Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:08, реферат
Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республикасының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.
Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.
Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі
Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы
Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар
Семинар – кеңестің барысында кедендік рәсімдеулерді оңайлату және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдайларды жасау мәселелері жан-жақты талқыланды. Кедендік кодексті пайдалану тәжірибесіне жан-жақты талдау жасау және кәсіпкерлердің ұсыныстарын еске алу негіздерінде кедендік Заңнамаларды жетілдіру, Кодекске өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, кеден мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ тәуекелділік басқару жүйесін қолдану кезінде таңдалған кедендік режимдерге сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту нормалары (12-ден 5-ке дейін), «уақытша сақтау орындары» туралы баптарға алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімдерін, тауарларды кедендік рәсімдеудің оңайлатылған тәртібін пайдаланған кездерінде уақытша сақтау мен төлемдердің төленуін қамтамасыз етуді енгізбей-ақ кедендік декларацияны беруге рұқсат етіледі, тауарларды өткізетін тұлғаның негізделген сұрау салу бойынша транзиттік заттарды жеткізу мерзімдері ұзартылады.
Кедендік қызметтің ашықтылығын күшейтудің, кедендік бақылау мен рәсімдеу процестерін жеделдетудің негізгі кілті – оларды автоматтандыру болып табылады. Сондықтан да тауарлардың жеткізілуін бақылайтын автоматтандырылған жүйе, контейнерлерді сканерлеу стационарлық жүйесі («ТС-SCAN»), кәсіпкер тұлғаларды тіркеудің автоматтандырылған пункттері (кедендік дүңгіршек), радиоактивтік материалдарды анықтайтын «Янтарь» стационарлық және «Web-декларант» жүйелері іске қосылды.
Семинарға қатысушылар атап өткендей соңғы кездері кедендік органдарының басқа бақылаушы ұйымдармен шекарадағы қарым-қатынасы арта түсуде. Мысалы мемлекеттік шекарада бірыңғай бақылау-өткізу пункттері (ББӨП) құрылуда. Оларда барлық бақылаушы органдардың өкілдері «бір аялдама» қағидаты бойынша өздерінің тексеру функцияларын атқарады. Қазіргі таңда 3 бірыңғай бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді. Келер жылдың аяғына дейін осындай әдіспен жұмыс істейтін барлығы 8 ББӨП енгізілмекші.
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік кедендік инспекциясының директоры С.Т.Омарқұлов кедендік рәсімдеуді және негізу тәуекелдік басқару жүйесін оңайлатылған жол керектігін айтты.
Сонымен қатар оның айтуынша ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында қабылданған Қырғыз Республикасының Кедендік Кодексі Киот конфенциясына қатысты жасалып, ең бастысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға бағытталған. Омарқұлов мырзаның пікірінше қызметте электронды ақпараттарды кең қолдану керек деген ұсыныс айтты, сонымен қатар көошілес елдердің кеден органдарымен электрондық қарым-қатынас ұйымдастыру жөн болар деді.
Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден комитеті төрғасының орынбасары С.Х.Насыровтың ойынша кедендік рәсімдеудің оңайлатылған жолы шешілсе, тауар айналым және кедендік рәсімдеудің жолы әлде қайда жедел түрде өтеді. Ол кеңеске қатысушыларға көбісі Қазақстан Республикасының кедендік кодексінен алынған кедендік тариф жөнінде және Өзбекстан елінің кедендік кодексі жобасы жасалып жатқан жөнінде ақпарат берілді.
Біріккен бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін іске асыру қаржы шығындарын екі есеге, ал кедендік рәсімдеуді жүргізу уақытын үш есеге азайтуға мүмкіндік береді.
Әуежайлар қызметтерінің тиімді және сапалы жұмысына қол жеткізу мақсатында, әуежайлардың «ҰШУ» залында бақылаудың үш кезеңдік жүйесі енгізілуде, бұл әуежайларда бақылау рәсімдерін өту уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа мемлекеттер кеден органдарының біріздендіру құралдарымен Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеруге тыйым салу енгізілді.
Тексеру ұлттық қауіпсіздікке, адамның өімірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан халықтарының мәдени игілігін сақтауға қауіп төнген жағдайда, транзитте мәлімделген тамуардың сәйкессіздігі, сондай-ақ безендіру құралдарының бұзылуы сияқты ерекше жағдайларда ғана жүргізілді.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес Комитетте және оның аумақтық органдарында Консультативтік кеңестер құрылды, ақпараттық-консультативтік пункттер, «сенім телефондары» жұмыс істейді. «Дөңгелек үстелдер», кеден органдарының кәсіпкерлерімен кездесулері өткізілді, біз олармен «кеден кәсіпкерлер үшін» қағидаты бойынша серіктестік, сенімді қатынастарды орнатуға ұмтыламыз.
Елбасының жолдауынан туындайтын әлеуметтік салаларға бөлінетін бюджеттің шығыс бөлігінің көбеюіне байланысты ақшаның құнсыздануын болдырмау, шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың күнделікті сұраныс тауарларына қажеттілігін қанағаттандыру мақсаттарында Комитеттің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің биылғы жылғы 7-ші наурықдағы №217 «Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы кәсіпкер-тұлғалардың тауарларды өткізулерінің кейбір мәселелері» және 5-ші мамырдағы №430 «Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулыларды қабылданды. Оларда өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және тасымалданатын заттардың салмақтық нормаларын көбейтуге бағытталған шаралар қамтылған. Мысалы, тауарлардың барлық категориялары бойынша 2 тоннаға дейін, жеміс-жидек пен бау-бақша көкеністерін 5 тоннаға дейін өткізуге рұқсат етілген. Сонымен қатар жиынтық кедендік төлемдердің айрықша бөлігі (бір килоға 0,5 ЕВРО-дан кем емес деген) алынып тасталып, төлем ставкасы кедендік құнының 17 пайызын құрайды. Бұл жеке адамдар шығындарының сомасын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, кедендік рәсімдеу рәсімдерін өту уақытын қысқартады. Бірақ, бұл үшін облыс, аудан, қала әкімшіліктерінің басқа мемлекеттік органдарының бірлескен үйлесімді және үйлестірілген жұмысы қажет.
Бюджетке кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу саласында кедендік әкімшілендіру әдістерін жетілдіру негізгі бағыттарының бірі болып қалады.
Кедендік құнының халықаралық
қағидаттарына сәйкес келетін құнды
айқындауды бақылау жүзеге асырылады,
тарифтік және тарифтік емес шаралар
қолданылады. Жеңілдіктер мен
Қабылданған шаралар бюджетке түсімдерді едәуір жоғарылтауға мүмкіндік береді. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғандап 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9% артық.
Одақтан кейінгі кезеңде кеден саласына төлем карточкалары арқылы бюджетпен қолда бар ақшасыз есеп айырысу жүйесі алғаш рет рет негізілді. Төлем карточкасы ретінде, аймақтық филиалдар жүйесі ең дамыған екінші деңгейдегі банктер эмитенттенген карточкалар пайдаланылады. Жүйені енгізудің оң белгілерінің бірі басқа елдерде көзделгендегідей бюджетке төлемдерді төлеу үшін арнайы төлем карточкасын әзірлеу қажеттілігінің жоқтығы болып табылады.
Семинар-кеңеске қатысушылар «Ғ.Мұратбаев» атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде болып, тауарлардың жеткізіліуін бақылайтын автоматтандырылған жүйесін көздерімен көріп, жұмысымен танысты.
Информация о работе Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдер