Статистикалық кестенің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 08:48, курсовая работа

Краткое описание

Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай , топтық және күрделі болып 3 түрге бөлінеді.
Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп , процестер , құбылыстар , обьектілер (зерзаттар) аттары көрсетілсе , ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз. Олар : тізімдік , территориялық және хронологиялық (мезгілдік).
Тізімдік жай кестенің бастауышында зерттелетін обьектінің тізімі беріледі. Мысалы , 4.12 – кестеде Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру туралы мәліметтер берілген.
4.12 – кесте

Прикрепленные файлы: 1 файл

Статистикалық кестенің түрлері.docx

— 43.89 Кб (Скачать документ)

   Сызықтық диаграмма. Диаграммалардың ішіндегі ең жиі кездесетіні – сызықтық диаграмма. Осы түр өсіңкілік қатарларды немесе өзара байланысты көрсеткіштерін көрнеті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картограмма және картодиаграмма

 

    Картограмма немесе статистикалық карта деп кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтықтарын көрнекті түрде әр түрлі белгілері арқылы жеке бейнелеуді , яғни экономикалық – географиялық бірліктері (ауыл ,аудан,облыс,мемлекет) бойынша құбылыстарды,процестерді,өзгерістерді түрлі –түсті бояулармен контурды картада көрсету жолдарын айтады. Графикалық әдістің бұл түрі бір шаршы километрге келетін халықтың орташа тығыздығын  сипаттау үшін қолданылады.

    Картограмма құрылыстық  мәніне, қолданылуына қарай бедерлі  және нүктелі болып екі түрге  бөлінеді.Осының ішіндегі жиі қолданылатын бедерлі түрі,оны кейбір жағдайларда белгілі бір фон үстіндегі бедер деп те атайды.

Картограмманың бұл түрі берілген көрсеткіштердің ,мәліметтердің  арасында өзара айырмашылықтар болған жағдайда қолданылады , яғни сол өзгерістерді түрлі – түсті бояулар арқылы жеке суреттейді.Кейбір бояулардың орнына түрлі (штрихті) сызықтар сызу арқылы да көрсетіледі. Бірақ көрсеткіштің мөлшері  артқан сайын бояумен сызықтар қоблана  түседі.

     Нүктелі картограмма  – бұл екінші түрі және графикалық  әдісте жиі қолданылады. Мұнда  графикалық бейнелеу белгілері  нүкте арқылы беріледі. Әрбір  түсірілген нүкте сол берілген  көрсеткіштердің  белгілі бір  сандық бірлігі болып есептелінеді.

     Картодиаграмма  географиялық  контурлы картаға әр түрлі белгілері арқылы диаграмма түсіру деген ұғымды білдіреді. Түсірілген  бейнелеріне байланысты картодиаграмма бағаналы,тік бұрышты,шаршылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді. Бірақ сандық көрсеткіштеріне байланысты көрсетілген түрлі белгілеріміздің көлемдері өзгеріп отырады.

    Картограмма мен  картодиаграммада да өздеріне  тән кемшіліктер кездеседі. Олардың  кемшіліктері – жеке бөлік ішіндегі сол кездегі айырмашылықтар мен өсіңкіліктерді нақты көрсете алмауы. Соған қарамастан , статистикалық мәліметтердің графикалық бенесін көрсету үшін жиі қолданылады.

 

 

 


Информация о работе Статистикалық кестенің түрлері