Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 02:00, реферат
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөнiндегi техникалық
комитеттер мемлекеттік
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң
құрамына мемлекеттiк органдардың және
мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.
2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң
құзыретiне:
1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет
бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық
реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын
айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк,
ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң
техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн
және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге
және оларға сараптама жасауға белгiленген
тәртiппен қатысу;
3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн
дамыту бағдарламаларына техникалық регламенттер
мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу
жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң
құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн
уәкiлеттi орган белгiлейдi .
Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар
1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар
- меншiк нысанына қарамастан, өнімді
(көрсетілетін қызметті) өндірушілерден
(орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін
қызметті) берушілер мен тұтынушылардан
тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау
жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және
Қазақстан Республикасының
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар,
оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен
аккредиттелуге тиiс.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың
филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi
органның құрамында Қазақстан Республикасының
Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
сәйкестікті міндетті растау мақсаты
үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ
нәтижелерін пайдалануға тиіс.
3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар
өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен
аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды
жүзеге асырады:
1) дайындаушылардың (орындаушылардың),
сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау
жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін
қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған
өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар
жүргiзедi;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың)
өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны
қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
4) сәйкестiк туралы декларацияларды және
өтініш-декларацияларды тiркейдi;
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi
мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық
тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген
талаптарға сәйкес еместiгi анықталған
жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының
қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны
тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген
тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың
күшiн жояды;
6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының
және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың
тiзiлiмiн жүргiзедi.
4. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының
өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде
объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және
ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) алып тасталды
3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi
жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың
ұсынылуын сұратуға құқылы.
5. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:
1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi
мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз
қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке
жол бермеуге;
3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар,
өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік
сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды
тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті
растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы
туралы, сертификаттаудан және оларды
беруден бас тартуы туралы деректердің
электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен жүзеге асыруға;
4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған
елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық
мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын
қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті
міндетті растау ережелерін бұзғаны және
сәйкестік сертификатын заңсыз бергені,
сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды
заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда
көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі
үшін Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапты болады.
7. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар
аккредиттеу саласында консалтингтік
қызмет көрсетуге құқылы емес және осы
қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген
болуға тиiс емес.
8. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органның
меншiк, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару
құқығы негiзiнде сәйкестiктi растау жөнiндегi
органның аккредиттеу саласында көзделген
объектiлерiне уәкілетті орган айқындайтын
көлемде сынақ жүргiзудi қамтамасыз ететiн
зертханасы болуға тиiс.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының - 2006.07.07. N
171 (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Зертханалар
1. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N
62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
2. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N
62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi
органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен
жасалған шарт жағдайларында:
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi
мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында
объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз
етедi;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн
ресiмдейдi және бередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3-1. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05. N
62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін
растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз
нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N
209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),
2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Техникалық реттеу саласындағы
жеке және заңды тұлғалар:
1) техникалық регламенттердi және мемлекеттiк
стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерiстер
енгiзу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды,
техникалық регламенттердiң, стандарттардың
жобаларын дайындайды;
2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының
1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау
жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi
құрады.
2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын
өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар
осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде
белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды
қамтамасыз етедi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2006.12.29. N 209 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры
1. Техникалық регламенттер мен стандарттардың
мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен
мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде
құрады .
2. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын
өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi
қоспағанда, техникалық реттеу саласында
әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк
құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық,
халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары
және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар
туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген
құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi
болуға тиiс.
3. Стандарттарды және стандарттау, метрология,
сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi
нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары
мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды
олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз
ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
жүзеге асырылады.
4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың
және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк
құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты
және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға
бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық
деректер базасын құру үшiн жiбередi.
Сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi
1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар
сәйкестiктi растау жөнiндегi органның
құрамында өнiмнiң,
Жеке тұлғалардың сәйкестiктi растау жөнiндегi
сарапшы-аудитор ретiндегi қызметiн сәйкестiктi
растау жөнiндегi бiр органның немесе зертхананың
құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы
бар.
Егер сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар
өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе
онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда
болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн
қызметтiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi
жұмыстарды орындауға құқылы емес.
2. алып тасталды - ҚР 2009.07.11. N
184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
3. (Алып тасталды - ҚР-ның 2008.07.05.
N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
4. Сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөнiндегi сарапшы-аудиторларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптарын, оларды даярлау мен
аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын
беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе
оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N
209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз), 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), .
Сараптама ұйымы және тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор
1. Сараптама ұйымы тауардың
шығарылған елін айқындау
2. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудитор өз қызметін
бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге
асырады.
3. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудитордың құзыреттілігі
тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі
жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті
орган белгілеген нысандағы біліктілік
аттестатымен расталады.
Біліктілік аттестатын алған тауардың
шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор
тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.
4. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттауды
уәкілетті орган құратын тауардың шығарылған
елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды
аттестаттау жөніндегі комиссия жүзеге
асырады.
5. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау
жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан
құралуға тиіс. Тауардың шығарылған елін
айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына
тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның,
аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының
және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі
комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің
жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.
6. Аттестаттаудан өту үшін тауардың шығарылған
елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды
аттестаттау жөніндегі комиссияға мынадай
құжаттар табыс етілуге тиіс:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесі;
3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
4) жеке тұлғаның теориялық даярлығын
растайтын оқу орталығы куәлігінің не
сертификаттың көшірмесі;
5) тауардың шығарылған елін айқындау
жөнінде жұмыстар жүргізуге жеке тұлғаның
қатысқанын растайтын, оның тағлымдамадан
өткені туралы он есептің көшірмесі;
6) жалпы еңбек стажы кемінде екі жыл екендігін
растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе
еңбек кітапшасынан үзінді көшірме.
7. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен
жүзеге асырады.
8. Тауардың шығарылған елін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тауардың
шығарылуы туралы сараптаманың тауар
туралы деректері бұрмаланған және (немесе)
дәйексіз болған актісін жасауына тыйым
салынады.
Ескерту. 1-тарау 16-1-баппен толықтырылды
- ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
Жалпы ережелер
1. Техникалық регламенттер осы
Заңның 4-бабының 1-тармағында
2. Техникалық регламенттерде белгiленген
талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан
Республикасының бүкiл аумағында тiкелей
қолданылады және техникалық регламенттерге
өзгерiстер және (немесе) толықтырулар
енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде айқындалған
талаптар, Қазақстан Республикасының
аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың
өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың
кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық
және фитосанитарлық шараларды белгiлеу
мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан
елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан,
бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және
қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық
шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай
өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн
зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер
деңгейiне негізделедi.
4. Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде
айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының
1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге
әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi
және қолданылады.
5. Техникалық регламенттерде белгіленген
талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның
4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды
орындауға қажет деңгейден артық кедергі
тудырмауға тиiс.
6. Техникалық регламент мемлекеттiк саясат
мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның
дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк
құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған
өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
7. Техникалық регламенттерде оның қолданысқа
енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты
белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс,
бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi
қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе
техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және
(немесе) түзетуге арналған мәселелер,
сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер
ескерiлуге тиiс.
8. Өнiмдi өндiру кезiнде үйлестiрiлген стандарттар
пайдаланылған болса, техникалық регламенттердiң
талаптары орындалған болып саналады.
Өнiмдi өндiру кезiнде техникалық регламенттерде
белгiленген талаптар мен нормалардың
орындалуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда
өзге де стандарттарды пайдалануға болады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N
209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
Техникалық регламенттердiң мазмұны
1. Техникалық регламенттер зиян
келтiру қауiп-қатерiнiң
2. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң,
процестердiң толық қамтылған тiзбесi;
2) техникалық регламенттерді қабылдау
мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн
өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына
қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын
iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi,
сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары
(оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары)
және (немесе) терминологияға, буып-түюге,
таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға
және оларды түсiру ережелерiне қойылатын
талаптар болуы мүмкiн.
3. Техникалық регламенттерде, келтiрiлетiн
зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы
мен орындалуына қойылатын талаптардың
болмауы салдарынан осы Заңның 4-бабының
1-тармағында көзделген мақсаттарға жету
қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда,
өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына
қойылатын талаптар болмауға тиiс.
4. Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық
және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен
стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында
көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар
техникалық регламенттердi әзiрлеу кезiнде
негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы
мүмкiн.
5. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн
қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк
бермейтiн факторларға байланысты зиян
келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды
айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық
регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал
зияны туралы және оған байланысты факторлар
туралы хабардар етуге қатысты талаптар
болуға тиiс.
6. Техникалық регламенттерде зиян келтiру
қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып,
техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын
(кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi,
бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды
қамтамасыз ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық
және географиялық ерекшелiктерге байланысты
осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген
мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын
болса, Қазақстан Республикасының жекелеген
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан
Республикасының және басқа да iргелес
мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп
төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк
объектiлерге қойылатын арнайы талаптар
болуы мүмкiн.
7. Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ететiн талаптар техникалық регламенттерде
ғана белгiленедi.
Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді
- Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N
209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
Заңымен.
Информация о работе Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер