Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 07:32, реферат

Краткое описание

Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жұмыс уақыты.docx

— 22.88 Кб (Скачать документ)

 Демалыс күндері 

бес күндік жұмыс аптасында  жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс  беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн;

мұсылман күнтізбесі бойынша  аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар –  православ Рождествосы демалыс  күндері саналады;

өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету  қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс  істейтін орындар немесе демалыс  күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс  орындарындағы жұмысшыларға демалыс  күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле  жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе  отырып демалыс беріледі;

іссапардағы жұмысшы бағытталған  жұмыс берушінің еңбек тәртібіне  сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.

 Демалыс және  мейрам күндері жұмыс істеу

Демалыс және мейрам күндері  жұмыс істеу үшін жұмыс берушінің  ықыласымен, жұмысшының жазбаша келісімі қажет;

Жұмысшының келісімінсіз демалыс және мейрам күндері мына жағдайда жұмысқа жұмылдырылады:

төтенше жағдайларды, табиғи апаттар немесе өндірістік апаттардың алдын алу үшін, немесе олардың  салдарын жедел жою үшін

қайғылы оқиғалар, мерт болу немесе мүлікке зиян келтіруді зерттеп  алдын алу үшін

ұйымның немесе оның бөлімшелерінің ары қарайғы қалыпты жұмысына әсер ететін жедел, алдын ала жоспарланған жұмыстарды шұғыл орындау үшін.

Демалыс және мейрам күндері  жұмыс істеу жұмыс берушінің  рұқсаты негізінде жұмысшының ықыласымен беріледі.

Демалыс және мейрам күндері  жұмыс кезінде жұмысшының қалауы бойынша басқа күні демалыс беріледі немесе жұмысшының күндізгі сағаттық төлемдерінен тыс, екі еселік мөлшерден  кем емес төлем төленеді.

Жұмысшыларды демалыс  жән мейрам күндері қызметке жұмылдыру  жұыс берушінің актісімен рәсімделеді.

Еңбек демалысы

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны  белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын  сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы ұзіліссіз демалысқа  босату.  

Демалыс түрлері 

төленетін жыл сайынғы  еңбек демалыстары;

әлеуметтік демалыстар:

жалақысы сақталмайтын демалыс

оқу демалысы

баланың тууына байланысты, жаңа туған баланы асырап алу.

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы, нормативтік құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар  мен жұмыс берушінің актілерінде  қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.

Қосымша ақы төленетін  жыл сайынғы еңбек демалыстары  мыналарға ұсынылады:

ауыр жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті  жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік  күннен кем емес демалысы;

бірінші және екінші топ  мүгедектеріне он бес күнтізбелік  күннен кем емес ұзақтықта.

Жыл сайын төленетін еңбек  демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын мейрам күндері  есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс кестесінен тыс беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысының  жалпы ұзақтығын есептеген кезде  қосымша жыл сайынғы еңбек  демалысы негізгі жыл сайынғы  еңбек демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл сайынғы еңбек демалысының  жалпы ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.

Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысына құқық беретін  еңбек өтіліне мыналар кіреді:

деректі өтелген уақыт;

жұмысшы фактілі түрде  жұмыс істемей, оның орны және жалақысы толығымен немесе бөлшегі сақталған  уақыт;

уақытша еңбекке жарамсыздыққа  байланысты жұмысшының жұмыс істемеген  уақыты;

жұмысқа орналасар алдындағы  жұмысшының жұмыс істемеген уақыты. 

Бірінші және келесі жұмыс  істеген жылдары үшін төленетін  жыл сайынғы еңбек демалысы екі  жақтың келісімімен жылдың кез келген уақытында беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысы басталған уақытына дейін үш күнтізбелік  күннен кем емес уақытта төленеді.


Информация о работе Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу