Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 12:30, курсовая работа
«Құқықтың қайнар көзі» туралы айтқанда, оның пайда болуы мен әрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Онда нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерді, және мемлекет белгілеген бәріне бірдей тәртіп жолын түсіндіреді. Қысқартып айтсақ, «құқықтың қайнар көздері» арқылы, заңды істерді шешудегі тәжірибеде нені басшылыққа алатынымызды түсінеміз. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрсету нысаны және әдісі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Құқық нысанының түсінігі.................................................................................5
2. Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері..........................................9
3. Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік-құқықтық келісімдердің
ұғымы және түрлері..............................................................................................12
4. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі..............................................................................................................17
5. Нормативтік құқықтық келісімдерді жүйеге келтіру.....................................21
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................26
"Құқықты қоғам жасайды, заңды
мемлекет жасайды" деген тұжырым
– заң мен құқықты ажыратудың
қажет екендігінің белгісі. Құқықты
қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормала
Құқық қалыптасуының
Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық – құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғүрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады.
Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, кұқықтық заң коғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік мәні бар.
Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.
ұғымы және түрлері
Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтың ең жетілдірілген түрі болып табылады.
Нормативті-құқықтық келісім – бұл құқық субъекті-лерінің арасындағы, бір-біріне қарым-қатынасын және міндеттілігін белгілеу арқылы реттеу.
Нормативті келісім шарт халықаралық көпшілік және ұлттық мемлекеттік (конституциялық) құқыққа тән болады. Мұнда олар маңызды нысан рөлін атқарады (қайнар көздердің). Бұл әр түрлі мемлекеттер арасындағы (үкіметтер) не басқа халықаралық субъектілер арасындағы келісімдер; ішкі мемлекеттік келісімдер (Закавказ Советтік Рес-публикасын 1922 жылы құру туралы; КСРО-ны құру 1922 ж., федеративті келісім РФ мен оның субъектілерінің арасындағы 31 март 1992 ж., т.б.); федералды, аймақтық органдардың атқару биліктері арасындағы келісімдер.
Нормативті келісімдер шарттардың маңызды рөлін еңбек құқығының ережелерінің қалпынан көруге болады: Коллективтік (ұйымдасқан) келісім шарт (жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік акт, ол өндіріс әкімшілігі мен және оның кәсіподақ ұйымының арасында бекітіледі); коллективтік келісім (нормативті акт – арнайы, салалық және генеральді келісім, еңбек жағдайына қарай міндеттілік, белгілі маман-дықтағы салаларға, категорияларға әлеуметтік кепілдіктер бойынша бөлінеді).
Нормативтік құқықтық акт1 – мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;
- жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң – ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды .
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:
1. Заң мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халықтың өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум) арқылы қабылданады, күші де жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтық актілердің бәрі заңдарға қайшы болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған2.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық заңдардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдық заңдар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер – мемлекеттің атқарушы – орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабыладанады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
Президенттің жарлықтары;
Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- жергілікті атқарушы
- локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңның 4-бабы )3.
Конституция – жоғары заң күші бар;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
ҚР Кодекстері;
ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;
ҚР Президентінің нормативтік Жарлықтары;
ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
9) министрлердің нормативтік
10) мәслихаттар, әкімдіктер мен
әкімдердің нормативтік
Нормативті құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:
Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңды құқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжіребиесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші ролін, Конститцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.
Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:
-құқықтың тарихи
-археолгиялық қазба деректер;
-тарихи ескі мұралар;
-заң жұмыстарынң тәжірбиесі;
-заңгерлердің еңбектері;
-заң бағытындағы ғылыми
-құқықтық шарттар;
-нормативтік актілер;
-заңдар, заңға тәуелді актілер.
Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады4.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаоарда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.
Құқықтың ең күрделі нысандары:
1.Құқық салаларының
2.Қоғам салаларының
3.Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік-ведомстволардың актілері;
4.Жергілікті органдардың
5.Сот жүйесінің актілері;
Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың жеке-жеке мазмұндары бар.
Норма дегеніміз- бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық- қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалар жиынтығы.
4. Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі.
Нормативті-құқықтық актілердің әрекет ету кеңістігінің шегі мемлекеттің аумағына байланысты. Мұнда мемлекеттік аумақтар былай белгіленеді:
• Мемлекеттік шекара шегіндегі аймақтар – бұл құрлықтар (жер қойнауы, яғни геологиялық зерттеуге және игеруге болатын тереңдікке дейінгі жер қойнауы континентальді шелф (200 теңіз қашықтығы), оған қосымша мемлекетке қарайтын аралдар мен анклавтар; сулар, қосымша ішкі сулар (өзендер, көлдер, су қоймалары, ішкі теңіздер) және аймақтық сулар (12 теңіз өлшемі); әуе кеңістігі (келісілген есептеу бойынша 100 км төменнен жоғарыға дейінгі ұзақтық).
• Мемлекеттің уақытша аумағы сырт елдердегі елшіліктер мен консулдықтардың тұратын аумағы, теңіздегі, өзендердегі, әуедегі және ғарыштағы мемлекеттің туы астындағы кемелер, ашық теңіздегі желілер және құбырлар. Сонымен бірге әскери кемелер әр уақытта, қай жерде болмасын мемлекеттің аумағына жатады, ал әскери еместер тек өз мемлекетінің сулары мен әуе кеңістігінде.
• Аумақтық белгімен қатар маңызды белгіге сол не басқа нормативті актілерді шығаратын органның құзіреті жатады. Яғни мемлекеттік биліктің филиалдық органдарының актілері мемлекеттің барлық аумақтарына әрекет етеді, федерация субъектілерінің атқарушы органдарының актілері – тек берілген субъектінің қалпында, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қабылданатын актілері соған сай берілген муниципальді құрылымдардың шекараларымен тежелген.
• Нормативті-құқықтық актілердің аймақтық аядағы әрекеттеріне қарағанда, еске алатын түсініктер мынадай: аумақтығы, яғни нормативтік актілердің мемлекеттің сыртында таралуы (әскери соттар, сырт елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумақтары).
Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады:
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім өткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994-і жылы желтоқсан айында қабылданған, ал күшіне енуі 1995-і жылдың 1-ші наурызынан басталады.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқталтылуы мына жағдайларда болады.
1. Жаңа актінің қабылдауына
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабылдағаннан бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі қатынастарға бұл заңнаң күші жүрмейді – деп түсіну керек.
Дей тұрсақ та, бұл қағидаттан ерекшелік ретінде болатын қағидалар да бар, олар:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт қабылданғаннан бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі арнайы түрде атап көрсетілген жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2. Нормативтік құқықтық акт
3. Нормативтік құқықтық акт
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға енетін кеңістік аталаманың мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен, кеңістік дегеніміз мемлекет шекарасы шегіндегі жер беті (бедері) бөлігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны, олардың үстіндегі әуе (атмосфера) кеңістігі жатады, халықаралық сулардағы ашық теңіздерде жүзіп жүрген әскери және олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппарттардың аумағы, сондай-ақ елшіліктердің аумақтары5.
Сондықтан да бұл аумақтар құқық теориясында “экстерриториалдылық” деген ұғым арқылы беріледі.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы заңдардың түрлері