Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 16:52, курсовая работа
Осы еңбек арқылы европалықтар каучукты алу жолы және оның қасиеттерімен танысады. Европалықтар осы еңбек арқылы табиғи каучукпен танысады және каучук ағашының қабығын қырыққан кезде бөлінетін латекс деп аталатын сұйық заттан алынатындығын біледі. Каучук деген сөз Бразилияның «као-очу» (ағаштың көз жасы) деген сөзінен шыққан.
Табиғи каучук белгілі топқа жатпайтын ботаникалық өсімдіктердің шырынынан өндіріледі. Каучук өсімдіктері Оңтүстік Америка, Африка, Малайя Архипелагы сияқты экватордың тропикалық аймақтарында өседі.
1. Кіріспе.....................................................................................................3
2. Негізгі бөлім...........................................................................................5
2.1. Резина өндірісінің жалпы процестері...............................................8
2.2.Резинаны өндірісте алу және жаңа технологиялары........................9
2.3. Резина бұйымдарын дайындау..........................................................21
2.4. Резинаның қолданылуы және өңдеуде жиі қолданылатын негізгі процестер………………………………………………………………………27
3. Қорытынды............................................................................................30
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................31
Үкіметте Оңтүстік Қазақстан облысында шина кластерін құру мәселесі қаралды. Үкіметте Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте қуатты көппрофильді «Ордабасы» корпорациясының өндірістік базасында Оңтүстік Қазақстан облысында шина кластерін құру мәселесі қаралды. Үкіметте Премьер-Министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте қуатты көппрофильді «Ордабасы» корпорациясының өндірістік базасында Оңтүстік Қазақстан облысында шина кластерін құру мәселесі қаралды.
Талқылауды аша отырып, Даниал Ахметов «мұндай экспортқа бағыттаушы құрылымды құру республиканың Индустриялық-инновациялық стратегиясының талаптарына жауап береді, сондықтан бұл жұмысты ағымдағы жылдың аяғына дейін бітіру үшін қажетті нәрсенің бәрін қолға алу керек» екенін қатысушылар есіне салып өтті.
Биылғы жылы жазда корпорация Шымкент шина зауытының 100 пайыз акциясын иеленді, енді халықаралық стандарт сапасымен және қазақстандық сауда маркасымен шинаның әр түрінің өндірісін 3 млн. данадан 12 млн. данаға дейін, «Good Year» халықаралық компаниясымен бірлесіп шығаруды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, жыл соңында «Ордабасы» корпорациясы резина қоспалар және автокамера өндірісі жөнінде зауыт ашуды ойласа, ал келесі жылы шетелдік рынокқа бағытталған техникалық көміртегі өндірісі жөнінде кәсіпорын құрылысын бастамақшы. Сондай-ақ корпорация Өскемен арматура зауытының иесі, осы кәсіпорында ISO 9001:2000 сапалы басқару жүйесін енгізген. Бұл таяу уақытта оның қуатын екі есе арттыруға, сөйтіп өз өнімімен Қазақстанның, Иранның, Әзербайжан мен Өзбекстанның талабын қанағаттандыруға және өзге де жобаларға қатысуға мүмкіндік ашады.
Талқылау барысында Үкімет басшысы Индустрия және сауда, Энергетика мен минералдық ресурстар министрліктерінің атқарған шина кластерін құру, өнімнің бәсекелестігін көтеру жөніндегі жұмыстарын, сондай-ақ «Ордабасы» корпорациясының өз өнімін шетелдік рынокқа шығарудағы қызметін жағымды бағалады.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті институттарға 10 күн мерзімде шина кластерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қайта қарап, «Ордабасы» кәсіпорнының экспорттық жобаларға қатысуы мүмкіндігін қарастырып, құжатты Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.
2.3. Резина бұйымдарын дайындау.
Қолдануына байланысты резиналар мынадай топқа бөлінеді.
1. -50+150°С температурада қолданылатын, жалпы міндет атқаратын резианалар, (шиналар, аяқ-киім, ремендер, амортизатор және т.б.)
2. 150°С жоғары температурада қолданылатын температураға тұрақты резиналар (машина, самолет деталдары, электродвигательдер, және т.б.)
3. Аязға тұрақты резиналар.
4. Озон, оттегі, қышқыл, сілті тұздар және т.б. химиялық реагентгерге тұрақты резиналар.
5. Бензин, керосин, мұнай, майға тұрақты резиналар.
6. Жылу изоляциялық материалдарға қолданатын газ толықтырғыш резиналар.
7. Рентген аппараттарының деталдарын дайындауға қолданатын радиацияға тұрақты резиналар.
8. Кабелдерді изоляциялауға және т.б. қолданылатын диэлектрикалық резиналар.
Резина бұйымдарын өндіру үш негізгі сатыдан тұрады: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау.
Шикі резинаның қоспасын дайындауға мынандай операциялар кіреді:
1) каучук пен ингредиент
дайындау. Ингредиент резина қоспасының
құрамына кіретін әртүрлі
2) Компоненттерді өзара араластыру.
3) Алынған қоспаларды дайындау және формалау. Резина бұйымдарын әрі қарай қолдану жағдайына
байланысты әртүрлі мөлшерде резина қоспасының құрамына бірнеше ингредиент компоненттері кіреді. Мысалы, солтүстікте, оңтүстікте және тропикте жұмыс істеуге арналған мөлшері де конструкциясы да бірдей шиндер әртүрлі рецепті қоспалардандайындайды. Сондықтан әртүрлі резина бұйымдарын алу үшін қоспаның кұрамы әртүрлі болады. Кестеде кейбір резина қоспаларының шамамен алынған құрамы көрсетілген.
Резина қоспасының шамамен алынған мөлшері
Резина |
Каучук түрі |
100 салмақ бөлікке каучукқа келетін қоспа құрамы | ||||
|
|
Вулка низат ор |
Жылда м датқыш |
Үдеткіш |
Ескіруге қарсы |
Пласти фикатор |
Жұмсақ |
НК |
2,75 |
1,5 |
55 |
1,0 |
4,0 |
Жұмсақ |
СКБ |
1,56 |
1,8 |
65 |
1,0 |
2,5 |
Жұмсақ |
скс-30 |
2,0 |
0,6 |
55 |
0,45 |
7,0 |
Жүмсак |
СКН-40 |
1,5 |
0,8 |
50 |
- |
1,5 |
Эбонит 1-ші сорт |
Кез-келген |
25-35 |
0,5 |
- |
- |
- |
Эбонит 2-ші сорт |
Кез-келген |
25-35 |
0,2 |
- |
- |
Резина бұйымдарын дайындаудың ең соңғы сатысы вулкандау болып табылады. Вулкандау кезінде бұйымның формасы бекиді.
Вулкандау процесі кезінде каучуктың сызықтық құрылымды макромолекуласы, вулкандаушы қоспаның (күкірт және органикалық асқын тотығы) катысуымен, өзара көлденең байланыстармен байланысып кеңістіктік құрылым түзеді.
Вулканизатордың мөлшеріне байланысты жұмсақ және қатты эбонит резина алуға болады. Вулкандағаннан кейін шикіжойып, иілгіш солқылдақ, мықты және химиялық реагенттерге тұрақты болады.
Вулкандау процесі 125-180°С температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада және т.б. жағдайда жүреді.
3-сурет. Бутадиен-стирол
1,2 жинағыш, 3 смеситель, 4 эмульгатор дайындауға арналған аппарат, 5-полимеризатор; 6 латекс жинағыш; 7-8-компрессор, 9-отпарная колонна, 10, 11 - конденсатор, 12-дроссельный вентиль
Резинаның тұрақтылық қасиеттері.
Резинаның
маңызды тұрақты
Резинаның қасиеттеріне механикалық күштердің әсер етуі салдарынан резинаның құрылысы өзгеруі мүмкін. Бұзылу уақытының ұзақ болуы механикалық қасиеттеге байланысты. Органикалық жылдамдатқыштар одан да активті және әрбір резина қоспасының маңызды бөлігі болып табылады. Олар қоспаға аз мөлшерде енгізіледі: каучуктың 100 бөлігіне 0,5-1 бөлік. Жылдамдатқыштар көбісі мырыш оксиді немесе стеарин қышқылы сияқты активаторлардың көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде резина қоспаларына міндетті түрде мырыш оксиді мен стеарин қышқылын қосады.
Беріктеткіш қоспалар. Кейбір заттарды каучукке қосу арқылы оның беріктігін, тозуға төзімділігін арттырады. Оларды беріктеткіштер деп аталады. Кең қолданылатын беріктеткіш болып көмір (газ) күйесі табылады, ол әрі арзан, әрі ең эффективті. Автомобиль шинасының протектор резинасында 100 бөлікке каучукке 45 бөлік көмір кйесі қосылады. Беріктеткіш ретінде мырыш оксидін, магний карбонатын, кальций карбонатын, кремнеземді де қолдануға болады, бірақ ең эффективтісі –көмір күйесі.
1 және 2-кестелерде
әртүрлі каучуктың табиғатына
байланысты резинаның
2.4. Резинаның қолданылуы және өңдеуде жиі қолданылатын негізгі процестер
Ескі резинаны жақсылап ұсақтайды, оған техникалық кастор майын қосып араластырады. Алынған қоспаны 180-210С дейін қыздырады. Қоспа суығаннан кейін көлемі екі есе көп 90С спиртке қосады. Одан кейін қоспадағы кастор майы спиртте еріп, ал резина ыдыс түбіне тұнады. (Құрамындағы кастор майын жою үшін).
Алынған резинаның құрамында аз мөлшерде спирт болғандықтан, оны сілті ерітіндісі бар жылы сумен шаяды.
Вальцтанған жұқа резина ылғалдылықтан
құтылу үшін кептіргеннен кейін сапасы
жақсы резина алынады
Резинаны автомобиль дөңгелектерін және техникалық өнімдер алуда, сонымен қатар тұрмыста, медицина, құрылыста, спортта кең қолданылады. Резинадан 60 мыңға жуық зат жасауға болады. Олардың ішінде: дөңгелек, көлік ленталары, белбеулер, амортизаторлар, сальниктер, манжет, сақиналар және тағы да басқа кабель заттары, аяқ-киім, кілем, құбырлар жасалынады. Резинаның әлемдік шығарылуы 20 млн. т/жыл.
Резеңкеден шиналарға шланктар, конвиер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады. Каучук пен резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылатын матиралдар болып табылады.
8-сурет. Резинаның машина шинасы ретінде қолданылу
Шикі каучукке ингредиенттер
қосылғаннан кейін оған форма
беру үшін вуканизациядан
Коландрлеу резина қоспасын орамдау немесе оны матыға жағу үшін қолданылатын машиналар. Стандартты коландр бірінің үстінен бірі орналасқан горизанталь үш валдан тұрады. Кейде 4 және 5 валды коландрлар да қолданылады. Коландр валдарының ұзындығы 2,5 метрге, диаметрі 0,8 метрге дейін жетеді. Температураны қадағалау үшін валдарға бу мен суық су жіберіліп отырады. Температураны дұрыс таңдау және қадағалау біркелкі қалыңдықағы және тегіс бетті бұйымдарды алу үшін маңызды. Көршілес валдар қарама-қарсы бағытта айналып отырады, айналу жиілігі мен ара қашықтықтары да қатаң қадағаланады. Коландрде матаны резинамен қаптау, матаға резинаны жағу және орамдау процестері жүзеге асырылады.
Экструдер трубаларға, шлангтарға, пневматикалық шина камераларына, шина протекторларына және т.б. орма беру үшін қолданылады. Ол ысытуға және суытуға жағдай жасалған болат цилиндрлі корпустан тұрады. Алын ала қыздырылған резина қоспасы корпустан өтіп, бас жағына беріледі. Корпустың басына форма беретін ауыспалы құрал жалғанады. Құралдың түріне байланысты әр түрлі формада заттар шығады. Шыққан бұйым суық сумен суытылады. Пневматикалық шиналар камералары экструдерден үзілмеген түрде шығады, кейін керек ұзындықта бөлінеді. Көптеген бұйымдар, мысалы, шағын трубкалар, экструдерден соңғы формасын қабылдап шығады, кейін вулканизацияланады. Ал шина протекторлары дайын түрде шығып, формасын өзгерте отырып шианға вулканизацияланады.
Әрі қарай дайын өнім алу үшін дайындаған қоспамызды вулканизациялау керек. Вулканизация бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Көп заттарға форма металдық форма бергіштің ішіндегі резина қоспасына температура және қысыммен әсер еткеннен кейін ғана беріледі. Автомобиль шиналары барабанда керек өлшемге дейін өңделіп, кейін болат форма бергіште вулканизацияланады. Форма бергіштер вертикальді вулканизациялағыш-автоклавта бірінің үстінен бірі орналасады. Оларға тұйықталған қыздырғыш арқылы, ыстық бу жіберіледі. Қазіргі кезде технологтар пресс форма бергіштер деп аталатын жеке вулканизаторларда вулканизацияланатын шиналардың санын арттыруға тырысуда. Пресс форма бергіштің арнайы жабдықталған қабырғалары жартылай дайын өнімге берілетін будың, ыстық судың және ауаның циркуляциясын реттеуге мүмкіндік береді. Берілген уақытта пресс форма бергіш автоматты түрде ашылады. Шина камералары тегіс бетті пресс форма бергіштерде вулканизацияланады. Бір камераның орташа вулканизациялану уақыты 155 С шамамен 7 млн.
Көптеген заттар ауа және көмірқышқыл газының қыздыруында вулканизацияланады. Киімдер, плащтар, аяқ-киімдер осы әдіспен вулканизацияланады. Құрғақ жылумен вулканизацияланатын резина қоспаларының құрамында күкірт аз болады. Себебі, күкірттің бөліктері бұйым бетіне шығып кетпеуі керек. Құрғақ жылумен вулканизациялау уақыты бумен немесе преспен вулканизациялау уақытынан ұзақ болады. Сондықтан көбінесе жылдамдатқыштар қосылады.
Кейбір заттар ыстық суда қысыммен вулканизацияланады. Мысалы: резина грушалар, шлангтар, сымдар изоляциялары ашық буда вулканизациялары.
Жылусыз вулканиция хлорлы күкірт ерітіндісінің және буының көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай әдіспен жұқа жапырақты бұйымдар және алжапқыштар, суға түсуге арналған бас киімдер, хирургиялық қолғаптар сияқты бұйымдар вулканизацияланады. Процесс жоғары жылдамдықта жүреді, ол ерітінді толығымен бұйымға сіңіріледі. Процесс барысында түзілген қышқылды бейтараптау үшін қосымша аммиакпен өңделеді.