Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:23, реферат

Краткое описание

Конституцияның басқа заңдардан айырмашылығы:
Мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекітіді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды.
Жоғарғы заң күшiне ие.
Салыстырмалы тұрақтылықпен ерекшеленеді.
Ағымдағы заң үшiн база болып табылады.
Қабылдану және өзгерiстiң ерекше ретiмен ерекшеленеді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
А) Конституция – мемлекеттің негізгі заңы
В) Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы
C) Қазақстан Республикасының тарихы
D) Қазақстанның Конституциясының даму кезеңдері

Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

конст.docx

— 29.69 Кб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚҰҚЫҚ МАМАНДЫҒЫ

 

 

 

 

СӨЖ

Қазақстан Республикасының  Конституциясының даму кезеңдері

 

 

 

Орындаған: 1 курс, МП-41К

Жантас Ардақ

      Тексерген: Даркенбаев А. И.

 

 

 

Алматы, 2013

Жоспар:

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

А) Конституция – мемлекеттің негізгі заңы

В) Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы

C) Қазақстан Республикасының тарихы

D) Қазақстанның Конституциясының даму кезеңдері

 

  1.  Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің  ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары  қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз  мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты  басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған  емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін  көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға  деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің  түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан  да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр  жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа  мұра еткен.  
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.  
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқығы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

Конституция дегеніміз – латын тілінен  «құрылғы» мағынысын білдіреді, елдің (мемлекеттің) негізгі заңы, федеративті  мемлекеттегі мемлекеттiк - аймақтық құрылымның немесе мемлекеттің жоғарғы заң  күшіндегі нормативті-құқықтық акті. Онда құрылым немесе мемлекеттің  саяси, құқықтық және экономикалық жүйелердің негіздері, тұлғаның құқықтық мәртебесі  бекітілген.

 

Конституцияның  басқа заңдардан айырмашылығы:

  • Мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтар мен бостандықтарды бекітіді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайды.
  • Жоғарғы заң күшiне ие.
  • Салыстырмалы тұрақтылықпен ерекшеленеді.
  • Ағымдағы заң үшiн база болып табылады.

    - Қабылдану және өзгерiстiң ерекше ретiмен ерекшеленеді.

 

Кеңес одағы таратылғаннан  кейін, екі жыл өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң он екiншi сайланған  тоғызыншы сессиясында тұңғыш Конституция  қабылданды. Алайда бұған дейін Кеңестік Социалистік Республика Конституциясы күшінде болып келді. Заман өзген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер енгізіліп келуде, бұл мемлекеттің өркендеуі, яғни дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституция –  мемлекеттің негізгі заңы

Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген, қазақстан халқы, байырғы  қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып өзімізді теңдік және татулық  мұраттарына берген бейбітшіл азаматтық  қоғам деп ұғына отырып дүние  жүзілік қоғамдастыққа лайықты  орын алды тілей отырып жауапкершілігімізді  сезіне отырып, өзіміздің егемендік  құқығымызды негізге ала отырып осы конституцияны қабылдаймыз  деп басталады еліміздің ата  заңы.

Адам қоғамыныцң заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал, қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын  құбылыстардың бәрін заңмен басқару  үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы  керектігін ешкімде  дәл тауып  айта алмас еді. Дамыған  демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың  бәрінің бастау алар негізі – Конституция  болып табылады. Өркениетті қоғам  конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса  да олардың бәріне ортақ белгілері  болады. Конституцияда мемлекеттің құрылымы түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация) мемлекетті басарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады. Мемлекеттің негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар  көзі болып табылады. Өзге номативтік актілердің бәрі конституциялық ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтанда оның басқа нормативтік актілерінде кездеспейтін өзіне тән белгілер болады.

Конституция (латын. Constitutio –  құрылу өнім ) қоғамдық және мемлекеттік  органдар жүйесін олардың түзілу реттілігі мен қызметін азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын  мемлекеттің негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттік негізгі заңдылық мүдделерін  халықтың шын мәніндегі  еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.

Конституцияны жасауға саясатшылардың, философшылардың, әлеуметтанушылардың, құқықшылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелердің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы  мүмкін. Сондықтан мемлекеттілік  даналықтың жинақталған нысанының  көрінісі ретіндегі конституцияны  қабылдау аса зор жауапкершілікті  қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын  негізгі заң болғандықтан конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі  де өте қатаң  және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей орнықты өмір сүріп  келеді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында халық ұғымына  барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік саяси құбылыс  ретінде түсіндіреді. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбей сонысымен  қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды роль атқара алады. Конституция  адамдарды мүліктік жағдайларына қарай алмайды. Түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жатқапшықпайды,өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық акті деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп яғни бүкіл халықтық бір тобының есесінен оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы түрлі әлеуметтік топтардың құқықтарына шек қоймай, тұтас халықты конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.

Көп ұлтты Қазақстан қоғамының  жағдайында «халық» деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар чмен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттік, яғни бүкіл халықтық әлеуметтік базасының  ұйытқысы болғанымен , оған айрықша  құқықтық әлеуметтік экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік  мәртебесін артықшылық деп санауға  болмайды. Өйткені ол қазақ тілінің  табиғи құқығы. Егер Қазақстанның мемлекеттік  мәртебесі болмаса, онда ол тілді  қолданушылардың құқығы табанға  тапталған болып шығар еді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясын жасаушы халық деп  танылуы оның мазмұндық мәнін  ашып береді. Сондықтан да Қазақстан  Респуббликасының халқы осы Конституцияны  қабылдаймыз деген сөздермен  басталады. Қазақстан халқының референдумда қабылданды.

