Денсаулық сақтауды жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2015 в 19:28, творческая работа

Краткое описание

Жоспарлау - экономиканы басқарудың құрамды бөлгі болып табылады. Ол мемлекеттік деңгейде (мемлекеттік жоспарлау), сала деңгейінде (салалық жоспарлау), аймақтық деңгейде (аймақтық жоспалау), жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде қолданылады. Сонымен қатар жоспарлауды үй шаруашылық, жанұялық деңгейде қолданылады. Мысалы: жанұялық бюджетті жоспарлау. Кең ұғымда жоспарлау - болашақты болжау, белгіленген үлгіні құру, жоспарланған әрекеттердің соңғы шегіне жету.

Содержание

Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлаудың негізгі принциптері
Қазіргі кездегі стратегиялық жоспарлау
Жоспарлаудағы негізгі нормативті құжаттар
Қазіргі кездегі жоспарлаудың орындалу барысы
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гаипова Лаззат.ppt

— 99.60 Кб (Скачать документ)

Қарағанды Медицина Университеті  
Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау йымы  
   

 

Тақырыбы: Денсаулық сақтауды жоспарлау

 

 

                             Орындаған:Гаипова Л.А.

Топ: 3-030

                             Тексерген:Дилдабекова Н.Т.

   Жоспары

 

    • Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлаудың негізгі принциптері
    • Қазіргі кездегі стратегиялық жоспарлау
    • Жоспарлаудағы  негізгі нормативті құжаттар
    • Қазіргі кездегі жоспарлаудың  орындалу барысы
    • Қорытынды

 

 

 

    • Жоспарлау - экономиканы басқарудың құрамды бөлгі болып табылады. Ол мемлекеттік деңгейде (мемлекеттік жоспарлау), сала деңгейінде (салалық жоспарлау), аймақтық деңгейде (аймақтық жоспалау), жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде қолданылады. Сонымен қатар жоспарлауды үй шаруашылық, жанұялық деңгейде қолданылады. Мысалы: жанұялық бюджетті жоспарлау. Кең ұғымда жоспарлау - болашақты болжау, белгіленген үлгіні құру, жоспарланған әрекеттердің соңғы шегіне жету.
    • Әртүрлі іс-әрекеттерді жоспарлау - мемлекеттің, саланың, аймақтың, кәсіпорындардың және ұйымдардың алға қойылған мақсатқа жетудегі максималды мүмкіндіктерін анықтаудағы маңызды шара болып табылады. Сондықтан жоспарлар нақты мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жоспар көрсеткіштерінде, оның мақсаттық өлшемдерінде. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу дәрежесіне көрініс береді. Сонымен қатар жоспарлы көрсеткіштер жоспарлы мақсатқа жету үшін ұйымдық және экономикалық іс-әрекеттердің бағыттамасын, аралық нәтижелерді, шығындалған ресурстардың түрі мен көлемін айқындайды. Жоспарлар белгілі уақыт ішінде жасалады, бұл жоспарлы кезең деп аталады. Жоспарлардың нәтижелі корсеткіштері жоспарлы кезең деп аталады.

 

    • Жоспарлау әдістері бағдарламасы - мақсаттық және дерективті болып бөлінеді. Бағдарламаны құру кезінде бағдарламалық мақсаттарға жету үшін міндетті түрде бағытталған шаралар құрылады.
    • Бағдарламалық шаралар: мақсатына жету үшін кімге, неге, қашан және қалай, не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Жоспарлаудың директивті әдісі кезінде басқару мүшесінен бағынушы мүшесіне немесе орындайтын объектіге тапсырма тізімдері болып табылатын жоспарлар қалыптастырылады және дерективті көрсеткіштер 3 топтан тұрады:
    • -   Жүмыстын көлемі мен сапасының көрсеткіші
    • - Тапсырманы  орындау  үшін ресурстық қамтамасыздандыру өлшемдердің көрсеткіштері
    • - Орындау мерзімдері

     Бағдарлама орындау уақыты бойынша  бөлінеді:

    • - Стратегиялық (5 және көп жыл)
    • - Орташа мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін)
    • - Ағымды (1 жыл)

 

    • Ағымды жоспарлау кезекті жылға денсаулық сақтаудың стратегиялық жоспарларын іске асыруға арналған шарттарды анықтайды. Ағымды бағдарламаларды іске асыру барысында стратегиялық бағдарламаны іске асырушы мониторингті бақылау орындалады, қажетіне қарай оларды түзету жасалады, осылай денсаулық сақтауда жоспарлаудың үздіксіз процесс принципі жүзеге асады.
    • Орта мерзімді жоспарды жасауда келесі тәсілдер қолданады:

    - жалпы тепе-теңдік тәсілі;

    - монографиялық тәсіл;

    - жоспарды үздіксіз жасау тәсілі. Жоспар төрт этап бойынша жасалады:

    • 1)   дайындык жұмысы;
    • 2)   бақылау цифрларын жасау;
    • 3)   жоспардың жобасын бекітуге өткізу;
    • 4)  жоспарды карастыру, бекіту және төменде тұрған органдарға жіберу. Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттік ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады. 

 

    • Орта мерзімге арналған жоспар ұзақ мерзімге арналған жоспарлардағы параметрлерді нақтылап, берілген уақыт кезеңінің мақсаты мен міндетіне жету шараларын анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер деңгейінде жасалып, шаруашылық салаларына (эвеноларына) бағдар мен ұсыныс ретіңде қызмет етеді.
    •     Орта мерзімді жоспар жасау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың өз кезеңіне сай, стратегиялық-тактикалық мақсат-мүддені іске асыруға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесі анықталады.
    •     Орта мерзімді жоспар мына тараулардан тұрады:
    •    1.Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау.
    •    2.Экономикалық саясатың негізгі бағыттары.
    •    3.Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері.
    •    4.Экономикалық реттеуіштер.

 

Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:

1. Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағыттылған.

2. Әр-түрлі    жағдайларға    байланысты    жоспарға    тұракты түзетулер   енгізіледі,   сондықтан   жоспарлау   жүйесі   икемді   және өзгерістерге бейімделуі қажет.

3. Жоспарлау    процессі    қате    істерді    болдырмауға    және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.

 

 

 

Жоспарлау процесінің негізгі элементтері.

    • НӘТИЖЕЛЕР
    • АМАЛДАРЫ
    • РЕСУРСТАР
    • ЕНГІЗУ
    • БАҚЫЛАУ

 

 

 

 

 

    • Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
    • • ЖҮЙЕЛІЛІК;
    • • ЖИНАҚТЫЛЫҚ;
    • • ҮЙЛЕСІМДІЛІК;
    • • ИКЕМДІЛІК:
    • • РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.
    • ЖҮЙЕЛІЛІК - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
    • ЖИНАҚТЫЛЫҚ - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
    • ҮЙЛЕСІМДІЛІК - жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
    • ИКЕМДІЛІК - жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
    • РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.

 

    • Бағдарламаны құру кезінде, әсіресе бағдарламалық мақсаттарды, болжамдық шамаларды белсенді қолдану керек.
    • Барлық бағдарламалар қарапайым және кешенді болып бөлінеді.

  
Қарапайым бағдарламаларда шараларды орындау бір жүйенің (саланың) субъектісімен іске асады, мысалы денсаулық сақтау. Кешенді бағдарламаларда бағдарламалық шаралар бірнеше жүйенің (саланың) субъектілерімен жүргізіледі, мысалы денсаулық сақтау, білім, шаруашылық және т.б.

    • Бағдарламалар жедел, ертеңге қалдыруға болмайтын мәселелерді шешу бағытта ресурстарды қолдану құралы болып саналады. Сондықтан бағдарламалық жоспарлаудың маңызды шарты мәселені білу, оны талдау және оның барлық жиынтығынан өзекті мәселені бөле білу болып табылады. Мұндай тапсырма әрқашан анықталған мәселені шешу үшін мемлекеттің, саланың, ұйымның ресурстарымен байланысты. Сондықтан бағдарламаны құрған кезде бір жағынан, басты және өзекті мәселелерді ғана шешу, екінші жағынан -оларды шешу үшін ресурстар болуы қажет.

       Көбіне бағдарламалар құрылады:

    • Бағдарламалық мәселені талдау және оны бағдарламалық түрде шешуді негіздеу
    • Басты мақсатты бөлумен бағдарламаның мақсаттары мен тапсырмалары, өсу мақсатын бөлу, бағдарлама құрамынан бағдарламаларды бөліп алу.
    • Мазмұнын, орындау   мерзімін,   белгіленген   орындаушыларды көрсетумен бағдарлама шаралары
    • Ресурстардың түрлі түрлерінде бағдарламаның қажеттілігі, қажетті ресурстарды алудың көзі мен әдістері. Бағдарламаларды қаржыландыру
    • Бағдарламаны реализациялаумен басқарудың ұйымдық формалары. Бағдарламаны орындаудың жоспар - кестесі.
    • Жалпы түрде бағдарламаларды, жеке бағдарламалардың және ірі шаралардың тиімділігін бағалау.
    • Бағдарлама көрсеткіштері.

      Жоғарыда көрсетілген типтік құрылым бағдарламаның түрі, масштабы, үзақтылығына қарай ауысуы мүмкін.

      Қандай да бір бағдарламыны өңдеу бағдарламалық мәселенің болжамдап - талдау кезеңінен, жағдайын оқудан, тенденцияларды зерттеуден басталады. Кейін, мақсаттарға, бағдарламалық шараларға, қолданылатын ресурстарға жету әдістерінің нұсқалары қарастырылады. Сонымен қатар тиімді нұсқаларды таңдау және бағдарламаның мерзімі анықталады. Бағдарламаны өңдеу циклді процесс болып табылады, бұл кезде бағдарламаның    белгіленген    мақсаттары    мен    тапсырмаларын коррекциялау, қажет ресурстар анықтау және бағдарламаны реализациялау мерзімі іске асады.

 

    • ҚР денсаулық сақтауды жоспарлау жүйесі біріңғай процесстерде құрылады және тұрғындар денсаулығын қорғау аймағында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сонымен қатар Республика субъектісіне, медициналық ұйымдарға өзінің даму ерекшеліктерін максималды қолдануға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтауда жоспарлаудың негізгі принципі тұрғындарға жасалатын медициналық көмек көлемі мен оны орындауға қажетті ресурстар көлемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету болып табылады.
    • Жоспарлау әрқашан шектелген ресурстар шарттарында іске асатындығын есепке ала отырып, денсаулық сақтауда бағдарламаны құру ұйымының рационалды технологиясын анықтау мен науқастарға медициналық көмекті көрсету болып табылады.
    • Денсаулық сақтауда жоспарлау көрсеткіштері жалпылама түрде саланың, сонымен қатар жеке медициналық ұйымның мақсатын, тапсырмаларын, өзекті мәселелерін, қызметінің тәртібі мен шарттарын анықтайды.

 

    • Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері мемлекеттік деңгейде құрылады. Бұл көрсеткіштерге жатады:
    • Денсаулық сақтаудың стратегиялық мақсаттары, тапсырмалары және даму ерекшеліктері.
    • Республиканың субъектілеріне, аймақтық білімнің және медициналық мекемелердің шарттарына бейімделген әлеуметтік стандарттары, нормалары және нормативтері.
    • Денсаулық сақтауды қаржыландырудың нормативтері және денсаулық сақтаудың қаржылық даму шарттарын республиканың және аймақтық білім субъектісінде теңестіру тәртібі.
    • Инвестицияның тиімділігі және денсаулық сақтаудың инвистициялық жобаларының белгілері.
    • Айтылған көрсеткіштердің негізінде Республиканың субъектілері, аймақтық білім, медициналық ұйымдар меншікті стратегиялық бағдарламасын қалыптастырады.

Информация о работе Денсаулық сақтауды жоспарлау