Статистикалық кестенің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 08:48, курсовая работа

Краткое описание

Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай , топтық және күрделі болып 3 түрге бөлінеді.
Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп , процестер , құбылыстар , обьектілер (зерзаттар) аттары көрсетілсе , ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз. Олар : тізімдік , территориялық және хронологиялық (мезгілдік).
Тізімдік жай кестенің бастауышында зерттелетін обьектінің тізімі беріледі. Мысалы , 4.12 – кестеде Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру туралы мәліметтер берілген.
4.12 – кесте

Прикрепленные файлы: 1 файл

Статистикалық кестенің түрлері.docx

— 43.89 Кб (Скачать документ)

                                       Статистикалық  кестенің  түрлері

    Бастауыштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай , топтық және күрделі болып 3 түрге бөлінеді.

    Жай кесте. Бастауыш  бір ғана белгі арқылы бөлініп  , процестер , құбылыстар , обьектілер (зерзаттар) аттары көрсетілсе , ондай  кестені статистикалық жай кесте  дейміз. Олар : тізімдік , территориялық  және хронологиялық (мезгілдік).

   Тізімдік жай кестенің  бастауышында зерттелетін обьектінің  тізімі беріледі. Мысалы , 4.12 – кестеде  Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін  өндіру туралы мәліметтер берілген.

                                                                                                             4.12 – кесте

Қазақстан өнеркәсіп  орындарының негізгі өнімдері

 

Өнімнің түрлері

                   Өндірілгені

2012 жыл 2013 жылмен салыстырғанда  ,

% есебімен

         2012

       2013

Мұнай ,мың т.

Газ , млн.

Көмір , млн. т.

Электр энергиясы, млн. квг.с

22893

5456

131

 

 

81263

25388

6710

139

 

 

89657

111,2

123,0

106,1

 

 

110,3





         

        Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның , облыстың) тізімі берілген болса , онда оны аймақтық жай кесте деп атайды.Оған масыл ретінде төмендегі 4.13 – кестені келтірейік:

Қазақстан Республикасының  облыстары қазақтар саны (мың адам)

Облыстар

2010

2012

2013

ҚР оның ішінде:

Жамбыл

Қызылорда

Оңтүстік Қазақстан

Атырау

5289,4

410,4

428,0

797,8

370,0

6534,6

507,3

512,0

1012,3

339,0

7073,1

563,5

546,0

1107,6

358,9


 

Кесте бастауышында уақыт  мерзімі (жыл ,тоқсан,ай,күн) , ал баяндауышында  сандық көрсеткіштер берілетін болса,онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз.(4.14 – кесте)

   Көп жағдайда уақыт  мерзімі кестенің бастауышында  емес, баяндауышында көрсетілетін  болса,онда ол хронологиялық жай  кесте болмайды.Мысалы,кесте бастауышында  облыстардың немесе аудандардың  аттары ,ал баяндауышында уақыт  мерзімі бойынша көрсеткіштері  көрсетілген болса,онда оны хронологиялық тізімді кесте дейміз.Оған мысал ретінде төмендегі 4.15 – кесте келтірілген.

                                                                                                               4.14 – кесте

Қазақстан халқы  санының өсуі (мың адам есебімен)

 

 

Жылдар

 

Жалпы халық саны

Оның ішінде % есебімен

қалада

ауылда

2009

2010

2011

2012

2013

9295

13009

14684

16573

16468

44

51

54

57

57

56

49

46

43

43


 

 

                                                                                                             4.15 – кесте 

Облыстар бойынша  қант – шекер өндіру көрсеткіштері  (мың тонна)

 

2008

2009

2010

2011

2012

2013

ҚР

оның ішінде:

Алматы

Жамбыл

Талдықорған

176,2

 

26,8

77,2

72,2

147

 

16,4

59,0

71,9

271,6

 

53,3

136,7

81,9

337,3

 

51,2

182,9

102,9

337,3

 

63,1

172,6

141,6

381,4

 

64,4

174,6

142,4


 

   Жоғарыда көрсетілген  жай кестелердің өзі көптеген  қызықты мәліметтер беріп,белгілі  бір қорытынды жасауға тікелей  көмегін тигізеді.

   Топтық кесте.Кесте бастауышы топталған белгінің негізінде құрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз. Яғни топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады.Мысал ретінде 4.15 – кестені қолдансақта болады.

    Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып , ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойынша жеке бөліктерге бөлінеді.

     Кесте құрастырудың өзіне тән негізгі ережелері бар:кестенің жоғарғы жағында оның нақты аты жазылып,бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру,яғни сөздерін  толық беру қажет. Бірақ жолдарда , бағаналарда көрсетілген көрсеткіштердің қай уақытта , қай жерден алынғаны , өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда , бір өлшемнің ғана аты берілген болса, онда оны кестенің жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері әр түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет. Еске сала кететін бір жай , кестенің бастауышы мен баяндауышы өте көп болып берілмеуі керек.

 

 

Статистикалық графикалық әдіс туралы түсінік және оның

қолданылуы

   Есеп беру жүйесінің  қорытындысы бойынща өңделген  мәліметтер мен түрлі жүргізілген  зерттеу жұмыстарынан , бақылаулардан  , халық санақтарынан біз көптеген  қызықты көрсеткіштерді кездестіреміз  .Сол мәліметтерді толық , көрнекті  түрде  көрстеу үшін кестелік  әдіс қолданылады,яғни жиналған  сандық көрсеткіштер кесте түрінде  беріледі.

    Мәліметтердің  көрнекі болуы үшін біз кестелік  әдістен енді графикалық әдіске  ауысуымыз керек. Ал графикалық  әдіс статистикалық  кестенің  табиғи жалғасы болып саналады,яғни  кез келгенкестенің мәліметтерін  график түрінде көрсетіге толық  болады.

    Статистикалық  график – берілген сандық көрсеткіштердің  мазмұнын геометриялық сызықтар , нүктелер және фигуралар арылы  бейнелеу немесе географиялық  картосхемалар арқылы көрнекті  түрде кескіндеу үшін салынған  сурет.

    Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз – сол  берілген мәліметтерді түсінікті , қолайлы және қыықты түрде дұрыс көрсете білу.

Бұл – халықтың назарын  сандық көрсеткіштерге және оған талдау жасауға аудару. Сонымен бірге , әр түрлі баяндамаларда , хабарларда  және  ғылыми – зерттеу  жұмыстарында статистикалық мәліметтер графиктің  көмегі арқасында көрсетіледі.

     Статистикалық  график арқылы сандық  көрсеткіштердің  өсуін немесе кемуін , олардың   өзара  байланыстылығын , заңдылығын  анықтау үшін оның алдына қойған  мақсатына көңіл бөле отырып, негізгі талаптарды орындауға тиіспіз. Ол талаптар төмендегідей:

  1. Графикте көрсетілген мәліметтер айқын шындықты бейнелеуі керек.

 Ол , сонымен  бірге  өмірдегі болған өзгерістерді толық мазмұндайды және сана – сезім , ойлау жүйесі арқылы суреттегі көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасайды.

  1. Графиктің құрылымы назар аударарлықтай көрнекті , түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс , ал мүмкіншілік болған жағдайларда көркем өрнектелгені дұрыс.
  2. Графиктегі көрсетілетін  көрсеткіштердің мазмұнына байланысты рның толық аты , орны , уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.

Графиктің негізгі элементтері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шарттты  белгілері дей отырып , әрбір графиктің  төмендегідей негізгі элементтерін ажырата білуіміз керек:

   1)графиктің негізі – геометриялық белгілер,яғни    нүктелердің,сызықтардың,фигуралардың көмегімен бейнеленген статистикалық шама жиынтығы;

   2)графиктің өрісі – оның кеңістіктегі бейнесі мен белгілері орналасатын;

   3)кеңістік бағыты,яғни геометриялық белгілердің графиктік өрісі бойынша орналасуын анықтау;

   4)масштабтың бағытын,яғни осы белгілердің сандық өлшем бірліктерін,мөлшерін анықтау;

   5)графиктің экспликациясы,яғни графиктің аты мен оның жеке бөліктеріне,геометриялық белгілеріне сәйкес сөзбен түсініктеме беру.

  График сызбас бұрын,алдымен статистикалық көрсеткіштер ішінен суретке түсірілетін мәліметтердің дұрыс іріктеліп алынуы тиіс және жоғарыда көрсетілген элементтердің (бөліктердің) анықталуы қажет. Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып 2-ге бөлінеді.

     Нүктелі график  деп график негізінің жиынтықтары  нүкте ретінде,ал сызықтық график  деп сызықтардың қолданылуына  байланысты болатын жолды,төртбұрышты,  шеңбер тәріздес және т.б. түрінде  берілгендерін айтамыз.

     Сандық мәліметтерді  график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап  алуыңыз қажет,содан кейін оған  шкаласын түсіреміз.

    Масштаб (мөлшер) деп  графикке түсірілетін  сандық шаманы шартты өлшем  брлігіне ауыстыруды айтамыз.  Мысалы,1 см.50 км тең және т.б.  График немесе масштаб шкаласы деп статистикалық андық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықшаларды атайды.

   Масштаб шкаласына  қарай біркелкі және біркелкі  емес болып 2 түрге бөлінеді.

   Біркелкі немесе  арифметикалық масштаб шкаласы  дегеніміз әрбір белгіленген  белгінің сандық мәніне пропорционалды  сәйкес екендігін көрсету. Және  ол статистикада жиі қолданылады.

   Біркелкі емес  масштаб шкаласы деп әрбір  белгіленген белгінің сандық  мәнге сәйкес емес екендігін  көрсетуді атаймыз.

    Статистикалық  графиктің негізгі мақсаты –  оның композициясын анықтау.

   

 

 

 

 

Графикалық әдістің  негізгі түрлері

Статистикада графиктік  әдіс төмендегі келдтірілген мәселелерді шешу үшін қолданылады:

  1. статистикалық көрсеткіштерді салыстыру;
  2. зерттелетін жиынтықтың құрамы мен құрылымын сипаттау;
  3. уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған өзгерістердің өсіңкілігін бақылау;
  4. құбылыстардың өзара байланыстылығын білу;
  5. кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін анықтау үшін.

Жоғарыда көрсетілген  мақсаттарына сай және кеңістіктің  бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып  негізгі екі түрге бөлінеді. Сонымен  қатар, сәтіне,міндетіне қарай графиктік  әдіс те ,кардиограмма да қолданылады.

  Диаграмма. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі қолданылатын  және көп тараған түрі. Диаграмма – грек сөзі. « Бейне », « сурет », «сызба» деген мағынаны білдіреді.

Диаграммалар бағаналы,сызықты,шаршылы,шеңберлі,секторлы,фигуралы және «варзардың белгісі» атты болып бөлінеді.

   Бағаналы диаграмма.  Бұл – статистикалық көрсеткіштерді  өзара салыстыру үшін ең  көп  қолданылатын диаграмманың жай  түрі.Мысалы,төменде халық санақтарының  деректері бойынша республикамыздағы  қазақ халқының саны берілген  бағаналар ( мың адаммен):

2008      2009     2010    2011    2012    2013(есепті)

2314      2795     4234    5289    6535    7673

Осы мәліметтер бойынша бағаналы диаграмма құрамыз:

 

    Құрылымды диаграмма.  Құрылымды диаграмма статистикалық жиынтықтардың құрамын салыстыру үшін қолданылады. Құрылымының салыстырмалы көрсеткіштері жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерініңүлесін,яғни оның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеді.Құрылымды диаграмманың сандық көрсеткіштері нақты түрде және процент есебімен берілуі мүмкін.

   Шаршылы диаграмма.Кейбір жағдайларда статистикалық сандық көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің шаршылы түрі қолданылады. Оның бағалы немесе жолды диаграммалардан айырмашылығы сол,мұнда бейнелеуге құбылыстың көлем мөлшері.

   Шеңберлі диаграмма.Негізгі біркелкі берілген нақты шаманың өзара қарым – қатынасын шеңбер көлемі арқылы  бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз.

   Секторлық диаграмма.Мұнда берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі,яғни  құрылымының салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді.

Информация о работе Статистикалық кестенің түрлері