Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июля 2013 в 13:00, курсовая работа

Краткое описание

Бағдарлама мынадай функционалдық ұстамдылықтарды атқаруға бағытталған: кешенділік, жүйелік, сабақтастық, іске асырушылық пен атаулылық, іс-қимыл жасаушылық пен нәтижелілік.
Сыбайлас жемқорлық осы кезде әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуға қарамастан әлемнің әрбір елінде орын алып отыр, оның айырмашылығы тек көлемінде.
Қазақстанда және облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде анықталан.

Содержание

1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асырудың тетігі
5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделері мен қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету
5.2. Нормативтік құқықтық базаны жеілдіру
5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру
5.4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен іс-қимыл жасау
5.5. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және белсендіру
5.6. Бағдарламаны іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

корупция.doc

— 108.50 Кб (Скачать документ)




 

Шығыс Қазақстан  облысы

          мәслихатының 2006 жылғы

____ сәуірдегі № _____ шешімімен бекітілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ 2006-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

2006 жыл  

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. Бағдарламаның паспорты
  2. Кіріспе
  3. Проблеманың қазіргі жағдайына талдау
  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен  іске асырудың тетігі

5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделері мен қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету  

5.2. Нормативтік құқықтық базаны жеілдіру

5.3. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру 

5.4. Азаматтық қоғам  құрылымдарымен іс-қимыл жасау

5.5. Қазақстанның сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы  халықаралық ынтымақтастығын кеңейту  және белсендіру 

5.6. Бағдарламаны іске  асыру тетігі

6. Қажетті ресурстар  мен оларды қаржыландырудың көздері

7. Бағдарламаны іске  асырудан күтілетін нәтижелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы:  

Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

 

Әзірлеуге негіз  болған:

«Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі       № 1550 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі        № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы   23 желтоқсандғы № 1686 Жарлығы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары тралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы           9 ақпандағы № 96 қаулысы

 

Негізгі әзірлеуші:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі  департамент (қаржы полициясы)

 

Мақсаты:

Азаматтық қоғам институттары және мемлекеттік орган қызметін тиімді үйлесімін көтеру жолымен қоғамның әрбір өмір сүру саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету

 

Міндеті:

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделері мен қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету;

сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау  және жолын кесу жөніндегі нормативтік  құқықтық базаны жетілдіру;

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін  және құралдарын оңтайландыру;

азаматтық қоғам құрылымдарымен іс-қимыл жасау;

   

Іске асыру  мерзімі:

2006-2010 жылдар 

1 кезең: 2006-2008 жылдар

2 кезең: 2009-2010 жылдар 

 

Қажетті ресурстар  мен оларды қаржыландырудың көздері

Қаржыландыру көздері  республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары болып табылады. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар жөніндегі шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына қаралған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланады.

  

Бағдарламаны  іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны кезең-кезеңмен іске асыру мыналарға қол жеткізеді:

бірінші кезеңде (2006-2008 жылдар):

облыстағы әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан ары нығайту;

мемлекеттік басқару  органдарының рұқсат беру және әкімшілік  өкілеттіліктерін оңтайландыру;

азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімділігін арттыру;

азаматтардың сыбайлас жемқорлықтан қорғаушылық деңгейін арттыру;

қоғам мен билік, бизнес пен билік арасындағы диалогты кеңейту  және тереңдету;

сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпаратқа билік органдары мен лауазымды тұлғалардың міндетті шұғыл түрдегі қарсы әрекет жасау;

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы қызмет белсенділігінің және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа  қарсы көзқарасты ары қарай дамыту;

тасадағы экономика  көлемін қысқарту;

екінші кезеңде (2009-2010 жылдар):

сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатты жүргізудегі үкіметтік  емес ұйымдардың саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің белсенділігінің  өсуі;

экономиканың ары қарай  өсуіне және инвестициялық ахуалды  жақсартуға жағдай жасау;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.   

   


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кіріспе

 

Қазақстан, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономиканы қалыптастыруды, инвестицияларды тартуды тоқтатады және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсерін тигізеді, еліміздің келешектегі дамуына байсалды қауіп төндіреді деп біледі.

Тәуелсіз Мемлекет Достастығы елдерінің арасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың жүйесі мен заңнамалық базасын әзірлеудегі көшбасшылық орын алуда. 1998 жылдың 2 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) 2030 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңын, «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси дамудағы жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру іс-шаралар жоспарының 45 – тармағын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы     23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы   9 ақпандағы қаулысын іске асыруға бағытталған. Еңбек, қаржы ресурстарын теңдестіру және бірыңғай іс-шараларды болдырмау мақсатында осы Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы 2005-2010 жылдарға арналған тасадағы экономиканың көлемін қысқарту  жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар мен экономика саясатының негізгі бағыттары» және «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес» бағдарламаларымен үйлестірілген.

Бағдарлама мынадай функционалдық  ұстамдылықтарды атқаруға бағытталған: кешенділік, жүйелік, сабақтастық, іске асырушылық пен атаулылық, іс-қимыл  жасаушылық пен нәтижелілік.

 

3.Проблеманың қазіргі жағдайына талдау

 

Сыбайлас жемқорлық  осы кезде әлеуметтік құбылыс  ретінде саяси дамуға қарамастан әлемнің әрбір елінде орын алып отыр, оның айырмашылығы тек көлемінде.

Қазақстанда және облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде анықталан.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие болды. Меншік секторы мен өңірлерге орталық мемлекеттік органдардың міндеттерін берумен орталықтандыруды кезең-кезеңмен бұзу жүзеге асырылып отыр, монополия саласы қысқартылып, мемлекеттік қызмет көрсету саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалып отыр, тұрғындарға қызмет көрсетуде «бір терезе» ұстанымы енгізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің конкурстық іріктеу рәсімінің әділділігі мен айқындылығы, олардың мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтауды қамтамасыз етілген, іскерлік сапасында және кәсіпкерлігінде негізделген жұмысқа қабылдау және қызметінде жылжу ұстанымы енгізілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы      3 мамырдағы №1567 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған  тұлғалардың мемлекеттік қызметке түсуге тыйым салатын нормалары  қаралған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2005 жылдың 8 шілдесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, саяси мемлекеттік қызметшілердің орнын ауыстыру институты енгізілді, ол тұрғындарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметті тікелей көрсету деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың көзі - «тасадағы экономикаға» қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс атқарылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасындағы 2005-2010 жылдарға арналған тасадағы экономиканың көлемін қысқарту  жөніндегі ұйымдастырушылық шаралар мен экономика саясатының негізгі бағыттары» Бағдарламасын қабылдады. Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың  2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыста бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі жұмыс атқарылуда, ол тұрғындар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысқа шығуын қысқартып, сыбайлас жемқорлықтың көлемін төмендетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі «мемлекеттік сектордан қоғамдық, жеке меншікке көшу» ұстанымы бойынша Қазақстанның қоғамдық бірлестіктері мен мемлекет арасындағы серіктестік байланысын сындарлы дамыту мен нығайтуға бағытталған. Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және бірыңғай көзқарасты білдіретін үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің заңдылығын жоғарлату мен күшейтуіне аса назар аударылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күрес бағдарламасы бекітілді, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиісті іс-шараларын қарастырған.

Облыстың қалалары мен аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәслихаттар бекіткен бағдарламалар шегінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері үнемі әкімдік мәжілістерінде, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің үйлестіру кеңестерінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды жауапқа тарту туралы тәртіптік кеңестер қабылдаған шешімдердің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселелерде тәртіптік кеңестер қызметің үйлестіру мақсатында олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы               14 сәуірдегі № 1550 Жарлығына сәйкес қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай тұғызатын нормалардың бар болу мәніне тексеріс жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  саласында халықаралық ынтымақтастық  дамуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен, халықаралық үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту және біржолға қою, өзара іс-қимыл жасауды қалыптастыру жөніндегі жұмыс атқарылуда.

2004 жылғы 14 желтоқсанда Экономикалық іс-қимыл жасау және даму ұйымының (ЭІДҰ) кеңес тобының бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Стамбул іс-қимыл жоспарына енгізілді. Халықаралық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саласындағы саясаты оң бағаға ие болды, сондай-ақ республикамыздың халықаралық ынтымақтастыққа деген ынтасы атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестің Стамбул іс-қимыл жоспарына  сәйкес 2005 жылдың 20-21 қазан аралығында Париж қаласында (Франция) кеңес тобының кездесуі өтті, онда Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық құқықтық және институттық база туралы ақпарат берілді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мынадай халықаралық конвенцияларына бірігу жұмыстары жүргізілуде: «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» (Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар) «Қылмыс жолымен табылған кірісті заңдастыру, анықтау, алып қою, жою» (Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Бірлескен Ұлттық Ұйымдарының Конвенциясы (2003 жылғы 31 қазан).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламасын іске асыру барысындағы қол жеткен оң нәтижелермен қатар мынадай шешімін таппаған проблемалар орын алуда:

Біріншіден, заң актілеріндегі  жолдау нормаларының маңызды санының  және құқықтық ақтаңдақтардың болуы  мемлекеттік органдарға ведомстволық актілерді қабылдауға жол беріліп, кейбір лауазымды тұлғаларға негізделмеген кең өкілеттіктер ұсынылып отыр. Бірінші кезекте толықтырулар мен өзгерістерді енгізуді қажет ететін заң актілеріне - Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Лицензиялау туралы» және т.б. рұқсат беруді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері енеді.

Халықаралық келісім-шарттар және келісімдермен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес саласын регламенттейтін  нормативтік құқықтық актілерді  ары қарай бір ізге салу қажет.

Екіншіден, ең бірінші  салық және кеден ережелерін қарастырумен әкімшілік рәсімдерді ары қарай  қарапайымдау қажет. Сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін олар қарапайым, анық және жалпыға бірдей қабылданған болу керек. Ақпараттар мен құжаттарға деген талаптарды ең аз мөлшерге әкелу қажет.

Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру  лауазымды тұлғалар мен клиенттерді  тікелей қарым-қатынасқа шығуды, сондай-ақ белгіленген есеп беру және санкция түрлерін шектеуге әкелу  керек.

Үшіншіден, адам ресурстарын басқарудағы қажетті тиімділіктің болмауы орын алуда. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың сот тәжірибесінің талдауы кіңәлілердің негізгі көлемі мемлекеттік қызметшілердің төмен тұрған бөлігіне келетіндігін көрсетеді. Олардың жалақы мөлшері мен әлеуметтік қорғансыздығы сыбайлас жемқорлықтың экономикалық алғышарттылығына жол береді.

Бұл мемлекеттік секторда жұмыс істеп жатқандарға жоғары кәсіби талаптарды белгілеуге мүмкін беретін шаралар кешенін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің кәсіпкерлігі мен іскерлік сапаларына шынайы және нақты баға берілгенге негізделген қызметі бойынша жылжу мен еңбекақысын төлеу жүйесін енгізуді қарастырады.

Төртіншіден, мемлекеттік  органдарда сыбайлас жемқорлықтың болу себептерінің мониторингі жоқ болуда. Сыбайлас жемқорлықтың факторлары мен тетіктерінің ізіне түсу, оның деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау, оны енгізуді қажет етеді.

Мұндай баға беру сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында жергілікті мемлекеттік және орталық мемлекеттік органдарда ішкі бақылау жүйесін енгізу үшін негіз бола алады.

Бесіншіден, соңғы жылдардың  тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мәселелеріндегі  азаматтық қоғамның қажетті ақпараттандырылуы  мен белсенділігінің жоқтығын көрсетті. Бұл орайда осы Бағдарламаны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу тетігін құру қажет. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы жалпыға қол жетімді және тиімді ақпараттандыру рәсімдерін енгізу маңызды орын алады.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың түрлерін, әдістерін және құралдарын оңтайландыру