Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 09:04, реферат

Краткое описание

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасыдепесептеуге болады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Медиация туралы ұғым
3. Әлемдік тәжірибедегі медиация
4. Медиацияның қолданылу аясы
5. Қазақстандағы медиация: өзектілігі,
проблемалары, шешу жолдары
6. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

медиация.docx

— 80.41 Кб (Скачать документ)

Елімізде медиация бойынша «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы» ҚБ, «Медиация» біртұтас Медиация және Бітімгершілік Орталығы» ҚБ, жалпыбарлық өңірлерде кәсіпқой медиаторлар мекемелері жұмыс атқарады. Мақсаттары – Қазақстанда дау-дамайды баламалы шешу мәдениетін және ондағы әлемдік стандарттар деңгейінде медиацияны ендіру.

Қәсіпқой медиаторларға арналғанмедиация бойынша ай сайын білім беру бағдарламалары –эксклюзивтік тренингтер өтікізіліп тұрады. Көптеген тренингтерді Англияда, Америкада оқудан өткен медиация туралы заңды әзірлеушілердің бірі - заң ғылымының кандидаты Романовская Светалана Юрьевна өткізеді. Оның активінде 380 сәтті өткізілген тренингтер бар.

Тренингтердің мақсаты қатысушы медиаторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. Үстіміздегі жылдың 28-30 шілдесінде аталған Орталық Ұлыбританияда Орыс Халықаралық Отбасы Медиациясымен бірлесіпкәсіби медиаторларға арналған «Отбасы медиациясы. Интенсивтік тренинг» өткізеді.

Тренинг мақсаты: отбасылық медиацияны өтізу үшін қажетті білімін қалыптастыру және дамыту. Трениг соңында қатысушылар отбасылық медиация саласындатерең білім алып шығулары, отбасылық жанжалдың түр-түрімен тиімді жұмыс жүргізу үшін практикалық дағдыларды медиация модельделін білулері керек. Сондай-ақ, отбасындағы күрделі жағдайлармен,отбасылық қанаудың элементтерімен жұмыс үшін қосымша білім мен дағдыларды меңгерулері қажет. Тренинг форматы интерактивтік режимде өтеді және онда дәрістер, ролдік және топтық жаттығулар болады.

Бұл жерде айтпағым, осындай тренингтер еліміздегі кәсіпқой медиаторлардың біліктілігін арттырып, көптеп кездесетін отбасылық жанжал-даудың тығырыққа тірелген сәттердегі проблемаларын тараптардың келісімімен оң шешілуіне көп көмектерін тигізіп отыратыны анық.

Өңірлерде медиацияны ендіру мақсатында медиация орталықтарына гранттар беріледі. Грант алған қоғамдық ұйым өңірлерде тұрғылықты халықпен әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, «Медиацияның жалпы курсы» сияқты тренингтер өткізіп, медиация орталығын ашады. Онда жұртшылық білікті көмек ала алады. Осы орталықтарда медиация тиімді құралымен ауданның одан әрі әлеуметтік сауығуынаүлесін қосып, тараптардың дауын келеңсіз жағдайға әкелуіне жол бермей бейбіт шешілуіне көмегін тигізеді деп сенеміз.

Астана мектептеріндегі медиация институты Қазақстанның өзге өңірлерінде де қолданылады.«Бота» қоғамдық қорының қаржыландырылуымен қолға алынған бағдарлама аясында медиаторлар орталығы қаланың бірнеше ілкі жоба ретінде іске асырылған болатын. Бұл жұмысқа елордадағы 20-ға тарта үкіметтік емес ұйым тартылып, елорда мектептерінің бірқатар ұстаздары арнайы курстардан өткен.  
  «Астананың коммерциялық емес ұйымдарының форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Баян Ахметжанованыңайтуынша, қазақстандық медиаторларды Испания мен Болгария елдерінің белді университеттерінен келген мамандар даярлаған.

Заң қабылданғаннан кейінгі аз уақыт ішінде алғашқы жартыжылдық жұмыстың қорытындылары көңіл көншітерлік. Енді бұдан былай тәжірибе ретінде елорданың 3 мектебінде енгізілген жобаны басқа өңірлерге де таратылады.

Қатысушылар медиация институтының енгізілуі кәмелетке толмағандар арасындағы үдеп бара жатқан қылмыстық оқиғаларды азайтып, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында шиеленістердің төмендеуіне септігін тигізеді деп отыр.

