« Құрылыс керамикасы технологиясы» пәні бойынша курстық жобаның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 20:05, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда Қазақстанда «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы тұрғын үй нарығындағы жағдайды оңалтуға бағытталған. Соған орай қолға алынып жатқан тұрғын үй комбинаттары құрылыс материалдарының, сол арқылы тұрғын үйдің бағасын төмендетіп, құрылыс қарқынын арттырмақшы. Соның ішінде керамикалық материалдан жасалған кірпішті қолдану кең етек алуда. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы.

Содержание

Кіріспе (1-2 бет)
Өнім.номенклатурасы (1-2 бет)
Шикізат материалдарының сипаттамасы (2-3 бет)
Өндіріс әдісін таңдау (1-2 бет)
Өндірістің технологиялық схемасы (6-8 бет)
Өндірістің жүмыс рсжимі (1 бет)
Өндірістік бағдарлама (1 бет)
Шикізат массасының құрамын анықтау (1 -2 бет)
Өндірістің материалдық балансы (3-4 бет)
Құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы (4-5 бет)
Құрал-жабдық санын анықтау (4-5 бет)
Өнімнің сапасын бақылау (3-4 бет)
Еңбекті қоргау (3-4 бет)
Қорытынды (1-2 бет)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой Керамика Куысты кирпиш.docx

— 449.25 Кб (Скачать документ)

« Құрылыс керамикасы технологиясы» пәні бойынша курстық жобаның

мазмұны

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартулар жэне белгілеулер

Кіріспе (1-2 бет)

  1. Өнім.номенклатурасы (1-2 бет)
  2. Шикізат материалдарының сипаттамасы (2-3 бет)
  3. Өндіріс әдісін таңдау (1-2 бет)
  4. Өндірістің технологиялық схемасы (6-8 бет)
  5. Өндірістің жүмыс рсжимі (1 бет)
  6. Өндірістік бағдарлама (1 бет)
  7. Шикізат массасының құрамын анықтау (1 -2 бет)
  8. Өндірістің материалдық балансы (3-4 бет)
  9. Құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы (4-5 бет)
  10. Құрал-жабдық санын анықтау (4-5 бет)
  11. Өнімнің сапасын бақылау (3-4 бет)
  12. Еңбекті қоргау (3-4 бет)
  13. Қорытынды (1-2 бет)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

 

Қазіргі таңда Қазақстанда «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы тұрғын үй нарығындағы жағдайды оңалтуға бағытталған. Соған орай қолға алынып жатқан тұрғын үй комбинаттары құрылыс материалдарының, сол арқылы тұрғын үйдің бағасын төмендетіп, құрылыс қарқынын арттырмақшы. Соның ішінде керамикалық материалдан жасалған кірпішті қолдану кең етек алуда. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі – қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғары температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген (өртелген) материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар, санитарлық техникалық бұйымдар, электер айырушы материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі кермикалық материалдар мен бұйымдар.

Ғимараттар мен үймереттерді тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық кірпіш болып табылады. Қуысденелі керамикалық кірпіш – қоспасы бар немесе қоспасыз оңай балқитын саздан созымталдық қалыптаумен немесе шала құрғақтай пресстеумен жасалынады. Қуысденелі кірпіш жүктенгіш сыртқы және ішкі қабырғаларды, бөлме айырғыштарды және үй мен ғимараттардың басқа да бөліктерін қалауға қолданады. Бүтін кірпіштен қаланған қабырғаға қарағанда, оны қолдану нәтижесінде сыртқы қабырғаның қалыңдығы 20%-ға, массасы 35%-ға, ерітінді шығыны 45%-ға, керамикалық материалдары 15%-ға азайтылады.

Кірпіштердегі қуыстар тығыздығын және массасын төмендетумен қатар, оларды кептіру және күйдіру процестерін қауіпсіз тездете жүргізуге мүмкіндік туғызады, себебі бұл бұйымдар ішкі қуыс бетерімен де және сыртымен де бірыңғай тез қыздырылады. Сондықтан да, қуыс денелі кірпіштердің мүкістері (ақаулары) кемдеу болады да, мықтылықтары қуыстарының көптілігіне қарамастан, кәдімгі толық денелі кірпіштердегідей.

Кірпіштерді нормальдық ылғалдылықта пайдаланатын үйдің сыртқы және ішкі қабырғаларын, төменгі маркадағыларын көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарын қалауға қолданады.

Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге творчестволық ойларын іске асыруда шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық кірпіш жоғары отқатөзімділігі мен салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

Керамикалық кірпіш құрылыста дефицит металл, цемент және басқа да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді. Қабырға материалының өнідрілуі мен қолдануының ортақ балансында керамикалық кірпіштің алатын орны 30%. Күн энергиясын өзіне жинаған кірпіш жылуды баяу және бірқалыпты береді, бұл қасиеті жаздыкүні шамадан тыс қыздырудан, ал қысқы мезгілде жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. Кірпіш қабырғасы өзінің денесі булануды өткізіп, «демалады». Нәтижесінде ғимарат ішінде дымқылдық деңгейі тепе-теңдікте сақталады.

Қазіргі уақытта құрылыс керамикалық кірпіштің өндірісінде технологияны жетілдіруге, шығарылатын бұйымның сапасы мен ассортиментін кеңейтуге көп көңіл бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар құрылысында қазіргі отандық және сырт елдің технологиялық линия базасында автоматтандырылған және жоғары механизацияланған қондырғыларды  орнату орын алуда. Шикізатты үнемдеп қана қоймай, сыртқы қабырғаның қалыңдығын (жылуөткізгіштігін жоғарлатпай) төмендету және де құрылысты индустриазацияландыру үшін жеңілдетілген конструкция панельдерін шығаруға арналған  тиімді қуыс денелі бұйымды шығару көзделіп отыр.

Ассортименттің кеңейтілуі, жекеше алғанда, өлшемдерін арттырып, орташа тығыздығын 1250-1350 кг/м3-қа дейін төмендеуі және де бұйымның тиімді формасын қолданып, қуыстар санын көбейту 1 м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдар шығынын 20-30%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді. Жұмыс істейтін зауыттардың әрі қарай механизацияландыруы және автоматтандырылуымен қатар шығарылатын кірпіштің сапасы артып, беріктік қасиеті көп қабаттық ғимараттар мен арнайы ғимарат құрылысында қойылатын талаптарға жауап беретін бұйым шығаруға көзделіп отыр. Құрылыста жоғары маркалы кірпішті көтеруші конструкцияда қолдану оның шығынын 15-30%-ға төмендетуі мүмкін.

Өнім сапасынының артуы өндіріс мәдениетінің жоғарылауына алып келеді: технологиялық нормаларды қатаң сақтауға, өңдеуді жақсартуды, әр-түрлі қоспаларды соның ішінде өнеркәсіп қалдықтарын қосып шихта сапасын артырудыталап етеді.

Тұрғын үй бағдарламасының ғимараттардың ішкі жайлылығы мен сыртқы келбетіне  қойылатын сапасы артқан бетте, өндірістік құрылыс материалдарға да қойылатын сапа жоғарылады, соның ішіне керамикалық кірпішке де. Тұтынушы жоғары маркалы (М 200 және одан да жоғары), беттік сапасы жоғары, әр-түрлі түсті және көлемді, бағасы тиімді керамикалық кірпішті талап етеді.

 

 

 

 

Бұйымның номенклатурасы

 

 

Негізгі параметрлері мен өлшемдері:

Керамикалық кірпішті параллепипед пішінінде жасайды және өлшемдерінің түрі болады. Қуыстары горизонтальды орналасқан кірпіштің өлшемі - 250x120 х88 мм.

 

Тиімді кірпіштің негізгі параметрлері мен өлшемдері.

   1-кесте.

Кірпіш түрі

Орт. тығыз., кг/м3

Кеуект.,

%

Аязға төзімд.

Жылуөтк.

коэф.,

Вт/м·°С

Бер. шегі, МПа

Түсі

Қуысты кер-қ кірпіш

1100-1150

6-10

15-50

0,25-0,26

50-150

қызыл сарғыш


 

Түрлері мен өлшемдері: Біртекті және қалыңдатылған кірпішті толық денелі етіп шығарады (кеуексіз және техникалық кеуектердің көлемі 13% - тен көп емес) және кеуекті болып шығарылады. Сыртқы қабырғалар үшін кеуекті кірпіштің қалыңдығы 12 мм - ден кем болмауы қажет. Кеуектер бұйымда басқа түрде болуы мүмкін.

Қуыстар бұйымда табанына перпендикуляр және параллельді немесе өтпелі және өтпелі емес болуы мүмкін. Көрінетін қуыстардың ені 16 мм - ден көп емес, цилиндрлі өтпелі кеуектің диаметрі және кеуекті квадратты бұйымның өлшемі 20 мм - ден көп болмауы қажет.

Беріктігі  бойынша қуыстары вертикальды  орналасқан бұйымдарды мына маркалар бойынша жасайды: 100, 125, 150, 175, 200, 250, 300. Горизонтальды кеуектері бойынша: 35, 50, 100.

Аязға төзімділігі бойынша: Ғ25, Ғ35, Ғ50. Керамикалық бұйымның мерзімді белгісі, оның аты, түрі, беріктік маркасы және аязға төзімділігі бойынша түрлерге бөлінеді.

Техникалық талаптар: Бұйымдар қазіргі талаптарға сай болуы керек. Техникалық регламенті және алушы мен шығарушының негізделгендігіне байланысты.

Сыртқы түрі. Бұйымдардың сыртқы пішіні тегіс және қабырғалары тік болуы қажет. Бетінің фактурасына байланысты (ложоқтычек) бұйымда тегіс немесе рифленді болады.

Әкті қосылыстар буланғаннан кейін бұйымның беттерінде жарықтар мен тесіктің тереңдігі 6мм-ден көп болса жіберілмейді. Бұйымның бетіндегі тесіктің ең үлкен өлшемі бойынша 3 мм-ден 10 мм-ге дейін және 3 данадан көп болуы керек.

Партияда сынықтардың мөлшері 5% аспауы қажет.

Сатып алушыға күйдірілмеген немесе күйіп кеткен бұйымдарды тасымалдауға тыйым салынады.

Кептірілген кірпіштің массасы 4,3 кг - нан артық емес болу керек.

                  

Сурет-1. Керамикалық қуысты кірпіш.

 

Кірпіштер пішіні, өлшемі, бұйымдағы қуыстардың орналасуы, сыртқы қабырғасының қалыңдығы, цилиндрлі қуыстың диаметрі, тесікті қуыстың ендері, сыртқы көрсеткіштері бойынша бұйым бетінен ауытқу бойынша МЕСТ 530-90 сәйкес барлық талаптарға сай болуы кажет.

Кірпіштердің үстіңгі бетінде жарықтары болмауы қажет. Кірпіште екі үстіңгі беті үшкірлі және қасықты болады. Тұтынушы мен дайындаушы кәсіпорынның келісімі бойынша, кірпіштерді бір ғана бетімен шығарады.

Кірпіштің үстіңгі бетінде күндізгі жарықта ашық алаңда 10 м қашықтықта көрінетін дақтар, басқа түстер және ақаулар болмауы тиіс. Бұйымның үстіңгі бетінде сурет, түс және басқа көрсеткіштер, эталон үлгісінің орнатылған ретімен бекітілгенуге сай болуы керек.

Кірпіштердің үстіңгі бетінің сыртқы түрінің көрсеткіштері мен номиналды өлшемдерінің   ауытқулары белгілі бір шамадан аспауы қажет.

Кірпіштердің су жұтуы 6% кем болмауы керек және карбонат құрамды саздарға - 12%, диатомит қосқан саздарға - 20%, калған саздарға- 14% рұқсат етіледі.

 

5 ӨНДІРІСТІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМІ

 

1-кесте

Өндірістің жұмыс режимі

 

Өндірістің процесстері

Жұмыс ауысымының саны

Жылдық жұмыс күндері

1

Саз балшықты карьерден шығару

-саз қорлары жоқ болса

-саз қорлары бар болса

 

 

2-3

2-1

 

 

305-365

305

2

Топырақты дегидратациялау бөлімі

 

3

 

305-365

3

Саз балшықты массаны, қоспаларды дайындау

 

1-2-3

 

305-365

4

Шихта қоры

-шихтаны толтыру

-шихта қорларды тарату

 

1-2-3

2-3

305-365

305-365

305-365

5

Қалыптау

2-3

305-365

6

Кептіргіштерде кептіру

-туннельді камералы

-конвейрлі

3

3

3

305-365

305-365

305-365

7

Күйдіру процесі

3

365

8

Дайын өнімді шығару

-автотранспорт

-темір жол арқылы

 

2

3

 

365

365


 

Зауыттағы негізгі агрегаттардың жұмыс түрін, сменалық жұмысты, құрал-жабдықтардың өтпелі және жобалық жөндеу үшін қажетті уақыт резервін және де керамика бұйымдарын өндіретін өнеркәсіптерді техникалық жобалау нормаларын ескере отырып, келесі жұмыс тәртібін қабылдаймыз:

1. Жылдағы тәулік саны      -365

2. Мейрам күндері мен демалыс  күндерінің саны  -60

3. Жылдық есептік тәуліктер саны     -305

4. Апталық жұмыстың ұзақтығы, тәулік    -5

5. Тәуліктегі жұмыс сменасының  саны    -2

6. Жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат    -8 
6 ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМА

 

Өндірістік қуат – бұл  берілген бұйым түрлерін максималды шығарудың мүмкінділігі.

Өндірістік бағдарлама – нормаланған уақыттағы бұйымның әрбір түрін шығарудағы өндірістік қуат.

  1. 1 750 000 дана (1,5% ақау=26 250 дана)

+1,5% ақау 1776250 дана

 

  1. Өнімді жылдық санын жұмыс күнінің санына бөлеміз:

1 750 000/305=5738 дана (1,5% ақау=86 дана)

+1,5% ақау 1776250/305=5824 дана

 

  1. Шыққан нәтижеден ауысым санын табамыз:

5738/2=2869 дана (1,5% ақау=43 дана)

+1,5% ақау 5824/2=2912 дана

 

  1. Енді бір ауысымда шығатын өнім санын табамыз:

2869/8=359 дана (1,5% ақау=5 дана)

+1,5% ақау 2912/2=364 дана

 

2-кесте

Шығару бағдарламасы

 

Бұйым түрі

Жылына

(дана)

Тәулігіне

(дана)

Ауысымда

(дана)

Сағатына

(дана)

Қуысты кірпіш

1 750 000

5738

2869

359

+1,5% ақау

1 776 250

5824

2912

364


 

 

Массаны дайындау әдісін таңдау

 

Сазды шикізатты өңдеуде саздың табиғи структурасын (құрылымын) бұзу мақсатында табиғи және механикалық өңдейді. Алдын ала сумен ылғалданған сазды табиғи өңдегенде ұзақ уақыт бойы атмосфералық әсерге ұшыратады, ол саздың босауына, иілгіштігін, байланыстырушылығын, қалыптанушылығын жоғарылатады.

Алайда сазды табиғи өңдеу әдісі көп уақытты, үлкен алаңды қажет етеді және тасты араластардың толығымен бөліп алуды қаматамасыз етеді.

Механикалық өңдеуде сазды шикізаттағы тасты араластарды майдалап немесе бөліп алауға, гомогенді массаны жайғасымды қалыптау үшін қолданады.

Информация о работе « Құрылыс керамикасы технологиясы» пәні бойынша курстық жобаның