Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 14:47, курсовая работа
Құрылысшы маман ретінде өмірдегі практикалық жұмысымда әртүрлі құрылыс жобаларын жасай отырып, дайындалған жобаны нақты жағдайға байланыстырып немесе тікелей құрылыс басында жұмыстарды ұйымдастырумен айналысамын. Кез-келген құрылысшы қай деңгейде жұмыс атқарса да, бұл жұмыстар әр уақытта механикаландыру процесімен байланысты.
1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
2. Жүктің көтеру тетігінің есебі
2.1.Полипласты таңдау және есептеу
2.2. Жүк арқанын таңдау
2.3. Ілгіш аспасын таңдау
2.4. Атанақтың негізгі өлшемдерін анықтау
2.5. Арқанның атанаққа қаттылану есебі
2.6. Атанақ қабырғасының қалыңдығын есептеу
2.7. Арқан шығарды анықтау
2.8. Электрқозғалтқышты таңдау
2.9. Берілісті таңдау
2.10. Муфты қосылғыштарын таңдау
2.11. Тежеуішті таңдау
2.12. Жүк көтеру механизімінің тежеу уақытына тексеру
3. Мұнаралы кранның қозғалу механизімін есептеу
3.1. Кранның жүру дөңгелегінің диаметрін анықтау
3.2. Кран қозғалысының статикалық қарсылығын анықтау
3.3. Кран қозғалысының қарсылық күшінің инерциясы
3.4. Кран қозғалтқышының электрқозғалтқыш механизімін анықтау
3.4. Қозғалтқыш механизімінің редукторын таңдау
3.5. Ашық тісті беріліс өлшемдері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
2. Жүктің көтеру тетігінің есебі
2.1.Полипласты таңдау және есептеу
2.2. Жүк арқанын таңдау
2.3. Ілгіш аспасын таңдау
2.4. Атанақтың негізгі өлшемдерін анықтау
2.5. Арқанның атанаққа қаттылану есебі
2.6. Атанақ қабырғасының қалыңдығын есептеу
2.7. Арқан шығарды анықтау
2.8. Электрқозғалтқышты таңдау
2.9. Берілісті таңдау
2.10. Муфты қосылғыштарын таңдау
2.11. Тежеуішті таңдау
2.12. Жүк көтеру механизімінің тежеу уақытына тексеру
3. Мұнаралы кранның қозғалу механизімін есептеу
3.1. Кранның жүру дөңгелегінің диаметрін анықтау
3.2. Кран қозғалысының статикалық қарсылығын анықтау
3.3. Кран қозғалысының қарсылық күшінің инерциясы
3.4. Кран қозғалтқышының электрқозғалтқыш механизімін анықтау
3.4. Қозғалтқыш механизімінің редукторын таңдау
3.5. Ашық тісті беріліс өлшемдері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құрылысшы маман ретінде
өмірдегі практикалық жұмысымда
әртүрлі құрылыс жобаларын
Құрылыс жұмыстарының алуан
түрлілігіне байланысты онда қолданылатын
машиналар да сан түрлі. Сондықтан
құрылыс машиналарын негізгі
атқаратын қызметіне қарай
Бұл жұмыстың I-ші бөлімінде мұнаралы кран туралы жалпы мәліметтер, атап айтсақ, атқаратын міндетіне қарай жіктеліп, машинаның өнімділігі мен негізгі элементтері қарастырылады. Жұмыстың II-ші бөлімінде өздігінен жүретін мұнаралы кранын есептеу барысында оның тартқыш механизмінің жүкті көтеру есебі және жебенің металдық конструкциялы сенімді есебі сонымен қатар техника – экономикалық көрсеткіштердің болжама есептелімдері қарастырылған. Ал жұмыстың III-ші бөліміндеқұрылыс машиналарын жөндеу және техникалық қызмет жүйесінің негізгі ережелері көрсетілген.
Қазіргі таңда қолданылатын
машиналардың көпшілігі құрылыс
жұмыстарын кешенді механикаландыруға
бейімделіп жасалады. Жұмысшының өміріне
қауіпті ауыр жұмыстарды автоматты
манипуляторлармен орындау, жұмыс
өнімділігін арттыруда қол
Осы жағдайға сәйкес құрылысшы жоғары механикаландырылған құрылысты ұйымдастырушы және жетекші ретінде құрылыс машиналарының жұмыс атқару негізі мен құрылымын, олардың өнімділігіне және жұмыс сапасына әсер етуші факторларды, сонымен қатар, машиналарды дұрыс таңдап, тиімді пайдалана білуі өте қажет.
1. Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
Мұнаралы крандарды көтеріп-
Мұнаралы кран вертикаль жайғасқан мұнарадан 6, оның жоғарғы жағына көтергіш (1.1. а-сурет) немесе арқалықты (1.2. б-сурет) орнатылған жебеден 5 тұрады. Жебенің қарсы жағына кернегіш 4 бекітілген немесе тең салмақ 3 орнатылған, тең салмақты консоль 8 және жүк пен жебені көтеру шығырларының механизмдері орналастырылған. Кранның мұнаралы (немесе бұрылмалы бастиек 9) тең салмақ блоктары 3 қойылған платформа 2 арқылы тіректі-бұрылу құрылғысына 1 сүйенеді. Тіректі-бұрылу құрылғысы сақиналы қаңқа немесе кранның тіректі бөлімі арқылы жүру құрылғысымен 7 қосылысқан. Арқалықты жебелі және тең салмағы жоғары орналасқан крандардың жебесі бойымен жүктік арбашық 10 жылжиды. Жүру қаңқасында 13 тең салмақ тақтасы 12 жатыр, ал мұнараның бүйір жағында жинақтау тірегі 11 орналасқан.
Мұнаралы крандардың типтері мен параметрлері
1.2. -сурет
Негізгі параметрлері. Рельсте жылжитын және тақап қоятын крандардың базалы үлгілерінің негізгі параметрлері МССТ ережеленген. Негізгі параметрлеріне жататындар (1.2. -сурет):
1) L – шығым (кранның бұрылу бөлімінің айналу осінен ілгек аспасының вертикаль осінің аралығы);
2) Q – жүк көтергіштік (сәйкес шығымдағы жүктін ең үлкен массасы);
3) М - жүк моменті (жүк көтергіштіктің оған сәйкес шығымдылыққа көбейтіндісі, көбінесе кранның басты жалпылама параметрі ретінде қолданылады);
4) Н - көтеру биіктігі (рельстің бетінен ілгектің жоғарғы күйінің аралығы).
5) h - түсіру тереңдігі (рельстің бетінен ілгектің төменгі күйіне дейінгі аралығы);
6) К - жолтабан (рельс осьтерінің аралығы);
7) В - база (бір рельстегі дөңгелектердің вертикаль осьтерінің аралығы);
8) l - артқы габарит (кранның бұрылу бөлімінің ең үлкен радиусы);
9) vп - жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы;
10) vм - жүкті жерден ажырату және жерге отырғызу жылдамдығы;
11) vТ - шығымды өзгерту жылдамдығы (жүк арбашығының жылжуы);
12) vг - горизонталь бағытта жүкті жылжыту жылдамдығы;
13) п - кранның бұрылу бөлімінің айналым жиілігі;
14) vу - кранның жылжу жылдамдығы;
15) Nу - орнатылған қуат (кранның барлық электрқозғалтқыштарының қуаты);
16) т - кранның жалпы массасы;
17) өнімділік және т.б.
4.3.1 Индекстеу жүйесі. КСРО-ның заводтарында жасалған мұнаралы крандарды индекстеу жүйесі 1.3.-суретте берілген. КБ (кран башенный)
Мұнаралы крандарды индекстеу жүйесі
1.3-сурет
әріптерінен басқа кранның таңбасына үш негізгі цифрлар кіреді, олар жүк моменті бойынша өлшем тобының нөмірін және базалы үлгінің кезекті нөмірін көрсетеді. Нүктеден кейін кранның жасалу кезегі көрсетіледі. Келесі жасалу кезегінде үлгіден жебе ұзындығы, көтеру биіктігі, жүк көтергіштігі өзгеше болуы мүмкін. Индекстегі цифрлардан кейінгі әріптер кранның кезекті жаңғыртылуын (негізгі параметрлерін қозғамай, құрылымына өзгеріс енгізу) және кранның климаттық орындалуын (ХЛ - суық, Т - тропикалық, ТВ -тропикалық ылғалды климатқа арналған, орташа климатқа әріп қойылмайды) белгілейді. Мысалы, кран таңбасы КБ-674.3А, жазбаның мағынасы мынадай: кран мұнаралы, жүк моменті 300-ден 550 т-м дейін, мұнарасы бұрылмайтын, үшінші орын алуы, бірінші жаңғыртылған, орташа климатқа арналған.
4.3.2 Жіктеу. Мұнаралы крандарды бірқатар белгілеріне қарай жіктейді. Салынып жатқан ғимаратқа қарай орналасуына байланысты, олар ғимарат іргесінде немесе ғимарат үстінде жұмыс атқарушы болып бөлінеді. Біріншіге жылжымалы және іргетасқа еркінше орнатылған тұрақты крандар жатады. Ғимараттың үстіне қойылатын крандар өзі көтерілетін, жылжымалы және ауыстырылмалы болып
бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыста, негізінен ғимарат іргесінде жылжымалы(1.4, в-сурет), ғимаратқа тақап қойылатын (1.4, б-сурет) және өзі көтерілетін (1.4, а-сурет) крандар қолданылады. Жылжымалы мұнаралы крандар құрылыста кең қолданылады, алайда, құрылымына қарай көтеру биіктігі шектеулі. Өзін көтеретін крандар салынатын ғимараттың қаңқасы металды немесе темірбетонды қуатты болғанда пайдаланылады. Өздігінен көтерілетін және ғимаратқа тақап қойылатын крандар негізінен биіктігі 150 м және одан жоғары ғимараттар салуға пайдаланылады.
Жүру құрылғысына қарай мұнаралы крандарды рельсті, автомобильді, пневмодоңғалақты, арнаулы шассилі автомобиль типті, шынжыр табанды және адымдаушы деп ажыратады. Мұнаралы крандардың негізгі типтерінен басқа әртүрлі құрастырылған крандар да бар. Оларға жататындар қосымша жебелі (негізгіден төмен немесе жоғары, сонымен қатар, тең салмақ консолінің орнына орнықтырылған) немесе қосымша діңгекті (қысқа, ғимарат үстіне орналасатын оларға жебені тіреу үшін) және т.с.с.
Жебе шығымын өзгерту тәсіліне қарай шығымы тұрақты (жебе тек бір жағдайлы), белгіленген шамаға өзгертетін және маневрлі өзгертетін болып ажыратылады.
Мұнаралы крандарды орналастыру тәсілдері
1.4-сурет
4.3.3 Жебе кранның негізгі жұмысшы мәрімі, құрылымына қарай көтерілмелі, маневрлі (1.5, а-сурет), ілгектің шығымы жебенің рауалы бұрышқа бұрылуына байланысты өзгеретін немесе бойымен жүктік арбашық жылжитын горизонталь арқалықты (1.5, б-сурет), жүктік полиспаст орналастырылған болып жасалады. Көтерілмелі аспалы жебелердің полистпасы жебенің басына бекітіліп, жебені тек ұстап тұрмай, жұмыс барысында оның шығымын өзгертеді.
Мұнаралы крандардың жебелері
1.5, - сурет
Арқалықты жебелер мұнараға негізінен қатаң бекітіледі де, жұмыс күйінде оларды үлкен диаметрлі арқаннан немесе металдан жасалған тартқыштан тұратын жебенің бір немесе бірнеше жоғарғы жақтағы нүктесімен қосылысқан бір немесе бірнеше аспа ұстап тұрады. Негізгі параметрлері (жебе шығымы, көтеру биіктігі, жүккөтергіштігі) бірдей, көтерілмелі жебелі крандардың арқалықты жебелі крандарға қарағанда салмағы 15...20%-ға жеңіл, сонымен қатар жүк көтергіштігі жоғары, жебе шырымын азайтқанда көтеру биіктігін арттыру мүмкіншілігі бар, тар құрылыс алаңында жақсы маневрлі, жасау технологиясы жоғары, жинақтау мен тасымалдауға ыңғайлы. Арқалықты крандарға қарағанда көтерілмелі жебелі крандардың кемшіліктері: жүкті горизонталь бағытта тасымалдауы дәлме-дәл емес; жебе шығымын өзгерту мен жүк көтеруді қабаттастырғанда қуат шығыны көп; жүкті шайқалтатын қозғалу үдеуі едәуір; кранға жүкті тым жақын жинақтауға болмайтындықтан, оның бір орындағы қызмет ауқымы шамалы.
