Атокөлікті сақтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 23:59, курсовая работа

Краткое описание

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автокөлікті сақтандыру Word (23).doc

— 485.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. АВТОКӨЛІКТІ  САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН  ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 Қазақстандағы  сақтандыру қызмет нарығының  қалыптасуы

1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және  жеке тұлғалардың автокөліктерін  сақтандыруды анықтау және есептеу

1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру

1.2 Сақтандыру  компаниясының сипаттамасы және  басқару жүйелері

1.3 Автокөлікті  сақтандырудың ақпараттық жүйесін  тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы

1.4 Автокөлікті  сақтандырудың ақпараттық жүйесіне  қойылатын талаптар

1.4.1 Ақпараттық жүйелер  құрылымына қойылатын талаптар

1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына  қойылатын талаптар

1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын  талаптар

1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын  талаптар

1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын  талаптар

1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын  талаптар

1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын  талаптар

1.4.8 Ақпараттық және программалық  құралдарды бұзылудан және деректерден  алудан қорғау

1.5 Автокөлікті  сақтандырудың ақпараттық жүйесінің  концептуалдық схемасы

2. АВТОКӨЛІКТІ  САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН  ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ

2.1 Ақпараттық  жүйе есептер кешенінің орны

2.2 Есептерді  орнату

 

        3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ  ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН  АЙМАҚТАРЫ

3.1 Ақпараттық  жүйені құруға кететін шығындарды бағалау

3.2 Есеп кешенінде ақпараттық  технологияларды жаңарту кепілдемесі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Біздің қоғамымыздағы  сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай  өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.

Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға  төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың  фактісі болып әрі осының жалғасы  ретінде айтарлықтай жеделдікпен  альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.

Ғылыми жұмыстың мақсаты – автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және автокөлікті сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды алу.

 

 

 

 

1. АВТОКӨЛІКТІ  САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН  ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ

1.1 Қазақстандағы сақтандырудың  қызмет нарығының қалыптасуы

 

Сақтандыру объектісі бойынша  сақтандыру қатынастарының барлық жиынтығын  екі үлкен салаға бөлуге болады: автокөлікті сақтандыру мен жеке тұлғаны сақтандыру.

Автокөлікті сақтандырудағы сақтандырушылық қатынастардың  объектісі - оның барлық түрлеріндегі автокөлік болып табылады. Автокөлікті сақтандырудың экономикалық бағыты – сақтандырушылық жағдай салдарынан пайда болған зиянның орнын толтыруда қорытындылады.

Сақтанған болып сақтанушының меншігіндегі, сондай-ақ оның сеніміндегі, қолдануындағы және өкілеттігіндегі автокөлік бола алады. Сақтандырушылар болып – тек қана автокөлік меншіктері ғана емес, сонымен қатар автокөліктің сақталуына жауап беретін басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады

2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру  туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 7 бабына сәйкес автокөлікті сақтандыруға сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелдерді және азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру да жатады

Кәсіпкерлік қызметте кәсіпкер контрагенттерімен өздерінің міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерге тәуелді емес жағдайлардан осы қызмет шараларының өзгеруінен күтілетін табыстарды алмаумен тәуекел сақтанады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті  сақтандыру кезінде сақтандыру объектісі  болып басқа адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіру салдарынан пайда болатын, сонымен қатар келісімдерден немесе басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі болып табылады.

Сақтандыру түрлерінің саны тәжірибеде шектелмеген және әлеуетті сақтанушылардың мүдделерінің шексіз әртүрлігіне адекватты болып табылады

Мысалға, бізде ең көп таралған сақтандырудың кейбірін келтірейік.

Заңды және жеке тұлғалардың  автокөліктерін сақтандыруда бұл  көлік  құралдарын, материалдарды сақтандыру болып табылады.  Жауапкершілікті сақтандыру бойынша – автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін сақтандыру,  жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру, үшінші жақтарға зиян үшін кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру (экологиялық сақтандыру), кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандырудың түрлері өндіріс үрдісінде немесе қызметтерді ұсынудағы нақты тәуекелдерге байланысты. Олар: жаңа техниканы иемдену, валюта бағамдарының ауытқуы, өндірістегі үзіліс және т.б.

Қауіптер сипаттары  бойынша сыныптау тек қана автокөлікті  сақтандыруды қамтиды және бір-бірімен  иерархиялық байланыста емес бес  негізгі буындарды бөледі. Олар:

  1. Оттан және стихиялық жағдайлардан сақтандыру.
  2. Зиянкестердің және тиімді емес табиғат жағдайларынан сақтандыру.
  3. Көліктің барлық түрлерін апаттардан, айдап кетулерден және басқа да қатерлерден сақтандыру.
  4. Техногендік апаттар мен катастрофалардан сақтандыру.
  5. Қаржылық тәуекелдерден сақтандыру.

Қауіптер сипаттамасы  бойынша сыныптау зиянды анықтау  мен сақтанушылық орны толтыру әдістерін  дамыту үшін қолданылады. Келтірілген  буындардың әрқайсысының өзі берілген сыныптама шеңберіндегі сақтандырудың жеке түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасында  сақтандыру бизнесін реттеудің заңдық жүйесін дамыту үрдісі созылып кетті. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” алғашқы Заңы тек 2002ж. 3 шілдесінде ғана қабылданды және іске 1 қыркүйекте енгізілді. Жалпы заң сәтті болмады. Басқа да кемшіліктермен қатар онда бастысы – сақтандырушылық ұйымдарды тіркеу, сақтандырушылық қызметті лицензиялау механизмдері мен мемлекет тарапынан  бақылау болмады. Негізінен осы себептен заң жұмыс істемеді. Ол адал бәсекелік күресті қамтамасыз еткен жоқ. Көбінесе, сақтандыру компаниялары бір-бірімен бәсекелесіп, сақтандырушылар мүдделері зиян кескен жағдайларға алып келді.

Істе болған “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы”  Заңындағы кемшіліктер мен есептемеулер белгілі бір мөлшерде 2004ж. 16 сәуірінен №1658 “Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен түзетілді.

Осы Жарғыға сәйкес сақтандырудағы лицензиялау мен бақылау органының өкілеттіктерімен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіндегі сақтандыру Департаменті дамытылды /1/.

Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру үшін тығыз  фундаментті қалаған заң актісі болып 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру  туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. Ол мемлекеттік, сондай-ақ жеке сақтандырушылық ұйымдардың  еркін адалдық бәсекелестігі үшін нақты жағдайлар дамытты, шетел инвесторлары үшін ішкі сақтандырушылық нарықты ашты.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы сақтандырушылық туралы заңы Азаматтық кодекстің сәйкес баптарынан (ерекше бөлігі), 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығынан (әрі қарай – “Сақтандыру туралы” Жарлық немесе Жарлық), Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің, сондай-ақ өкілеттік мемлекеттік органның заң актілері мен оларға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерден тұрады

Сақтандырушылық қатынастарды реттейтін негізгі заң акітелрі болып табылатын “Сақтандыру туралы” Жарлықтың сипаттамасы.

Сақтандыру келісімінің  нысаны мен мазмұнына Жарлықпен  белгілі бір талаптар қойылады. Келісімге  сақтандыру қатынастары жүйесінде  негізгі орын беріледі, өйткені нақ  келісім нысанында сақтандыру тәжірибелі жүзеге асады.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ал оны  төлеу кейінге қалдырылған кезде  – бірінші сақтандырушылық салым  мерзімінен бастап сақтандыру келісімі күшіне енеді және  жақтар үшін міндетті болып табылады және бірінші болған сақтандырушылық жағдайдан сақтандырушылық орнын толтыруды төлеу мерзімінен бастап, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, өзінің қызметін тоқтатады.

Сақтандырушылық қорғаудың  қызмет ету кезеңі, егер міндетті сақтандыру туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса келісім қызметі мерзімімен сәйкес келеді. 

Сақтандыру территориясы Қазақстан Республикасының территориясымен, егер сақтандыру объектісі сипатынан  басқадай шықпаса немесе келісімде  қарастырылмаса сәйкес келеді

Жарлықпен келісімді  мерзіміне дейін тоқтату және оны жарамсыз деп тану тәртібі  бекітілген.

Азаматтық кодекспен  қарастырылған міндеттері тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа сақтандыру келісімі келесі жағдайларда тоқтатылады:

  • сақтандыру объектісі жойылған кезде;
  • оны ауыстыру болмаған жағдайдағы сақтандырушы болып табылмайтын сақтанушының өлімі;
  • егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болып, ал келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, сақтандырушының мүліктік сақтандыру объектісінен бас тартуы жағдайында;
  • егер басқа жағдайлар қарастырылмаса, сақтанушымен кезекті сақтандыру салымдарын бекітілген мерзімге дейін төлемеуі;
  • сақтандырушы мен сақтанушының талаптары, егер бұл сақтандыру шарттарымен, сондай-ақ жақтардың келісімі бойынша қарастырылса.

Келісімнің қызмет ету  кезеңінде сақтандырушының сақтандыру сомасын көбейту талабына сәйкес, онымен негізгі келісімнің аяқталу  мерзіміне дейінгі кезеңге қосымша  келісімге қол коюға болады. Бұл  кезде негізгі және қосымша келісім  бойынша сақтандырушылық сома берілген автокөлікті сақтандыру нұсқасы үшін бекітілген мөлшерден жоғары бола алмайды.

Бір жылға келісілген келісімдер бойынша сақтандырушылық  төлемдер сақтанушымен бекітілген ставкалар  бойынша төленеді.

Бір жылдан аз мерзімге қол  қойылған келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер жылдық төлем сомасынан келесі мөлшерлерден төленеді:

2 айға – 30%,

3 айға – 40%

4 айға – 50%

5 айға – 60%

6 айға – 70%

7 айға – 75%

8 айға – 80%

9 айға – 85%

10 айға – 90%

11 айға – 95% мерзімдеріне  сақтану кезінде.

Жоғарыда көрсетілген  мөлшерлерде және сақтандырушылық  сомалардың жоғарылауына сәйкес келісілген қосымша келісімдер бойынша сақтандырушылық  төлемдер төленеді. Осы кезде толық  емес ай үшін төлем толық ретінде  төленеді /19/.

Тәжірибеде сақтандырушылар 2 немесе 3 жылға келісілген мерзімімен автокөлікті сақтандырудың жалпы келісімдері бойынша төленген соманың 10%-ке  дейін, ал 4 немесе 5 жылға – 15%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады.

Бес және одан да көп өткен  жылдар бойы үздіксіз автокөлікті сақтандырудың  келісімдеріне қол қойған және осы уақыт ішінде сақтандырушылық орнын толтыруды алмаған тұрақты сақтандырушыларға жаңа келісімге келу кезінде төленген соманың 20%-не дейін жеңілдік беріледі.

 

      1. Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу

 

Өз сақтанушыларына  кездейсоқ оқиға басталған жағдайда жоғалған, бүлінген көліктер үшін материалдық  өтем беруге кепілдік бере отырып, сақтандыру ұйымдары олардың әлеуметтік қорғалуын  жүзеге асырады әрі мұны барынша  толық көлемінде істеуге күш салады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтар мен барлық жүйелердегі кәсіпорындардың автокөліктерін ерікті сақтандыру қызметінің кейбір жеке түрін кіргізу жөніндегі ұсынысқа назар аударуға болады.

Міне осылайша, жер  сілкінісі – адамдардың кездейсоқ  оқиғадан қорғана білуінің бір тәсілі болып табылад. Осы себепті Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы Қазақстанда жер сілкіну жағдайындағы ерікті сақтандыруды енгізді.

Информация о работе Атокөлікті сақтандыру