Қазақстан халқы Коституцияны қабылдаған соң бірден-бір субъектісі болғанынан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Халық мемлекеттік биліктің қайнары болуымен де дербестіктің шын  мәніндегі кепілі. Қазақстан халхы  мемлекетті осы Конституция арқылы құрды, Оның басқару және құрылу нысандарын әлеуметтік экономикалық құрылысының  негіздерін адам мен азаматтың мәртебесін анықтады.

Қазақстан Республикасының  конституциясына өзгерістер мен  толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін.Былайша  айтқанда, халық конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселерді  де шешеді, референдум өткізу жөнінде  шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Президенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы 9 бөлімнен,98 баптан тұрды. Жалпы ережелер деп аталған І  бөлімде Қазақстан Республикасының  саяси сипаттамасы қызметінің түбегейлі  ұстанымдары көрсетілген Президенттік басқару нысаны құқықтың қолданылуы айқындалған идеологияның және саяси  алуандылық меншікке қатысты қағидалар  тұжырымдалған. Қазақстан Республикасының  Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден- бір бастау халық» деп жарияланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымы

 

1995 жылғы  Қазақстан Республикасының Конституциясы  қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдай  мен мемлекеттіліктің дамуын  көрсетеді, ол преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.  
Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және оны қабылдаған ерекше субъект – Қазақстан халқына сілтеме жасайды.  
«Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бөлім Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер мемлекеттік құрылымның негіздерін құрайды.  
2-бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Баптарда адамның құқықтық мәртебесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде республикада адам және азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері мен нормалары құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді (12-бап).  
3-бөлім Қазақстан Республикасы Президентіне арналған. Басқарудың президенттік нысаны конституциялық түрде бекітілді. Осы орайда жаңа Конституция бойынша Қазақстан мемлекетіндегі басқару жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институтын барынша нығайту болып табылады.  
4-бөлім заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретіндегі Парламенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сөйтіп, халық атынан заң шығару билігін өкілетті жүзеге асырушы идея ретінде парламентаризм одан әрі дамуда.  
5-бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негіздерін белгілейді. Үкіметтің және Премьер-Министрдің құзыреті конституциялық түрде бекітіледі. Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады.  
6-бөлім Конституциялық Кеңестің құқықтық жағдайын айқындайды. Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді (72-баптың 4-тармағы).  
7-бөлім сот жүйесіне және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің негізгі принцптеріне арналған. Тұңғыш рет Конституцияда соттардың тұрақтылығы принциптері (79-баптың 1-тармағы), сондай-ақ соттардың нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгінуге мүмкіндігі барлығы бекітілді (78-бап).  
8-бөлім жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың негізгі бастауларына анықтама береді. Конституцияның 85-бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті жергілікті маңызды мәселелерді шешкен кезде тұрғылықты халықтың дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.  
Соңғы 9-бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды.  
Бұл Конституцияға екі рет 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.  

 

 

 

ҚР  Конституциясының тарихы

1926 жылы  Қазақстанның бірінші Конституциясы  ССРО құрылған соң, 1925 жылы 18 ақпандағы  ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің  қаулысының нақты редакциясымен  және Қазақстан РСФСР қол астында  болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының  есебімен қабылданды. Аталмыш негізгі  заң басқару формасын, мемлекет  құрылымын, саяси тәртіпті, мемлекеттік  билік органдарының құрылымын,  атқарушы-басқаратын органдардың  құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау  құқықтарының негіздері анықталды.  Аталмыш Конституцияға сәйкес  Қазақстан РСФСР құрамында тең  құқықты республика болды.

1937 жылғы  26 наурызда Х бүкіл қазақтар  құрылтай кеңесінде қабылданған  Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім  және 125 баптан құралды. Онда былай  деп жазылған: «СССР Конституциясының 14 бабынан тыс Қазақ ССР-і өзінің  тәуелсіз құқықтарын толық сақтай  отырып, мемлекеттік билікті өз  бетімен жүзеге асырады». Сонымен  қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа  тең құқықты республикалармен  экономика, қорғаныс бағытында  өзара жәрдемдесу мақсатында  ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің  келісімінсіз территорияны өзгертпеу  (16 бап), жоғары республикалық және  жергілікті мемлекеттік билік  органдарын қалыптастырған республиканы  енгізу мәселелері, заңнаманы орындауды  бақылау, мемлекеттік және қоғамдық  тәртіпті, азаматтардың құқығын  қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған.

Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі құрылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының  жабық дауыс беруі арқылы бүкіл  халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп  аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).

1937 жылғы  Конституцияда азаматтардың негізгі  міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте,  еңбекке жарамсыздық және ауруға  шалдығу жағдайын-да материалдық  қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты  қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс,  митинг, көше шерулері және демонстрациялардың  кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық,  азаматтардың жат жазуына, шетелдік  азаматтардың бас сауғалау құқығы.

1978 жылғы  20 ақпанда республиканың Жоғары  Кеңесі шақырған кезектен тыс  VII сессияда қабылданған Қазақ  ССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған  сәйкес барлық билік халыққа  тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар және еңбек интеллигенцияларының  кластарына бөлінген. Билік және  басқару органдарының үстінен  Қазақ ССР Комунистік партиясы  қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық  жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік,  кооперативтік-колхоздық, кәсіподақ  және басқа да қоғамдық ұйымдардың  меншігі жарияланды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері