Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 17:22, курсовая работа
1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады.
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.
Кіріспе
1948 жылы БҰҰ қабылдаған
“Адам құқықтарының жалпыға
Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.
Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі — Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсатыболып табылады.
Қазіргі кезеңде мемлекет ел басқару міндетін атққаратын қоғамның негізгі саяси ұйымы ретінде танылады. Қандай да болмасын мемлекеттің үшқұрамды элементтері болады: ел территориясы, халқы және саяси билігі.
Мемлекеттің негізгі белгісі – егемендік. Мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті.
Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:
- Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы.
- Мемлекеттің өз азаматтарын қорғауы үшін ашық және бірден-бір күш қолдану құқығының болуы
-Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс.
- Салық — қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) қалыптастыру үшін қажет қаржы.
Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты
мемлекет әртүрлі құрылымға
бөлінеді. «Мемлекет құрылымы» дегеніміз
мемлекеттің ұлттық-
1.Мемлекет
1.1 Алғашқы мемлекеттер
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.
“Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.
1.1Мемлекеттің белгілері, түрлері
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық мемлекеттер орталықсыздандырылған, салыстырмалы орталықсыздандырылған және орталықтандырылған унитарлық мемлекеттер болып бөлiнедi.
Орталықсыздандырылған унитарлық мемлекеттерге тән бiрден-бiр ерекшелiк – орталық мемлекеттiк билiк пен территориялық бiрлiктердiң(облыстар, провинциялар, өңiрлер, автономиялар, т.б.) арасындағы өкiлеттiктер конституция жүзiнде ажыратылады. Орталықсыздандырылған унитарлық мемлекеттердiң бұндай ерекшелiктерi федерацияларға ұқсайды.
Салыстырмалы орталықсыздандырылған унитарлық мемлекеттерде халық сайлайтын жергiлiктi органдармен(мэрлер, кеңестер, муниципалитеттер, т.б.) қатар орталық өкiмет тағайындайтын және әкiмшiлiк бақылауды жүзеге асыратын үкiметтiк чиновниктер де қызмет етедi.
Орталықтандырылған унитарлық мемлекеттерде, әдетте, сайланатын жергiлiктi органдар болмайды. Жергiлiктi басқаруды орталық өкiмет тағайындайтын чиновниктер жүзеге асырады.
Унитарлық: латын сөзі — біртұтас, біріккен ұғымды береді. Бұл құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Федерация дегенiмiз құрамында бiрнеше мемлекеттiк құрылымдарды бiрiктiрген күрделi, одақтас мемлекет. Федерацияны кейде одақтас мемлекет деп те атайды.
Федеративтiк мемлекеттерге
негiзiнен төмендегiдей
Конфедерация дегенiмiз толық егемендiгi бар мемлекеттер одағының формасы. Конфедерацияларға әдетте, қысқа мерзiмдiк одақ тән болады: олар федерация болып қайта құрылады немесе ортақ мақсаттар орындалғаннан кейiн жеке-жеке мемлекет болып ыдырап кетедi.
Конфедерацияларға негiзiнен төмендегiдей белгiлер тән болады:
Федерация :латын сөзі — одақ, бірлестік деген ұғым. Бұл құрылыс белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
1.2 Мемлекет қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл
қоғамның жалғыз ресми өкілі
ретінде халықты азаматтық
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының
болуы. Оның органдарында тек
қана басқару ісімен
5) мемлекет органдары мен онда
қызмет ететін адамдарды
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол
аумақта билігі жүреді, өмір сүреді
және оны қорғау мақсатында
тынымсыз әрекет жасайды.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
1.3 Мемлекет формасы
Мемлекет формасы ұғымы бір-
Басқару формасы жоғары мемлекеттік билік органдарының құрылымын және құқықтық жағдайын айқындайды.
Мемлекеттік құрылым формасы мемлекеттің әкімшілік-аумақтық ұйымдасуын білдіреді.