Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі – Қазақстан Республикасының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.
Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.

Содержание

Кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама
салықтар жүйесіндегі ролі

Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдер.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

 

Кедендік алымдардың түрлері және олардың сипаттамасы.

 

Кедендік баждар –  кедендік баждар тауарларда режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы ҚР-ның кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді кедендік баждардың ставкаларын ҚР-ның Үкіметі белгілейді.

Кедендік алымдарға  кедендік рәсімдеу үшін кедендік алым,

Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.

Тауарлары мен көлік  құралдары негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін ҚР-ның  Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.

Кедендік ілесіп алып жүру үшін алымды ҚР-ның Үкіметі  белгілейді бірнеше көлік құралын  кедендік ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.

Иелері кеден органдары  болып табылатын кеден қоймалары  мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін кедендік алымдар  алынады.

Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін ҚР-ның Үкіметі белгіленген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.

 

      Экспорттық баждар Қазақстан Республикасы территориясында өндірілген және оның шекарасынан шығарылатын тауарларға белгіленеді. Экспорттық баждарды қолдану кезінде негізінен келесі мақсаттарды көздейді:

Елдің шекарасынан ұлттық экономикаға қажетті, отандық нарықты  толықтыру  үшін елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті  тауарларды шығаруды шектеу;

Шикізат тауарлар мен алғашқы өңделген өнімдерді шығарудан ұстау және жоғары технологиялық тауарлардың жоғары деңгейлі өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру;

Елдің бюджетінің табыс  бөлігін толықтыру.

Көптеген елдерде  әсіресе, экономикалық дамыған елдерде, экспорттық баждар  импорттық баждарға қарағанджа сирек қолданады. Транзиттік баждар елдің территориясы арқылы басқа елдерде (тарнзитпен) тасымалдайтын тауарлардан алынады. Олар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:

  • елдің территориясы арқылы өтетін кейбір тауарлар топтарын реттеу;
  • мемлекеттік қазынашылықты толықтыру;

Айта кететін жағдай, қазіргі кезде транзиттік баждар әлемде қолданылмайды.

Ішкі нарық пен отандық  өндірушілерді белгілі бір тауар  импортынан қорғау үшін баждардығ ерекше түрлері қолданылады. Қолданылу  мақсаттарына байланысты ерекше баждар арнайы баждарға антидемпингтік баждарға, компенсациялық баждарға бөлінеді.

Арнайы баждар қорғау шарасы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Елге әкелінетін тауарлардан осындай  тауарды өндіруші отандық нарықты  қорғау; Дұрыс емес бәсекелестікті жою тәсілі ретінде.

Антидемпингтік баждар ішкі нарықта демпингті бағалар  бойынша тауар импортынан қорғау үішн арналған.

Демпинг деп импортер – елдің тауардың экспорты мен  оны өткізуді ішкі нарықтағы өндіруші – елдердің бағасынан төмен бағалармен жүзеге асыруы.

Осы бағалардың арасындағы айырма антидемпингтік баждың қалыптасу негізгі  болып  табылатын демпингтің мөлшерін сипаттайды.

Конпенсациялық баждар  елде экспортты дамыту немесе импорттың  орнын толтыру мақсатында  пайдаланылатын мемлекеттік субсидиялармен өндірілетін  тауарлардың импортына жүргізіледі. Субсидияларды пайдалану шығындары  әдейі азайтуға әкеледі, сәйкесінше, экспортталатын тауарлардың бағасының төмендеуіне әкеледі (соның ішінде Қазақстанда). Қазақстандық өндірушілерге үлкен залал әкелуі, отандық өндірістің дамуын ұстап тұруы мүмкін. Осындай жағдайда отандық өндірушілерді қорғау  үшін компенсациялық баждар қолдануы мүмкін. Олардың мөлшері судсидиялардың көлемімен анықталады.

Айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасында тәжірибеде ішкі нарық пен отандық өндірушілерді  елге қолайсыз тауар импортын қорғау үшін арнайы антидемпингтік, конпенсациялық баждар пайдаланылмайды, бірақ бұл проблеманы шешу өзектілігі өсуде.  Жоғарыда көрсетілген баждардың түрлері жылдың әр уақытында, яғни жыл бойы қолданылуы мүмкін.

