Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 07:32, реферат
Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛМКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСТИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу
Орындаған: Жеделқан М
Тексерген: Нұралина Қ.Т
Семей 2013
Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді. 20 ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10 – 12 сағат болып белгіленді. 1917 жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім жасалды. Қазақстанда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған.
Жұмыс аптасы – күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі. Көптеген дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес, ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт бойынша белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз болып келеді (мысалы, Германияда). Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер бойынша төленетін жұмыс сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен, жұмыс аптасының заңмен белгіленген және нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қазақстан заңдарында екі демалыс күні (әдетте, сенбі мен жексенбі) бар 5 күндік жұмыс аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚ қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес Жұмыс уақытының‚ Жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚ 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36 сағаттан аспайтын‚ 14 жастан – 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚ зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен немесе ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда (фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы. Ол қызметкердің осы кәсіпорынға жұмысқа тұрған күнінен бастап есептеледі. Жұмыс жылы қызметкерге кезекті еңбек демалысын беру кезінде ескеріледі. Жұмыс уақытының пайдаланылу көрсеткішінің өндірістік маңызы зор. Оның құрылымын зерделеу орындаушының немесе жабдықтың ауысым бойына (немесе уақыттың басқа кезеңі бойына) жұмсайтын уақыт шығынын және олардың жұмысбастылық деңгейін‚ Жұмыс уақытының резервтерін‚ оны тығыздау мүмкіндіктерін‚ белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалатын еңбектің ғылыми негізделген шығынын анықтау үшін қажет. Өндірісте жұмыс уақытының пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін жұмыс уақытының балансы деп атайды. Ол, әдетте, кесте түрінде бір жылға арналып жасалады. Жұмыс уақыты — бұл қызметкердің жұмыс берушінің актілеріне және ішкі еңбек шартының талаптарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін уақыты. Жұмыс берушінің актілеріне бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ішкі еңбек төртібінің ережелері түріндегі актілер және басқалары жатады.
Бүгінде мемлекеттің жұмыс уақытын реттеудегі рөлі түбірінен өзгерді. Еңбек жағдайлары (соның ішінде жұмыс уақытының ұзактығы да) көбінесе жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша анықталады.
Мемлекет заң жолымен жұмыс уақытының ұзақтығын ғана белгілейді (жетісіне 40 сағат). Екі жақтың өзара келісімі бойынша жеке еңбек шарттарында жұмыс уақытының ұзактығы қысқартылуы мүмкін.
Жұмыс уақытының түрлері
Жұмыс уақытының мынадай түрлері көзделген: ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты.
Қалыпты жумыс уақыты
Кәсіпорындардағы (мекемелердегі, ұйымдардағы) қызметкерлердің қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы жетісіне 40 сағаттан аспауы тиіс. Көрсетілген мөлшер экономиканың салаларына, кәсібіне, мамандығына, қарапайым қалыпты еңбек жағдайлары бар қызметтерге қарамастан қызметкерлердің барлығына бірдей қатысты. Жұмыс уақытының апталық 40 сағаттық ұзақтығы екі жақтың келісімі бойынша ұзартуға болмайтын ең шектік ұзақтық.
Қысқартылған жұмыс уақыты
Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақытын пайдалануға құқығы бар.
Толық емес жұмыс уақыты
Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы еңбекке ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе шығарған өніміне қарай төленеді.
Түнгі уақытта жұмыс істеу
Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда, технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде, байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте және басқаларда.
Кешкі сағат 10-нан таңғы
сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі
уақыт деп есептеледі. Және де жұмыс
уақытының кем дегенде жартысы
түнгі уақытқа келетін болса,
ауысым түнгі деп есептеледі. 18 жастан
төмен және түнде жұмыс істеуге
тыйым салатын медициналық
Қызметкердің еңбек
күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
апталық демалыс күндері;
мереке (жұмыс істемейтін) күндері және еңбек демалысы.
Күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер
Қызметкерлерге күнделікті
жұмыс (ауысым) барысында тынығуға және
тамақтануға жиынтығында
Үзілістің ең қысқа мерзімі
көрсетілген. Тынығу мен тамақтану
үшін берілетін үзілістің ең көп
ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым
кестесіне сәйкес белгіленеді. Тынығу
мен тамақтануға берілетін
Еңбек туралы заңда арнаулы
үзілістер деген де қарастырылған.
Мұндай үзілістер суық уақытта ашық
аспан астында, жабық жылытылмайтын
жайларда, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру
жұмыстарында істейтін қызметкерлерге
беріледі. Арнаулы үзілістер
Қызметкерлерге демалыс күндері, яғни апталық үзіліссіз тынығу уақыты беріледі. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасында екі демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жексенбі жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні болып табылады. 5 күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні, егер ол заңда белгіленбеген болса, жұмыс берушінің актісімен немесе кәсіпорынның (мекеме, ұйымдар) жұмыс кестесіне орай белгіленеді. Әдетте, екі демалыс күні қатар беріледі. Ауысымдық жұмыста екінші демалыс күні ауысым кестесінде көрсетіледі. 5 күндік жұмыс аптасы жағдайында жұмыс істейтін министрліктер, ведомстволар және басқа да орталық мекемелер аппараттарының қызметкерлері үшін сенбі мен жексенбі демалыс күндері болып табылады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер. Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Жұмыс уақыты ең қысқа елдердің тізімі жасалды
ТМД елдерінің барлығында дерлік азаматтардың еңбек уақыты бір аптаға 40 сағаттан келетіні белгілі. Ал жұмыс уақыты ең қысқа елдердің тізімін Германия мен Нидерланды бастап тұр.
Бұл елдерде азаматтардың жұмыс күні шамамен 5 сағатқа созылады. Бір жыл көлемінде 1 330 сағат жұмыс істейді.
Ал бір сағат еткен еңбегі үшін Германияда – 35, Нидерландыда 42 доллар төленеді. Әлемдегі жұмыс уақыты ең қысқа елдердің қатарына сондай-ақ Франция (аптасына 26 сағат еңбек), Австрия (27,5 сағат), Бельгия (27,8 сағат), Ирландия (28,3 сағат), Дания (28 сағат), Люксембург (30 сағат), Финляндия (30 сағат), Британия (31 сағат) кіреді.
Еңбек процесті және жұмыс уақыт шығындарын зерттеудің әдістері
Демалыс уақыты - бұл жұмысшының
қызметтік міндеттерін
Демалыс уақытының түрлері
жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
күнделікті демалыс (ауысымаралық);
демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
мейрам күндері;
еңбек демалыстары.
Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін бекітілуі тиіс.
демалуға және тамақтануға берілетін үзіліс демалыс күндерді қоспағанда, күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кейін үш сағаттан ерте емес және төрт сағаттан кейін 8 сағаттан көп күнделікті жұмыс жалғасымындағы жұмыс уақытының тұрақсыз жинақталған есебі режимі кезінде бекітіледі.
үзіліс пен тамақтануға берілетін уақыт жұмыс уақытына кірмейді;
үзіліс беруге мүмкіндік болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші арнайы жабдықталған орында жұмыс уақытында жұмысшының тынығуына және тамақтануына мүмкіндік беруі тиіс.
Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер
жекелеген жұмыс түрлеріне
жұмыс уақытында іске қосылатын
технологиямен және өндіріс және
еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға
ішкіауысымдық үзілістер
ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;
бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):
бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.
Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар);
баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады;
үзіліс уақыттарында әйелдердің (әкелер, асырап алушылар) еңбек ақылары сақталады.
Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.