Шпаргалка по "Технологии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 14:42, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена (зачета) по "Технологии"

Прикрепленные файлы: 1 файл

АРНАЙЫ ТЕХНОЛОГИЯ.doc

— 63.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар бұл топқа: 90% еленген қара бидай ұны, 10% 1 сұрып  бидай ұны, 2% сірне, 2% ферменттелген (ақ) қара бидай уытынан (егер қайнатпа қосылатын болса) дайындалатын домалақ, қалыптағы (даналап немесе өлшеніп  сатылатын) – минский; 85% еленген қара бидай ұнынан, 10% 1 сұрып бидай ұнынан, 5% ферменттелген ақ уыт және 0,4% зире қосылған қайнатпада дайындалған домалақ, батон түрінде, қалыпқа салып пісірілетін – ригалық; 92% кебексіз қара ұн, 5% 2 сұрып бидай ұны, 3% қызыл уыт, 0,4% зире қосылған домалақ таразыға тартылып сатылтатын – қаунастық; 70% кебексіз қара, 30% 2 сұрып бидай ұндарынан және 6% сірне қосылып қалыпқа салып даналап пісірілетін – орловский нандары кіреді.

 

жұмыс №15

Қара  бидай – бидай, қарапайым бидай ұндарынан дайындалатын нандар

 

Қара бидай  – бидай нандарының 60% -ы қара бидай ұны, 40% -ы бидай ұнынан домалақ  нан немесе қалыптағы, даналап немесе өлшеніп сатылатын түрлері; ал бидай  – қара бидай нанының керісінше, қарапайым 60% бидай, 40% қара бидай ұндарынан пісірілетін түрлері болады. Қайнатпалы қара бидай – бидай ұнандарынан дайындалатын нан өндірісінің рецептурасында 5% қызыл қара бидай уыты қарастырлған.

 

Бидай наны

 

Жоғары, I,II және қарапайым сұрып ұндардан дайындалатын бидай нанның да домалақ және қалыпқа салып пісірілетін, даналап немесе өлшеніп сатылатын түрлері болады.

Бидай нанының түрлері  және атауы өте көп. Қарапайым  бидай ұнынан жай қалыптағы және домалақ, даналап немесе өлшеніп  сатылатын түрлері дайындалады. Забайкалдық наны 50% қарапайым, 50% 2 сұрып бидай ұнынан пісіріледі.

II – сұрып бидай ұнынан: домалақ және қалыптағы жай нан, красносельский наны (домалақ), украиналық паляница (домалақ) және т.б дайдадайды.

I-сұрып бидай ұнынан: жай нан (домалақ және қалыптағы), қышалы нан, красносельский наны, үй наны (домалақ), украиналық, паляница, киевтік арнаут, сүтті нан дайындайды.

Жоғарғы сұрып бидай ұнынан жай домалақ және қалыптағы, сүтті  наны, саратов калачын пісіреді.


Информация о работе Шпаргалка по "Технологии"