« Құрылыс керамикасы технологиясы» пәні бойынша курстық жобаның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстанда «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы тұрғын үй нарығындағы жағдайды оңалтуға бағытталған. Соған орай қолға алынып жатқан тұрғын үй комбинаттары құрылыс материалдарының, сол арқылы тұрғын үйдің бағасын төмендетіп, құрылыс қарқынын арттырмақшы. Соның ішінде керамикалық материалдан жасалған кірпішті қолдану кең етек алуда. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы.

Содержание

Кіріспе (1-2 бет)
Өнім.номенклатурасы (1-2 бет)
Шикізат материалдарының сипаттамасы (2-3 бет)
Өндіріс әдісін таңдау (1-2 бет)
Өндірістің технологиялық схемасы (6-8 бет)
Өндірістің жүмыс рсжимі (1 бет)
Өндірістік бағдарлама (1 бет)
Шикізат массасының құрамын анықтау (1 -2 бет)
Өндірістің материалдық балансы (3-4 бет)
Құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы (4-5 бет)
Құрал-жабдық санын анықтау (4-5 бет)
Өнімнің сапасын бақылау (3-4 бет)
Еңбекті қоргау (3-4 бет)
Қорытынды (1-2 бет)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой Керамика Куысты кирпиш.docx

— 449.25 Кб (Скачать документ)

ә) төсеншіі /250x120 мм/ және /250x88мм/ бойъшша жиектерінің қисаюыж анықтайды: ол үшін. кірпіштің тиісті жиегімен сызғыш қыры арасындағы кеңістік 1мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшенеді. Кеңістік көлемін мм-мен көрсетеді;

б)   қисықтық жиектерде ұзына бойына жарылған жер бар екенін, яғни кірпіштің бар қалыңдығы: арқылы өтетінін жарылыс бар екенін анықтайды және ол жарылғының кірпіш төсенішіндегі ең ұзын жерін өлшейді. Ұзына бойына жарылым саны мен ең ұзын жері жазылады;

в)  кірпіштің қыры мен бұрыштарындағы опырылған немесе жұмырылған жерлері анықталып, барынша ұзындары өлшенеді. Опырылымдардың саны мен барынша ұзын  жерілері жазылады;

г)  кірпішті көтеріп ұстап балғамен ұру арқылы күйдірілу дәрежесін анықтайды. Кірпіш жете күймеген жағдайда баяу ұн, ал дұрыс күйгеішен кейін ашық ұн шығады.

ғ) кірпіштіц аумақтық салмағын анықтау үшін сырттай қарап өлшеп болған ісірпіштің біреуін 1 г дәлдікке дейін таразыға тартып аумағын есеитейміз.

д) кірпіштің ылғал тартуын анықгау.

е) кірпіштің қысқандағы және майысқандағы беріктік іпегін анықтау үшін көлемін және салмағъш есептегеннен кейін преске салып анықтаймыз.

ж)  кірпіштің бетіндегі дутиктердің d-5 мм үлкен болмау керек. Себебі, кірпіш суға тигенде дутиктер ісініп, кірпіпггің   жарылуына әкеліп соғады.

 Қабылдау ережелері.

• Кірпіш пен тастың әр партиясы мекеме-өндірушілерінің техникалық қадағалауымен кабылдау керек.

• Кірпіштің немесе тастардың партия өлшемін кабылдау, заводтың бір пешінде бір тәулікте өңделу мөлшеріне байланысты. Әр партиядағы кірпіш немесе тастың маркасы және түрі бірдей болуы керек.

Кірпіш немесе таетың әр партиясын бақылау үшін бұйымның 0,5% мөлшерде алу керек, бірақ 100 данадан кем емес. Бұйымды алдын-ала келісілген решен әр тордан немесе поддоннан алынады. Алынған бұйымдардың өлшемдері және сыртқы көрінісін стандарт талабына сәйкестігін тексереді, кейін сынайды.

• Кірпіштің маркасын оның қысуға және иілуге  беріктігі бойынша орнатады.

•  Кірпіштің немесе тастың су сіңіргіштігін әр 6 ай сайын, шикізат немесе технологиясы, шахтаның құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі өзгергенде анықтайды. Кірпіштің немесе тастың аязға төзімділігін әр бір айналым сайын және әр кез шикізат немесе технологиясы (шихта құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі) өзгергенде анықтайды.

• Кірпіштің немесе тастың қабырға қалау кезінде араласпамен үстасу беріктігін жылына бір рет шикізат немесе технологиясы өзгергенде анықтайды.

• Кірпіштің немесе тастың дутиктерінің пайда болуын сынау айына бір рет карбонатты   құрамы өзгерген кезде анықтайды.

Бірінші бақылау түрі - кіріспе бақылау, яғни бұйының шикізатын бақылау. Күйдірілмеген материалдар мен бұйымдарды дайындау барысында балшыққа қоспа ретінде диотомит, трепел, опока, құм сияқты тау жыныстарын пайдаланады. Балшықтың керамикалық бұйымдарды дайындауға жарамдылығы, бірінші кезекте, минералды құрамымен, дисперсиялығымен (бөлшектердің өлшемімен), иілгіштігімен және жылуға шыдамдылығымен анықталады. Балшықтың химиялық құрамы негізінен кремнийдің, алюминийдің, темірдің тотықтарынан құрастырылған мыс:SiO2 – 40-50; Al2O3 – 40-50; Fe2O3 – 9-15; MgO – 1-4; CaO – 0,5-2,5; Na2O, K2O – 1% дейін болады.

Екінші бақылау түрі – ағымды бақылау түрі, яғни бұйымның технологиялық процесін бақылау. Масса дайындау. Саз массасын пластикалық әдіспен  дайындау жұмысы  мынандай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығаруды, оны және кұнарсыздандырғыш қоспаларды майдалауды, оларды алдын-ала араластырып ылғалдауды, шихтаны үлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындауды. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады. Қалыптау процесі. Пресс калпынан масса сығылып шығарда оның сыртқы қабаты қалып қабырғасының үйкеліс күші арқылы ететіндіктен, қалыпталынған бұйымдардың бетінде түрлі ол қылықтардың пайда болып қалуы мүмкін. Сондыктан, саздық массаның ылғалдылығын құнарсыздандырғыш қоспалардың мөлшерін дұрыс тағайындау арқылы оның серпімді-созымталдық қасиетін жақсартады. Күйдіру процесі. Күйдіру - керамикалық бұйымдар жасау технологиясының ең маңызды және соңғы сатысы. Керамикалык бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-Н100°С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде калыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады.

Үшінші бақылау – қорытынды бақылау, яғни дайын бұйымдарды сынау. Қоймаға келген бұйымдардың әр жерінен біреуден алып лабораториялық сынаққа жібереді. Сол жерде материал талапқа сай сай еместігі анықталады.

Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) сапалы және шикізат материалдарының дұрыс қабылдауларына жауап береді.

Өндірісті бақылаудың негізгі жұмысы:

- материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау;

- технологиялық  шарттардың орындалуын бақылау;

- операциялық  бақылау. 

 

 

 

Цех

Өндірістік процестің кезеңдері

Бақылау обьекті

Бақылаудың негізгі түрі

Карьер

Шикізатты шығару

Топырақ

Сыртқы түрі, химиялық құрамы, тазалығы, ылғалдылық, иілгіштік, дәндік құрамы, кептіруге сезгіштік, ауалық, оттық шөгуі, пісу беріктігі.

Қоспалар: жүдеутететін: шамот, көмір, жоңқа

Дәндік құрамы, ылғалдылық, көмірдің калориялығы

Дайындау

Массаны дайындау

Біліктер: тасбөлектеу,

Майда ұнтақтағыш

Біліктердің ара қашықтығы

Жүгіртпелер, тесікті біліктер.

Тесіктердің өлшемдері

Араластырғыш, бумен ылғалдатқыш

Араласпаның ылғаладылығы, температурасы, будың қысымы, мөлшерлеу араластырғыштың толықтыру дәрежесі, пышақтардың бар-жоғы.

Қалыптау

Қалыптау процессі

Таспалы қысқыш

Мундштуктың, керндердің өлшемдері, вакуум-камерадағы ауаның қысымы, жатқызу-автоматтың жұмысы.

Араласпа

Араласпаның температурасы, ылғалдылығы, бұйымның өлшемдері, Бұйымның орналасуы (ара қа шықтығы)

Су

Температурасы

Кептіру

Кептіру

Кептіргіштер

Температура, қысым ылғалдылық, кептіру мерзімі, келіп кететін газдардың температурасы, газдардың ылғалдылығы, кептірілген бұйым-ның сапасы

Күйдіру

Вагонеткаға орналастыру, күйліру

Пеш

Вагонеткаға орналастырудың дұрыстығы, орналастырудың тығыздығы, плитканың ылғалдылығы


 

 

Қоршаған ортаны қорғау

 

 

Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке кұрылыстар табылады. Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы - гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені Бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты қамтамасыз ету үшін атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға әкономикалық шығынның үлкен маңызы бар. Санитарлы - гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар кірпіш өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.

Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20°С - ден төмен аудандарда ауалың аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе        көмекші    ғимараттарда    табиғи    немесе    жасанды    желдету системаларын қарастыру керек.

Зиян қоспалар бөлінетін цехтарда ауаны ластаудан сақтау үшін:

а) құрылғылар, приборлар және өзге де жылу бөлетін құралдар оқшаулану керек;

ә) қолдану кезінде ылғал бөлетін құрал - жабдықтар арнайы жабынмен жабылу немесе оқшаулану керек;

б)  шаң - тозаң болу арқылы өтетін техникалық процестер адамдардың қатысуынсыз өтетіндей болып оқшаулану керек, ал техникалық процестерден бөлінетін тозаң, бу, зиянды газдар атмосфераға бөлінер алдында залалсыздандырылу керек. Вибрациялық қондырғылар қолданылатын цехтарда вибрация әсерін және шуды төмендететін шаралар жасалу керек.

Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген 
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері

 

 

Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында да әкімшілік еңбектің қауіпсіздік жағдайлары жасауы тиіс. Әкімшілік өндірістік жараңаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы қүралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті, әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және Бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайларын жасау жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай ережелерді кәсіподақ келісімі бойынша бекітеді.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке кррғану күралдары беріледі.

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ үйымдарымен бірлесе отырып, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.

Құрылыс бұйымдары мен материалдарын өндіретін бірлестік ұйымдарында техникалық қауіпсіздік ережелірінің орындалуы және күрылыс       материалдарын       өндіру      жұмыстарындағы       санитарлық өндірістікті қарап, қамтамасыз ету инженерлі-техникалық жршсшыларға жүктеледі.

Құрылыс алаңдарда немесе жұмыс істеп отырған ортада санитарлы-тұрмыстық бөлмелер және қүрылғылар болуы тиіс: гардеробты бөлмелер, жуынатын бөлмелер, кебуге арналған бөлмелер, арнайы киімнің залалсыздандыруы, шаңсызандыруы, тамақтану пунктері, күн және атмосфера радиациясынан және өндіріс құрылғыларының сәулелерінен қорғану қүрылғылары мен бөлмелері болуы қажет.

Құрылыс машиналары, мезанизмдері, құрылғылары, инвентарь, қүралдары мен саймандар жұмысқа қолайлы болуы керек. Жұмыс істеп тұрған өндірістік машиналарын мен механизмдерді қараусыз қалдыруға болмайды.

Жұмыс барысында қызметшілердің барлығы арнайы киіммен қамтамасыз етілуі керек және де қорда тағыда болуы керек.

Қауіпсіздік техникасы бойынша іс шараларды негізінен екі бағытта шешеді: электроқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электромашиналар мен приборлардың корпустарын нольдеу немесе жерге қосуды алдын-ала қарастыру қажет.

Операциялардың орындалуының қауіпсіздігі мен зиянсыздығы:

    • Қауіпті анықтап алу,әр операцияға тән;
    • Қауіптің ұзақтығын анықтау;
    • Жұмысшыларды қауіптен қорғау;
    • Автоматты сигнолизация мен блоктаушы қондырғыларды қолдану;
    • Технологиялық схемада қауіпті жерді белгілеу;
    • Қауіпсіз жодларды белгілеп, технологиялық схемада көрсету;
    • Жұмыс орындарын дұрыс жарықпен қамту;
    • Қондырғыларды қауіпсіз қолдану жағдайларын жасау;
    • Қорғау киімдерін қолдану;
    • Өндірістік ортаның қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

Жүктердің құлауын алдын алу үшін: көтергіш-транспорт құралдарын эксплуатациялау әдістерін негіздеп жасау қажет.

Өндірістің ерешеліктерін ескере отырып, қалыптау-құю цехінің жобасында пайдаланылған ауаны қалдықтардан тазалау және цех, үй-жайын завод территориясына сәйкес бейімдеу арқылы, ауаны ластамау үшін жасалатын іс-шараларды негіздеу қажет. Қалдықтары өте аз және энергияны өте аз қажет ететін технологияларды таңдап алдуы алдын ала қарастырған жөн. Ауаның шаңдануын есепке ала отырып қарама-қарсы ағымдардың болмауын қадағалап шикізат, материалдар мен бұйымдарды тасымалдаудың ең тиімді тәсілдерін таңдап алу керек.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қазіргі  таңда  қүрылыс конструкцияларында,  қабырғалық  бұйым ретінде      кеуекті      қуысты   кірпішті   қолданған   тиімді.   Себебі,   басқа - қабырғалық материалдарға қарағанда жылу доғарғыш қасиеті жоғары өндіру технологиясы оңай және экономикалық жағынан тиімді.

Бұл курстық жұмыста керамикалық кірпіштерді стандарт талаптарына сай сынау әдістерін қолданып, пластикалық әдіспен кірпішті алу көрсетілген. Көрсетілген сынау әдістері МЕСТ талаптарына сай келеді және тауардың сапалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады.

Қысуға беріктігі жоғары, жылу өткізгіштігі төмен және шыдамды, беріктік қасиеті жоғары болып келеді. Механикалық соққыларға төзімді, тасымалдау оңай және сыртқы ортаның агрессивті факторларына төзімділігі жоғары.

Керамикалардың арасынан керамикалық материалдар тобына балшықты кірпіш, ірі және майда блоктар т.б. материалдар жатады. Соның ішіндегі балшықта кірпіш өндірісі, Маңғыстаудан басқа, Қазақстанның барлық         облыстарында         ұйымдастырылған.

Қазақстандағы керамикалық материалдарды өндіретін өнеркәсіп саласын жетілдіру мен өндірістік қуаттылықтарды ары қарай өркендкету үшін, мына көкейкесті мәселелерді шешу керек.

1. Құрылыс керамикасына керекті шикізаттың сапасын арттыру.

2. Дайын бұйымның өз құлдылыгын төмендету.

3.Өндірістік технологияны жетілідіру және шығарылатын өнімнің ассортиментін арттыру.

4.Мекемелердің қуаттылығын өсіре отырып, өндірістің салалық қуаттылығын арттыру.

Қорыта   айтқанда    қазіргі    заманғы    құрылыста    керамикалық материалдар кеңінен қолданылып келеді,соған байланысты оларды өндіру қажеттілігі жыл сайын арта түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе « Құрылыс керамикасы технологиясы» пәні бойынша курстық жобаның