Қазақстан Республикасының кеден одағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 19:38, доклад

Краткое описание

Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кеден.docx

— 26.62 Кб (Скачать документ)

2-Бөлiм. Қазақстан Республикасының Кеден органдары

 

3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының

құрылымы мен қызметi

 

       16-бап. Қазақстан  Республикасының кеден органдары

 

       Қазақстан Республикасының  кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.

 

       17-бап. Қазақстан  Республикасы кеден органдарының жүйесi

 

       1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары):

      1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;

      2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi);

      3) кедендер;

      4) кеден бекеттерi;

      5) Қазақстан Республикасының  кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;

      6) мамандандырылған  кеден мекемелерi құрайды.

      2. Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерiн құрады.

      3. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

      4. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

      5. Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

      6. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.

      8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және iшкi су кемелерiнде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгiсi болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден органдарының танылу белгiсi қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      9. Кеден органдарының тиiстi кедендiк инфрақұрылымы болады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

       18-бап. Кеден органдары қызметiнiң принциптерi

 

Кеден органдарының қызметi:

      1) заңдылық

      2) заң алдындағы  қорғалу мен теңдiк құқығын  қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;

      3) жариялылық принциптерiнде құрылады.

 

       19-бап. Кеден органдарының мiндеттерi

 

       Кеден органдарының мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының  кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

      2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының  кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;

      5) сыртқы экономикалық  және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

      6) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;

      7) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау;

      8) өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының  халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      10) бiрыңғай бюджет  саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу;

      11) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;

      12) Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу;

      13) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

       20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлерi

 

       1. Кеден органдарының орналасатын жерлерiн жолаушылар және тауарлар ағынының көлемiн, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негiзге ала отырып кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      2. Осы баптың 3-тармағында  көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тiкелей кеден органдарына тиесiлi үй-жайларда орналасады.

      3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендiк брокер, кедендiк тасымалдаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелерiне тиесiлi кеден қоймасы және (немесе) еркiн қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiр жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкiн.

      Мұндай жағдайларда  қажеттi аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен шарт негiзiнде берiледi.

      4. Кеден органдарына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға берiледi.

 

       21-бап. Кедендiк рәсiмдердi жүргiзетiн орындар

 

       Тауарлармен және көлiк құралдарымен кедендiк рәсiмдер, осы Кодексте белгiленген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.

 

       22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты

 

       1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      2. Порттардағы, әуежайлардағы,  темiр жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң өзге де пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегi басқа бақылаушы органдар мен қызметтердiң жұмыс уақытымен келiсiлуге тиiс.

      3. Қазақстан Республикасының  кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бiрлескен кедендiк шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкiндiгiнше сәйкес келуге тиiс.

 

  4-тарау. Кеден органдарының өкiлеттiгi

 

       23-бап. Кеден органдарының құқықтары

 

       Кеден органдары:

      1) өз өкiлеттiгi шегiнде осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға;

      2) мемлекеттiк органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден iсi саласына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттарды, мәлiметтердi сұратуға және алуға;

      3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес соттарға талап қоюға;

      5) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдiк келтiрiлген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;

      6) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттама жүргiзуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсiруге;

      7) кеден органдарының ресми өкiлдерiн Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде шет мемлекеттерге жiберуге;

      8) ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлеуге, жасауға және пайдалануға;

      9) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;

      10) Қазақстан Республикасының  жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқылы. <*>

      Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.

 

       24-бап. Кеден органдарының мiндеттерi

 

       1. Кеден органдары:

      1) сыртқы экономикалық  және өзге де қызметке қатысушылардың  кеден iсi саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;

      2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды қарауға;

      3) өз өкiлеттiгi  шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;

      4) тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлуiне кедендiк бақылау жасауды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының  қылмыстық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау жүргiзудi жүзеге асыруға;

      6) Қазақстан Республикасының  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртiппен кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

      7) өз өкiлеттiгi шегiнде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруына жәрдем көрсетуге;

      8) кедендiк төлемдердiң және салықтардың толық өндiрiп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;

      9) бюджетке белгiленген мерзiмдерде төленбеген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсiмақыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен өндiрiп алуға;

      10) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген мерзiмдерде кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешiмдер, рұқсаттар, бiлiктiлiк аттестаттарын беру туралы шешiм қабылдауға;

      11) Қазақстан Республикасының  сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кедендiк статистикасын жүргiзудi жүзеге асыруға;

      12) мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      13) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасын күзетудi және кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;

      14) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;

      15) өз құзыретi шегiнде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;

      16) кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;

      17) өз құзыретi  шегiнде сот актiлерiн, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жасауға жәрдем көрсетуге;

      18) ұлттық қауiпсiздiк  органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

      19) Қазақстан Республикасының  салық, валюталық және өзге  де заңдары саласындағы құқық  бұзушылықтарды анықтауда, олардың  алдын алуда және жолын кесуде салық қызметi органдарына және басқа да мемлекеттiк органдарға жәрдем көрсетуге;

      20) осы Кодексте белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негiзде, оның iшiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;

      21) кеден iсi саласында келiп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де iс-әрекеттердiң жасалуын қамтамасыз етуге;

Информация о работе Қазақстан Республикасының кеден одағы