Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 18:38, реферат

Краткое описание

Ежелгі елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, кептіру т.б. Ежелгі грек дәрігерлерінің, дәрілердің кұрамы және дайындау тәсілдері туралы жасалған еңбектері әртүрлі. Қыскаша мәліметтер мен қатар толық технологиялары көрсегілген.Ежелгі Римде дәрітанудың дамуы, ежелгі грек фармациясымен тығыз байланысты.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э.д IV ғ.-б.э. І ғ .ортасы)
2) Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVII)
3) Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917)
4) Қазақстанда алғашкы фармацевтер мен дәрілердің дэріханалық
технологиясынын қалыптасуы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрілік түрлер технологиясынын кыскаша тарихы.doc

— 274.00 Кб (Скачать документ)

     Фармацевтикалық технологияныц даму тарихын проф. Л. Крувчинский (ПНР) хронологиялык кесте ретінде басып шығарды (1982ж.). Ол фармацевтикалык технологияның прогрессінің тенденциясын және динамикасының негізгі бағыттарын анық жэне ықшамды түрде дамуын, оны әсіресе XX ғасырда байқауға мүмкіндік береді,

       Фармацевтикалық технологияның тарихы, казіргі колданылып жаткан көптеген дәрілік түрлер — ұнтақтар, жағар майлар, пластырлер, пилюлялар және баскалар — біздің эрамыздан бұрын колданылғанын айғақтайды. Орта ғасырларда ұнтақтарды египеттік мумиялардан дайындаса, ал XX ғ. соңында сол дәрілік түрде антибиотиктерді, гормондарды, витаминдерді дайындады.

      Жылан етінің кептірілген ұнтағы Еуропада XVII - XVIII ғ. ғылыми медицинасында ішке универсалды зат ретінде - уға қарсы (териак)

әртурлі ауруларда табиғи түрде тек ежелде ғана емес, сонымен қатар орта ғасырларда да және одан кейін де колданган.

Фармацевтикалык   технологияның   тарихының   білімі   «ескіден жаңаға кажетті барлык акпараттарды алу» үшін керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанда алғашкы фармацевтер мен дәрілердің дәріханалық технологиясынын қалыптасуы

        Қазақстан территориясында фармацевтік қызмет XIX ғасырдың ортасынан бастау алады.Бірінші азаматтық дәріхана пайда болғанша дәрілік заттарды жақын елдерден әкеліп сатумен көпестер мен қыдырма саудагерлер айналысты. Мұндай сауданың жағымсыз жақтары болып, медициналық білімі жоқ адамдардың дәрілерді сатуы және күшті әсер ететін және улы заттарды теріс пайдаланатындар табылды.

       Қазак халқы емдеуде, білімнің қайнар көзі ғасырлар терендігінде жатқан халық медицинасының бай тәжірибесін қолданды.Мистикалық емдеу тәсілдерімен қатар, дәрілік өсімдік шикізаттарынан дайындалған дәрілік препараттар кеңінен қолданылды, олардың көпшілігі сол кезде еуропа және ресейлік медицинада белгісіз болды.

      XIX г. 60 жылдарының соңында Ташкент қаласында әскери лазаретте қызмет аткарган фармацевт Р. Пальм, қазақтар қолданған 200 астам дәрілік өсімдіктерді тізімдеді, Сонымен бірге халык медицинасында гомеопатиялык препараттар да кеңінен қолданылды.

       1841-1842 жылдары Орал қаласында алғашкы дәріхана ашылды. Ол ұзак уакытка дейін Қазакстан территориясында жалғыз болды.

Одан әрі дәрілер ақылы босататын дәріханаларда босатылды. Алгашқы дэріханалар Семей және Петропавл қалаларында ашылды, ал 1875 жылға қарай олардың саны алтыға жетті.

Петропавлдағы дәріхананың негізін салушы Бухгольц болды. 1881 жылы осы даріхананы провизор А.П. Эберт жалдады.

      Верный қаласында алгашкы жеке дәріхананы 1882 жылы провизор          Н.Е. Сенчиковский ашты.

       Мұрағаттық мәліметтер бойынша, XIX ғасырдың 80 жылдарының соңында Қазакстан территориясында барлығы үш фармацевт жұмыс істеді, ал қалған дәріханаларда дәрігерлер немесе кәсіпкерлер кызмет етті. Әміре Дұрмұхамбетүлы Айтбакин өз аймағында провизор қызметін катар аткарған алгашқы казақ - дәрігері болды. Ол басқарған дәріхана Өскемен жэне Семейдің дәріханаларын дәрілік заттарымен қамтамасыз етті, дәрілік заттардың бір бөлігін Ә.Д. Айтбақин өзі дайындады.

      1900 жылы дәріханалар саны 18 дейін өсті. Сол аралықта Қазақстан халқының саны 4472 мыңға дейін өсті және бір дәріханаға 249 мың адамнан келді. Фармация қызметкерлерінің саны аса төмен - жылына 2-3 адамға өсті. 1890 жылы барлығы - 8, 1910 жылы - 44 фармацевт, 1915 жылы - 64 болды. Олардың 17 провизорлар - дәріханалар иелері, ал 47 - провизор көмекшілері. 1915 жылы әр фармацевтке шамамен 78 мың адамнан келді. Революцияға дейінгі Қазақстанда фармацевтік кадрларды дайындау жүргізілмеді. Ресейде кең таралған оқып үйрену Қазақстандык дәріханаларда жәй қалыптасты. Сол кезде дәріханалар шын мәнінде бакылаусыз жұмыс істеді, сатылатын дәрілердің сапасы мен бағасын ешкім бақыламады. Қымбатшылыққа байланысты дәріханаға халык тек аса қажеттілік жағдайда барды.Осы кезеңде фармацевтік қызмет қолдауды аса кажет етті.

     Осындай қиын қыстау уақытта көрнекті қайраткерлердің бірі Ахмет Райымбеков болды. Революциядан кейін А. Райымбеков Қарқаралы, Көкпекті, Қатон-Қарагайдағы дәріханаларды басқарды, оның басшылығымен дәріханалар жабылмам, халыкка үнемі медикаменттік көмек көрсетіп отырды.

Толық емес мәліметтер бойынша, 1922 жылдың басында Қазақстан территориясында барлығы 33 фармацевт болды.

     1928 жылы Қазак мемлекеттік медициналық сауда басқармасы Қаздәріхана басқармасы болып қайта кұрылды, ал баскарманын бірінші төрагасы болып Мәжит Мұхамеджанұлы Чумбалов тағайындалды. 1931 жылы М.М.Чумбалов Қазақстанда алғаш рет Семей қаласында ұлттык, фармацевтік кадрларды дайындауға арналған фармацевтік мектеп ұйымдастырды.

     Арнайы фармацевтік білімі бар бірінші казақ, ресиубликаның еңбек сіңірген фармацевті Қуанышбай Махмүдүлы Үмеканов болды. Егер 1927 жылы Қазақстан территориясында 43 фармацевт, 66 фармацевтің міндетін атқарушы болса, 1930 жылы фармацевтер саны - 252, ал міндетін атқарушылар - 190-ға жетті. 1937 ж. жылжымалы дәріханалық мекемелер ұйымдастырылды, бакылау-талдау лабораториялары ашылды, бірінші peт Қазакстан территориясында фармацевтикалық фабрика ұйымдастыру сұрағы туды. Жоғары білімді фармацевтік қызметкерлердің саны 51 жетті.

     Фармацевт ғалымдар пайда бола бастады. Қазақстандағы фармация ғылымының көрнекті қайраткерлерінің бірі Салькен Хасенович Суханбердин болды. Ол 72 гылыми еңбектің, соның ішінде 13 кітап және монофафияның авторы, ол 300 астам медициналык және фармациялык такырыпқа ғылыми макала басып шығарды. Қазакстандағы дәріханалык істің даму тарихын талдау көрсеткендей, алғашкы фармацевтер дәріхана жүйесінің негізін салып, еліміздің заманауи тэжірибелі және ғылыми фармациясыныц пайда болуында үлкен роль аткарды.

      Қазакстанда фармация ісінің дамуына және қалыптасуына жоғары және орта білім  беру орындары да үлкен үлес қосты. Алғашқы фармацевтикалык факультет 1951 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтында құрылды. Дәрілік түрлер технологиясы кафедрасы 1955 жылы ұйымдастырылған, оған дейін фармацевтикалык химия кафедрасының кұрамында дәрілік түрлер технологиясы курсы ретінде қалыптаскан.

Дәрілік түрлер технологиясы кафедрасының бірінші жетекшісі ретінде 1955-1987 жылдар аралығында фармация ғылымдарынын, докторы, профессор Николай Степанович Дубинин қызмет аткарды.

      Кафедраның қалыптасып дамуына Полякова А.Ф., Сдобникова Л. А., Никишенко Т. К. және Борадаева Л. С. көп еңбек сіңірді.

     Кафедраныц қалыптасуы және дамуы Ибрагимова Нұрбике Хайруллиновна есімімен тығыз байланысты. Ол 30-дан астам гылыми еңбектер жазды. Ибрагимова Н. X. Республикада бірінші болып «Еңбек сіңірген фармацевт» атағымен марапатталған.

      Қазақстанда дәрілер технологиясының ғылым ретінде дамуына, фармацевт мамандар дайындауда үлкен еңбек сіңіріп келе жатқан ғалым, фармацевтика гылымдарының докторы, профессор Ділбарханов Рахымжан Ділбарханұлы.

Ол 1984-1995 жылдар арасында фармацевтік факультет деканы, 1987-1999 жылдарда дәрілік түрлер технологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. Р.Д. Ділбархановтың гылыми жетекшілік етуімен 6 докторлык және 26 капдидаттык диссертациялар корғалып, дәрілік түрлер технологиясын дамытуға ерекше үлес қосты, республикада фармацевт-технологтар ғылыми мектебін қалыптастырды.

      Қазақстанда екінші фармацевтикалык факультет Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалында 1979 жылы ашылды.

     Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы қүрылған. Кафедраның алгашқы қызметкерлері: кафедра мецгерушісі, фармация гылымдарынын. кандидаты, доцент Чукурова Р. М., окытушылары: Рысбекова 3. М., Үсенбаева Р. Б. болды.

     Кафедра меңгерушілері болып әр жылдары Чукурова Р. М., фармация гылымдарынын кандидаты, доцент (1981-1993 ж.ж.), Мендібаев Б. Т., фармация гылымдарынын кандидаты, доцент (1993-1997 ж.ж.), Сагындыкова Б. А., фармация гылымдарынын докторы, профессор (1997 жыдцан бастап казіргі уақытқа дейін) қызметін аткарды.

     Сағындықова Б.А. фармация гылымдарынын докторы, профессор, дәрілер технологиясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп,ғылыми қызметкерлер  дайындап,  өз  мектебін қалыптастырып келе жатқан фармация саласының белді жетекші ғалымы.

      Дәрілер технологиясы бойынша Қазақстанда фармация ғалымдары, докторлары, профессорлар Павелковская Г.П. , Аширматова М.Н., Абдуллабекова Р.М., Қияшев Д.К., жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметтерімен қатар, фармацевтикалык технологияны дамыту саласында үлкен еңбек етіп келе жатқан ғалымдар, Олардың ғылыми еңбектері фармацевтік өндіріске отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар және жаңа технологиялар өндірісін, сонымен катар, отандык дәрілік препараттар технологиясын жетілдіру, жасау және өндіріске ендіруге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Сонымен, тарихқа көз салсақ дәрілік көмектің қалыптасуы әр дәуірде орны ерекше болды.Ежелгі бірнеше елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған.

      Рационалды фармацияны қалыптастыру үшін Орта Азия ғалымдарының жүмыстары үлкен роль аткарды, әсіресе, Бируни жэне Ибн Сина.

      XIX ғ. бірінші жартысында медицинаға тән ерекшелік ол -. медицина білімінің дифференциясы, яғни, дәріліктанудың өзіндік мамандық ретінде бөлініп шығуы болды.Дәрілер технологиясын және галенді препараттар жасауға А. А. Йовский және А. П. Нелюбин үлкен үлес қосты.

       Қазак халқы  емдеуде, білімнің қайнар көзі ғасырлар терендігінде жатқан халық медицинасының бай тәжірибесін қолданды. Қазакстанда фармация ісінің дамуына және қалыптасуына жоғары және орта білім  беру орындары да үлкен үлес қосты.Алғашқы фармацевтикалык факультет 1951 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтында құрылды. Дәрілік түрлер технологиясы кафедрасы 1955 жылы ұйымдастырылған.Қазақстанда екінші фармацевтикалык факультет Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалында 1979 жылы ашылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы, оқулық, Шымкент. 2008-436 бет.
  2. Технология изготовление лекарственных форм. Серия Медицина для вас. Ростов н-Д: Феникс-2002. 448с.
  3. Руководство к практиеским  зантием  по технологии лекарственных форм. В.М.Грецкий, В.С. Хоменок- М., Медицина-2000г.
  4. Практикум по технологии лекарственных форм- Под ред. проф. И.И.Краснюка и Г.В. Михаловой. Москва, Академия-2006г.

 


Информация о работе Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы