Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 14:47, курсовая работа
Құрылысшы маман ретінде өмірдегі практикалық жұмысымда әртүрлі құрылыс жобаларын жасай отырып, дайындалған жобаны нақты жағдайға байланыстырып немесе тікелей құрылыс басында жұмыстарды ұйымдастырумен айналысамын. Кез-келген құрылысшы қай деңгейде жұмыс атқарса да, бұл жұмыстар әр уақытта механикаландыру процесімен байланысты.
1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
2. Жүктің көтеру тетігінің есебі
2.1.Полипласты таңдау және есептеу
2.2. Жүк арқанын таңдау
2.3. Ілгіш аспасын таңдау
2.4. Атанақтың негізгі өлшемдерін анықтау
2.5. Арқанның атанаққа қаттылану есебі
2.6. Атанақ қабырғасының қалыңдығын есептеу
2.7. Арқан шығарды анықтау
2.8. Электрқозғалтқышты таңдау
2.9. Берілісті таңдау
2.10. Муфты қосылғыштарын таңдау
2.11. Тежеуішті таңдау
2.12. Жүк көтеру механизімінің тежеу уақытына тексеру
3. Мұнаралы кранның қозғалу механизімін есептеу
3.1. Кранның жүру дөңгелегінің диаметрін анықтау
3.2. Кран қозғалысының статикалық қарсылығын анықтау
3.3. Кран қозғалысының қарсылық күшінің инерциясы
3.4. Кран қозғалтқышының электрқозғалтқыш механизімін анықтау
3.4. Қозғалтқыш механизімінің редукторын таңдау
3.5. Ашық тісті беріліс өлшемдері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
4.3.6 Бұрылу платформасы мұнаралы кранның төменгі жағына орналасып, тіректі-бұрылыстық құрылғы арқылы кранның жүрістік бөлігімен қосылысады. Бұрылу платформасына мұнара және оны ұстатып тұратын тіректер бекітіледі, кран механизмдері, электрлі аспаптар мен теңсалмақ орналастырылады.
Теңсалмақ, әдетте, массасы
таңбаланған темір бетонды
Тең салмақтың консольдері
мен кернегіштері мұнараға түсетін
ию жүктемесін кемітуге арналады да, жазық
қаңқа немесе арқалықты жебелі және
мұнарасы бұрылмайтын крандарда
ферма тәрізді болып жасалады.
Тең салмақ консольдерінің құрылымы
жебеге ұқсайды. Консольдің аяқ жағына
жүктік және құрылымы бойынша керек
болса жебе жүкшығырлары, сонымен
қатар, консольдің үстіне орналасып, бетіне
бекітілген немесе астыңғы жағына асылған
тең салмақтың бетонды блоктары
орналасқан. Жебенің ұзындығы өзгерген
жағдайда (стандартты бөліктер арқылы)
кранды теңгеру мақсатында консольдің
де ұзындығы өзгертіледі. Тең салмақ
жебедегі жүктік арбашық тәрізді
жылжымалы болып жасалуы
Жебелері арқалықты крандарда
жүкті горизонталь бағытта
Жүкті іліп алу үшін құрылымы әртүрлі ілгек аспалардан тұратын жүк қармағыш мәрімді қолданады. Ілгекті аспа құрамының аралықтарына бір немесе бірнеше блоктар 3 орналастырылған осьтер бекітілген екі шеке 2 және сақтандырғыш құлпы 4 бар ілгек 1 бекітілген траверса кіреді (1.7, а-сурет). Жүктік ілгек траверсада тіреуіш мойынтірекке орналасқандықтан, жүктік арқанды бұралудан сақтап, жеңіл бұрылу мүмкіншілігібар. Ілгек аспасының құрылымы блоктар ойығынан арқан шықпайтындай болып жасалады.
Мұнаралы крандардың жүктік полиспастары
1.7 - сурет
Мұнаралы крандардың жүктік
полиспастарының еселігі
4.3.7 Арқандарды қорландыру сұлбалары. Қазіргі кездегі крандарда жүк арқанының 2 бір тарамы қайтарым блоктарынан 5 өтіп, жүктік жүкшығырдың 1 атанағында бекітіледі, ал басқа тарамы - жебелі жүкшығырдың 4 атанағына оралады (1.8, а-сурет). Жебені көтергенде жебе арқаны 3 атанаққа 4 оралады, ал жүктік арқан биіктікте жүктің тұрақты күйін қамтамасыз етіп, атанақтан 1 тарқалады. Жүктік полиспастардың еселігі өзгермелі, крандардың арқандарын қорландыру сұлбасы жоғарғыдан күрделі (1.8-сурет).
Жүктік арқандарды қорландыру сұлбалары
1.8-сурет
Арқалықты жебелі крандарда арқанның 2 бір басы атанақтан 1 шығып, мұнара басындағы және жебе соңындағы блоктарды орап, арбашық пен ілгек аспасының блоктарынан 9, 10 өтеді, ал екінші басы мұнараға немесе жебе тамырына бекітіледі. Мұндай жағдайда арбашық горизонталь жебемен жылжығанда арқан өз блоктарымен сырғанайды да, жүк қатаң горизонталь бағытта жылжиды. Жүктік арқанды арнаулы қорландыру арқылы топсалы жалғастырылған жебелі крандарда да жүк жебемен горизонталь да, еңіс те жылжиды.
Жебелік арқандарды жебенің
шығымын өзгертуге және оны талапты
күйде ұстап тұруға, сонымен қатар,
платформасы бұрылмалы
Жебелік арқандарды қорландыру сұлбалары
1.9-сурет
Мұнаралы крандардың жұмысшы
қозғалыстары жүктік және жебелік жүк
шығырлардың шығымды өзгерту, бұру
және жылжу механизмдерінің
Жылдамдықты бірнеше қозғалтқыш
қолданып, бәсеңдеткіштің беріліс санын
және қозғалтқыштың айналым жиілігін
өзгерту арқылы жасайды. Айналым
жылдамдығы әртүрлі айнымалы токты
бірнеше қозғалтқыштарды
Қазіргі кездегі жебесі көтерілетін
мұнаралы крандардың жебелі жүк шығырлары
бір жылдамдықты жүк
Мұнаралы кранның жылжу механизмінің, жүру жабдығының құрылымына байланысты орындалуы әртүрлі. Крандардың параметрлеріне қарай жүру доңғалақтары 4-тен 32-ге дейін. Қазіргі кездегі, әсіресе, ауыр крандарда жүктеме барлық доңғалақтарға бірдей түсу үшін оларды екіден, үштен, төрт доңғалақтан теңгерілме арбашықтарына біріктіреді. Жетек доңғалақтары бір немесе екі рельсті болуы мүмкін. Егер кранда теңгерілме арбашығы болса, оның екеуі жетекші, қалған екеуі - жетектегі болады. Кранның қалыпты қозғалуы мақсатында жетекші арбашықтарды әр рельске орналастырады (біріне-бірі қарсы немесе диагональ бойынша). КБ сериялы крандарда жетек иірмекті бәсеңдеткіштен және ашық цилиндрлі берілістен тұрады (2-сурет).
Кранның жылжу механизмі
а-кинематикалық сұлба; б-жүру арбашығы; 1-жүру доңғалағы; 2-тежегіш;3-иірмекті қосақ; 4-тісті беріліс; 5-электрлі қозғалтқыш; б-ашық тісті беріліс; 7-айдап кетуге қарсы рельс қармағыш
2 – сурет
Кабиналарды, әдетте, шығыңқы етіп мұнараның сыртына, порталға немесе кранның жоғарғы жағына орналастырады. КБ сериялы крандардың кабиналары унификацияланған, машинистке барынша ыңғайлы, аспалы етіп жасалынады. Жұмысты пульттан күшті немесе шамалы токты кабельмен не радио арқылы атқарады.
Мұнаралы кран жүретін кран асты жолы балластық қабаттан, кран асты жолының элементтерінен (рельстер, рельстік бекітпелер және тірек элементтері - шпалдар, қаңқалар немесе арқалықтар), сонымен қатар, кранның жылжуын шектегіш ажыратқыш сызғыштан, екі тізбекті жолдың екі жағына қойылатын тұйықтағыш таяныштан және жерлендіргіш элементтерінен тұрады. Ең көп тарағандары - ағаш жарты шпалдан және ағашметалдан ұзындығы 6,25 м секциялардан құралған, 280 кН дейін жүктемеде пайдаланылатын вентарлы кран асты жолдары. Жүктеме 300 кН дейін болғанда, кран асты жолын темірбетонды шабақтар мен арқалықтан жасалған секциялардан құрайды. Инвентарлы кран асты жолдары бір осьті жартылай тіркешемені пайдаланып автокөлікпен тасымалдауға және жедел төсеуге қолайлы. Крандарды күтімдеуді қауіпсіздендіру мақсатында кран асты жолдарын жерлендіреді.
Қазіргі заманның жүрдек және ауыр, биік крандарын оның өз механизмдерімен, бір кейде екі жебелі өзі жүретін крандардың көмектесуімен жинақтайды.
Мұнаралы крандарды олардың құрылымдарына және параметрлеріне қарай жиналған күйінде автотартқыштармен, автокөлікпен (мұнараларын жеке түйіндерге бөлшектеп) тасымалдайды.
Барлық мұнаралы крандар қауіпсіздік аспаптарымен жабдықталады. Оған таяныштардың алдына қойылған барлық түрлі қозғалыстардың (кранның жүктік арбашығының жылжуын; жебенің еңкею, бұрылу бұрышын көтеру биіктігін; мұнараның суырылуын т.с.с.) шеткі күйлерін шектегіштер жатады. Жебенің белгілі бір шығымында жүкті көтергенде кранды асқын жүктемеден қорғау үшін жүк көтергіштікті шектегіштер пайдаланылады. Сонымен қатар, крандардың барлық жұмысшы жылжу механизмдері тежегіштермен, нольдік және шеттік электр қорғаныстармен, апат бастырмалармен және шаппа қосқыштармен, қауіпті жел екпінін автоматты түрде анықтап, дыбыс және жарық белгілерімен машинисті қауіп туралы ескертетін анемометрмен, жүру арбашықтарындағы рельс қармағыштармен, жүкті көтеру биіктігіндегі ілгек шығымын сол шығымдағы жүк көтергіштігін көрсететін нұсқағыштармен т.с.с. жабдықталады. Машинист кабинаға, техникалық күтім жасауға, жөндеуге, шеттегі механизмдерге өту үшін крандарда басқыш, алаңша мен төсемелер, тиісті қоршаулар койылады.
Мұнаралы крандарды
Крандар жұмыс барысында өзінің тірек бөлігінен шығыңқы жүкті көтереді, сондықтан олардың жүктік, жел, динамикалық жүктемелерінің төңкеру моментіне және жол еңісіне қарсы әсерлік қасиеті болуы керек. Кранның орнықтылығын оның өз массасы қамтамасыз етеді. Мұндайда кранның массасына байланысты Мк ұстап тұрушы моменттің, теңкеруші моменттердің қосындысынан артығырақ біраз қоры болуы керек. Барлық моменттер төңкерілу қырына анықталады (рельсті крандар үшін - рельс бастиегі және жүру арбашығының шүберін осі; пневмодоңғалақты крандар үшін - шығыңқы тіректің осі және шынжыр табанды крандар үшін - шынжыр табанның аунақша шеті). Есептің негізі - жүктік орнықтылықты анықтау. Мұндай жағдайда кран еңісте орналасқан (2, а-сурет) және жүктелген жебе (жүктің жел жақ ауданы максимальді), жел бағыты және динамикалық жүктеме - барлығы еңіске қарай бағытталған деп қабылданады. Орнықтылықты жебенің максималды да, минималды да шығымына анықтайды:
мұндағы Мг, Мв және МД - жүктің массасынан кранға және жүкке әсер ететін жел жүктемесінен және динамикалық жүктемеден болатын моменттер; кг - жүккөтергіштікті, жұмыс кестесін және кранды пайдалану ауқымын ескеретін асқын жүк еселігі; 0,95 - кранның нақтылы массасының құжаттағыдан айырмашылығын ескеруші еселік.
Кранның өзінің орнықтылығын оның жұмыс және жұмыс атқармайтын жағдайларына сәйкес есептейді. Бірінші жағдайда (2.1,б-сурет) кран еңісте жүксіз тұр, жебесі максималь көтерілген және кранның төңкерілу жағына қарсы деп қабылданады. Мұндай жағдайда
Мв+МД
Екінші жағдайда кран еңісте жүксіз орналасқан, жебе шығымы максималды және төңкерілу жағында орналасқан, онда
Мв1+МД
мұндағы Мв1, МД - кранның жұмыс және жұмыстан бос жағдайларында жел жүктемесінен төңкеруші моменттер.
Орнықтылықты есептеу сұлбасы
а - жүктік; б - кранның еркін айналымы жоқ жұмыстан бос күйі; в - сол күйінде, еркін айналу жағдайында
2.1-сурет
Жүк көтергіштің ауысымдық пайдалану өнімділігі, (т/смена):
мұндағы tсм - смена ұзақтығы, сағат; кранның жүккөтергіштігі, т; Кг - кранның жүккөтергіштігін пайдалану еселігі; Кв - смена уақытын пайдалану еселігі; - бірсағат жұмыс істегендегі кранның жасайтын цикл саны.
Циклдің жалпы уақыты tц (мин) машинамен tм (мин) және қолмен tр (мин) жұмыс атқару уақыттарының қосындысы:
tц= tм+ tр+ tв.z,
tр= tз+ tу+ tо ,
мұндағы Н1, Н2 - ілгекті көтеру және түсіру аралығы, м; L1, L2 -жүктік арбашықтың және кранның жылжу жолы (немесе шығым өзгерісі), м; v1, v2, v3, v4 - жүкті көтеру, түсіру, жүк арбашығының және кранның жылжу жылдамдығы, м/мин; - жебенің бұрылу бұрышы (оңға және кері), град.; п - жебенің минутына айналым саны; К - кранның техникалық мүмкіншілігіне және машинистің шеберлігіне байланысты операцияларды қосарландыру еселігі; tз - жүкті ілу уақыты, мин; tу - жүкті орналастыру уақыты, мин; tо - жүкті ілгектен босату уақыты, мин; tв -қосалқы операцияларының уақыты, мин; z - машинаның қосалқы операцияларының саны (көтеру, жылжу, жүкпен бұрылу, кері бұрылу, түсіру т.с.с.).
Информация о работе Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер