Шпаргалка по дисциплине "Теория государства и права"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 18:04, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по дисциплине "Теория государства и права".

Прикрепленные файлы: 1 файл

юрфак каз.doc

— 186.00 Кб (Скачать документ)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

«Бекітілді»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында

хаттама №___ «___» _______ 2012 ж.

_________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«6М030100 – ЗАҢТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН  ЕМТИХАН  СҰРАҚТАРЫНЫҢ

 

 БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2012

«6М030100 - Заңтану» мамандығының бағдарламасы ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және Эксперименталды оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

 

 

 

 

Факультеттің әдістемелік бюро отырысында келісілді

Хаттама № _____  «____»  ___________ 2012 ж.

 

Әдістемелік бюро төрайымы   _________________ Даубасова С.Ш. 

 

 

 

Бағдарлама заң факультетінің  Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама  № ____   «____» ___________ 2012 ж.

 

Факультет деканы    __________________ Байдельдинов Д.Л.

 

Ғылыми хатшы        __________________ Атаханова Г.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Мамандық бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6М030100 - Заңтану» мамандығы бойынша магистратурада оқу үшін және «құқық магистрі» академиялық дәрежесін алу үшін талапкерлердің талдау қабілетін анықтау. 

Магистратураға түсу емтиханының нысаны – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушылыр емтихан билеттерінің сұрақтарына жауаптарын арнайы жауап парағына жазады. Бұл жауаптар шифр қойылғаннан кейін емтихан комиссиясымен тексеріледі.

 

2. Магистратураға  түсушілерге қойылатын талаптар: талапкер мемлекет және құқық теориясы, азаматтық және қылмыстық құқық (жалпы және ерекше бөлім)  пәндер бойынша жақсы және терең білімдерін көрсету керек.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім  стандартына сәйкес «Заңтану» мамандығы бойынша магистратура оқу бағдарламасын игерушілер келесідей мамандықтар бойынша «бакалавр» дәрежесіне ие болу керек: 020200 – Халықаралық қатынастар, 021640 – Юриспруденция, 050115 – Құқық және экономика негіздері, 521630 – Юриспруденция, 050301 – Юриспруденция, 5В030100 – Заңтану, 050302 – Халықаралық құқық, 050303 – Құқық қорғау қызметі, 050304 – Кеден ісі, 090440 – Қаржы және қаржы құқығы, 121600 – Құқықтану, 521630 – Қаржы және қаржы құқығы, 050600 – Экономика, 050800 – Есеп және аудит, 050900 – Қаржы, 070600 - Қаржы және кредит, 070700 – Бухгалтерлік есеп және аудит.

 

3. Оқу бағдарламасының  пререквизиттері: 

Мемлекет және құқық теориясы

Азаматтық құқық

Қылмыстық құқық

 

4. Емтихан тақырыптарының  тізімі:

Пән «Мемлекет  және құқық теориясы»

1. Мемлекет және құқық  теориясының пәні мен әдісі

Мемлекет және құқықтың теориясының  әдіснамалық негіздері.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының  нысаны – мемлекет және құқықтың пайда  болуының, дамуының және жұмыс жасауының  негізгі заңдылықтары. Мемлекет және құқықты зерттеудің объективтілігі мен ғылымилығы.  Мемлекет және құқықты оқып үйренудің материалистік және диалектикалық жолдары. Мемлекет және құқық теориясының әдіснамасын идеологиясыздандыру. Мемлекет және құқықты оқып үйренудегі жалпы гуманистік, әлеуметтік және философиялық көзқарастар.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің  таптық көзқарасына осы заманғы  түсінік. Мемлекет және құқықты зерттеудегі  таптық және жалпы гуманитарлық көзқарастардың арақатынасы.

Мемлекет және құқықты танып  білу үдерісінің логикасы. Ғылыми ойлау  амалдары. Анализ, синтез, индукция, дедукция, гипотеза.

Мемлекет және құқықты оқып үйренудің  нақты әдістері. Формальдық логикалық  әдіс. Салыстыру әдісі. Мемлекет және құқықты зерттеудің социологиялық (әлеуметтанулық) әдістері: анкеттеу әдісі, сұхбат, әлеуметтік тәжірибесі. Мемлекет және құқықты зерттеудің жүйелік әдісі.

Мемлекет және құқық теориясының  заң ғылымдарының жүйесіндегі орны, рөлі мен атқаратын қызметі. Мемлекет және құқық теориясының жалпылаушы және әдіснамалық қызметтері. Мемлекет және құқық теориясының болжамдық қызметі. Мемлекет және құқық теориясының тарихи-теориялық, салалық және арнайы қолданбалы заң пәндерінің жүйесіндегі орны. Олардың ортақтығы, айырмашылығы, өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалдастығы. Мемлекет және құқық теориясы мен саясаттанудың арақатынасы.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет және құқық теориясының  осы заманғы заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.

Мемлекет және құқықтың отандық  теориясы, оның дамуы. Оны дағдарыс жағдайынан шығару жолдары.

2. Мемлекеттің пайда  болуы

Алғашқы қоғам. Алғашқы қоғамның иемденуші  экономикасына сипаттама. Рулық  құрылыс. Рулық құрылыстағы басқару  органдары мен тәртіп нормалары. Рулық құрылыстағы қоғамдық билік. Рулық құрылыстың экономикалық негізі. Иемденуші экономикадан өндіруші экономикаға көшу. Жеке меншіктің пайда болуы. Қоғамның жіктелуі, әлеуметтік теңсіздік пен шиеленістердің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет алғашқы таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аймақтық ұйымы ретінде.

Мемлекеттің әлеуметтік мәніндегі  дуализм: мемлекет қоғамды басқару  тетігі және таптық шиеленістерді шешудің  құралы ретінде.

Мемлекет өндіруші зкономиканы  қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің пайда болуы  туралы негізгі теориялар: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, зорлық теориясы, психологиялық теория, теологиялық, технократтық, патриахалдық, шарттық және басқа да теориялар.

3. Мемлекет туралы  түсінік және оның белгілері.  Мемлекеттің мәні және қызметтері (функциялары)

Мемлекет анықтамасының әртүрлілігі. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің мәніндегі  жалпы әлеуметтік және тапттық сипаттар. Мемлекет жария-құқықтық қауымдастық  ретінде. Мемлекеттік егемендік. Ұлт  және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттіліктің эволюциясы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әртүрлі халықтардағы мемлекеттілік дамуының әртектілігі. Мемлекет белгілерінің қалыптасуы: жариялық билік, мемлекет бағыныстыларының аумақтық бөлінуі, салықтар, қарыздар, мемлекеттік борыштар. Мемлекеттілік және егемендік. Құқық шығармашылық мемлекеттің белгісі ретінде. Мемлекет белгілерінің қалыптасуының дәйектілігі. Әртүрлі халықтарда мемлекеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері.

Мемлекет функцияларының түсінігі мен мазмұны. Мемлекеттің әлеуметтік тағайыны, мемлекеттің міндеттері мен функциялары. Мемлекет функцияларының түсінігі және оларды жіктеу. Мемлекет функцияларын жіктеудің әртүрлі амалдары мен негіздері. Мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы функциялары. Мемлекеттің тұрақты және уақытша функциялары. Мемлекеттің гуманистік, экономикалық және саяси функциялары.

Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының эволюциясы. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік функциялары. Азаматтарды  әлелуметтік қорғаудың, адам құқытарын  қорғаудың, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың функциялары. Экологиялық функция. Мемлекеттің мәдени-тәрбиелік функциясы. Мемлекеттің сыртқы функциялары. Отан қорғау функциясы, бейбітшілікті сақтау жөніндегі функция. Мемлекеттің әлемдік экономикаға кіруін қамтамасыз ететін өзге мемлекеттермен экономикалық, мәдени және техникалық ынтымақтастығының функциялары.

Мемлекет функцияларын жүзеге асыру  нысандары мен әдістері. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың құқық шығармашылық, құқық атқарушылық  және құқық қорғаушылық нысандары. Мемлекет функцияларын ұйымдастыру нысандары.

Мемлекеттің функциясы және мемлекеттік  органның функциясы. Демократиялық  жаңару, нарықтық экономикаға көшу, әлемдік өркениетке қосылу кезіндегі  мемлекет функцияларының эволюциясы.

4. Мемлекет механизмі  (тетігі)

Мемлекет механизмінің түсінігі. Мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен  жұмыс жасауының негізгі қағидалары: билікті бөлу, интернационализм, демократизм, кәсібилік, мемлекеттің егемендік билікті ңхалыққа қатыстылығы, адам құқығын қорғау, заңдылық және т.б. мемлекеттік аппараттың билікті басып алуына жол бермеуі. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі бюрократизммен, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасының бұзылуы, оны жоюдың жолдары мен әдістері. Мемлекеттік қызмет туралы заң. Мемлекеттік қызмет кадрлары, оларды жіктеу. Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу қағидалары және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік орган және оның белгілері. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары және құзыреті. Мемлекеттік органның өктемдік өкілеттіктері. Мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, сот органдары. Мемлекеттің жоғарғы және жергілікті органдары. Жалпы және арнайы құзыретті органдар.

Қазастан Республикасының мемлекеттік  органдарының жүйесі. ҚР Президенті. ҚР заңнамалық билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. ҚР атқарушы билігі. Үкімет. Премьер-министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.

Қазақстан Республикасының сот  билігі. ҚР Жоғарғы Соты және ҚР жергілікті соттары. Қазақстан Республикасындағы сот әділдігі. Сот әділдігінің бұзылуы және оның алдын алу жолдары. Сот реформасы. Азаматтарды сот арқылы қорғау  және соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Құқықтық мемлекетке көшу жағдайында адвокатураның орны мен рөлі. Қазақстан Республикасында соттарды іріктеу қағидалары. Қазақстан Республикасында Жоғарғы сот кеңесі. Әділеттің біліктілік алқасы.

5. Мемлекеттің нысаны (формасы)

Мемлекет мәнінің, әлеуметтік мұратының  және нысанының арақатынасы. Мемлекет нысанының түсінігі. Басқару нысаны, ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылым нысаны, мемлекеттің саяси режимі.

Мемлекет нысанын айқындайтын  мән-жайлар. Географиялық, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, климаттық. Мемлекет нысанының сабақтастығы. Атақты тұлғаның, белгілі бір мемлекеттердің саяси тәжірибесінің, табыс пен діннің мемлекет нысанына ықпалы. Мемлекет нысаны мен типтерінің өзара қатынасы.

Басқару нысаны. Монархия. Абсолюттік монархия. Шектеулі монархия. Шығыстық озбырылық (деспотия). Ерте феодалдық, сословиелік-сайланбалы. Дуалистік, парламенттік монархиялар.

Республика. Аристократиялық. Демократиялық. Парламенттік. Президенттік. Кеңестік. Халықтық-демократиялық. Аралас.

Мемлекеттің құрылым нысаны. Унитарлық  мемлекет. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Федерация. Ұлттық-мемлекеттік құрылым. Ұлттық және аумақтық негіздегі федерациялар. Аралас федерациялар. Конфедерациялар. Конфедкрацияның түрлері. Конфедерацияның федерациядан айырмашылығы. Өзге де мемлекеттік және мемлекетаралық құрылымдар: қауымдастықтар, достастықтар, империялар, ассоциациялар.

Мемлекеттік-саяси режим. Демократиялық  және антидемократиялық саяси режимдер. Антидемократиялық режимдер: озбырлық, фашистік, тоталитарлық, авторитарлық, теократиялық, нәсілдік, әскери диктатура,. Демократиялық мемлекеттік-саяси режимдер: патерналистік, либералды-демократиялық, формальді-демократиялық, діни-демократиялық. Кеңестік мемлекеттегі тоталитарлық режимнің ерекшелігі. Осы заманғы мемлекет нысандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  сәйкестігі. Егемендік параметрлері. Жаңа үлгінің инварианттары.жетістіктер жолында. «Қазақстан-2030» және кәсіби мемлекет.

6. Мемлекет және құқы  типологиясы

Мемлекеттің типологиясына негізгі  көзқарастар.мемлекеттің марксистік типологиясы. Құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет. Мемлекеттің тарихи үлгілерінің алмасуы және бір үлгіден екіншісіне ауысуы. Өтпелі (транзиттік) даму кезеңіндегі мемлекет.

Мемлекетті кезеңдеуге хронологиялық  көзқарас. Ежелгі ғасырлардағы, орта ғасырлардағы, жаңа және жаңаша уақыттағы мемлекет.

Кеңес мемлекетінің дағдарысы: пайда  болу заңдылығы, даму кезеңдері, мәні. ҚР қазіргі мемлекеттенуінің өтпелі жағдайы.

Мемлекет типологиясындағы өркениетті көзқарас. Өркениеттің типологиясы  және мемлекеттендірудің негіздері.

Құқық типтерінің түсінігі. Құқық типтерінің әлеуметтік экономикалық құрылымымен арақатынасы. Құқықтың тарихи типтері: құлиеленушілік, феодалдық, буржуаздық және құқықтың кеңестік типі.

Құқық типтерінің  хронологиялық  жолы: ежелгі ғасыр құқығы, орта ғасыр  құқығы, жаңа ғасыр құқығы, жаңаша ғасыр құқығы.

7. Құқықтық мемлекет  және азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекет және оның негізгі  сипаты. Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. Құқықтық мемлекетттің әлеуметтік мәні. Құқықтық мемлекеттің саяси негіздері. Құқықтық мемлекеттің экономикасы. Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен айырмашылығы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі  белгілері. Адам құқықтарын қорғау -  саяси режимге тән сипат. Тұлғаның сенімді және еркін өмір сүруін қамтамасыз ету, олардың  құқықтары мен бостандықтардың шынайлылығын кепілдендіру. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Теория государства и права"