Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:47, курсовая работа
Машиналар мен жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігі және ұзақ уақыт сынбай сенімді қызмет атқаруы олардың бөлшектері жасалатын конструкциялық материалдардың қасиеттерін пайдалану жағдайына қажетті жұмыс сипаттамаларына сәйкес келуімен байланысты. Сонымен қатар бұл мәселе таңдалған материалдардан машина бөлшектерін жасағанда олардың күрделі пішіндерін, мөлшерлерінің дәлдігін, жұмыс беттерінің кедір-бұдырлығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыздандыратын өңдеу технологиясын дұрыс белгілеуге байланысты.
Кіріспе...........................................................................................2
Негізгі бөлім.................................................................................3
1.Фрезерлік станоктар түрлері.......................................................3
2.Фрезерлік станоктар құрылысы, жабдықтары.........................12
3. Фрезерлеу станогында орындалатын жұмыстар....................18
Қорытынды................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................24
Жоспары:
1.Фрезерлік станоктар
түрлері.......................
2.Фрезерлік станоктар
3. Фрезерлеу станогында орындалатын жұмыстар....................18
І.Кіріспе
Машиналар мен жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігі және ұзақ уақыт сынбай сенімді қызмет атқаруы олардың бөлшектері жасалатын конструкциялық материалдардың қасиеттерін пайдалану жағдайына қажетті жұмыс сипаттамаларына сәйкес келуімен байланысты. Сонымен қатар бұл мәселе таңдалған материалдардан машина бөлшектерін жасағанда олардың күрделі пішіндерін, мөлшерлерінің дәлдігін, жұмыс беттерінің кедір-бұдырлығын және экономикалық тиімділігін қамтамасыздандыратын өңдеу технологиясын дұрыс белгілеуге байланысты.
Міндетті қызметіне орай машиналар бөлшектерінің конструкциялық беріктіктерін қамтамасыздандырумен бірге олардың арнайы қасиеттерін мөлшерлеу қажет. Кейбір кезде, міндеттелген қызметіне байланысты машиналар мен жабдықтардың бөлшектері жасалған материалдар жоғары немесе төмен температуралардың, жоғары балқуының, ылғалдың немесе әр түрлі агрессивтік газдар мен сұйықтардың орталығында ионизациялайтын сәулелердің ықпалдарының әсерінен өздерінің жұмыс сипаттамаларын жоғалтпауы қажет.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Фрезерлеу станоктарының түрлері
Фрезерлеу тәсілінің сипаттамасы. Фрезерлеу – дайындама беттерін фреза деп аталатын көп жүзді аспаппен өңдеудің кең тараған және өндіріс өнімділігі жоғары тәсілі. Бұл процесте негізгі айналмалы қозғалысты аспап, ал беріліс қозғалысын дайындама жасайды.
Фреза (франц. Fruise ) беттерінде кесетін көптеген тістері бар айналатын дене. Оның әрбір тісін жеке кескіш құрал ретінде қарастыруға болады.
Фрезерлеу станоктарында:
1-сурет. Фрезерлік станоктар түрлері
Фрезаның айналу және дайындаманың беріліс қозғалыстары бағыттарына қарай фрезерлеу
Қарама-қарсы фрезерлеуде үстелге бекітілген дайындаманың беріліс және цилиндрлі фрезаның айналу бағыттары қарама-қарсы болады. Бұл жағдайда фрезаның әрбір тісіне түсетін күш бірқалыпты болады.
Жолшыбай фрезерлеу әдісі суретте көрсетілген. Мұнда фрезаның тістері дайындамаға соққы арқылы енетіндіктен, бұл әдісті кәсібі кем таза өңдеуге қолданған жөн.
2-сурет. Фрезерлеу әдістері,
А-қарама-қарсы. Б-жолшыбай
Фрезерлеудің бұл екі әдісінде де фрезаның әрбір жүзімен сылынған жаңқаның пішіні үтірге ұқсас келеді.
Фрезерлеу станоктарында конфигурациясы әр түрлі сыртқы және ішкі беттерді өңдеуге болады: көбінесе бұл станоктар жазық беттерді, оймаларды, жарықшаларды өңдеу үшін қолданылады; фрезер станоктарын кей жағдайларда сызықтық фасонды беттерді өңдеуге қолданылады. Фрезерлеу станоктарының арнайы түрлері күрделі кеңістік фасонды беттерді өңдеуге бейімдеп жасалған.
Жоғары өнімділігіне және универсалдылығына байланысты фрезерлеу станоктары токарь станогынан кейінгі көп тараған группалар қатарына жатады.
Фрезерлеу станоктарының негізгі типтері мынадай: консольді-фрезерлеу, (вертикаль, горизонталь, универсал және кең универсал); консольсіз фрезерлеу; бойлық фрезерлеу; көшірме-фрезерлеу.
Консольді- фрезерлеу станоктардың негізгі сипатталатын қасиеті: олардастол өнделетін детальмен бірге өз ара перпендикуляр үш бағытта ауысып тұрады, ал кейбір модельдерінде шпиндельдің осіне бұрыш жасай ауысады.
3-сурет. Консольді вертикаль-фрезерлеу станогы.
Консольсіз – фрезерлеу станоктар вертикальді және горизонтальді болуы мүмкін. СССР-де тек консольсіз вертикальдар өңделеді. Бұл станоктарға тән қасиет, олардың столы тек өз ара перпендикуляр екі бағытта: бойлық және көлденең бағытта ауысады. Вертикаль бағытта шпиндель топайының өзі ауысады.
Фрезерлеу процесі туралы түсінік. Беттерді фреза арқылы технологиялық өңдеу әдісін фрезерлеу деп атайды. Фрезерлеу кезінде басты (айналмалы) қозғалысты фреза, ал беріліс қозғалысын (фреза осіне түзу сызықты және перпендикуляр) – станок столына бекітілген дайындама алады.
Фрезаның жұмыс істеу принципі кесу кезінде аспаптың барлық кескіш жиектері бір мезгілде жұмыс істейтін көп жүзді аспаптардың: зеңкерлер, ұңғылар және таңбалағыштардың жұмыс істеу принципінен бөлек. Фрезерлеу кезінде беріліс бағыты аспаптың осіне перпендикуляр бағытта болады, осының салдарынан фрезаның әрбір тістері өңделетін детальмен оборотының шамалы уақытында ғана контактілінеді де жұмысқа бір мезгілде бір немесе бірнеше фреза тістер қатысады. Фрезаның көп тісінің бір немесе екі тісі ғана жұмыс үстінде болады да қалған тістері бұл уақытта суынып үлгереді, сондықтан аспаптың тұрақтылығы артады және фрезерлеудің өнімділігі жоғарылайды.
Фрезерлеудің түрлері. Фрезерлеудің негізгі екі түрі бар: цилиндірлік және аспаптардың маңдайлық шегімен фрезерлеу.
4-сурет. Фрезерлеу түрлері. А-цилиндрлі, Б-беттік кесу, В-аралас.
Цилиндірлік фрезерлеуде, өңделінген бет 2 басты кесуші жиекпен 1 бір пішінде болады. Сондықтан өңделетін беттің пішіні фреза жасаушысының пішініне толық байланысты және оған кері бағытта өңделеді, яғни фреза дөңес болса, онда өңделетін бет ойыс болып шығады және керісінше.
Өңделетін беттің бойлық пішіні өңдеуден соң толқын тәрізді болып шығады да бұл толқындар ара қашықтығы А тіске берілісінің шамасына, ал тереңдігі фрезаның диаметріне байланысты болады.
Цилиндірлік өңдеу кезінде өңделетін беттің тазалығы өте жоғары болуы үшін аз беріліспен жұмыс істеуге тура келеді. Маңдайлық фрезерлеу әдісінде өңделген бет 3 басты кесуші қырмен 2 емес, фрезаның маңдайлық шегіне орналасқан көмекші кесуші қырлармен 1 кесіледі. Сондықтан өңделген бет фреза жасаушысына байланыссыз жазықтық болып шығады.
Маңдайлық фрезерлеу кезінде өңделген беттің тазалығы тістік берілістің шамасына байланысы болады.
Ойықтарды, пазаларды т.б. өңдеу кезінде фреза аралас (комбинирование) жұмыс атқарады; бұл жағдайда кейбір беттер фреза тісінің негізгі кесу жиектерімен, ал кейбіреулері көмекші маңдайлық қырлармен кесіледі.
Металл кесу станоктарының ішінде токарь станоктары тобынан кейінгі кеңірек тарағандары фрезерлеу станоктары.
5-сурет. Фрезерлік станоктар түрлері.
Фрезерлеу станоктарының тобына олардың мына түрлері жатады:
6-сурет. Арнаулы фрезерлеу станогы.
Осылардың ішінде өндірісте жиі қолданылатын түрлері:
7-сурет. А-вертикаль-фрезерлеу станогы, Б-горизонталь-фрезерлеу станогы
Вертикаль-фрезерлеу станогы. Станок әр түрлі детальдарды (маңдайлық, ұштық, бұрыштық, фасондық) фрезерлермен жеке жағдайда немесе сериялы өндірісте фрезерлеуге арналған.
8-сурет. Вертикаль-фрезерлеу станогы
Вертикальді-фрезерлеу
станоктарының, горизонтальді-фрезерлеу
станоктарынан негізгі
Бойлық-фрезерлеу станогы. Ірі сондай-ақ аса үлкен емес дайындамаларды сериялы және массалық өндіріс жайында көп орынды құрал жабдықтардың көмегімен өңдеу үшін портальді бойлық-фрезерлеу станогы қолданылады.
Бойлық-фрезерлеу станы өте өнімді болады, өйткені онда дайындамаларды үш жақтан бірдей өңдеуге болады.
Бойлық-фрезерлеу станогының кейбір түрлері айналмалы фрезерлік қалпақшамен жабдықталғандықтан олармен көлбеу жазықтықтарды да өңдеуге болады.
2. Фрезерлік станоктар құрылысы мен жабдықтары
Фрезерлік станоктар құрылысы. Горизонталь – фрезерлеу станогының негізгі бөліктері мыналар.
9-сурет. Горизонталь-фрезерлеу станогы.
Негізгі қозғалыс шпиндельдің айналуы арқылы жасалады. Станинаның вертикаль бағыттаушыларымен консоль қозғалып вертикальді беріліс S6, ал консоль бағыттаушылары арқылы көлденең беріліс Sn жасалады. Дайындама станок үстеліне бекітіліп, ұзына бойлық беріліс Snр жасайды. Подшипникті алқа станок шпинделіне орналасқанфреза бекітілетін оправканың ұшын ұстап тұрады. Алқа ол оправканың ұзындығына байланысты хобот бағыттаушыларымен жылжып, өз міндетін атқарады.
Вертикаль-фрезерлеу станогының негізгі бөліктері мыналар:
10-сурет. Вертикаль-фрезерлеу станогы
Шпиндельге бекітілген фрезаның қозғалысы негізгі қозғалыс болып табылады. Үстелге орнатылған дайындама бойлай, көлденең және вертикальды бағыттарда беріліс ала алады. Фрезелардың корпусы шпиндельдің арнаулы конустық тесігіне сәйкес етіп жасалып, сонда бекітіледі.
11-сурет. Жоғары сапалы болаттан жасалынған фреза
Фрезер станоктарында
өңделетін дайындамалар немесе детальдар
оның үстеліндегі саңлаулар арқылы
------------------тар
Консольді-фрезерлеу станоктарының құрылысы. Универсал консольді-фрезерлеу станоктар мынандай бөлшектерден тұрады: сұйықты жинайтын бак әрі салқындатқыш ыдыс ретінде қолданылатын негізден бір мұнда станоктардың барлық бөлшектері орналастырған станинадан, жылдамдық қорабы бар приводтан, іріктегіш жабдығы бар, шпиндельдік түйіннен , шпинделдік фрезерлік оправкаларды ұстап тұратын ілгіштері , бар тұмсықшадан , консольдерден, көлденең жылжымалардан, үстелдің бұрылатын бөлігінен , үстелден , беріліс приводынан және тұмсықша мен консольді қосымша байланыстардан тұрады.
12-сурет. А,Б-Консольді-фрезерлеу станотары
Столдың автоматты қозғалысы маятниктің тұйық циклмен жүреді, яғни алдымен жұмыстық беріліс бір бағытқа түзу қозғалыста болады да, соңынан автоматты түрде кері жүріске ауыстырылады.
Көлденең жылжыманың 11 бағыттаушысымен бірге консоль 12 станинаның вертикаль бағыттаушысының бойымен қозғалады. Бұрылу бөлігі 10 көлденең жылжымаларға бекітіледі де, өңделетін дайындама тікелей немесе басқа жабдықтардың көмегімен бекітілетін үстелге 9 беріледі. Дайындама шпинделдің осіне параллель вертикаль берілісті (консольмен), горизонтальді көлденең берілісті (көлденең жылжымамен) және шпинделдің осіне перпендикуляр горизонтальді бойлық берілісті (үстелдің бұрылу бөлігінің бағыттаушысының бойымен жүруі) болып келуі мүмкін. Винтті –оймаларды фрезерлеу үшін бұрылу бөлігі 45*-бұрышқа бұрылып қойылады.
Фрезерлеу станоктарының жабдықтары. Консольді-фрезерлеу станоктарында детальдарды бекітетін арнаулы жабдықтармен қоса бөлгіш қалпақшалар дөңгелек бұрылатын үстел, машиналық қысқыштар және фрезаны бекітетін оправкалар сияқты универсал жабдықтар кеңінен қолданылады.
Универсал бөлгіш қалпақшалар негізінен горизонтальды және универсалды- фрезерлеу станоктарында, квадраттарды, алты қырлы денелерді, тісті дөңгелекті кесуде, жұлдызшаны кескенде және сол секілді жұмыстарды жасауда дайындаманы белгілі бір жұмысқа периодты түрде бұрып тұру үшін және винттік оймаларды жасағанда айналма қозғалыс алу үшін қолданылады.