Бөлек тауар топтары  бойынша жыл бойы өндіріске ұшырайтын  өндіру  мен өткізу көлемдері  үшін мезгілдік баждар белгіленуі мүмкін. Мезгілдік баждарды қолдану мемлекетке жылдың белгілі бір уақытында осындай тауарлардың импорты мен экспортын тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында келесі кедендік алымдар  қолданылады:

  1. кедендік баж;
  2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергені үшін алым;
  3. кедендік рәсімдеу бойынша мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы;
  4. кедендік рәсімдеу үшін  кеден алымы;
  5. тауарларды сақтау үшін кеден алымы;
  6. кедендік ілесіп алу үшін кеден алымы;
  7. алдын ала шешім үшін төлем ақы.

Импортталатын тауарлардан  қосылған құнға салық пен акциздерді салу кеден органдары мен Қазақстан  Республикасы салық заңында белгіленген  тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта ТМД  елдерінің арасындағы мемлекетаралық келісімді жүзеге асыру үшін Қазақстан  Республикасы  территориясында кеден  баждарының ставкалары белгіленген, кеден  құнынан проценттік немесе ЕВРО-мен.

 Қазақстан Республикасы бажсыз жаңа тауарларды жасау үшін әкелетін тауарлар әкеленеді, мысалы, инкубациялау үшін құс жұмыртқалары, дәнді дақылдар, мерзімді басылымдар, органикалық химикалық қосылулар, табиғи газ кен және қорғаныс,  мысалы концентраттары.

Қазақстан Республикасы лицензия беру алымы алынады.

Кедендік рәсімдеу бойынша  мамандарға біліктілік аттестатын беру алымы 200 ЕВРО мөлшерінде алынады.

Кедендік рәсімдеумен  байланысты процедура СЭҚ қатысушыларына кеден органдары көрсететін қызмет ретінде қарастырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымы осы қызмет үшін төлем ретінде көрсетіледі. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ставкалары кеден жүйесінің қызметтеріне төлеу болып саналады.

Кеден рәсімдеу үшін кеден  алымын тауарды және оған қатысты  құжаттарды кедендік рәсімдеуге алу мезетінде төлеу жүзеге асырылады. Кеден рәсімдеу үшін кеден алымының ерекшеліктері:

  • біріншіден, бұл алым бойынша төлемді кейінгі қалдыру берілмейді;
  • екіншіден, кеден рәсімдеу үшін кеден алымы бойынша төленген сомалар қайтарылмайды.

Тауарларды кедендік рәсімдеу үшін  Қазақстан Республикасы кеден шекарасы бойынша тауар ретінде қозғалысындағы көліктік құралдарды қосқанда, сонымен қатар оңайлатылған, жеңілдік тәртіпте қозғалатын тауарларға, халықаралық пошталық жөнелтулер мен жүктерге алымдар белгіленген ставкалар бойынша алынады.

Тауарларды кеден қоймасымен уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны  үшін кеден алымдары алынады.

Кедендік ілесіп алу  үшін кеден алымы тауарларды контрабанда  жолымен әкелуден құтылу мақсатында тауарды кеден шекарасынан белгілеу пунктіне барғаны үшін алынады.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Орталық кеден органы, кеден басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық  кеден органымен белгіленетін Қазақстан  Республикасының жекеленген кедендері  мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша  нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операцияға қатысты, елде шыққан тауардың кедендік құнының жіктелуі бойынша алдын ала шешім қабылдағаны үшін 50 евро мөлшерінде төлем алынады.

 

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету  жөніндегі шаралар


 

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық  технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отыр.

2003 жылғы 1 мамырдан бастап  құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында  кеден рәсімдерін үйлестіруге  және оңайлатуға  мүмкіндік берген Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Оны дамыту үшін Үкіметтің  11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірлескен нормативтік құқықтық  кесімдер қабылданды.

Үкімет қаулысымен Қазақстан  Республикасының  кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

2004 жылдың басынан  бастап республиканың сыртқы сауда  статистикасы дербес жүргізіледі және кеден  шекарасында радиациялық  бақылау  жүзеге асырылады.

Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету  жөнінде шаралар  қабылдануда. Барлық аумақтық бөлімшелерде  рәсімдеудің  бүкіл кезеңінде жүк кедендік  декларациялардың (ЖКД) қозғалысын  қадағалауға мүмкіндік беретін  көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік рәсімдеу орталықтары құрылды.

Алдын ала және кезеңдік декларациялау жүзеге асырылады, бұл  – жүктердің кеден  шекарасы арқылы өту уақытын қысқартады, сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушылар үшін  неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды.

Ең адал кәсіпкерлерге  сертификаттар берілді, бұл оларға «жасыл дәлізді» пайдалануға құқық  береді.

Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларының әуежайларында кедендік тексеру  маңызды  емес уақыт ішінде жаңа технологиялық схема  бойынша жүргізіледі.

2003 жылдың соңында  елдің кеден қызметінің Ақпараттық  бекеті ашылды.

Бір қатар шет елдердің жаңа  ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі тәжірибесі зерделенді және осының негізінгде «KTNET», «Самсунг» компанияларымен және біздің республика мамандарының қатысуымен «Электронды Үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде «электронды кеден» құру бағдарламасы әзірленді. Оны іске асыру СЭҚ-қа қатысушыларға қызмет көрсету  уақытын қысқартады, «адам факторының» әсерін азайтады.

Ең жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар  қолданысқа енгізілді: тауарлардың  жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), контейнерлік скайнерлеу кешені («ТС-SCAN»),  «Янтарь» радиоактивті материалдарды стационарлық анықтау жүйесі, «Wed-декларант» электронды декларациялау кешені, олар сыртқы сауда рәсімдерді жеделдетуге  және айқындылығын қамтамасыз  етуге, кедендік бақылаудың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Шекарадағы бақылаушы  органдармен және СЭҚ-қа қатысушылармен өзара іс-қимыл күшейтілуде. Қазақстан  Республикасы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу  пункттерінде бірыңғай бақылау -өткізу пункттері құрылуда, бұл жерде  барлық бақылаушы органдардың  өкілдері орналасқан, олардың өзара іс-қимыл және «бір аялдама» қағидасы бойынша өздерінің бақылаушы  функцияларын жүзеге асрыу тәртібі  айқындалған.

Бірыңғай бақылау өткізу пункттерін салу бағдарламасына сәйкес 5 ББӨП: Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Павлодар облысында «Шарбақты», Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл», Солтүстік Қазақстан облысында «Қарақоға» және Қостанай облысында «Ұбаған» қолданысқа енгізілді.

Ресей және Қырғыз тараптарымен біріккен кедендік бақылауды жүргізу және шекарада бірыңғай бақылауының құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Кедендік әкімшілендіруден нысандары мен әдістері жақсару  үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару  жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды  кедендік бақылаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға жеңілдіктер мен преперенцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулылары мен ақпараттың  ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына  әкелінетін негізгі тауарларға бағалы каталогтар бекітілді. Бұл кедендік құнды төмендету фактлерін болдырмауға ықпал етеді. Құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.

Бюджеттің әлеуметтік ортаға шығыс бөлігінің өсуіне байланысты инфляцияның өсіміне жол бермеу бойынша әсерлі шараларды қолдану шағын және орта бизнес санаттарына жатқызылатын СЭҚ-қа қатысушылардың салықтық салымын жеңілдету мақсатында комитеттің бастамасымен ҚР Үкіметінің өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды көздейтін үстіміздегі жылдың 7 наурызындағы №217 және үстіміздегі жылдың 5 мамырдағы №430 екі қаулы қабылданды. Жекелеп алғанда жеке адамдардың тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелудің салмақтық нормалары 10 есе, ал жеміс-жидек өнімінің 5 есе жоғарлады. Бұдан басқа тұтыну кәрзіңкесіне кіретін бірқатар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға кедендік баждарды жаңа төмендету ставкелері қабылданды.

Барлығы үстіміздегі  жылдың 8 ай ішінде Республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 204,4 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салқытар келіп түсті. 2002 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 108,7 млрд теңгені құрады немесе 2,1 есе өсті.

2005 жылғы 27-28 мамыр  күндері Шымкент қаласында   Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау  департаментінің негізінде  кедендік рәсімдеу  және  бақылауларды жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық семинар өткізілді.

Семинар Қаржы Вице-министрі – кедендік бақылау Комитетінің  төрағасы Б.М.Сапарбаевтың төрағалық  етуімен өтті.

Бұл іс шараға Өзбектсан  Республикасы мемлекеттік кедендік комитеті төрағасының орынбасары  С.Х.Насыров және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік  кедендік инспекцияның  диреткоры  С.Т.Омарқұлов, Көлік және коммуникациялық, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызмет, «КазАТО» халықаралық автокөлікпен  тасымалдаушылар одағының  өкілдері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  қатысты. Өзбек кеден қызметінің басшылары және ҚР ҚМ КБК департамент, басқарма, кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Информация о работе Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдер