Мемлекеттің басқару нысаны мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 143.50 Кб (Скачать документ)

Шетелдiк монархияларда  тақты мұралаудың бiрнеше қалыптасқан  жүйесi бар:

саликалық, яғни мұралау құқығы тек қана ер адамдарға тиiстi болады;

кастильдiк, яғни ер адамдардан тiкелей мұрагер болмаған жағдайда әйелдерге мұралау құқығы берiледi;

жекелеген жағдайларда  мұрагерлiк туралы мәселе парламенттiң қатысуымен шешiледi;

тақ мұрагерi кәмелет  жасқа толғанша немесе мұрагер әрекет қабiлетсiз болған жағдайда оның лауазымын  уақытша атқару регентке тапсырылуы мүмкiн.

Мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi әр түрлi болады, мысалы: Швейцарияда – 1жыл; Италия, Түркияда – 7жыл; Францияда – 5жыл, т.б.

Президенттiң өкiлеттiктерi негiзiнен өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға  байланысты, мерзiмiнен бұрын отставкаға кетуiне байланысты, импичмент жариялануына байланысты, қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.

Президент республикалық  басқару формасындағы мемлекеттерде  сайланбалы лауазым иесi болып табылады. Парламенттiк республикаларда президенттi парламент сайлайды(Чехия, Венгрия, Словакия) немесе парламентарийлердiң қатысуымен таңдаушылар алқасы сайлайды(Италия, Германия, Үндiстан). Президенттiк немесе аралас республикаларда президент тiкелей сайлаулар арқылы сайланады(Франция, Австрия, Ирландия, Латын Америкасы елдерi). Кейбiр мемлекеттерде президент жанама сайлау арқылы сайланады(мысалы АҚШ-та ең алдымен таңдаушылар алқасы сайланады да, одан кейiн таңдаушылар алқасы президенттi сайлайды).

Президенттiң тiкелей  сайлауы мажоритарлық жүйе бойынша  өткiзiледi.

Шетелдiк мемлекеттердiң  конституцияларында президенттiкке кандидаттарға бiрқатар талаптар қойылады:

    • 35-40 жасқа, жекелеген жағдайларда 45, 50 жасқа толу;
    • жоғары жас мөлшерi негiзiнен қойылмайды;
    • президенттiң өкiлеттiгi әдетте екi мерзiммен шектеледi;
    • негiзiнен тумысынан сол мемлекеттiң азаматы болуы талап етiледi;
    • мемлекет аумағында тұрақты түрде белгiлi бiр уақыт тұруы талап етiледi;
    • басқа лауазымды қоса атқаруға тыйым салынады.

Сайланғаннан кейiн  қызметiне кiрiсудiң белгiлi бiр процедуралары  қарастырылады.

 

 

 

4.Қазақстан Республикасы

4.1 Қазақстан Президенттік республика

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы  біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары  мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық  қарым-қатынас тілі мәртебесіне  ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  нышаны және кепілі.

Үкімет Қазақстан Республикасының  атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады  және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.

Заң шығару қызметін тұрақты  негізде жұмыс жасайтын екі палатадан  – Сенаттан және Мәжілістен тұратын  Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.

Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен  әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді.

 Біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, адамның өмірі мен құқықтары және бостандықтары. Осылай көрсетілген жаңа Конституция 2007-жылы 21-мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта бекітілді. Жаңа Ата заңымыз елдегі тұрақтылық пен бірлікті, татулықты, әрбір азаматтың құқықтарын қорғауды көздейді. Осы Конституциямызды басты назарға алып, Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылдың 28 тамызында «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.Осы Ата заңда көрсетілген адам, азаматтың бостандықтары мен құқықтарын сақтауда, қорғауда оның тетіктерін одан әрі қалай дамытуға болады? Мемлекетіміздің дамуы үшін қандай жағдайлар жасалынуы тиіс? Міне, осы орайда тұжырымдамадағы құқықтық жүйенің бірнеше саласы бар десек, оның негізі аталған құжат болып табылады. Тұжырымдаманың маңыздылығы да сонда, ол бір жағынан құқықтық құжат болса, екіншіден, саяси құжат. Сондықтан ол ұлттық заңнаманың негізгі салалары  конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, экологиялық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңдарын жетілдіруге қызмет етеді. Демек, осы тұжырымдама негізінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер бірігіп, алда тұрған міндетті айқындап, жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс.10 жылға межеленген ұзақ мерзімдік құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді. Көзделген мақсаттың ең бастысы  еліміздің құқықтық саласын халықаралық талапқа сай гуманизациялау. Яғни ол бойынша аңдаусызда жаза басып, істі болған азаматтардың жазасы барынша жеңілдетілмек. Әсіресе өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын айта кету қажет. Тағы бір жаңалық  бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да тартылмақ.Еліміздегі жалпы құқықтық саясатты жүргізуде аталған тұжырымдаманың маңызы өте зор, ол алдағы он жылдағы құқықтық жүйе дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құқық саласының өзегі болып табылады.

«Қазақстан  зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасуы тиіс» деп дін саласына да аса мән беріліп отыр.

    Президент  Үкiметтi Конституцияда көзделген  тәртiппен құрады.

Қазақстан Республикасының  Үкiметi атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды (64-бап). Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiнiң жоғары алқалы органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңи табиғатын ашады, мемлекеттiк билiктi бөлiсу жүйесiндегi орнын көрсетедi және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қыз-метiне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретiнде ол елде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады.

Премьер-Министрдiң кандидатурасын Президенттiң өзi таңдайды және Парламент  Мәжi-лiсiне ұсынылған саяи партиялардың фракциялары өкiлдерiмен ақылдасқаннан  кейiн Премьер-Министрге кандидатураны  Мәжiлiстiң қарауына енгiзедi. Парламент  Мәжiлiсiнiң келiсiмiн алғаннан кейiн Президент Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын, Үкiмет Аппаратының басшысын, министрлердi, мемлекеттiк комитеттер төрағаларын қызметке бекiтедi. Конституцияда Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы айтылған. Қазақстан Респубилкасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заң күшi бар Жарлығында Үкiметтiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құратыны айтылған. Үкiметтiң құрамына Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр  тағайындал-ған кейiнгi он күндiк мерзiм iшiнде енгiзедi. Үкiмет мүшелерi халыққа және Республика Президентiне ант бередi. 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң жаңадан сайланған Парламент Мәжiлiсi алдында Республиканың Премьер-Министрi Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қояды. Мәжiлiс Үкiметке сенiм бiлдiрген жағдайда, егер Президент өзге шешiм қабылдамаса,  ол өзiнiң мiндетiн орындауды жалғастырады. Мұндай ереженiң мәнi мынада, Президент пен Парламент Мәжiлiсiн сайлау мерзiмi сәйкес келмеуi мүмкiн. Премьер-Министрдi Мәжiлiстiң келiсi-мiмен Президент тағайындайтындықтан, Үкiметтiң өкiлеттiк мерзiмiнiң өтпегенiне қарамастан, жаңадан сайланған Мәжiлiс Премьер-Министрдi тағайындауға келiсiм беру құқығын иеле-недi.

Республика Үкiметi Президенттiң  өкiлеттiк мерзiмi шегiнде жұмыс iстейдi және жаңа сайланған Президент алдында  өзiнiң өкiлеттiлiгiн тоқтатады. Үкiмет  өз мiндетiн Республика Үкiме-тiнiң  жаңа құрамы бекiгенше орындайды. Үкiметтiң  өкiлеттiгiн тоқтату және оның кез келген мүшесiн қызметiнен босату туралы Президенттiң өзiнiң жеке бастамасы бойынша шешiм шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуды бiлдiредi.

 

4.2 Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет

 

 Қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі — “демократия”. Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті.

Демократияның ерекше маңызды  болуының себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның  негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.

 

Демократияның негізгі  ұстанымдары:

 

1. Демократия ұжымдық  шешімді қолданады.

 

2. Мемлекеттік билік  органдарына азаматтардың, әлеуметтік  топтардың арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.

 

3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.

 

4. Әрбір азаматтың  билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.

 

Демократиялық ұстанымдардың  әрбір адам үшін тиімділігі осында

Демократиялық шешім  қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің  пікірі арқылы шешім қабылдау.

Бұл ұстаным бойынша  демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы  ғана.

 

Олар:

 

1) Ұжымдық шешім қабылдауға  қатысу.

 

2) Шешім қабылдау үшін  өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.

 

   Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.

Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды.

Сонымен, демократияның  мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.

Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты  орнатудың жолы.

Демократия мәселесіндегі  маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.

Демократиялық мемлекеттің негізгі  белгілері:

 

1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.

 

2. Шешім қабылдаудағы  азшылықтың көпшілікке бағыну  тәртібін ресми мойындау.

 

3. Азаматтардың жалпыға  бірдей сайлау құқығының болуы.

 

4. Сайлауда бір орынға  бірнеше үміткердің болуы (балама  сайлау).

 

5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.

 

6. Саяси биліктің үш  тармағының болуы.

 

7. Қарсылықты (оппозицияны)  заңдылық ретінде мойындау.

 

8. Саяси биліктің заңға  бағынышты болуы.

 

9. Қоғамдық-саяси шешімдер  қабылдаудағы жариялылық.

 

10.Азаматтардың заң  алдындағы теңдігі.

 

Қортынды

    Қазақстан  Республикасының ең басты мақсаты  —қоғамда тұрақтылық орнатып,  азаматтарының қалыпты өмір сүруіне  жағдай жасау. Мемлекет туралы  тақырыпты талдаған кездегі жиі  кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның  мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін мемлекет» — деген қағида.Мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету.

Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзінің Конституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем  болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.

Информация о работе Мемлекеттің басқару нысаны мен құрылымы