Мал азаған жақсарту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 10:16, реферат

Краткое описание

Қазақстанда жоғары сапалы жемшөп өндірісін жолға қоймай мал шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту мүмкін емес. Бүгіннің өзінде шеттен әкелінген мал басын толыққанды қоректендіруде айтарлықтай қиындықтар туындауда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мал азыгын жаксарту жолдары.doc

— 90.50 Кб (Скачать документ)

МАЛ АЗЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ

Қожанов Ерлан, колледж, 3 курс

 Зерттеу нысаны: Тақырыпқа сай машықтану кезінде мал шаруашылығында қолданылатын мал азықтарының сапасын жақсарту жолдарын қарастыру.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Табиғи мал азығы қорларын ұқыптылықпен пайдаланып, мал шаруашылығы саласының әлі ашылмаған мол мүмкіндіктерін ел игілігіне жарату жолдарын ашу.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

    • Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
    • Қазақстандағы бос жатқан жерлерді мал азығын өсіретін жайылымдарға айналдыру жолдары;
    • Ауыл шаруашылығына арналған алқаптарды жүзеге асыру;

 Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда жоғары сапалы жемшөп өндірісін жолға қоймай мал шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту мүмкін емес. Бүгіннің өзінде шеттен әкелінген мал басын толыққанды қоректендіруде айтарлықтай қиындықтар туындауда. Тығырықтан шығар жол – жемшөп қорын құрудың стратегиялық қадамдарын жүзеге асыру, сондықтан менің қарастырып отырған тақырыбым қазіргі таңда өзекті болып табылады.

  Қазақ халқы баяғы заманнан мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал тірлігінің негізі болған, оған себеп болған табиғи малазықтық жерлердің орасан зор аумағы.

     VII ғасырдың сонынан XX ғасырға дейін халық қауымға (тайпларға) бөлініп, көшпелі тұрмыс қалпымен сүрген. Бірқатар зерттеушілердің жазбалары бойынша, (Ашмарин, Шахматов және т.б.) әрбір қауым 40-50 жанұядан бірнеше ауылға бөлінген (бір қауымда 250-300 адам) және қоныс аударғанда ауыл-ауыл болып ауысқан,  ал бұл жайылымдарды (табиғи малазықтық жерлерді) тиімді пайдалану қажеттілігімен жүргізілген: жердің оттылығы неғұрлым биік және қалың болса, соғұрлым ол жерде мал көп жайылған, жер оттылығы нашар болса, малды көп тұрақтатпаған, ал ақсақалдар ерте бастан әрбір жайылымға мал сыйымдылығын анықтап отырған.

     Мал  шаруашылығы-ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Оның даму тарихының тамыры көшпелі кезеннен бастау алады және ол жиырмасыншы ғасырдың басына дейін халық тіршілігінің бірден-бір көзі болып  келді.

    Өткен жылдар ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Мал шаруашылығы  саласын шоғырландыруда, мамандандыруда және қарқынды дамытуда кеңшарлар мен ұжымшарлардың ұйымдастырылуы дұрыс роль атқарды. Бұл процесс жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарының орта шенінен бастап, тың және тыңайған жерлерді көтергеннен кейін, егістік алқаптар  ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ын  құраған   кезеңде шапшаң қарқынмен жүрді. Астық өңдірісінің өсуімен қатар, сол кезеңдерде ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес 52%-ға дейінгі деңгейге жеткен қоғамдық  мал шаруашылығының негізі болып табылатын егістік мал азығын өндірісі де қарқынды дамыды.

   Қазақстанның   272,5 млн.гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 222,5 млн.гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр. Оның 187,5 млн.гектары маусымдық өріс пен жайылымға пайдаланылады. Көктемгі-күзгі  жайылым көлемі 63 млн.гектарды құрайды, ал жазғы жайылым 44млн.га шамасында.  Шамамен, 42 млн.га жайылымдықты қой, жылқы және түйе  түліктерін жыл бойы жаю үшін пайдалануғаа болады. Аз қнім беретін шыбындық жерлер 4%-ынан астам болса, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 1,5%-ынан астам тыңайған жерлер.

   Құмды жайылымдар Қазақстандағы барлық жайылымдық аумақтың 16,9%-ын алып жатыр  және олардың, әсіресе, республикалық оңтүстігіндегі шөлді, шөлді-далалық аудандары үшін шаруашылықтық маңызы өте зор.

Олардың мұндай зор маңызға ие болуы тек көлемінің шексіздігімен ғана емес, ең  алдымен олар жайылымдық кезеңінің барлық маусымдарында малдың барлық түрлерін қажетті азықпен қамтамасыз ете алатын өсімдіктерінің алуан  түрлілігімен, сондай-ақ салыстырмалы түрде жақсы суландырылған жайылым ретінде маңызды. Жайылымдардың маусымдылығы айрықша білінетін (бірінші кезекте, жазғы өрістердің жоқтығы) және тұщы судың жетімсіздігі қатты сезілетін шөлді және шөлді дала жағдайларында,  құмдақты жайылымдардың өзіне тән мұндай ерекшеліктерінің шаруашылықтық маңызы өлшеусіз. Өмірден алған «Құм бар жерде, өмір бар» деген қазақтың байырғы мәтелінің мағынасы тереңірек үңілсек , осы сөздердің өзінен-ақ құмды жайылымдардың барлық артықшылықтары  расталып тұрғандай.

   Құмды жайылымдар өсімдіктері өте әралуан, бұл олардың жағыпиярлық немесе аймақтық орнында да, құмдардың қазіргі жағдайына да байланысты. Мұндай жайылымдарда  мал тұяғы тіпті тимеген, аздап және қатты шиырланған жерлерден бастап, өсімдігінен толық айырылып, жалаңаштанып қалған жерлерге дейін кездеседі. Құмды жайылымдар жағдайларының әрбір осындай сатыларын өсімдіктерінің түрлік құрамы тұрғысынан да, сондай-ақ өнімділік тұрғысынан да ерекше бір сипат тән.

     Мал  азығын өндіру дегеніміз-егістік пен табиғи шабындықтармен жайылымдарда ұйымдық-шаруашылық және агротехникалық жұмыстардың малазықтық  базасын құрудың кешенді шаралары.

    Мал  азығы өндірісі 2 бөлімнен тұрады: егістік және шалғындық. Егістіктегі мал азығы өндірісі малазық дақылдарын егіп өсірудің, кешенді мәселелерін, оларды өңдірудің  биологиялық және технологиялық әдістерін зерттейді.

   Шалғындықтағы мал азығы өндірісі ауыл шаруашылығының саласы ретінде мал шаруашылығын толық мөлшерде қамтамасыз етудің кешенді шараларынан тұрады, сондай-ақ  табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланудың, оларды өндіру  әдістерін жақсартудың арқасында пішен, пішендеме, сүрлеммен қамтамасыз етеді және жайылымдар мен шабындықтарды ұтымды пайдалану жолдарын анықтайды.

   Шалғын  шаруашылығы ғылым ретінде табиғи алқаптарда өсетін малазықтық  шөптерді, өсімдіктердің биологиясы мен экологиясын зерттеумен, табиғи шабындықтар мен жайымдарды жақсарту шараларын негіздеумен, жасанды (екпе) шабындықтар мен жайылымдар құрумен, шөп қоспаларын сынаумен, малазық алқаптарынның  өнімділігінің көп жылдар бойы жылдарын қарастырумен, шабындық және жайылымдық алқаптардың тиімді жолдарын анықтаумен айналысады.

  Мал шаруашылығын, егістік және шалғындық мал азығы шаруашылығын қарқындатуға байланысты қойылған міндеттерді табысты шешу-студенттерді, болашақ агрономдарды, фермерлерді және басқа мамандарды даярлауды жетілдірумен, олардың малазықтық дақылдардың биологиясын, нақтылы топырақты-климаттық жағдайда өсіру технологиясын терең зерттеумен тығыз байланысты.

 Малазықтық  жерлерді жақсарту шаралары.

 Міндетті түрде дұрыс пайдаланған жөн, өйтпесе олар алғашқы (нашар) күйіне қайтадан тез келуі мүмкін. Жақсартылған  малазықтық жерлердің әр гектарлық  өнімділігі 8-9  мың азық өлшемімен жете алады.

    Жайылым  - өсімдігі мал жаю пайдаланатын жер үлескісі. Табиғи  жайылымның  жамылғысы негізінен жабайы өскен көпжылдық шөптер, кейде қыналардан, жартылай бұталардан және бұталардан тұрады. Жасанды жайылым  бұршақ-қонырбас  тұқымдастарының  көпжылдық және  бір жылдық  шөптерінің қоспасын егіп  жасалынады. Жайылым  қолдағы бар малды арзан  және ең  құнды және жас балаусамен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Жайылымда малдың жайылуы 180-нен  320 тәулікке жалғасады. Орналасу  орны, өсімдігінің түрлік құрамы, сондай-ақ  пайдалану тәсілі бойынша жайылымды маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойылық деп бөледі.  Жайылымға малды топырақ жеиткілікті деңгейде құрғанда, ал шөбінің биіктігі 8 см (шөлейт және далалық аймақтарда) немесе 12-15см (басқа аймақтарда) жеткенде жібереді.  Осы кезеңде өсімдіктің протейіннің, дәруменнің және т.б.қоректік заттардың ең жоғарғы деңгейі болады.

     Жайылымның өнімділігін арттыру үшін түбегейлі  және  жеңіл-желпі жақсарту жұмыстары жүргізіледі, пайдаланудың дұрыс жүйесін (жайылым айналымы, қоршаумен жаю) қолданады. Жасанды жайылымдардың өнмділігі өте жоғары сондықтан тиімді тәсіл болып табылады.

    Алда атқарылатын іс-шаралар аз емес, әйтседе олардың ең маңыздысына тоқтала кетейік.

   1.Қазақстан Республикасы ғасырлар бойы мал шаруашылығы өнімін өндіру тәжрибесі мол және ауылшаруашылық жерлердің аумағы орасан зор, осының бәрі мал шаруашылығы өнімдері мен елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуі қажет, сонымен қатар экспортқа шығаруғада болады.

  2.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев республикамызды азық-түлікпен толық қаматамасыз ету жөніндегі  Жолдауын шешу мақсатында қазіргі уақытта ірі және орташа мал шаруашылығы кәсіпорындарын ұйымдастыру қажет, асыл тұқымды малдар  санын көбейту және  басқа екпе бағалы мал азығымен қамтамасыз ету, оның бәрі астық және басқа екпе дақылдардың аумағын азайтпай, бос жатқан 8-10 млн.га.танаптан шығарылған тыңайған жерлерді шабындық пен жаайылымға айналдыру арқылы шешуге болады, олар шамамен есептегенде, жыл бойы 2-3 миллионға дейін ірі қара малдарды жемшөппен қамтамасыз етеді. 

    Қазақстан үшін жайылымдардың маңызы өте жоғары екені белгілі.Себебі республика жағдайында мал азық қорының шамамен 50 пайыз  осы жайылымда.Алайда, жайылымдардың негізгі бөлігі   (70%-дай) шөлейтті, жартылай шөлейтті жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз.Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады.Шамамен барлық жайылымдардың 32пайызы жаздық,44 пайызы көктемгі –күздік 12 пайыз жыл бойы  пайдаланатынжайылымдар.Басты мақсат  осы әр түрлі жайылымдарды санитариялық-гегиеналық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу  шаруашылық, экономикалық және ветеринариялық жағынан өте пайдалы. Бұл  тарауда жайылымдарға қойылатын санитариялық-гегиеналық оларды пайдалану мерзімімен тәртібі және әр түліктің жайылымға деген сұранысымен пайдалану ерекшелігі атап көрсетілген.

    Қазақстан Республикасының Президенті үкіметке мал шаруашылығы салаларын дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу туралы тапсырма берді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жылсайыңғы жолдау барсыныда айтып өтті.

   «Ет өндірісінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жобаның іске асырылуын жеделдету қажет»,- деді ҚР Президенті. 
   «Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, соның ішінде қой шаруашылығы, сонымен қатар жемшөп өндірісі мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар әзірлеуін қамтамасыз етуін тапсырамын»,  - деп атап өтті мемлекет Елбасы

