Қазақстан Республикасының кеден одағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:38, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кеден.docx

— 26.62 Кб (Скачать документ)

      22) кеден iсi саласында өтеусiз кеңес берудi жүзеге асыруға;

      23) Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес кедендiк әкiмшiлiк жүргiзудi жүзеге асыруға мiндеттi.

      2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мерзiмдерде материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға беруге мiндеттi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      

 

 

25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың

                 мiндеттiлiгi

 

       1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздерiне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.

      2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi жасайтын басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

 

       26-бап. Кеден iсi саласындағы ақпаратқа қатынас

 

       1. Кеден органдарына басқа мемлекеттiк органдар, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәлiметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.

      2. Мемлекеттiк құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәлiметтi, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға беруге болмайды.

      3. Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәлiметтердi Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттiк органдарына:

      1) құқық қорғау  органдарына - кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;

      2) соттарға - олардың  талап етуi бойынша;

      3) жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiне - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен тиiстi жедел-iздестiру қызметi субъектiлерiнiң бiрлескен актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен олардың iс жүргiзуiндегi материалдар бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының  өзге де мемлекеттiк органдарына - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес табыс етедi.

      4. Кеден органдары мәлiметтердi басқа мемлекеттердiң кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етедi.

      5. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерi алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының кеден одағы