Мұнарасы бұрылмалы мобильді
крандарда көтерілмелі жебелер
көп тараған. Арқалықты жебелердің
биіктігі айтарлықтай және олар мұнарасы
бұрылмайтын крандарда көп
Жүкті көтеру биіктігін өсіру мақсатында сынық пішінді, әртүрлі құрастырылған жебелер пайдаланылады (1.5, в-сурет).
4.3.4 Мұнаралар тірек-бұрылу құрылғысының орналасу орнына қарай бұрылмалы және бұрылмайтын болып ажыратылады. Мұнараның екі түрі де металл қаңылтырынан тұтас қабырғалы және бұрыштықтардан, кіші диаметрлі түтіктерден тор тәрізді және әртүрлі металл профильдерінен құрастырылмалы болып жасалады. Көлденең қимасы шеңбер, үш-төртбұрышты болып орындалады. Ең көп тарағаны квадрат - қималы түтіктерден тор тәрізділер.
Бекітілуіне қарай мұнаралар кранның тірек бөліміне қатаң және топсалы орналастырылады.
Бұрылатын да, бұрылмайтын да мұнаралардың тұрақты биіктігін өзгертуге болады. Мұнара биіктігі тұрақты крандар оның бірден толық биіктігіне арнаулы діңгек және тартқыш полиспасты мен меншікті жүкшығыры арқылы жинақталады (1.6, а-сурет). Биіктігі өзгерілмелі крандар мұнарасы «өзіне» салынатын (1.6, б-сурет) және бір-бірінен суырылатын (1.6, в-сурет) болып бөлінеді. Қазіргі кездегі көпшілік крандардың мұнарасының биіктігі астынан (1.6, г-сурет) немесе үстінен (1.6, д-сурет) тұтастыру арқылы арттырылады. Мұндайда мұнараның биіктігі әртүрлі крандарда әртүрлі, 2,5 м-ден 7,5 м-ге дейінгі бөлікті қосу арқылы жасалады.
Мұнаралы крандардың мұнаралары
1.6,-сурет
Мұнараны астынан
Мұнараны үстінен тұтастыру жоғары биіктікті (80...150 м) және мұнарасы бұрылмайтын крандарда қолданылады. Мұнда кранның тек жоғарғы бөлігі жебесімен және тең салмақ консолімен қоса итеріп шығарылады, ал мұнараның алдында құрылған бөліктері орнынан қозғалмайды. Пайда болған қуысқа жекеленген бөліктер енгізіліп, бекітіледі. Кейбір крандарда қосымша бөліктерді мұнараның үстіңгі жағына өзінің жебесінің көмегімен орналастырады. Бөліктен мұнараны мезгіл-мезгіл биіктетіп отыру ыңғайлы, себебі ғимаратты немесе ғимаратты сала келе, кранның да биіктігі өседі және машинистің кабинасы жинақталатын жерге жақын орналасады.
4.3.5 Тірек бөлігі. Мұнаралы кранның тірек бөлігі мұнара типіне (бұрылмалы немесе бұрылмайтын), жүру құрылғысына қарай (рельс бойымен немесе басқаша), салынып жатқан ғимарат маңында жылжу мүмкіншілігіне қарай (тұрақты және өзі көтерілетін) әртүрлі құрылымдық шешіммен жасалады. Рельсті жүрісті мұнаралы кранның тірек бөлігі кранға әсер етуші барлық жүктемені қабылдап, жүріс доңғалақтары арқылы кран астындағы жолға береді. Рельске тірелу нүктелерінің санына қарай тірек бөлігі үш және төрт тіректі болады. Құрылымына қарай олар әртүрлі пішінді: жазық қаңқа, итарқа немесе тікбұрышты пішінді портал тәрізді. Құрылымын өзгерту мүмкіншілігіне қарай тірек бөлігі үстінен қарағанда (планында) өзгер-тілмейтін және суырмалы немесе кронштейндер арқылы бұрылмалы болып бөлінеді.
Тұрғылықты крандардың тірек
бөлігі - қаңқалы құрылым, олар дара
құйылған немесе темірбетоннан жинақталған
іргетастың анкер болттарына бекітіледі
де, қосымша балластпен жүктеледі. Өздігінен
көтерілетін крандар жұмыс
Информация о работе Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер