Қазақстан — демократиялық мемлекет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 21:45, курсовая работа

Краткое описание

ҚРК-да демократияның мәні - «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.docx

— 41.09 Кб (Скачать документ)

Біріншіден, елдің мүдделі саяси күштермен саяси партиялардың барлығы дерлік көпэтникалық және көпдінді Қазақстан халқы үшін әлеуметтік татулықтың, саяси тұрақтылықты және қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығын түсінді. Мүдделі топтардың барлығы ұлтаралық келісім идеясы платформасында топтасты. Бұл ерекшелік жайында Н.Ә. Назарбаев «Идеологиялық жаңарудың мән – мағынасы төрт бөліктен тұрады. Біріншіден, ұлтаралық келісім. Біз бұл идеяны кейінгі жылдары тамаша жүзеге асырдық.

Екіншіден, ішкі ұлттық бірлік. Біз ру мен жүз, аймақтар және басқада аумақтық бірліктер бойынша қазақтардың өздерінің жікке бөлінушілігін болдырмауға қол  жеткіздік. Көптеген елдер үшін, бүгін біз көріп отырғандай, бұл тек актуальды ғана емес, қайта қатаң саяси проблема ретінде сақталып келеді.

Үшіншіден, қазақстандық қоғамды жаңарту идеологиясы  жария етілді. Азаматтық қоғам институттарын, көппартиялықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды құру осымен бәрі жаңартылған идеология жүйесіне кірді. Ақыр соңында біз діни қозғалыстар әлеуетін де дұрыс бағаладық және діни төзімділік пен дін ұстанушылар бостандығы қажеттігін қағида етіп алдық.

 

Бұл ережелердің барлығы уақыт сынынан сүрінбей өтті». Президент еңбегінде Қазақстандағы саяси  партиялар өздерінің саяси платформаларына  қарамастан еріксіз мойындаған басымдылықтың маңызы мен негізгі даму салалары анық аталып өтіледі. Патриоттық, солшыл, центристік, либералдық  партиялардың баршасы елдегі қоғамдық, әлеуметтік және этикалық татулық идеясы маңында топтасты. Бұл құбылыстың өзі саяси партиялардың өзара күресуінің тым асқынбауына, партиялық таластардағы бітіспес антогонизмнің болмауына әкелді. Қазақстандағы саяси партиялар билікке соншалықты ұмтылғанымен елдегі этникалық татулыққа, қоғамдық және әлеуметтік келісімге және саяси тұрақтылыққа қарсы шықпады. Олардың барлығы осы ресми билік ұран еткен құндылықтарды майындайды. Екіншіден, Қазақстан қоғамның негізгі салаларын түгелдей қамтыған реформалар арқылы модернизациялау саясатының іске асырылуы. Жаңару саясаты аталған басқарушы билік инициативасымен жүргізілген жаңару саясатын елдегі саяси партиялар қолдады деп батыл айтуға болады. Көпшілік  саяси партиялар реформалар саясатын жеделдетуші күшке айналды. Бірінші кезеңде экономикалық реформалар негізінде нарықтық қатынастар орнықты. Елдегі ірі саяси партияның бірде біреуі нарықтық экономиканың қажеттілігіне күдік келтірген жоқ. Саяси партиялар арасындағы дискуссия нарықтық қатынастарды жеделдету жолдарына қатысты жүрді. Басқарушы элитаның экономикалық реформалау саясаты өз нәтижесін көп күттірмеді. Қазақстан ТМД елдерінің алды болып 90-шы жылдардың ортасында дағдарыстан шыға алды. 1996 жылдан бастап Қазақстан тұрақты экономикалық даму жолына түсті. Реформалау саясаты Қазақстан экономикасын ХХІ ғасырдың басында индустиалдық елдер дәрежесіне көтере алды. Социалистік жоспарлы экономика күйрегеннен кейінгі болған терең дағдарыстық үрдістер еңсеріліп Қазақстан орта деңгейде дамыған мемлекеттер қатарына қосылды. 2006 жылы Қазақстанда дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосу туралы идея айтылды. Президенттік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін шешу Қазақстандағы реформалар саясатына жаңа серпін берді. Биліктегі «Нұр Отан» партиясымен бәсекелес «Ақжол», «Нағыз Ақжол», «Патриоттар партиясы», «Руханият» т.б. партиялар да елдің әлемдік бәсекелерге, қауіптерге, ғаламшарлық мәселелерді шешуге қабілеттілігін күшейтетін түрлі реформалардың жолдарын ұсынумен болды. 2005 жылдағы Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә. Назарбаев, - «Біз түбегейлі экономикалық реформаларға сүйене отыра қысқа мерзімде нарықтық реформалар жасай алдық. Соған сәйкес заңнама жасадық. Бүгін Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика бар», деп жазды.Президент ұсынған «алдымен экономика одан соң саясат» ұранын билік партияларымен қатар центристік, тіптен оппозициялық партияларда қолдады. Оппозиция негізінен нарықтық қатынастардың әлеуметтік жүгін күшейтуге назар салады. Алайда нарықтық қатынастарды оппозиция жоққа шығарған жоқ. Нарықтық модернизация саясатын Қазақстандағы саяси мүдделі топтардың басым бөлігі өркениетті мемлекет орнатудың негізгі жолы ретінде таңдады. Демократиялық басқаруАлдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Елдік кеңсе Қазақстанның демократиялық консолидациясына институционалдық және әдістемелік реформалар жасауда ат салыса отырып көмек көрсетеді, сонымен қатар басты мүдделі жақтардың әрекеттерін біріктіріп, олардың қарым-қатынасына түрткі бола отырып консенсусқа жетуіне ас салысады. БҰҰДБ басты және жергілікті сайлау комиссияларын институционалды нығайту, сонымен қатар ұлттық және жергілікті өкілетті органдардың потенциалын нығайту салаларында жұмыс атқарады. БҰҰДБ қазақстандықтардың азаматтық сана-сезімін арттыруға ұмтылады және мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының арасындағы интерактивті қызметтестіктің күшеюін қолдайды. БҰҰДБ мемлекетке есеп беруді жоғарлату, адам ресурстарын басқаруды нығайту және көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын жоғарлату арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ат салысады. Үкімет пен азаматтық қоғамның ұйымдарының белсенді серігі бола отырып, БҰҰДБ өз құқықтарының толық жүзеге асыруы үшін азаматтардың мүмкіншіліктерін арттыру, ақпарат көздеріне шығу құқығы мен әділетті сот төрелігімен қамтамассыз ететін сот институттары мен адам құқықтарын күшейту, гендерлік теңдік және жанұялық құндылықтар мен адамның басқа да негізгі құқықтарын дамыту арқылы көмектеседі.

