Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 09:11, доклад

Краткое описание

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді. Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

статистика жүргізу.doc

— 164.50 Кб (Скачать документ)

 

   

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасы

міндетін атқарушысының

2010 жылғы __30 желтоқсандағы__

№_356_бұйрығына қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туризм  статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Астана 2010

 

                                                     Кіріспе

 

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша  әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі  – Әдістемелік ұсынымдар) Қазақстан  Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснама мен статистикалық құралдарды жетілдіру» стратегиялық бағытын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.

Осы әзірлеменің әдістемелік негізі Дүниежұзілік туристік ұйыммен (ДТҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистика бөлімімен, Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ), Еуростатпен, Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымымен (ДСҰ) ынтымақтастықта әзірленген 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар болып табылады.

Әзірленген  әдістемелік ұсынымдар статистикалық  көрсеткіштер жүйесін оның халықаралық  деңгейде салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін БҰҰ халықаралық ұсынымдарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы әдістемелік ұсынымдар  туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және статистиканың аумақтық органдарымен тәжірибелік жұмысында пайдалануда басшылық ретінде қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

1.

Жалпы ережелер ……………………………………………………..…

4

2.

Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру ......………........

9

2.1

Туристік қызметтің  негізгі статистикалық көрсеткіштері...................

10

2.1.1

Туристік сапарлардың  сипаттамалары…………………………………

12

2.2

Орналастыру орындарының  негізі статистикалық көрсіткіштері ......

16

2.3

Туристік шығындар……………………………………………………..

18

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………

22


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады.   Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе  қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен  алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. 

Туризм қазіргі  уақытта әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде ауқымы кеңейген қызмет түрі болып табылады. Бүгінгі күнде туризм мемлекеттік кірісте, жеке табыста, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде және экономикада тікелей немесе  қосылған құнды құру тағы да басқа әсер ету жолымен  алып тұрған немесе болашақта алатын рөліне көп назар аударылуда. 

 

 

2. 2008 жылғы Туризм  статистикасының халықаралық ұсынымдары  барлық елдерде олардың статистикалық жүйелерінің даму деңгейіне қарамастан туризм бойынша статистикалық деректерді жинау және өңдеу үшін бәрін қамтитын әдіснамалық негізді қамтамасыз етеді. 

2008 жылғы Туризм  статистикасының халықаралық ұсынымдары  халықаралық стандарттардың іргелі негіздерін қозғаған жоқ. Солай бола тұра енгізілген өзгерістер  маңызды болып табылады және атап айтқанда «келуші», «туристік сапар», «тұрудың кәдімгі ортасы» деген түсініктерді нақтылауға, байқаудың маңызды объектілерінің бірі ретінде «туристердің отбасылық ұжымы» түсінігін енгізуге, сапарлар мақсаты жіктелімін көтермелеу сапарларымен толықтыру, орналастыру түрлері жіктелімін, өндірістік қызмет өнімдері мен түрлері жіктелімін,  сондай-ақ келушілер санатының қамтуы саласын толықтыруға, «туристік шығындар» мен «туристік тұтынулар» түсініктерінің ара жігін ажыратуға, туризмге талдау жүргізуде еңбекпен қамту құрамдас бөлігінің маңыздылығын арттыруға, туризм көрсеткіштерінің төлем теңгерімі статистикасымен байланысын анықтауға қатысты. 

3. Туризм статистикасы бойынша қолданыстағы әдістемелік ұсынымдарға жаңа стандартпен келістілігін арттыру үшін өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 2008 жылғы туризм статистикасы бойынша ұсынымдарымен сыйысатын және Қазақстанның нақты талаптары мен шарттарына бейімделген туризм статистикасы көрсеткіштерін анықтау және қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. 

Әдістемелік ұсынымдарды  әзірлеу үшін 2008 жылғы туризм статистикас бойынша халықаралық ұсынымдардың тұжырымдамалық негіздері пайдаланылды. 

Осы әдістемелік ұсынымдарда келтірілген тұжырымдарды, анықтамаларды, жіктелімдер мен көрсеткіштерді туризм статистикасы жүйесінің маңызды негізі ретінде қарастырған жөн.  Осылайша олар туризм саласында ақпараттарды үйлестіру, салғастыру және түсіндіру кезінде негізгі материал ретінде пайдаланылуы тиіс.  

4.  Әдістемелік ұсынымдарда келесі түсініктер пайдаланлады: 

  1. туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
  2. ішкі туризм – қарастырылып жатқан ел шегінде  тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
  3. келу туризмі – қарастырылып жатқан елде тұрмайиын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі;
  4. шығу туризмі – қарастырылып жатқан ел шегінде  тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
  5. қызмет түрі – сапарға дайындық кезінде және сапар барасында тутынушылар ретінде адамдардың іс-әрекеті мен жүріс тұрысы;
  6. турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;
  7. саяхатшы – әр түрлі мақсатта және қандай да бір мерзім ішінде әртүрлі географиялық мекендер арасында орын ауыстыратын қандай да бір тұлға; 
  8. келуші – елде немесе бару орнында тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда  кез-келген басты мақсатпен (іскерлік сапар, демалу, немесе басқа да жеке мақсат) бір жылдан кем мерзімге оның әдеттегі ортасынан тыс орналасқан қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапар шегетін саяхатшы; 
  9. халықаралық келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған саяхаттап жүрген ел тұрғыны болып табылмайтын немесе қарастырылып отырған ел тұрғыны, одан тыс жерде саяхаттаушы болып табылатын келуші;
  10. ішкі келуші – туристік сапарда жүрген және қарастырылып отырған ел тұрғыны болып табылатын келуші; 
  11. түнейтін келуші – сапарына түнеу кіретін келуші (ішкі, келу немесе шығу);
  12. бір күндік келуші (немесе экскурсант) – келуші (ішкі, келу немесе шығу) егер оның сапары түнеуді қосса немесе түнеуші келуші деп немесе басқа жағдайларда бір күндік келуші (немесе экскурсант) деп жіктеледі; 
  13. саяхаттаушы бірлестік – шығындары біріктірілетін бірлесіп сапар шегуші келушілер; 
  14. туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы;
  15. туристiк қызмет көрсету – туристiң саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да қызметтер);
  16. туристік өнім – туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы; 
  17. туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
  18. туристік индустрия – туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл-көтеруобъектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың жиынтығы; туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметтерін ұсынатын ұйымдар; 
  19. туристік шығындар – тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға келушілердің өздері төлейтін шығындар,  сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді; 
  20. ішкі туризмге кіретін шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары; 
  21. келу туризміне жататын шығындар - бұл келушінің өзі резиденті болып табылмайтын қарастырылып отырған экономика шеңберіндегі туристік шығындары; 
  22. шығу туризміне жататын шығындар – бұл келушінің өзі резиденті болып табылатын қарастырылып отырған экономика шегінен тыс туристік шығындары;   
  23. туристік келу – туристік сапар кезінде баратын орында болу; 
  24. туристік сапар – бұл саяхатшының келген жерінде тіркелген кәсіпорынға жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда қандай да бір мақсатпен (іскерлік сапар, демалу немесе басқа де жеке мақсат) бір жылдан кем уақытқа оның әдеттегі ортасынан тыс жердегі қандай да бір негізгі мақсатты орынға сапары.  Туристік сапардаға саяхатшы келуші деп аталады; 
  25. келу немесе шығу сапары – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орнынан тыс жердегі сапар;
  26. ішкі сапар – бұл негізгі мақсатты орны келушінің тұрақты тұру орны шегіндегі сапар; 
  27. туристік қызмет – жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметі; 
  28. туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
  29. туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрi – турагент) туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;
  30. экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарға танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
  31. экскурсиялық қызмет – уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстар азаматтарына танымдық мақсатта келудi ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет. Туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды;
  32. мекеме - бұл кәсіпорын немесе оның өндірістік қызметтің тек бір түрі ғана жүзеге асырылатын немесе қызметінің негізгі түріне қосылған құнның көп бөлігі келетін бөлігі;
  33. қонақ үй – қонақ үйлік қызметпен қамтамасыз ететін, нөмірлік қоры, қабылдау қызметі, басқа да қызметтері бар орналастыру құралдары;
  34. санатсыз қонақ үй – келушілерді орналастырудан басқа қызмет түрлерін ұсынбайтын, қызметі шектеулі кішігірім мекемелер;
  35. «1 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарды орналастыру үшін ең қажет деген қызмет түрлері ғана қарастырылған шағын мекемелер, мекеменің өз күшімен ұйымдастырылған, келушілерді орналастыру мен тамақтандыру сияқты базалық қызмет түрлерін ұсынады;
  36. «2 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға қонақ үй аумағында қызмет көрсетудің стандартталған жиынтығын көрсететін соның ішінде мейрамханалар немесе кафелерде тамақтандырумен қоса шағын және орташа мекемелер;
  37. «3 жұлдызды» санатындағы қонақ үй – тұрғындарға (соның ішінде қонақ үйде орналасқан мейман<span class="dash0410_0431_0437_0430_0446_0020_0441_043f_0438_0441_043a_0430__Char" style=" font-family: 'KZ Times New Roman', 'A

Информация о работе Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар