Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 09:04, реферат

Краткое описание

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасыдепесептеуге болады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Медиация туралы ұғым
3. Әлемдік тәжірибедегі медиация
4. Медиацияның қолданылу аясы
5. Қазақстандағы медиация: өзектілігі,
проблемалары, шешу жолдары
6. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

медиация.docx

— 80.41 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

Беттері

1. Кіріспе

2. Медиация туралы ұғым

3. Әлемдік тәжірибедегі медиация

4. Медиацияның қолданылу аясы

5. Қазақстандағы медиация: өзектілігі,

    проблемалары, шешу жолдары

6. Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер

3

4

     4-5

5-14

14-20

 

21

 

22


 

 

 

 

 

 

 

  • Кіріспе

 

Дала билігінің дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған.Ата-баба заманда шыңыраулы түрме ұстамай қоғамдағы неше түрлі даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен ғана шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алуы өте құптарлық жайт.Яғни, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес. Бұл «алдыңа келсе атаңның да құнын кеш» деген қағиданы басшылыққа алған дарабоз билердің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасыдепесептеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Медиация туралы ұғым.

 

«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда "делдал", "екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға" деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни, екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын рәсім. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. 

 

 

3. Әлемдік тәжірибедегі медиация 

Медиация тәсілі алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Бұл тәсілдіАҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Аустрия сынды әлемнің алпауыт елдері ертеден бері қолданып келеді.

Жалпы, медиация әдісі дүниежүзінде 20 ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Ең алдымен АҚШ-та, Аустралияда, Ұлыбританияда, ал кейін ол бірте-бірте Еуропада таралды. Медиацияны қолданудың алғашқы әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тәжірибеге енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды. Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары көп. Тиісті актілер АҚШ-та, Аустрияда, Германияда қабылданған.

Еуропа комиссиясы Медиатордың кодексін бекітті, ал Еуропалық Одақ медиаторлардың қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ІІМСІТРАІ) медиация туралы заңның үлгісін әзірледі. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз бірде-бір маңызды келіссөз жүргізілмейді. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияда медиация әдісі өте кең тараған. Тіпті, медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоңырау соғып, жанжалды сипаттап, өздерінің талаптарын білдіре алады. Германияда бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді.

Бүгінде бұл мемлекетте медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да қолданылады. Неміс мектептерінің көпшілігінде тұрақты медиация курстары оқытылады.

Аустрия - медиаторларды дайындауды және дайындықтың белгіленген нормативтерін реттейтін медиация туралы федералдық заң қабылдаған жалғыз мемлекет.

Қытайда даулардың шамамен 30 пайызы соттан тыс тәртіппен шешіледі.

Венгрия мен Кореяда тараптар медиация шеңберінде келісімге келіп, оны аралық соттардың (төрешіліктің) қарауы үшін заңда қарастырылған тәртіпте бекітуге құқылы. Мұндай шешім (төрешілік) күшіне ие болса, тиісті тәртіппен орындауға жатады. ТМД елдерінің ішінде медиация туралы заң Молдовада қабылданды.

 

4. Медиацияның қолданылу аясы

 

«Медиация туралы» занның шығуына заңгерлердің, ғалымдардың, оның ішінде, қоғам қайраткері, біртуар, тұлға –академик С.Зимановтың көп жылғы еңбегінің нәтижесі деп түсінуге болады. Өйткені, сонау Кеңес үкіметінің «қылышынан қан тамған» қиын заманынан бастап билер туралы деректер жинақтап, ерінбей еңбек етті. Атақты би-шешендеріміздің биліктері, ғалым-заңгерлердің би-шешендер туралы еңбектері осы дарабоз ақсақалдың басқаруымен жарық көрген өте құнды, терең зерттелген «Қазақтың ата заңдары» атты он томдық ғылыми жинаққа кірді. 2008 жылдың 22-23 мамырында Жоғарғы Соттың қолдауымен академик С.Зиманов сот-құқықтық саласындағы проблемаларға, оның ішінде, қазақ билерінің құндылықтарына арналған бұрын-соңды болмаған, шетелдің ғалымдары мен сот-заң саласының көптеген бірінші басшылары қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Осы конференцияда С.Зиманов ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерінің бірегейі, билер соты туралы құнды пікірлер айтып, Қазақстанда «Бітімгершілік туралы» заң дайындап, оны қолданысқа енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсынысты барлық ғалым-заңгерлер бір ауыздан қолдаған болатын. Міне, осы атқарылған жұмыстардың жемісі – «Бітімгершілік туралы» заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Бұл заң бұқара халыққа өте қолайлы, әрі тиімді боларына кәміл сенеміз, әрі сот және құқық қорғау органдарының жұмыс барысына көп жеңілдіктер әкеледі.

2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасымыз қол қойған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы 5 тамызда заңды күшіне енді. Бұл Заң Мемлекет Басшысының 2009 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы судьялары мен соттарының 5 съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және де Үкіметіміздің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әзірленді.

Аталмыш Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. Сондай-ақ медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, жүргізу қағидаттары мен рәсімін және медиатордың мәртебесін айқындайды. 
Медиация дауды шешудің баламалы жұмсақ түрі.Медиация тәртібінде  дауда  жүрген екі жақ тараптары, медиатордың білім мен біліктілігінің тәжірибесіне сүйене отырып,  екі жақты пайдалы шешімге ерікті түрде келеді.Даудың толық шешілуі   екі жақты дауласушыларға байланысты. 

Медиация принциптері:

  • Еріктілік
  • Медиациядағыекіжақтараптарыныңтеңдігі
  • Құпиялық
  • Медиатордыңтәуелсіздігі мен  алаламайтындығы
  • Медиация  тәртібіне  кірісугерұхсатетілмейтіндік

Сондай-ақ, Заңның қабылдануы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты мақсаты қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады.

Медиатор – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсiби және кәсiби емес негiзде медиация жүргiзу үшiн тараптар тартатын тәуелсiз жеке тұлға.

Медиаторлар екіге бөлінеді. Олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар. Ал екіншісі – кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асырады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы  Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мемлекеттік қызметкерлерге, сотты болып, ақталмағандардың бұл қызмет түрімен айналысуларынарұқсатетілмейді.

Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша жәбірленушіге айыпталушы жақ келтірген залалдың орнын толтыру туралы екі жақты келісімге келетін болса, Қазақстан Республикасын Қылмыстық Кодексінің 67-бабы негізінде қылмыстықісқысқартылады.

Медиациятуралызаңның  сот саласындатигізерпайдасызор. Медиатор екіжақтың да ұстанымынескереотырып, даудыбейбітжолменшешугетырысады. Бұлкездеекіжақ та ортақмәмілегекеледі. Біржақөзкінәсінмойындап, екіншіжақоғанөзініңкешіргендігінайтып, екіжақ та ризашылықпентарасады.

Талапкердің талап арыздан бас тартып, жауапкердің медиация арқылы екі жақтың келісімге келуіне байланысты арызы сот хаттамасына жазылып, іске тігіледі. Судья тараптарға ендігі уақытта олардың сотқа шағымдану қүқығынан айырылғандығын  және келісімге келу арқылы мойындарына алған міндеттерін ескертіп, түсіндіреді.

Медиация жүргізуге байланысты тараптардан арыз түскенде ол аяқталғанша судья 30 күнтізбелік мерзімге істі тоқтатады. Содан кейін тәртіп бойынша судья екі жақтың келісімге келуі жөнінде анықтама шығарады.

Медиация барысында медиатор екі жаққа да медиацияның рөлі және оның құқықтық әсерлері жөнінде  толық мәлімет беру керек.Бұл ретте екі жақтыңда құқығы бірдей екенін және олардың бір-біріне сыйластықпен қарау керектігін түсіндірген жөн.

Медиация бірнеше қадамнан құралады. Басталар алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Тараптарды тыңдап, даудың «басын» шешіп, екі жақтың позициясы жөнінде мәлімет жинайды. Барлық құжаттардың көшірмесін алып, медиатор конфликттін «тарихын» сызады.    

Медиацияның бірінші қадамында медиатор тараптардың әрқайсысынан даудың «тарихын» тыңдап, қандай сұрақтарды талқылау қажеттігін шешеді. Бұл ретте медиатор нақты тыңдау және рефрейминг (қайталап сұрап, конструктивті мағынасын табу) шараларын қолданады.

Екінші қадамда медиатор екі жақтың талабын тыңдап, ол талаптың қайсысы болашақта тараптарды біріктіретінін жобалайды.Бұл кезде медиатор нейтралитет сақтауы қажет.

Үшінші қадам кезінде медиатор тараптарға даудың түрлі шешімдерін ұсынады. Бұл мезгілді «мидің штурмы» деуге болады.Бұл шешімдер бірнеше және олар альтернативті болуы қажет. Кейбір шешімдер тіпте абсурдты болуы да мүмкін, алайда сонымен медиатор екі жақты шығармашылық ізденіске итермелейді. Қорытындыға келгенде екі жақ та шешімге өз еркімен келгеніне көзі жету керек.

Төртінші қадамда  медиация шешімі дайындалады, Тараптардың қатысуымен медиатор болашақ шешімнің талаптарын оқып береді және оның әр бабын талқылайды

Медиацияның бесінші қадамында медиация шешіміне екі жақ қол қояды. Медияциялық шешім олардың қайсысының да көңілінен шығу керек.

Осы орайда медиаторға жүктелетін міндет өте ауыр десе болады. Медиатор шын мәнінде адамдармен тіл табыса алатын психолог әрі сабырлы, байыпты жан болуы тиіс.

Осы заңға сәйкес, әзірге жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) медиацияның қолдану саласы болып табылады.

Егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, мұндай дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

Одан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды [«Медиация туралы» ҚР Заңының 1-бабы].

Көбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға өтініш береді. Аталған сатылардың әрқайсының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, ал, кейбір жағдайларда жылға созылып кетеді. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Заң бітімгерлік рәсімдер (медиация) институтын ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібін белгілейтін бірқатар баптардан тұрады. Заң Қазақстан Республикасының аумағында бітімгерлік рәсімдер институты қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді және медиатордың (бітімгердің) қатысуымен дауларды шешу жөніндегі қатынастарды реттейді.

Аталмыш заңның 4-бабы негізінде бітімгерлік рәсімдерді жүргізетін медиатор тараптардың тең құқықтылығы мен әділеттілігін сақтауы тиіс. Басты қағида –еріктілік және медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады. Заңның құпиялығы туралы 8-бабында көрсетілгендей, медиацияға қатысушы тұлғалар бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқысы жоқ. Медиатордың өкілеттілігі туралы заңның 21-22-баптарына сәйкес медиатор тараптармен бірлескен немесе жеке кездесулер өткізуге, қажет болған жағдайда медиатор даудың техникалық аспектілері бойынша сарапшының қорытындысын талап етуге құқылы. Бұл ретте тараптар қорытындыны алуға байланысты шығындарды өтеуге келісуі тиіс. Егер медиатордың пікірі бойынша бітімгерлік рәсімдерді одан әрі жүргізу, яғни, тараптар арасындағы дауды шешу мүмкін болмаса, медиатор істі жүргізуді тоқтатуға құқылы.

Информация о работе Қазақстандағы медиация: өзектілігі, проблемалары, шешу жолдары