Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 18:04, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Теория государства и права".
Құқық пен заңның сәйкес келуі - құқықтық
мемлекеттің динамикалық
Биліктің бөлінуі, олардың теңдігі, тепе-теңдiк және тежемелiк механизімін қамтамасыз ету. Демократиялық, тәуелсіз, әділ сот. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, саяси жүйенің жұмыс істеуінде қоғамдық пікірді зерттеу және қолдану.
Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың теориясы және тәжірибесі. Қызметтің бастапқы қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, барлық халық үшін экономикалық даму, патриотизм, мемлекеттік өмір мәселелерінің демократиялық шешімдері. Конституцияның және заңдардың басқа нормативтік актілерден басымдылығы, азамат пен мемлекеттің ортақ құқықтары мен міндеттерінің байланысы.
8. Құқықтың түсінігі, мәні және функциялары. Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық
Құқықтың пайда болуы. Рулық
қауымның мононормалары және олардың
құқыққа айналуы. Құқықтың қалыптасуының
себептері мен негізгі
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық және социологиялық. Қазіргі кездегі құқықтық танымның жалпы сипаттамасы. Объективтік құқық және субъективтік құқық. Құқықтың анықтамасы. Құқықтың нормативтілігі, жалпыға бірдей міндеттілігі, формальді анықтылығы, жүйелілігі мен еріктілігі сипаты оның негізгі белгілері мен мәндік ерекшеліктері ретінде.
Құқықтағы объективтілік пен
Құқық функциясының түсінігі. Құқық функциясының жүйесі. Құқықтың реттеушілік және қорғаушылық, тәрбиелік және ақпараттық функциялары.
Қоғамдық қатынастардың
Әлеуметтік және техникалық нормалардың түрлері. Қоғамның әлеуметтік нормаларын топтастыру негіздемесі.
Әдет-ғұрыптар. Дәстүрлер. Іскерлік дағдылар. Салттар. Өнегелік нормалар. Қоғамдық ұйымдардың нормалары. Қоғамның әлеуметтік нормаларындағы жалпылық пен арнайылық. Қоғамның әлеуметтік нормаларының өзара әрекеттесуі, өзара әсер етуі және өзара байланысы.
Қоғамның әлеуметтік нормалары жүйесіндегі құқық нормалары және олардың ерекшеліктері.
9. Құқықтың қайнар-көздері
Құқықтың қайнар-көздерінің түсінігі. Құқықтың қайнар-көздері мен құқықтың нысаны. Санкцияланған әдет-ғұрыптар, сот прецеденті, нормативтік-құқықтық акт. Құқықтың қайнар-көзі ретінде - доктрина. Құқықтың нысаны ретінде – нормативтік шарт. Құқықтың мәні мен нысанының өзара байланысы, құқықтағы мирасқорлық. Құқық рецепциясы.
Нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік-құқықтық актілердің қолдану актілері мен құқықты талқылау актілерінен айрмашылығы. Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері, оларды топтастыру критериилері. Нормативтік-құқықтық актілердің заң күші бойынша, әрекет ету аясы бойынша, оны қабылдайтын субъектілері бойынша, әрекет ету уақыты бойынша түрлері.
Заңның түсінігі. Құқық және заң. Заңдардың үстемділігі. Заңдардың түрлері. Конституция және оның белгілері. Конституцияның жоғары заңдық күші. Конституцияның тікелей әрекет етуі. ҚР-дағы нормативтік-құқықтық актілер туралы заң және оның заң ғылымы мен құқықтық тәжірибені дамыту үшін маңызы.
ҚР Президентінің жарлықтары. Президенттің заң күші бар жарлықтары. Үкіметтің қаулылары. Премьер-министрдің өкімдері. ҚР Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Соттың қаулылары. Сенат пен Мәжілістің қаулылары. ҚР халықаралық шарттары.
Жергілікті мемлекеттік
10. Құқық нормалары
Құқық нормаларының түсінігі. Құқық нормасы – мінез-құлықтың үлгісі, ережесі, өлшемі, көлемі. Құқық нормаларының белгілері: формальді анықтылығы, жалпыға бірдей міндеттілігі, жүйелілігі, әрекет етуінің қат-қабаттылығы, адресаттың кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсыныстық-міндеттеуші сипаты. Құқықтық нормалардың мемлекетпен байланысы. Құқықтық нормаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігі.