  Қазақстанда жоғары сапалы жемшөп өндірісін жолға қоймай мал шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту мүмкін емес. Бүгіннің өзінде шеттен әкелінген мал басын толыққанды қоректендіруде айтарлықтай қиындықтар туындауда. Тығырықтан шығар жол – жемшөп қорын құрудың стратегиялық қадамдарын жүзеге асыру.  
   Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер 76,2 миллион гектарды құрайды, оның 24,1 миллионы егістік, 46,5 миллионы жайылымдық жерлер болып табылады. Бүгінгі күні егістік алқаптарында өсірілетін малды азықтандыруға қажетті астық дақылдары 1990 жылмен салыстырғанда 69 пайызға, жемшөп дақылдары 81 пайызға азайған, оның ішінде көпжылдық шөптер 2 есе, біржылдықтар 14 есе, жүгері 25 есе кем өсіріледі, ал 1 гектар жерден азық өлшемінің түсімі 5-6 центнерден аспай отыр.  
   Ауыл шаруашылығына арналған алқаптардың көп бөлігі ірі агроқұрылымдардың үлесіне тиесілі екендігін атап өткен жөн. Олар мал шаруашылығына ден қоймаған соң, өз алқаптарында жемшөп дақылдарын емес, астық өсіреді. Нәтижесінде мал азығы өндірілуі тиіс егістік жерлерде монодақыл орын алған. Сондықтан аймақтағы мал басы қыс мезгілінде сапасыз пішен, сабан, бидай дәнінің қалдықтарымен ғана жемделіп, құнарлы азықтың жетіспеушілігі сезілуде. 
   Қысқаша сараптаманың нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы дәнді дақылдардың алқабы 3 миллион гектардан астам жерді алып келеді, ал жемшөп дақылдарының үлесіне 10-13 пайыз немесе 300-320 мың гектар егіс алқабы ғана тиесілі. Мұндағы жемшөп дақылдарының негізгі үлесін көпжылдық шөптер (250-260 мың гектар) құрайды, бірақ бұл тұста көпжылдық шөптердің сапасы қандай деген заңды сұрақ туындайды.  
   Бұл шөптер 20 жыл уақыттан бері өсіп тұрған, өнімділігі құрғақ салмақ күйінде небары 3-6 центнер немесе азық өлшемі гектарына 1,5-3 центнерді құрайтын сиреп қалған қылтанақсыз арпабас болып келеді. Біржылдық шөптердің де жағдайы мәз емес: олар 35-40 мың гектар ғана, құрғақ салмақта 8-10 центнер өнімділік беретін, негізінен сұлы егістіктері. Барлық облыс бойынша жүгеріге бөлінген егістік алқабы жыл сайын тек 10-12 мың гектар көлемінде, оның жасыл массасы гектарына орта есеппен 60-70 центнерді құрайды. Бұл ретте жүгерінің мал шаруашылығындағы негізгі жемшөп дақылы болып табылатыны баршаға белгілі.  
   Бұршақ тұқымдас дәнді дақылдарды алатын болсақ, жемшөп ақуызының басты көзі болып табылатын дақылдардың егіс алқаптары өте аз: жыл сайын небары 3-4 мың гектарды құрайды, ал өнімділігі гектарына 6-7 центнер ғана. Мұнда егістің негізгі бөлігі - асбұршақтың тиесілі  
    Жалпы, егістік алқаптарындағы жемшөп өсімдіктерінің түрлері өте аз. Сиыржоңышқа, қытайбұршақ, құмай, құмай-судан гибридтері мүлдем өсірілмесе, тары, судан шөбі өте аз көлемде егіледі. Айта кетерлігі, көпжылдық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей судан шөбі мен құмай-судан гибридтері жүгерімен қатар малға сапалы сүрлем дайындау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. 
   Мұндай малшаруашылық саласы ұсақтауарлылығымен сипатталады. Ал бұл жағдайда жемшөп өндірісінің, асылдандыру-дың, ветеринария саласындағы инновациялық технологияларды пайдалану мүмкін емес. Сондықтан аталған мәселені шешу кезек күттірмейді. Республикамызда ондаған мал шаруашылығы кешендері құрылса да, жеке секторсыз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі түбегейлі және тұрақтытүрдешешілмейді. 
    Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, ең алдымен, малшаруашылық немесе оны болашақта қолға аламын деген кез келген кәсіпорында тұрақты, әрі қоректілік құндылығы жоғары мал азығы қорын құру керек деген тұжырымға келеміз. Бұл іс тек жеке әдіс-тәсілдерге емес, мал азығын өндірудің тұтас интенсивті жүйесіне негізделуі керек. Мәселе нақты шешілмесе, мал шаруашылығын дамыту болашақта да қиынға соғады.  
   Осыларды ескере отырып, малды толыққанды азықтандыру үшін жоғары сапалы жемшөп өндірісін тұрақты дамытудың стратегиясы төмендегідей шарттарға негізделуі қажет деп ойлаймыз: 
- аймақтық деңгейде тұқым өндірісімен айналысатын 2-3 шаруашылық негізінде жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 
- егіс алқаптарының құрылымын жасау және жетілдіру; 
- егістік жерлерде жемдік астық пен әртүрлі жемшөп түрлерін өндіру үшін қысқа мерзімді ауыспалы жемшөп егіс жүйесін енгізу; 
- қуаңшылыққа төзімді құмай дақылдарын пайдалану және астық технологиясы бойынша жүгері өсіру; 
- өсімдік ақуызы өндірісін ұлғайту үшін бұршақ дәнділердің, бұршақ тұқымдастардың гибридтері мен олардың аралас шөптерінің интенсивті сорттарын кеңінен пайдалану; 
- біржылдық дақылдардың шикізат конвейерлерін ұйымдастыру және шабылған егісін қолдану; 
- қор үнемдеуші технология негізінде көпжылдық шөптердің ескі шабындықтарын үстіртін және түбегейлі жақсарту; 
- сүрлеуші заттардың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып жемшөп дайындау және сақтау; 
- толыққанды құрама жем өндірісін ұйымдастыру; 
- жоғары өндірмелі жаңа техниканы пайдаланып жемшөп өндірісі бойынша бөлімшелер мен құрылымдар құру. 
Қойылған міндеттерді орындау тұрақты мал азығы қорын құруды тездетіп, тек солтүстік аймақта ғана емес, бүкіл республика бойынша жоғары өнімді, тиімді мал шаруашылығын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. 

 

 Қазақтың  мал шаруашылығы және мал азығы  өндірісі ғылыми-зерттеу институты  мал шаруашылығын өркендетуге  бағытталған, қолданбалы сипаттағы ғылыми ізденістерімен кеңінен танымал. Іргелі ғылыми мекеменің мал тұқымдарын асылдандыру, олардың өнімділік көрсеткіштерін арттыру, тұқымдық малды өз төлінен көбейтудің оңтайлы жолдарын табу, мал өсіру мен бағу, оларды сапалы азықтандыру үшін мал азығын дайындау, мал азығы дақылдарын өндіру технологияларын жетілдіру, жайылымдықтар мен шабындықтарды тиімді пайдалану мәселелерін ғылыми негізде шешуге бағытталған жұмыстарының әр саласы жерге бай, мал шаруашылығын заман талабына сай дамыту әлеуеті мол біздің ел жағдайында аса өзекті болып табылады. Себебі, мал ағзаларының дұрыс дамып жетіліп, тектік (генетикалық) әлеуетінің толық қалыптасуына, өнімділігінің артуы мен өнім сапасының жақсаруына тиімді де сапалы азықтандыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.Соңғы жылдары жүргізілген талдаулар нәтижесі мал шаруашылығы саласының ең осал тұсы мал азығы қорының тапшылығы мен сапасының төмендігі екендігін көрсетті. Қазіргі таңда бір бас ірі қара малға шаққанда 14 центнер азықтық бірлік көлемінде жемшөп өндіріледі, бұл зоотехникалық нормадан 2-3 есе аз. Кеңес дәуірінде мал азығы дақылдарын өндіруге егістік алқаптың 30 пайыздан астамы қолданылса, бүгінде бұл көрсеткіш 11 пайыздан аспайды. Негізгі кедергілердің бірі – өсірілетін малазықтық дақылдар түрлерінің шектеулілігі мен өнімділіктерінің төмендігі. Өз кезегінде, ақуызға бай, қуаттылығы мол, шырынды және құрама азықтар үлесінің аз болуы мал басын зоотехникалық нормаларға сай азықтандыруға қолбайлау болып отыр.Қазақстанда мал шаруашылығының ежелгі кәсіп ретінде қалыптасуы жеткілікті көлемдегі табиғи азық қорына негізделді. Жеріміздің әр түрлі табиғи аймақтары, белдеулері мен географиялық өңірлерінің ауа райы ерекшеліктері сол аймақтарда мал азығын өндіру мүмкіндіктерін айқындайды. Ғасырлар бойы еліміз аймақтарындағы мал шаруашылығы салаларының дамуы табиғат жағдайларына сәйкес жүрді. Мал жайылымдықтары мол қорының болуы халқымыздың тыныс-тіршілігіне, дәстүр-салты мен әлеуметтік жағдайларына тарихи-географиялық тұрғыдан үлкен әсер етті. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғат жағдайына орай, сол ортаға бейімделген мал өсіру халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесінің нәтижесіне негізделгендігін айта кетуіміз керек. Бабаларымыз, ауа райы, жер бедері мен жайылымдағы шөп құрамы ерекшеліктеріне сай, отар-отар қой-ешкі, үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр өсіру мәселелерін ұтымды ұйымдастыра білді. Кеңес дәуірінде де шаруашылықтар жұмысын ұйымдастыруда осы қағидалар қатаң ескеріліп, мал шаруашылығы салалары мен мал азығын өндіруде аймақтың табиғи жағдайлары басты назарда ұсталды. Осының нәтижесінде 80-жылдардың соңында қой басын 40 млн., мүйізді ірі қараны 10 млн., жылқы түлігін 1 млн. 600 мың басқа дейін өсіруге қол жеткізілді.

Информация о работе Мал азаған жақсарту жолдары