ҚЫЗМЕТ САЛАЛАРЫ

БҰҰДБ Қазақстандағы демократиялық басқаруды дамыту мақсатында мемлекеттік басқару, сайлау, Парламент жұмысы, адам құқықтарын қорғау, құқықтық және сот реформаларын нығайту, саяси шешімдер қабылдау кезіндегі азаматтық қоғамның қатысуын күшейту арқылы өз қызметін жүргізеді.1. Демокатиялық институттардың есеп беруін күшейту және олардың азаматтардың талаптарына сәйкестілігін қамтамассыз ету. БҰҰДБ ұлттық Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың (маслихаттардың) заңдық потенциалы мен қадағалануын, сонымен қатар Парламенттің жұмыс реті мен іс-әрекеттерінің жемістілігі мен тиімділігін арттыруын күшейтуді қолдайды. Мемлекеттік басқаруыд реформалау саласында Біз мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жасау, адам ресурстарын басқару және мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарын функционалдық талдауда көмек көрсетеміз. БҰҰДБ іске асырап жатқан аумақтық жобаларының арқасында есірткі айналымын қадағалаудың тиімділігін арттыру және шекараларды басқару саласында барлық ортаазиялық республикаларұлттық серіктерінің потенциалын нығайту мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастыққа ықпал етеді.

2. Адам құқықтарын  қорғау және құқықтық, соттық  реформаларды күшейту, негізгі назар  адам құқықтарын тиімді қорғау  мақсаттарында құқық қорғау ұйымдарының  потенциалын жоғарлату; сыбайлас  жемқорлықпен күрес және әділ  сот шешімімен қамтамассыз ету; ақпарат пен заңдарға шығу  мүмкіндіктерін нығайту; әйелдердің  саяси өмірге араласуы мүмкіншіліктерін  кеңейту және тең құқылығын  қамтамассыз етуге кеңінен бөлінеді.

 

Саяси шешім қабылдауда адамдардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту. Біз азаматтық қоғам ұйымдарының (үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, ғылыми ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары) потенциалын жан-жақты саясатта және шешім қабылдауда белсенді қатысуын қамтамассыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы биліктің тармағының есеп беруін күшейту; қарым-қатынас пен келіссөз жүргізудің саяси мәдениетін қалыптастыру, халықтың электоралды мәдениетін дамытуға ат салысу арқылы потенциалын дамытуды қолдаймыз.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – Қазақстанды ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республикалық құрылыс, басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік немесе аралас) қарамастан, мемлекеттің жоғары органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді.

Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 24-тамызда тікелей эфирде телекөрермендер сауалына жауап беру барысында пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. "Қазір еліміздегі оппозиция өсіп-жетіліп келеді және ол болуға тиіс. Оппозиция - демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуты",- деді Н.Назарбаев. "Біз қазір ашық қоғам құрып жатырмыз және Конституция мен Қазақстан заңдарының аясында жұмыс істейтін оппозицияны ынталандыруға тиіспіз",- деді президент.

Бұрынғы шенеуніктер тарапынан өзіне тағылатын сынға қалай қарайтыны туралы сауалға жауап берген Елбасы: "қазір баршасына сын тағу қалыпты жағдайға айналды",- деді . Дегенмен, президенттің пайымдауынша, "әдетте өз бастарында жасыратыны барлар ғана сынап-сөгумен жиі шұғылданады бесенеден белгілі жай". Осы орайда президент Франция королі Людовик ХІҮ айтқан бір тәмсіл сөзді еске салды. "Бір адамды лауазымға тағайындау арқылы оған көңілі толмайтын жүздеген адамды және жақсылықты білмейтін бір безбүйректі дүниеге әкелемін" , деген екен король. "Осы сөз күні бүгінге дейін өзектілігінен айрылмаған секілді",- деді президент.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1 Ғ. Сапарғалиев  «Конституциялық  құқық негіздері» 

2 С. Өзбекұлы «Мемлекет  және құқық  теориясы»

3.www.google .kz

4.www.referattar.kz

 


Информация о работе Қазақстан — демократиялық мемлекет