрбір елінде орын алып отыр, оның айырмашылығы тек көлемінде.
Қазақстанда және облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде анықталан.

Содержание

1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асырудың тетігі
5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделері мен қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету
5.2. Нормативтік құқықтық базаны жеілдіру
5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру
5.4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен іс-қимыл жасау
5.5. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және белсендіру
5.6. Бағдарламаны іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

корупция.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)

Алтыншы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында қажетті халықаралық ынтымақтастық деңгейінің жоқтығы. Осы орайда құқық қорғау органдардың халықаралық ынтымақтастық үлгілерін кеңейту және заңсыз жолмен табылған қаржы қаражаттарын заңдастыруға қарсы іс-қимыл жасау қажет. 

 

 

4.Бағдарламаның  мақсаты мен міндеттері

 

Бағдарламаның мақсаты  мемлекеттік органдар мен азаматтық  институттардың қызметін тиімді үйлестіруді  жоғарлату жолымен қоғамның барлық өмір сүру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Нақтыланған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау  қажет:

сыбайлас жемқорлықтан азаматтардың және қоғамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл үлгілерін, әдістері мен құралдарын оңтайландыру;

азаматтық қоғам құрылымдарымен іс-қимыл жасау;

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және белсендіру.

 

 

  1. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен  іске асырудың тетігі

 

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясат мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық қылмысты жасауға  апаратын және өмірдің әр саласында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды барынша төмендету бойынша қоғам мен мемлекеттің жан-жақты және  кешенді шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруды қарастырады. Бірақ, ұсынылып отырған негізгі бағыттар, түпкілікті болмайтындығын есепке алу қажет. Олар кейбір іс-шараларды жүзеге асыру бойынша нақтыланып қоймай, сыбайлас жемқорлықты, оның себептерін, сыбайлас жемқорлық тәртібін терең талдау, экономикалық тікелей мен жанама және басқа шығындардың байсалды және нақты бағалау нәтижелерін есепке алу арқылы да нақтылану қажет.

1 кезеңде (2006-2008 жылдар) мемлекеттік органдар шешімдерінің қабылдауына ақпараттық жариялылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру жүргізіледі, мемлекеттік басқару органдардың рұқсат беру және әкімшілік өкілеттіктерін оңтайландыру үрдістері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электрондық үлгі жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау аяқталады, лауазымдық тұлғалардың функционалдық міндеттерін атқару кезінде мүдделерін жақтау және жанжалдың алдын алудың құқықтық реттелуі енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке азаматтық қоғам ұйымдарын тарту үрдісіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау саласындағы құқықтық мәдениет пен құқықтық көзқарасты қалыптастыруға аса назар аударылады.

2 кезеңде (2009-2010 жылдар) нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасының тиімді тетігін енгізуді аяқтау, бюджеттік қаражаттарды шығыстауға қоғамдық бақылау жүйесін құру, кейбір рұқсат беру функцияларды азаматтық қоғам институттарына беру, заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыруға қарсы әрекет жасау және қолма-қол берілетін ақша қаражаттарының айналымын барынша қысқарту жөніндегі шараларды енгізу қарастырылған. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы іс-қимылдың үлгілері мен тетіктерінің, сондай-ақ сот шешімдері қабылдауының ашықтығына және олардың уақытында орындалуына жол беретін рәсімдерді нақты құқықтық регламенттеуі жүзеге асырылады.

 

   

  • Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
  • және  заңды мүдделері мен қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету

     

    Қойылған міндеттерді  іске асыру үшін манылар қажет:

    электрондық мемлекеттік  қызметтерді енгізу жолымен азаматтар  мен ұйымдарға қызмет көрсету  мерзімін қысқарту мен сапасын жақсарту және мемлекеттік электрондық деректер базасына қол жетімділікті қамтамасыз ету;

    сот шешімдері қабылдауының ашықтығына және олардың уақытында  орындалуына жол беретін рәсімдерді енгізу;

    бюджеттің атқарылуының және әзірленуінің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік қаражаттарды пайдалану және бөлу туралы ақпаратқа азаматтар мен ұйымдардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық және әкімшілік тетіктерін дамыту;

    азаматтық қоғам институттарына бірқатар арнайы рұқсат беру міндеттерді  кезең-кезеңмен беруді қамтамасыз ету;

    жеке кәсіпкерлік субъектілерін  тексеруді өткізудің нақты құқықтық регламенттеуін қамтамасыз ету;

    мемлекеттік органдардың  қызметтерді ұсыну тәртібін әзірлеу;

    сыбайлас жемқорлық  әрекетін және мемлекеттік қызметшілердің жанжалын болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарда ішкі бақылау жүйесін құру;

    сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес заңнамасын сақтау саласында құқықтық көзқарас пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру іс-шараларын жүзеге асыру;

    сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жобаларын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызмет қорытындылары туралы жұртшылықты хабардар ету.

     

  • Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
  •  

    Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында мынадай мәселелер  бойынша құзыретті органдарға ұсыныстар жіберілетін болады:   

    мемлекеттік басқару органдардың рұқсат беру функциялары мен рұқсат ету өкілеттіктерін негізсіз кеңейтуге және ұқсастығына жол берілетін нормаларын болдырмау;

    мемлекеттік қызметте лауазымдық міндеттерін атқару кезінде мүдделік жанжалды болдырмауды құқықтық реттеуді жетілдіру;

    билік мемлекеттік органдарының шешімдерді қабылдау үрдісінің ақпараттық ашықтығын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;

    мемлекеттік басқару  органдарының қызметіне қоғамдық көзқарастың  әсер ету тетіктерін енгізу;

    Қазақстан Республикасы заңнамасының халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық процесуалдық кодекске, Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін басқа нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

    осы қызметке заңдылықты беру мақсатында қоғамдық мүдделерге жауап беретін ретінде мүддені білдіру туралы нормаларды заң жағынан бекіту;

    мемлекеттік органдардың  өкілеттіктеріне өзгерістер енгізуді қарастыратын немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сараптамасын белгілеу;

    сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасаған фактілер туралы ақпаратты жеткізетін ақпарат  беруші көздерді, сондай-ақ куәгерлер мен тұлғаларды жасырудың қорғау институттарын нығайту.

