Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 02:00, реферат

Краткое описание

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау

Прикрепленные файлы: 1 файл

1703__ii__.docx

— 30.33 Кб (Скачать документ)

         Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау,  қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою  ерекшелiктерi     

1. Техникалық регламент, техникалық  регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн  ескере отырып, белгiленген тәртiппен  әзiрленедi, қабылданады және күшiн  жоюға жатады. 
     2. Техникалық регламенттердi әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады. P092243 
     3. Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс.  
     Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi.  
     4. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.  
     5. Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:  
     1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;  
     2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.  
     6. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.  
     7. Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:  
     1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;  
     2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;  
     3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.  
     8. Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.  
     9. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.  
     10. Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.  
     11. Техникалық регламенттi қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.  
     12. Техникалық регламенттi төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.  
     Техникалық регламенттi қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.  
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

             Қазақстан Республикасының стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттары     

1. Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылатын стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға:  
     1) халықаралық стандарттар;  
     2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;  
     3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;  
     4) ұйымдар стандарттары;  
     5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;  
     6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.  
     2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың ресми басылымдарын таратуды тек қана уәкiлеттi орган немесе ол уәкiлеттiк берген ведомстволық қарасты кәсiпорын жүзеге асырады.  
     Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

 

 

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  стандарттары      

1. Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу, өзгерту  және оның күшiн жою тәртiбiн  уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
      1-1. Мемлекеттік стандарттар, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе техникалық регламенттері олар туралы нұсқауларды қамтитын болса, міндетті болып табылады.  
     2. Мемлекеттік стандарттар:  
     1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;  
     2) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;  
     3) процестерге арналған стандарттар;  
     4) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған стандарттар болып бөлiнедi.  
     3. Негізге алынатын мемлекеттiк стандарттарды уәкiлетті органның кәсiпорындары әзiрлейдi.  
     4. Шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету үшiн тиiмсiз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкiн.  
     5. Мемлекеттік стандарттарда:  
     1) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;  
     2) өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;  
     3) өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық көрсеткiштерi;  
     4) терминдер мен анықтамалар;  
     5) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;  
     6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелерi;  
     7) сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;  
     8) ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;  
     9) менеджмент жүйесiн енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға қойылатын талаптар;  
     10) белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгiленуi мүмкiн.  
     6. Мемлекеттік стандарттар өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң шығарылған жерiне қарамастан, тең дәрежеде қолданылады.  
     Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 

 

          Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттiк  жiктеуiштерi     

1. Экономика салаларында қолданылатын  және есепке алынуға тиiс техникалық-экономикалық  ақпарат жiктеуге және код қоюға  жатады.  
     2. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн әзiрлеу мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргiзiледi.  
     3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн әзiрлеудi, жүргiзудi және оларға өзектi сипат берудi жүзеге асырады.  
     Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiнiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргізедi.  
     4. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және оларға код қою жүйесiн құру мен оның қызметiне бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

 

       Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi  ұсынымдар     

1. Ұйымдардың стандарттарын осы  Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген  мақсаттар үшiн ұйымдар дербес  әзiрлейдi және бекiтедi.  
     Ұйымдардың стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
     Ұйымдардың стандарттарының қолданылу сипаты ерiктi түрде болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға қайшы келмеуге тиiс.  
     2. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге қатысты, қолданылу үшiн ерiктi ұйымдастыру-әдiстемелiк ережелерiн қамтиды.  
     Ұсынымдардың жасалуына, ресiмделуiне, мазмұнына, баяндалуына, оларды әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолдану тәртiбiне қойылатын талаптарды оларды бекiтетiн ұйым белгiлейдi.  
     Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

 

    Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет  мемлекеттердiң ұлттық стандарттары мен  стандарттау жөнiндегi нормативтiк  құжаттарын қолдану  
     1. Қазақстан Республикасының аумағында осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін.  
     2. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:  
     1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;  
     2) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың (келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.  
     3. Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.  
     4. Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
     5. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық өңiрлiк стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткiштерi бойынша мемлекеттiк стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.  
     6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.  
     7. Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi  жұмыстарды жоспарлау     

 1. Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi.  
     2. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi.  
     3. Мемлекеттiк стандарттау жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жарияланады.  
     4. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Астана қаласы

    Қазақ  технология және бизнес университетінің  колледжі

 

                                Мазмұны:                           

1.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер........................1-2

2.Сәйкестікті растау жөніндегі органдар........................................2-4

3.Зертханалар..................................................................................4-5

4.Техникалық регламенттердің мазмұны.......................................5-10

5.Сәйкестікті растау,аккредиттеу  жөніндегі сарапшы аудиторлардың  құзыреті..............................................................................................10-11

6.Жалпы ережелер............................................................................11-12

7.Техникалық регламенттерді әзірлеу,сараптау,қабылдау,өзгерту   оның күшін жою туралы..................................................................12-15

8.Қазақстан Республикасының мемлекеттің  стандарттары...........15-19

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер