Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2015 в 18:38, реферат

Краткое описание

Ежелгі елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, кептіру т.б. Ежелгі грек дәрігерлерінің, дәрілердің кұрамы және дайындау тәсілдері туралы жасалған еңбектері әртүрлі. Қыскаша мәліметтер мен қатар толық технологиялары көрсегілген.Ежелгі Римде дәрітанудың дамуы, ежелгі грек фармациясымен тығыз байланысты.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э.д IV ғ.-б.э. І ғ .ортасы)
2) Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVII)
3) Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917)
4) Қазақстанда алғашкы фармацевтер мен дәрілердің дэріханалық
технологиясынын қалыптасуы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дәрілік түрлер технологиясынын кыскаша тарихы.doc

— 274.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

 

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

Фармацевтика  Академиясы




  Дәрілер технологиясы және инженерлік  пәндер кафедрасы

СӨЖ

 

Тақырыбы:  Дәрілік  түрлер технологиясының қысқаша  тарихы

 

 

 

 

                                             Орындаған: Тасыбай А. 

                                                 Тобы: 301 «А» ФӨТ

                                             Қабылдаған:  Ермекова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2015 ж

Әр түрлі тарихи дәуірлерде дәрілік көмектің қалыптасуы. Отандық және шетел ғалымдарының үлесі

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

   1)   Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э.д IV ғ.-б.э. І ғ .ортасы)

   2)   Дәрілік  препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVII)

   3)  Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917)

   4) Қазақстанда алғашкы фармацевтер мен дәрілердің дэріханалық

       технологиясынын қалыптасуы

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Ежелгі елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, кептіру т.б. Ежелгі грек дәрігерлерінің, дәрілердің кұрамы және дайындау тәсілдері туралы жасалған еңбектері әртүрлі. Қыскаша мәліметтер мен қатар толық технологиялары көрсегілген.Ежелгі Римде дәрітанудың дамуы, ежелгі грек фармациясымен тығыз байланысты.

      XIX   ғасырда  дәрілер   технологиясының  жетістіктері   Уильям Брокдоннын таблетка жасап шыгаруымен (1873), француз фармацевті Лехабаның қатты желатин капсулаларын өндіруімен (1846), майларға негіз ретінде вазелин (1873) және ланолинді (1875) қолданумен байланысты.

   Қазақстан территориясында фармацевтік қызмет XIX ғасырдың ортасынан бастау алады.Бірінші азаматтық дәріхана пайда болғанша дәрілік заттарды жақын елдерден әкеліп сатумен көпестер мен қыдырма саудагерлер айналысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э.д IV ғ.-б.э. І ғ .ортасы)

    Ежелгі Египетте және Ежелгі Шығыста, басқа елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, кептіру т.б. Медициналқ папирустардың тақырыптарында магиялық формулалар, жалбарыну және ырым-жоралар дәріні дайындауда орын алып отырған.

    Сұйык дәрілік түрлер микстура, ішке және сыртқа қолданылатын кайнатпа түрінде қолданылған. Жұмсак дәрілік тұрлер ретінде жағар майлар, пасталар, пластырлер, пилюлялар, пессарийлер колданылган.

    Жағар майлар майлы негізде көбінесе ланолинде дайындалған. Ланолинді қойдың жүнін кайнату, теңіз суымен жуу, өнімді фильтрлеу, оны күнде ағарту аркылы дайындаған. Майларды құрма, бадам, күнжіт, жаңғак, жемістерін сығу арқылы, эфир майларын гүлдерден жай және жоғары температурада зәйтун және жаңғак майымен экстракциялау арқылы алған.      Ежелгі египет косметикалык заттарының тұрақтылыгы жоғары болган, теріні тітіркендірмеген, ал кейбір жагдайларда қабынуга қарсы әсер көрсеткен.

     Ежелгі грек дәрігерлерінің, дәрілердің кұрамы және дайындау тәсілдері туралы жасалған еңбектері әртүрлі. Қыскаша мәліметтер мен қатар толық технологиялары көрсегілген. Көлем арқылы тек сұйыктықтарды ғана емес, сонымен катар, сусымалы қатты заттарды да шамамен дозалаған, «сулы сұйыктыктарды үш саусаққа ілінгенше ішкен».

     Ежелгі грек дәрілік қоспаларын белгілі бір нақты дәрілік түрге жатқызу қиын. Көптеген кеңінен колданылатын заттар - бал, шарап, май, есімдік сөлдері «дәрілік препараттар» және сонымен қатар сұйық және тұтқыр заттар, иіс және дәм корригенттері, форма түзуші заттар болып саналған.    Ежелгі Римде дәрітанудың дамуы, ежелгі грек фармациясымен тығыз байланысты. Б.э. I ғасырда Ежелгі Рим дәрігері Диоскорид Педаний «Дәрілік заттар туралы» шығармасында өсімдік, жануар, және минерал тектес дәрілердің барлығын сипаттап, 500-ден астам өсімдіктерді морфологиялык белгілері бойынша топтап жіктеген. Б.э. І ғасырда Римде Авла Корнелия және Плиния Старийдің құрамында медицина және дәрілердің дайындалуы туралы энциклопедиялық еңбектері жарык көрді. Ежелгі Римнің ірі дәрігері Рима Гален (130-200 ж.) антикалық медицина туралы көріністі бірегейлі жинактап, бір гылым ретінде көрсетті, ал ол XV -XVII ғ. дейін жаратылыстану ғылымының дамуына үлкен әсерін тигізді.

      Б. э. д. V- IV ғасырда білім мен дәріні адамдарга зиян үшін пайдаланбау керек (Гиппократ анты) деп, дәрігерлердің тәртібін жоғары этикалық принциптермен бағалаған. Ежелгі Рим медициналык тәжірибесі бұл принципке қарсы тұрды.

      

 

 

 

 

       

       Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVII)

     Алхимия жэне ятрохимияның әсері. IV ғасырдан XVI ғасырдың

басына   дейін   фармация   алхимиямен   тығыз   байланыста   болған.

Алхимиктер фантастикалык міндеттердің ізіне түсті  арзымайтын

металдарды алтынға айналдыруға қабілетті «философиялық тасты» іздеу, және «өмір эликсирін», және барлык аурудан жазатын панацейді табуға тырысты, зерттеу нәтижелерін жинақтады. Дәрілерді алу үшін аппараттар мен қондырғылар алхимиктердің лабараториясынан, орта ғасырдың дәріханасына көшірілді. Бірінші дәріхана Бағдатта 754 ж. ашылды. Араб алхимиктері су моншасын, айдалатын куб жасап шығарып, кайнау, декантацияны, дистилляцияны, сублимацияны, ерітуді, коагуляцияны сипаттап, азот және тұз қышқылдарын, этанолды, хлорлы әкті алды. Персид ғалымы Абу Мансур аль Харави Муваффат бірінші рет 975 ж. дистилденген суды фармацевтикалык мақсатта қолдануды ұсынды.

     Рационалды фармацияны қалыптастыру үшін Орта Азия ғалымдарының жүмыстары үлкен роль аткарды, әсіресе, Бируни жэне Ибн Сина. Бируни «Минералогияда» әртүрлі металдар мен минералдардың кұрылыстарын және емдік қолданылуын аныктап, кең таралган қымбат тастардың шипалылығын дәлелдеді. Бұл еңбектерінде Бируни Шығыста жақсы белгілі дәрілік зат «мумия асиль» туралы, казіргі кездегі зерттеушілердің көңілін аудартатын, кең және кызыкты мәліметгер келтірген.

     Медицина тарихында Ибн Синаның «Канон врачебной науки» (1020ж.) атты кітабы маңызды рол аткарды. Канонның бесінші кітабында (Фармакопеяда) ботқа, ұнтактар, шырындар, қайнатпалар, пилюлялар және баска күрделі дәрілік заттар туралы жазды. Қазіргі заманғы технологияда - олар дәрілік түрлер және галенді препараттар. Ибн Синаның дәрілерді дайындау тәсілдері туралы еңбектерінде сол кездегі білім деңгейлеріне байланысты рационалды адасулар мен түсініктер тән.

      Ибн Сина Диоскориданың, Цельстің, Галеннің және басқа алдыңғы ғалымдардың дәстүрлерін жалғастырып, көптеген ғасырлар бойы көптеген елдердің оку орындарында кажетті оку құрал болған медициналык және фармацевтикалык энциклопедия құрастырды.

    Орта ғасырлык Батыс Еуропада мистикалык түсініктер кеңінен таралған. Емдік үшін талисман, жұлдызнама және магиялық сыйынулар пайдаланылған.

XVI гасырдың екінші токсанынан XVII ғ ортасына дейін ятрохимияның, яғни «дәрігерлік химияның» жандану уақыты болды. Оның негізін қалаушы дәрігер Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм (1493-1541) болып, Парацельс деген атка ие болды. Ол химияны «ұлы ана» - медицинаға қосуға ой тастап   « мен химияны қажет деп санаймын, химиясыз медицина білімі болуы мүмкін емес» деген.

XVII г. алғашқы рет дәрілік заттарды күретамырга енгізу және кан кұю жасалған. Ғылыми негізделмей, ол кобінесе наукастың өлімімен аякталған.

      1581 ж. Мәскеуде «царева» (патшалык) деген дәрі дайындайтын дәріхана ашылды, ал 1673 ж. Ресейде алгаш рет халыкка арналған дәріхана ашылды.

XVII ғасырдың екінші жартысында кұрамында жазылымдары және тұнбалар, экстрактар, тұндырмалар, медициналык майлар, жағар майлар, ұнтактар және баска дәрілік түрлер мен препараттарды дайындау тәсілдері бар, колжазбалы фармакопея кұрастырылган. XVII ғасырдан бізге дейін жеткен үш «фармакопеялардың» авторларының фамилиялары сакталган: емдеуші Иван Венедиктов, дэріханашы Данила Гурчин және архиепископ Афанасий (Алексей Артемьевич Любимов).

     Дәріханада күшті әсер етуші заттарды дозалау үшін «таразылар» қолданған. Өлшеуіш тастар рстінде тиындар, күміс тиындар және арпа дәндері қолданылған. Тұрмыста дәрілерді уыспен, ожаумен өлшеген. Кейде жұмыртқаның немесе грек жаңғағының қабығымен өлшеген.

     Суларды, арақтарды, тұнбаларды эликсирлерді, эссенцияларды, спирттерді және т.б. экстракциялау тәсілімен дайындаған. Дәрілік суды дайындау әдісінің бірі, жаңа майдаланған өсімдік шикізатын матамен байланған ыдыска салып, үстін қағазбен жауып, оның үстіне ірі құм сеуіп, таба қойып, от жаққан. Қыздыру әсерінен шөптен сұйыктық -дәрілік су акқан. Тұнбаны ашық отта кайнаткан. Кейбір сірінділерді басында кыздырусыз немесе жылы пештерде тұндырып, содан соң оларды кайнаткан. Қайнату уакытын дәл көрсетпеген, тұнбаларды сұйыктыктың үштен бір бөлігіне дейін қайнатқан. Медициналык спирттерді («әтір») өсімдік шикізатын ашыту, майлар мен сөлдерді сығу жолымен кезегімен айдау арқылы алған. Майлы тұнбалар алу үшін, өсімдік шикізатын жылы жерде бірнеше күн бойы маймен тұндырып, содан соң майды кұйып алып сүзген. Шырындар 50% қант ерітіндісі мен дәрілік өсімдігі сөлінің сірнесі немесе оның сығындылары болып табылады. Пластырлер - бұл шайырлы заттардың немесе майлардың дәрілік өсімдік ұнтағы, немесе сөлі қосылған балқымалары, немесе корғасын тұздарының май кышқылдары.

     Жагар майларға негіз ретінде сиыр майы, шошқа майы, қаз және аю майы, сары балауыз, өсімдік майы, кейде мұнай, бал колданылган. Еріген негізге майда ұнтақталған заттарды қосып, жағар май салкындағанша араластырған.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Дәрілік препараттарды жаңа дәуірде дайындау (1640-1917)

      XIX   ғасырда  дәрілер   технологиясының  жетістіктері   Уильям Брокдоннын таблетка жасап шыгаруымен (1873), француз фармацевті Лехабаның қатты желатин капсулаларын өндіруімен (1846), майларға негіз ретінде вазелин (1873) және ланолинді (1875) қолданумен байланысты. Ланолин Ежелгі Грецияда қолданылған, бірақ орта ғасырларда ұмыт болған. Фармацевтік технологияға микробиология жетістіктері үлкен әсерін тигізді. Француз ғалымы .Луи Пастер ашу және шіру өмір сүруі төмен микроорганизмдер салдарынан екенін дәлелдеді. Л. Пастердің жұмысының әсер етуімен ағылшын хирургі Д. Листер жараны іріңдеуден карбон қышқылы көмегімен (1867) сақтанудың тәсілін ұсынды. XIX ғ. 80 жылдары соңында Д.Листер әдісі физикалык әдіс-стерилизациямен толыктырылды.

      Шаншуға арналған ерітінділердің технологиясының даму ғасыры: Коха аппаратында бумен стерилдеу әдісін ендіру (1885); голланд физиологы       Д. Хамбургердің зерттеу нәтижесінде ішкі қан тамырларға гипо- жэне гипертоникалық ерітінділерді қолдану; сонымен қатар физиологиялык ерітінді ретінде 0,9% натрий хлориді ерітіндісін пайдалану (1885);                 В. Беркефельда ерітінділерді керамикалык свеча аркылы фильтрлеу жолымен стерильдеуді ұсынды (1891). 1916 ж Нобель сыйлығының лауреаты Австриялык физика-химигі Р.Жигмонди табиғи целлюлозалардан мембраналық фильтрлер дайындады.

     Теориялык жане тәжірибелік химияның сұрактарымен айналысқан бірінші орыс ғалымы М. Ломоносов болды (1711-1765). Ол Kaзіргі химияның негізгі заңы масса сақталу заңын ашып, жаңа ғылым - физикалык химияны жасады. 1783 ж. проф. Н. М. Амбодик (1744-18)2) өсімдіктерден дәрілік препараттар дайындау туралы мәліметтер келтірілген «Врачебное веществословие...» деген кұрал басып шығарды, 1737 ж. акад. Н. Н. Соколов «Речь о пользе химии» атты еңбегін басып шығарды.

      XIX ғ. бірінші жартысында медицинаға тән ерекшелік ол -. медицина білімінің дифференциясы, яғни, дәріліктанудың өзіндік мамандық ретінде бөлініп шығуы болды.

      Дәрілер технологиясын және галенді препараттар жасауға А. А. Йовский және А. П. Нелюбин үлкен үлес қосты.

      Петербургтік медицина - хирургиялык академиясының фармация кафедрасының басшысы Ю.К.Трапп (1814-1908) жеті фармакопея құрастырды, сонымен қатар, дәрілік препараттарды дайындау; фармакогнозия, фармацевтикалық химия, уларды зерттеу бойынша кұрал жасап шығарды.

     1882 ж. Мәскеу университетінің фармация проф. В. А. Тихомиров (1841-1915) фармацевтикалық химия және дәрілерді дайындау бойынша «Курс фармации» деген нұсқауын басып шығарды. Осы окулыктың соңғы бесінші басылымы 1909 ж. шықты. 1885 ж. Петербург дәріханашысы профессор А. В. Пель құрамында аз мөлшерде антисептиктер - стирол, бензальдегид, тимол бар тері асты шаншуға арналған гранула дайындап, қолдануға ұсынды. Сонымен бірге ол шаншуға арналган ерітінділерді ампулада дайындауды ұсынды.

       XX гасырдың басында дәрілік препараттарды асептикалык жағдайда дайындау кеңінен таралды.

      Дәрілер технологиясының жетістіктерінің көбінің ішінде, Петербургтік аурухана дәріханасында сұйык дәрідік түрлерді аналитикалык Mop бюреткасы көмегімен дозалауына көңіл аударуға болады. Бюреткалық жүйені кеңінен ендіру, тек дәріханаларды мемлекет меншігіне айналдырғаннан кейін басталды.

     Фармацевтік өндірістің әлсіз дамуынан Ресей, көптеген галенді және дайын дәрілік препараттарды импорттады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1914-1917 жж. халыкка дәрілерді қамтамасыз ету бірден нашарлады.

      Бұрынғы КСРОда дәрілік гүрлер технологиясы ¥лы Октябрь социал революциясынан кейін пайда болды. 1920 ж. дәрілік заттарды дайындау туралы оқытулардың архаикалык атаулары «пропедевтика», «рецептура», «дәріханалык техника» «дэрілер технологиясы» деген дәл терминге ауыстырылды, ол Бүкілресейлік фармацевтикалық мәжілісте бекітілді (1924).

Информация о работе Дәрілік түрлер технологиясының қысқаша тарихы