Құқықтық норманың логикалық құрылымы. Гипотеза, диспозиция және санкция – құқықтық норманың логикалық элементтері. Құқықтық норманың гипотезасы – құқықтық норманы қолдану жағдайын нормативті анықтау. Гипотезаның түрлері. Құқықтық норманың диспозициясы – мүмкін не тиісті мінез-құлықтың түрі мен көлемін көрсету. Құқықтық норманың диспозициясы - құқық, міндет, тыйым. Құқықтық норманың санкциясы. Құқықтық норманың санкциясы: жауаптылықтың шарасы, құқық субъектісінің мінез-құлқының нәтижесінде туындайтын жағымсыз салдардан ескерту, қорғау. Санкцияның түрлері. Абсолютті-анық, баламалы-анық және салыстырмалы санкция.
Құқық нормасы мен нормативтік-
нормативтік құқықтық актінің бабына
орналастыру тәсілдері: тура,
бланкетті және сілтемелі. Өзгеше нормативтік
шешімдер.
Құқық нормасының түрлері. Құқықтық нормалардың топтастырылуының критериилері: белгілеу тәсілі, заңдық күш, әрекет ету аясы, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі, биліктік дәрежесі немесе құқықтық реттеу әдісі, құқықтық реттеу механизміндегі функциялар, ұйғарымдардың көрініс табу нысандары.
11. Құқық шығармашылық. Заңдарды жүйелеу
Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы. Құқықтың және құқық шығармашылықтың қалыптасуы. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі құқық шығармашылық. Құқық шығармашылық үрдіс. Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің қағидалары: демократизм, ғылыми сипат, заңдылық және кәсіпқойлық және т.б. Халықтың тікелей құқық шығармашылығы. Референдум. Заң шығару үрдісінің түсінігі және сатылары. Заң шығару бастамашылығы. Заң жобасын жасау. Заң жобасына келісу. Заң жобасын талқылау. Заңды қабылдау. Заңды жариялау. Нормативтік актілердің жариялану тәртібі мен күшіне енуі. ҚР заң шығару қызметі үрдісіндегі ҚР Конституциялық Кеңестің рөлі.
Заң техникасы және оның құқық шығармашылық қызмет үшін маңызы. Заңның тілі. Заң шығарушының құқықтық мәдениеті және оның заң шығару қызметіндегі рөлі.
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі. Жүйелеудің түрлері. Заңдардың кодификациясы және оның ерекшеліктері. Кодификацияның түрлері: заңдар, кодекстер, заңның негізі, заңдардың жиынтығы. Қазіргі кезеңде кодификацияның дамуы. Кодификацияланған актілерді жетілдіру мәселелері.
Инкорпорация және оның түрлері. Хронологиялық, жүйелілік және пәндік. Консолидация. Заңдарды жүйелеудің қазіргі тәсілдері. Заңдарды есепке алу және осы мақсат үшін электронды-есептеуіш техникасын пайдалану.
12. Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынастар. Құқықтық қаныстардың түсінігі, олардың белгілері. Құқықтық қатынастар – қоғамдық қатынастардың нысаны. Құқықтық қатынастар – құқықты жұзеге асыру нысаны. Құқықтық қатынастардан тыс құқықты жүзеге асыру. Құқық нормасы және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастардың топтастырылуының критериилері. Реттеушілік және қорғаушылық құқықтық қатынастар. Абсолюттік және қатыстылық құқықтық қатынастар. Жалпы реттеушілік құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың құқық салалары бойынша топтастырылуы.
Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қатынастардың субъектілері, құқықтық қатынастардың объектілері, құқықтық қатынастардың мазмұны. Субъективтік құқықтың түсінігі және мазмұны. Құқықтық мүмкіндіктердің түрлері, құқықтық талап ету. Заңды міндеттің түсінігі, мазмұны және түрлері.
Құқықтық қатынастардың
Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқтатылу негіздері ретінде. Заңды фактілердің топтастырылуы. Құқықты пайда болдыратын, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын заңды фактілер. Оқиға және әрекет. Құқыққа сай және құқыққа қарсы әрекеттер. Қылмыстар және терісқылықтар. Іс жүзіндегі заңдық құрам. Заңдық жағдай.
13. Құқықты жүзеге асыру.
Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның нысандары мен әдістері. Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) нысандары. Құқықты сақтау, орындау және пайдалану. Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың күрделі нысаны. Құқықты қолданудың қажеттілігі туындайтын жағдайлар. Құқықты қолдану, оның белгілері және ерекшеліктері. Құқықты қолданудың сатылары. Құқықты қолдану үрдісіне қойылатын талаптар. Істің іс жүзіндегі мән-жайларын анықтау. Істің заңдық негізін анықтау. Құқықтық нормаларды таңдау және талдау. Құқықтық норманың растығын анықтау. Заңи біліктілік. Шешім шығару және оны рәсімдеу. Шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу. Құқықты қолданудың тиімділігі.
Құқықты қолдану субъктілері. Мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттің құқық қорғаушы органдары, қоғамдық ұйымдар. Құқықты қолдану актілері. Құқықты қолдану актісінің түсінігі және түрлері. Құқықты қолдану актілерін атқару. Құқықты қолдану актілерінің субъектілер бойынша топтастырылуы.
Нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқықтық нормалардың мазмұнын түсіну және түсіндіру. Талқылаудың түрлері. Ресми және бейресми талқылау. Нормативтік және казуалды түсіндіру. Аутентикалық, доктриналды, әдеттегі түсіндіру.
Құқықты талқылаудың субъектілері. ҚР Конституциялық Кеңесі. ҚР Жоғары Сотының Пленумы. Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар. Заңгерлер. Ғылыми қызметкерлер. Азаматтар.
Құқықты түсіндірудің тәсілдері: филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелілік, саяси-тарихи. Көлемі бойынша құқықты түсіндіру: дәлме-дәл, шектелген және кеңейтілген құқықты түсіндіру. Құқықтағы олқылықтың түсінігі. Құқықтағы олқылықтың орнын толтыру тәсілдері. Құқық шығармашылық қызметі арқылы құқықтағы олқылықтың орнын толтыру. Құқықтағы ұқсастық институты. Заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы. Ұқсастықты қолданудың шарты мен негізі.
14. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық нигилизм. Құқық және мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық
Құқықтық сана – қоғамдық сананың нысаны. Құқықтық сананың қоғамдық сананың өзге де саяси, құқықтық, өнегелік және діни нысандарымен арақатынасы. Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекет ету нысандары. Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология және құқықтық психология. Субъектілер бойынша құқықтық сананың түрлері: қоғамдық, топтық және жеке құқықтық сана. Мазмұны бойынша құқықтық сананың түрлері: әдеттегі, кәсіби және теориялық құқықтық сана.
Тұлғаның әлеуметтік-құқықтық анықталуы. Құқықтық сана және зани маңызы бар мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Қоғамның құқықтық мәдениеті және құқықтық сана. Құқықтық мәдениет: элементтері, мазмұны, әрекет ету аясы және нысандары. Құқықтық және саяси мәдениеттің арақатынасы. Құқықтық мәдениеттің жалпы сипаттамасы. Қоғамның құқықтық мәдениеті. Заңгердің құқықтық мәдениеті. Қоғмның құқықтық мәдениетін арттырудағы заңгерлердің кәсіби қауымдастығының рөлі. Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, бағалау және реттеушілік. Құқықтық мемлекетті, заң шығармашылық және құқық қолдану қызметтерін жетілдіруді қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқыққа құрмет және қазіргі кезде оның қалыптасу үрдістері.
Азаматтардың құқықтық санасының деформациясы. Тұлғаның құқықтық санасындағы құқықтық инфантилизм, нигилизм. Құқықтық нигилизм қоғамның жәй-күйі ретінде, құқықтық нигилизмнің себептері. Құқықтық нигилизмнің нысандары және олармен күресу жолдары. Азаматтардың құқықтық тәрбиесінің түсінігі, мазмұны және мақсаттары. Демократиялық қоғамда азаматтарды құқықтық тәрбиелеу механизмі, нысандары және құралдары.
Құқықтық мінез-құлық. Құқыққа сай мінез-құлық. Тұлғаның мінез-құлқының мотивациясы және құқықтық фактор. Еркіндік, сана және олардың тұлғаның құқықтық өмірінде көріну нысандары. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі мен белгілері. Құқыққа сай мінез-құлықтың құрамы: объективтік және субъективтік тұстары. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниеті. Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері. Құқыққа сай мінез-құлықтың психологиясы. Құқыққа сай мінез-құлықтың ниетін қалыптастыру факторы ретінде құқықтық құрылғы мен құқықтық мәдениет.
Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Теория государства и права"