Сонымен қатар, мектеп медиациясы оқушылар арасында туындаған проблеманы сотқа жеткізбей, бейбіт түрде шешу үшін, сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылық, әлімжеттік секілді әдепсіз әрекеттерді жою үшін қажет.Бұл жүйе істі сотқа дейін жеткізбейтіндіктен, шығындалудан сақтайды.                Мәселен, АҚШ-тың ұлттық соты жасаған сараптамаға сүйенсек, 1999 жылы Америкадағы халықтың 68 пайызы туындаған істі сот арқылы шешуге жағдайы жоқ екенін айтқан. Себебі ол жақта заңгерді жалдау үшін кемі 20 мың доллар ақша қажет екен. Сондықтан да, медиация жүйесі тиімдірек. Осыдан кейін де Австралияда даудың — 95 пайызы, Қытайда 30 пайызы сотқа жетпей шешілетін көрінеді. Ал Австрия – медиатор мамандығын мамандықтар тізбесіне енгізген мемлекет. [Ж. Аманжоловтың «Астана мектептеріндегі медиация институты» мақаласынан[1]. 

ҚазақстанРеспубликасы Президентінің  2013 жылғы 18 сәуірдегі  
№ 552 Жарлығыменбекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының» міндеттері мен мақсаттарында да

биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің «сатылас» және «деңгейлес» тұрғызылған кәсіби корпусы арқылы этносаралық саладағы әлеуметтік процестерді тиімді мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, медиация институтын дамытуды көздейді [Тұжырымдаманың 4 тарауы].

Сонымен қатар, кәсіпқой емес медиаторларды оқыту мақсатында өңірлердегі аудандарда, мысалы, «Медиация ауылға» сияқты семинарлар өткізіліп тұрады. Семинар соңында кәсіпқой емес медиаторларға «Медиативтік құзыреттілік алу туралы» сертификаттар беріледі. Кәсіпқой медиатордың өткізген семинары барысында аудандағы қазіргі медиацияның жағдайы туралы өзекті мәселелер талқыланып, маңызды сұрақтар қойылады.

Қазіргі уақытта «Медиация туралы» заңның іске асуы неге баяу дегенге жауап іздейік. 

Елімізде медиация туралы заңның шын мәнінде жұмыс істеп, іргелі құқықтық институтқа айналуы, ең алдымен, медиаторға байланысты. Кімнің медиатор бола алатыны, оның жұмыс істеу тетіктері заңда айқын көрсетілген, ол ешқандай түсініспестік, не дау туғызбайды. Заңға сәйкес медиация рәсіміне қатысудың шарты тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі. Бұл, әрине, түсінікті қағидат. Дегенмен, екі тарап өзара ерікті ниет білдіріп отырса олар медиатор іздемей-ақ мәселелерін өзара шешіп кете бермей ме? Көбіне солай болады да. Осының өзі, сайып келгенде медиация емес пе, кемшілігі тек ара ағайын медиатор ретінде заңға сәйкес тіркелмеген, жазбаша келісім шарт жоқ, бәрі ауызша.

Аталған заңның 20-бабының 3-бөлігінде судьяның тараптарды медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ делінген. Ал осы баптың 4-бөлігінде тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша сот жасауы мүмкін. Яғни тараптарды медиацияға жүгіндіру үшін сотқа бір тараптың сондай өтініші керек. Ал егер ондай өтініш түспесе ше? Бұл жағдайда сот істің мән-жайларына қарап, медиатордың міндетін шын мәнінде өзіне ала отырып, тараптарға істі бітімгершілікпен бітіретін мүмкіндіктері бар екендігін, оның салдарларын процесс бойына түсіндіріп, еске салып отырады. Бұл кезде мәселенің жағымсыз қыры, яғни тараптардың сотқа деген сенімсіздігі туындауы мүмкін.

Судья ретінде медиацияны, әрине, қолдаймыз, медиация шын мәнінде іске асса одан судьялардың ұтары көр. Бірақ заңға сәйкес тараптарға медиаторға баруыңызға болады деп те айта алмаймыз. Сондықтан, медиацияны қолдануды сотқа дейін міндеттеу мәселесін қолға алса жағдай басқаша болар еді. Сот процесінде АІЖК-нің 49-бабына сәйкес тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы құқығын түсіндірудің нәтижесі аз. Себебі, халық медиацияны білмейді, білген күнде де оған сенім аз, ауылдық жерде тіркелген медиаторды табу да оңай шаруа емес.

Заңның 16-бабына сәйкес, әкімдердің бұл бағыттағы жұмысы тек медиаторлар тізілімін жүргізумен ғана шектелген. Егер әкімге «мен медиатор болғым келеді» деп ешкім келмесе әкім бұл шаруаны жылы жауап қоя салады, себебі бұл оның міндетіне кірмейді. Ал өз ауылында медиатор болғаны ауыл, аудан әкіміне де тиімді. Сондықтан медиаторды әрбір ауыл, аудан, қала әкімдері өздері тауып, дайындауы, оларды насихаттауы тиіс. Сонда соттың да бейтараптығы сақталады. Бұл ретте кәсіпқой емес медиаторлардың алатын орны айрықша. Себебі, бұл ауылдық жерлерде медиация институтын дамытуға мүмкіндік беретін бірден-бір тұлға солар.

Әкімдер тек келген адамдардың тізімін жүргізумен шектелмей өздеріне бекітілген аумақтарда дау-жанжал туған жағдайларда тараптарға міндетті түрде дауды медиация жолымен шешу мүмкіндігін түсіндіріп отырса жөн болар еді. Себебі, ауылдық жерде, өмірден көріп отырғанымыздай, көп дауды сол жерде, ауылдан шығармай-ақ шешуге мүмкіндік бар. Бұл, өз кезегінде, ең алдымен болмашы даудан ағайын арасының ашылмауына, сонымен бірге соттардың жұмысын жеңілдетуге сеп болар еді. Мұны нақты жүзеге асыруға мүмкіндік бар, себебі, әр ауылдың өзінің аксақалы, жөн сілтер ағасы бар емес пе.

Одан басқа дау-шарды шешу үшін биге бармай тұрып, бірінші ауыл ағасына, ақсақалдарға, қадірлі азаматтарға жүгіну де бұрыннан бар дәстүр.

Өйткені, олар белгілі бір ортада, тұрғылықты халық арасында құрметке бөленген, дауласушылардың алдында беделі бар адам. Кәсіпқой емес медиаторлар медиацияны тегін жүзеге асырады. Дегенмен, кәсіпқой емес медиаторларға медиацияны жүргізуге байланысты медиатор шеккен шығыстар, оның ішінде дау қаралатын жерге жол жүру ақысын төлеуге, қонақүйде тұруға және тамақтануға арналған шығыстар өтеледі. Сонымен қатар, оларды ынталандыру үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлу де артық болмас еді.

Кәсіпқой емес медиаторға қойылатын талап та аз, тіркелу тәртібі де жеңілдетілген. Сондықтан, заңға кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен даулар мен жанжалдарды шешу туралы косымша ережені енгізу қажет. Бұл қоғамда беделді және құрметке бөленген азаматтардың қалың жігін жанжалдарды соттан тыс реттеуге тартуға мүмкіндік береді.

Соңғы уақытта соттан тыс дауларды реттеу мәселелері бойынша «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын соттардың, жергілікті атқару органдар мен қоғамдық ұйымдардың іске асыру туралы тиісті органдармен іс-шаралар  өткізілуде. Талдау көрсеткендей, Заңның әлсіз іске асырылуы жергілік атқару органдары тарапынан байқалады. Осы Заңды қолдануда пайда болатын проблемалар да қозғалады.

Заңды қолданғаннан бері қарастырылған көп істің аз ғана бөлігі медиацияның көмегімен шешіледі. Медиацияны кең пайдалансақ соттардың жұмысы жеңілдеган болар еді, бұл сот жүйесіне оң әсерін береді.

Бұл жағдайда сот мәселелерін шешуге бағытталған бюджеттік қаржы үнемделеді. Медиацияны қолдану азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі мен мәртебесі артары анық. Жанжалдықтың деңгейі төмендеп, корпоративтік қарым-қатынас, кәсіпкерлік қызмет мәдениеті артады. Сондай-ақ,еңбек және отбасылық дау-жанжалдар саны төмендейді. Медиация институты жұмысының тиімсіз және осал ұйымдастырылуының себебінің бірі жұртшылық арасында түсіндірме жұмысы әлсіз жүргізілуі болып табылады және де мемлекет тарапынан қолдаудың болмауы. Ең бастысы жұртшылық арасында насихаттау үшін іс-шаралар қаржыландырылмайды, буклеттер және тиісті таныстыру әдебиеттерді басып шығару мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыруысыз мүмкін емес.

Медиация жұмыс атқаруда, алайда жеткіліксіз. Зерделеу нәтижесі көптеген сот істерінің  3 % -ы ғана медиация көмегімен шешілгенін көрсетеді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында  сот-құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының негізгі векторы ретінде бітістіретін рәсімдер мен медиацияларды кеңінен таратуды айтады.

Медиация сотқа дейінгі әдіс ретінде әлемдік стандарттарға сәйкестендіру жөнінде әртүрлі медиаторлар санын көбейту сияқты ұсыныстар айтылуда.Бұл да қаржыға келіп тіреледі. Азаматтарды ақпараттандыру тиіс деңгейде емес екенін айтып өттік. Осы курстық жұмысты әзірлеуде интернет арқылы өңірлердегі медиация орталықтары тураы ресми сайттың әзірлік үстінде екенін білдім. Мемлекеттік тілде жоғары меңгерген медиаторлар өте аз. Жұмысты ауылдық жерлерде жүргізу қажет. [I-News.kz ақпараттық агенті].

Кәсіпқой емес медаторларды кәсіби болуға, яғни сөйлесу процесіне, медиативтік құзыреттілікке үйрету қажет. Осыған орай, үстіміздегі жылы медиация орталықтары әлде де көптеген кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторларды оқытуды көздейді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзінде «..Қазақстанда соттан тыс делдалдың көмегімен бітістіру процесі - медиация институты құрылды. Бұл екі жақ та келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттарды біртіндеп босату үшін алғышарт жасайды. Бұл институтты  дамытып, әлемдік деңгейге жеткізу қажет.

...Біздің Стратегия – 2050 ауқымды жаңа мақсат қана қойып отырған жоқ. Ол Қазақстанның таяу онжылдықтағы экономикалық және әлеуметтік қатынастары динамикасының үдемелі қарқынын көздейді. Бұл ұлттық сот жүйесінің құқық тәртібін қамтамасыз етудегі, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудағы рөлі мен жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Қазақстандық Фемида экономикада алдағы кезеңде болатын үлкен өзгерістерге толық дайын болуы керек» - дей келіп, қазақстандық Фемиданың басты басымдықтарына қатысты көзқарастарыммен бөліскі келетінін айтты: «Үшінші. Қазақстанның құқық жүйесін дамытудың ауқымды әлеуеті әсіресе әлеуметтік саладағы даулар мен қақтығыстарды шешудің баламалық жолдарын енгізуде жатыр. Медиация туралы заңнаманың жетілмегендігі біздің еліміздегі даулы жағдайларды реттейтін соттық емес институттардың дамуын тежеп отыр. Биылғы жылы барлық істің 1 пайызы ғана медиация тетіктерінің пайдаланылуымен қаралды. Медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керек. Бұл Қазақстанның сот жүйесіне оң ықпал етеді, соттардың жүгін жеңілдетуге септігін тигізетін болады. Сонымен қатар іскерлік белсенділікті арттыруға, елде қолайлы ивестициялық ахуал орнатуға әсер етеді» деп атап өтті. [ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезіндегі баяндамасынан[3].

Осыған орай, алдағы уақытта Медиация туралы заңнаманың жетілуіне біздің еліміздегі даулы жағдайларды реттейтін соттық емес институттардың дамуына көп жұмыстар атқаруымыз қажет.

Халыққа кеңінен танымал болуы үшін әрбір облыстық, Астана және Алматы қалалары сотының ресми сайттарында медиация туралы толық ақпараттар ілінген.

 

 

 

 

 

 

 

6. Қорытынды

 

Басқа да елдердің тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстанға медиацияны енгізу жөніндегі қажетті іс-шара осы рәсімді насихаттау және заңнамалық бекіту болып табылады. Ал, бізде заң бар, ол туралы ақпарат жеткіліксіз. Қазақстанның шығыс дәстүріндегі тәрбиеленген азаматтарының ділі медиацияны салмақты қабалдауға мүмкіндік бермей отыр. Көбі (90 пайызы десек те болады) медиация деген не екенін әлі жетік білмейді не болмаса естімеген[«Фаэтонт» ақпараттық агенттігі 2012 ж. 04.05].

Информация о работе Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары