Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:47, курсовая работа
Машиналар мен жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігі және ұзақ уақыт сынбай сенімді қызмет атқаруы олардың бөлшектері жасалатын конструкциялық материалдардың қасиеттерін пайдалану жағдайына қажетті жұмыс сипаттамаларына сәйкес келуімен байланысты. Сонымен қатар бұл мәселе таңдалған материалдардан машина бөлшектерін жасағанда олардың күрделі пішіндерін, мөлшерлерінің дәлдігін, жұмыс беттерінің кедір-бұдырлығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыздандыратын өңдеу технологиясын дұрыс белгілеуге байланысты.
Кіріспе...........................................................................................2
Негізгі бөлім.................................................................................3
1.Фрезерлік станоктар түрлері.......................................................3
2.Фрезерлік станоктар құрылысы, жабдықтары.........................12
3. Фрезерлеу станогында орындалатын жұмыстар....................18
Қорытынды................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................24
Бұрыш стол вертикаль-фрезерлеу станоктарын, шатундарды, цилиндір жұдырықшаларды, қалпақшаны, шатунды және тағы басқа бетті фрезерлеуде, сондай-ақ дайындаманы белгілі бұрышқа бұрып бірдей бөліктерге бөлу үшін қолданылады.
Машиналық қысқыштар консольді-фрезерлеу станоктарының барлық түрлерінде азговоритті детальдарды бекіту үшін қолданылады: кейінгі кездерде өңделетін детальдарды тез және берік бекітетін пневматикалық пневмо-гидравликалық машиналық қысқыштар кеңінен қолданылып келеді.
Фрезер станоктарында өңдеуге қажетті бекіту аспаптары. Фрезер станоктарында детальдарды бекітетін арнаулы және арнайы қосымша аспаптар қажет. Олардың қатарына машина қысқыштар, призмалар, қысқыштар, бұрыштамалар, оправкалар, бөлгіш, бүркеншіктер жатады.
Винтті орларды фрезерлегенде үздіксіз айналдыру және дайындаманы қажетті бұрышқа мезгіл-мезгіл бұру үшін қолданылатын бөлгіш бүркеншікті аспап көрсетілген. Ол қорап 16, бөлгіш лимба 5, айналмалы барабан 2 және центірлі шпиндельден 4 тұрады. Қорап шпинделінде бір кіретін червякпен ілінісетін червякті тісті дөңгелек бекітілген. Тұтқаны 6 және дайындаманы қажетті бұрышқа лимба 5 жәрдемімен айналдырады, ал тұтқа шпиндельді айналдырады. Есептеуді жеңілдету үшін жылжымалы секторды 7 пайдаланады. Шпиндельде 4 дайындаманы бөлетін лимба 3 орналасқан.
Әмбебап бөлгіш бүркеншіктер қарапайым және дифференциалды тәсілдермен бөле алады.
Фрезерлеу процесінің кесу режимі элементтері. Бұл элементтер қатарына кесу тереңдігі, беріліс, кесу жылдамдығы, фрезерлеу ені жатады.
Кесу тереңдігі деп мм- фрезаның бір айналғандағы сылынған материал қабатының қалыңдығын айтады.
Беріліс – фреза өсімен салыстырғандағы дайындаманың үдемелі немесе айналмалы қозғалыспен жылжуы. Ол үш түрге бөлінеді:
Бұл берілістер арасындағы байланыс былайша анықталады.
Sm=Svn+Szn
Мұндағы Z және N тістер саны мен фрезаның айналу жиілігі. Кесу жылдамдығы V деп фреза жүздерінің, шеңберлік жылдамдығын айтады.
V=ndm/1000 м/мин.
Мұндағы D – фрезаның диаметрі, мм.
Фрезерлеудің ені В деп фреза бір жүргендегі өңделген беттің енін айтады.
3. Фрезерлеу станогында орындалатын жұмыстар
Фрезерлеу станогында орындалатын жұмыстар. Фрезерлі станоктармен горизонталь, вертикаль, көлбеу жазықтықтар: жай ойықтар, «қарлығаштың құйрығы», типтес цилиндрлі және призмалы детальдарда бұрыштық, көп қырлы паздар және шпондық оймалар әр түрлі фасонды беттер, тісті дөңгелектер, спиралды оймалар бұранда беттері өңделеді.
Көшірме-фрезерлері станоктарда өңделетін детальдардың формасына сәйкес көшірме бойынша детальдарды өңдеуге болады.
Солардың негізгі түрлерін қысқаша талқылайтын болсақ:
Горизонталь жазықтықтарды цилиндрлі фрезалармен горизонталь фрезер станоктарында немесе дөнбек фрезалармен вертикальды-фрезерлеу станоктарында өңдейді.
Бұл станоктарда өңдеуде дәнекерленген фрезаларға қарағанда, қатты қорытпа тілімдерін дөң фрезаларға механикалық тәсілмен бекітілген фрезалардың өндіріс өнімділігі жоғары болады.
13-сурет. Фрезерлеу арқылы жасалатын жұмыс түрлері
Вертикаль жазықтықтарды горизонталь-фрезерлеу станоктарында дөң немесе дискалы фрезалармен, бойлық-фрезер станоктарында дөң және вертикаль-фрезер станоктарында саусақ фрезаларымен өңдеуге болады.
Еңкіш жазықтықтарды бұрышты фрезалармен горизонталь-фрезерлеу станоктарында немесе вертикаль-фрезерлеу станоктарында дөң фрезамен айналмалы бүркеншікті пайдаланып жасау керек.
Тікбұрышты саңлаулар және кертіктер дискалы фрезалармен горизонталь-фрезерлеу немесе саусақ фрезаларымен вертикаль-фрезерлеу станоктарында өңделеді.
Т – тектес немесе «қарлығаш құйрығы» сияқты саңлауларды вертикаль фрезерлеу станоктарында екі рет фрезерлейді. Алдымен тік бұрышты саңлау жасалып, соңынан саңлауға сәйкес профильді фрезалармен өңдейді.
Фасонды жазықтықтар фасонды фрезалармен көбінесе горизонталь-фрезерлеу станоктарында өңделеді.
Күрделі жазықтықтарды әр түрлі фрезерлеу станоктарында түрлі фрезаларды пайдалану арқылы өңдеуге болады.
Жазықтықтарды фрезерлеу. Жазықтықтарды әр түрлі: цилиндрлі, маңдайлық, ұштық және екі қырлы дискілі фрезамен горизонтальді-фрезерлеу станогын не вертикальді-фрезерлеу станогын пайдалану арқылы өңдеуге болады. Ең үлкен өнімділік пен өңдеудегі тиімділікті қатты қорытпалардан жасалған маңдайлық фрезаны қолдану арқылы алуға болады.
14-сурет. Фрезерлеу станоктарында көшіру әдісін қолдану.
Көлбеу жазықтықтарды қондырмалы тісті маңдайлық фрезалармен өңделеді.
Фасонды беттер мен қисық сызықты контурларды фрезерлеу. Тар фасонды беттер радиусты (ойыс және дөңес профильді) фрезерлермен өңделеді. Кеңірек фасонды беттерді жеке қисық сызықты контурлы дайындамаларды фреза жинағымен өңдейді.
Формасы шеңбер доғасы тәріздес қисық сызықты контурлы дайындаманы бұрылмалы дөңгелек үстелге орнатып, ұштық фрезамен өңдейді.
Ірі сериялы өндірісте қисық сызықты контурлы детальдарды өңдеу үшін арнаулы көшіретін құралдар немесе көшірме фрезерлерлі станоктар қолданылады. Көшірме фрезерлеуді қолдануда әр түрлі әдістер пайдалануы мүмкін: механикалық, гидравлиикалық, электр контактілі және контактісіз (фотоэлементті, программалы басқару және басқалар).
Суретте механикалық көшірмелер үшін қарапайым қондырғы көрсетілген. Дайындама және көшірме вертикальді фрезер станогының столына жеке орналастырылады (анық болуы үшін деталь мен көшірменің бекітілуі көрсетілмеген). Фрезаның осі мен көшірме саусағының арасы дәл анықталады. Көшірме саусағы жүктің әсерінен көшірмеге жабыса түседі де үстелдің бойлық қозғалуына байланысты оның контуры бойынша сырғып отырады. Дайындамаға артқы фреза келтіріледі.
А-сурет
15-сурет. А-көшіру-фрезерлеу станогы арқылы жасалынған бұйым
Б-Фрезалар түрлері
Егер фреза мен көшірме
саусағының диаметрі бірдей болса, онда
көшірме мен детальдың пішіні
бір-бірінен аумайды, ал диаметрі бірдей
болмаса олардың пішіні арнаулы
аналитикалық-есеппен
Фасонды және қисық сызықты беттерді механикалық өңдеуде жұмыс циклдерін автоматтандыру тиімді түрде әр түрлі бақылағыш көшірме системалары арқылы жүзеге асырылады.