     

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың
  • түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру

     

    Қойылған міндетке жету мынадай жолдар арқылы қамтамасыз етіледі:

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік органдардың өзара қызметінің тетіктерін дамыту және олардың алдын алудың тиімді тәжірибелік түрлерімен алмасу;

    мемлекеттік сатып алудың электрондық түрлерін енгізу нәтижесінде ашық, бәсекеге қабілетті және нақты шешім қабылдау ұстанымы негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау;   

    салық салу тәжірибесін  жетілдіру негізінде «тасадағы» экономика көлемін қысқарту;

    ұлттық компаниялардағы  профильді емес активтерді жою;

    мемлекеттік органдардың  бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту;

    банктік төлем карточкаларын  пайдалану арқылы тауар мен қызметтерге  электрондық есеп айырысу жүйесіне көшу нәтижесінде қолма-қол ақша қаражаттары айналымын қысқарту жөніндегі ұйымдастыру - әкімшілік  шараларын енгізу;

    саяси партиялар мен сайлау кампанияларын қаржыландырудың максималды ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктерді құру;

    заңсыз жолмен табылған капиталды заңсыз шығаруды, қаржы  қаражаттарын және басқа мүлікті  заңдастыруды анықтау және жолын  кесу жөніндегі қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету.

         

    5.4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен  іс-қимыл жасау

     

    Азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін мыналар қажет:

    сыбайлас жемқорлық  қызметіне тартылған азаматтық  қоғам субъектілеріне мемлекеттік  қолдау жасау;

    сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің мемлекеттік саясатын өткізуге кәсіпкерлік ұйымдарының қатысуын қамтамасыз ету;

    азаматтық қоғам институттарын  сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға, мемлекеттік басқару органдары  қызметінде ашықтықты қамтамасыз етуге тарту;

    тұрғындарда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы көзқарас қалыптастырудағы бұқаралық  ақпарат құралдарды қатыстыру және мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттарда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қызметті белсендіру.

     

     

    5.5.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және белсендіру

     

    Осы міндетті шешу мыналарды  қарастырады:

    сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасаған кәсіпкерлік  және кәсіпкерлер субъектілері туралы халықаралық ақпарат алмасуды реттеу;

    қылмыстық істер, тұлғаларды беру және активтерді қайтару, сондай-ақ құқық қорғау органдар қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістеріне үйретуге ықпал жасау бойынша келісім шегінде өзара құқықтық көмек.    

     

    5.6. Бағдарламаны іске асыру тетігі

     

    Бағдарламаны орындау оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде іс жүзіне асырылады.

    Сыбайлас жемқорлық, оған қарасты үздіксіз қарсы іс-қимыл  жасамаса жаңа жағдайларға икемделіп, кеңею қабілеті барын ескере отырып, қысқа мерзімде сыбайлас жемқорлықтың көлемін төмендетуге жол беретін бірынғай тетік құру, сондай-ақ мемлекеттің үздіксіз қызмет ететін органикалық міндет ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын әзірлеу қажет. Бұл орайда тетіктің қызмет ету тиімділігі, осы саясатты іске асыруға азаматтық қоғам құрылымдары каншалықты белсенді қатысатындығына байланысты болады.

    Бағдарламаны іске асыруға  жалпы бақылау жасауды Шығыс  Қазақстан облысы әкімінің аппараты жүзеге асырады.

    2006-210 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін ведомстволық бағынышты топтар құрылуы мүмкін, олар белгіленген мерзімде есеп беруге тиісті және де олардың ауқытында және сапалы атқарылуына жауапты болды.

    Бағдарламаның іс-шараларын атқаруға жауапты мемлекеттік органдар тоқсан сайын облыс әкімі аппаратына атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы есеп береді, олар артынан Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттікке (қаржы полициясы) берумен Бағдарламаның іске асырылып жатқан барысы туралы жинақталған жиынтық ақпарат жасайды.

        

    6. Қажетті ресурстар  мен оларды қаржыландырудың көздері

     

    Қаржыландыру көздері  республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары болып табылады. Іс-шараларды жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын болады.

     

    7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

     

    Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:

    бірінші кезеңде (2006-2008 жылдар):

    өңірде әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан ары нығайту;

    мемлекеттік басқару  органдардың рұқсат беру және әкімшілік  өкілеттіліктерін оңтайландыру;

    мемлекеттік билікке  азаматтық қоғамның сенімін арттыру;

    азаматтардың сыбайлас жемқорлықтан қорғаушылық деңгейін арттыру;

    жұртшылық пен билік, бизнес пен билік арасындағы диалогті кеңейту және тереңдету;

    сыбайлас жемқорлық  фактілеріне лауазымды тұлғалардың  және билік органдарының міндетті түрдегі шұғыл қарсы әрекет ету;

    қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты ары қарай дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті белсендіру;

    тасадағы экономиканың көлемін қысқарту.

    екінші кезеңде (2009-2010 жылдары):

    сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатты жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділігінің өсуі;

    экономика көлемінің  ары қарай өсуіне және инвестициялық  ахуалды жақсартуға жағдай жасау;

    сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрс саласында халықаралық  ынтымақтастықты кеңейту;

    мемлекеттің халықаралық  деңгейдегі абыройын нығайту.

     


    Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру