Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 12:30, курсовая работа
«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Құқық нысанының түсінігі.................................................................................5
2. Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері..........................................9
3. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық келісімдердің
ұғымы және түрлері..............................................................................................12
4. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі..............................................................................................................17
5. Нормативтік құқықтық келісімдерді жүйеге келтіру.....................................21
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................26
Нормативтік актілер күшінің “экстерриториалдылығы” құқықтық актілердің мемлекет аумағынан да тысқары аумақтарға жайылып таралуын білдіреді. Мысалы, белгілі бір саудадағы мәмілелерді: (келісімдерді), кейбір мұрагерлік туралы істерді сотта қарағанда шетелдік заңдарды пайдалануға рұқсат беріледі.
Қамту өрісі (субъектілер) – бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар және шетелдіктер жатады. Жалпы ереже бройынша нормативтік актілер мемлекет акмағындағы тұлғалардың бәріне бірдей таралады6.
Бұл қағидаттан да ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктер бар. Мысалы, нормативтік актілердің күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға деген өзіндік ерекшеліктер болады. Оларға кейбір құқықтар берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді (Мемлекеттік органдарды сайлауға, өздерінің оларға сайлауына, қарулы күштер қатарында әскери қызметін өтеу (атқару) және т.б. құқықтары берілмейді).
Шет ел өкілдері ел басылар және үкімет басшылары, елшіліктердің дипломатиялық қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар дипломатиялық... (экстериториалдық) құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жөніндегі жауаптылықтары дипломатиялық жолдар арқылы шешеді.
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім өткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқталтылуы мына жағдайларда болады.
1. Жаңа актінің қабылдауына
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабылдағаннан бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі қатынастарға бұл заңнаң күші жүрмейді – деп түсіну керек.
5. Нормативтік құқықтық келісімдерді жүйеге келтіру
Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.
Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.
Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.
Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).
Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).
Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:
• Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;
• Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;
• Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.
Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).
Нормативті-құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.
Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен шығарылады және өзіне тән «құқықтың қайнар көзі» ретінде қызмет етеді. Инкорпорацияның мынандай түрлері болады:
• Хронологиялық инкорпорация бұл процесте норма-тивтік-құқықтық актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды «Собрание законодательства РФ», «Собрание актов Президента и Правительства РФ» әр түрлі жекелеген министр-ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы (Свод законов) жатады.
• Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік әрекеттер аясында, т.б.
Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.
Консолидация – қоғамдық қатынастардың бір және бірнеше шеңберде әрекет ететін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің қосылып жинақталған біртұтас нормативтік-құқықтық актіге айналуы және актілердің мазмұндары өзгерусіз қалады.
Көбінесе құқықтық тәжірибеде көптеген әр түрлі кездерде қабылданып, қоғамдық қатынастардың біржақты аясын реттейтін нормативтік актілерді, сондайға өкілеттілігі бар құқықтық шығармашылық органдары не лауазымды адамдар бірге жинап, солардың негізінде біртұтас нормативті актілер жасайды. Мұндай жағдайда бұрынғы құқықтық ұйғарымдар сыртқы жағының көрінісінен өзгеріп белгілі редакциялық өзгерістерге түсетіні түсінікті, бірақ олардың бастапқы мазмұны және бағыты өзгермейді. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерді консолидациялау қандай болмасын қоғамдық қатынастар қалпындағы көпшілік әр түрлі нормативтік ұйғарымдарды алып тастау мақсатында және құқықтық реттеудегі бірлікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе айтатынымыз, құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория – “Мазмұн мен нысанды” жақсы білу қажет. Мазмұн – белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы.
Ал нысан – мазмұның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды.
Нысан әрқашан да мазмұнды, мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-катынасында басты рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенде түрде әсер етеді. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді. Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы жағдайлар жасап, қоғамды жақсы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады: қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі, адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлекетаралық байланыстар т.б. бұл процестердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады.
Осының бәрі құқықтың
Сонымен, әр елде әртүрлі құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде – парламенттің, екінше елде – президенттің, үкіметтің, үшінші елде – соттың, төртінші елде – діннің рөле күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені олар өзара байланыста болып, бір-бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.
Құқық нысаны- мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді.
Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады.
Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі.
Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі болып отыр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ;
Нормативтік-құқытық актілер
1 Мемлекет және құқық теориясы Ағдарбеков М. Алматы 2001 ж.
2 «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.
3 Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының
Заңы (2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
4 «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.
5 «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.
6 «Мемлекет және құқық теориясы» оқу-әдістемелік құрал. Қопабаев О., С. Өзбекұлы Алматы, 2006 ж.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері