Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 09:11, доклад
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді. Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.