Жастардың діни-экстремистік және лаңкестік әрекеттерін тудыратын салдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 12:44, доклад

Краткое описание

Бұл мақалада қазіргі таңдағы ең көкейкесті және әлемді алаңдатқан мәселелердің бірі экстремистік ағымдардың және деструктивті әрекеттердің көбею салдары ғылыми негізде қарастырылады.
В этой статье рассматривается одна из актуальных проблем, причины и факторы деструктивных действии молодежи и возникновении нетрадиционных религиозных организации.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жапарова доклад.docx

— 35.54 Кб (Скачать документ)

Инновациялық Еуразия  университетінің Екібастұз колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жастардың діни-экстремистік және лаңкестік әрекеттерін тудыратын салдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Жаппарова Гульназ  Сериковна 

Ғылыми жетекшісі: Абылханова Бакытгуль Кадыловна 

Байланыс телефоны: 8 778 832 60 96

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екібастұз, 2013 жыл

 

 

 

Аннотация

 

Бұл мақалада қазіргі таңдағы  ең көкейкесті және әлемді алаңдатқан мәселелердің бірі экстремистік ағымдардың және деструктивті әрекеттердің көбею  салдары ғылыми негізде қарастырылады.

 

В этой статье рассматривается одна из актуальных проблем, причины и факторы деструктивных действии молодежи и возникновении нетрадиционных религиозных организации.

 

This article discusses one of the most urgent problems, the causes and factors of the destructive action of the youth and the emergence of non-traditional religious organizations.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Жастардың діни-экстремистік және лаңкестік әрекеттерін тудыратын салдар

  Қазіргі таңда бүкіл  әлемді дүр сілкіндіріп жатқан  оқиғалардың бірі терроризм болып  отыр. Ол адамзат баласын қатты  ойландырған қылмыстық әрекеттер  мен дінді бетперде қылдырып  жабынған қылмыстық жасақ деп  айтуға болады. Оның қоғамға әкеліп отырғанзияны өтте ауыр.

Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атаулары, көптеген діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар өмірден  өз орнын тапағандар,рухани ізденісте  жұргенде, жеке басының психологиялық  қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді білмейтіндер,әсіресе жастар тез ілігуде.Қазақстанда түрлі  дәстүрлі діндердің қатары өсуде. Бас  аяғы жылға жеткен аралықтаеліміздіңтүпкір  түпкірің жаулап үлгерді. Дәстүрлі емес діниағымдардыкөздеген мақсаты-халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып,оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез- келген адамды халықтың, не болмаса қандайда бір ұғымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ тұлға ұғымының ортасына, тұлға ұғымының ортасына түскен кезде сол ұғымның ықпалына бейіімделгішкелетіні белгілі. Тұлға ұғымының арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс әрекеттерді жасайтын болады.дәстүрлі діндеремс ұйымдардың салқын санамен ойлау, ой қорту қабілетті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты не болмаса қатыгезді талап ететін әрекеттерге онай айдап салуға болады. Мұндай жағдайда жүрексіну, тіпті өзін-өзі ұстау инстиктіне бағынбауы ықтимал. өзін-өзі шексіз күшті сезінеді.. тағы бір айта кетерлігі ,бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап арбау, қандайда біртеріс мақсаттарға қолдау дәстүрлі емес діни ұйымдардың көсемдері үшін аса қиын шаруа емес. Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымдауға адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтақты айыра алмайтындықтан, көсемдерін айтқандарына тезбой алдырады. Әрине белгілі бір тұлғаның айдап салуымен ашу-ызаға  бойалдырған мұндай топқа қарсы келу,оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті. Демек, өзінді-өзің қорғау үшін солардың дегеніне тура келмек. Яғни қасқырлардың арасында қасқырларша өмір сүру керек деген сөз.

Бүгінгі таңда, республикамыздың әр аймағында ашылған дәстүрден тыс діни  зардаптары шексіз. Сол себептен, азаматттардың діни сауаты кемел болса ғана оларға лайықты тойтарыс беруге болады. Осының бәрі теріс ағымға еріп, ой санасы тәуелсіз күйге түсудің салдарынан болып жатқан оқиғалар.

 Терроризм құдды технология сияқты өзгеріп, жаңа әдістер мен жабдықтарды сіңіре отырып, құбыла отырып дамуын жалғастыруда. Адамзаттың рахаты үшін ойлап табылған заттар терроршылардың қызметтіне жарауы әбден мүнкін. Жолаушы тасымалдайтын ұшағыныз бомбға,қол телефоны ауызынан от шашатын айдаһарға айналуы немесе өзін өзі жарып жіберуі (человек бомба) іәбден мүнкін. Терроршылықтың алдын алуда демократия мен адам құқықтары жөніндегі алға басушылықтардыңпайда болуы. Дегенмен, бүгінде үйіміздің төріне шыққан бақ арқылы ойқаншылар мен содырлардың іс әрекеттері әп сәтте күллі жаһанға мәлім болады.

Лаңкестік (терроризм) мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп  төндіретіндей дәрежеде емес, тек  ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық  этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының  жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген  еді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм мәселесі Қазақстанға  төніп тұрған нақты қауіп емес, Орталық Азиядағы жалпы ахуал  аясында ғана қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі лаңкестіктен және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды. Дегенмен аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда террористік және экстремистік іс-әркеттерді анықтау және оның жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық негіздерді жасау және жетілдіру жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 1999 жылғы шілдеде елімізде терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және барлық меншіктік формаларындағы ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ терроризмге қарсы күресті жүзеге асырумен байланысты азаматтардың құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін айқындайтын «Терроризмге қарсы күрес туралы» заң қабылданды.

2003 жылғы желтоқсанда  Президенттің жарлығымен терроризмнің  және діни экстремизмнің көріністерімен  күресте барлық қауіпсіздік қорғау  құрылымдарының неғұрлым тиімді  жұмыс істеуі үшін Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің Терроризмге қарсы  күрес орталығы құрылды және  оған барлық арнайы құрылымдардың,  құқық қорғау органдарының және  өзге де ведомстволардың қызметін  үйлестіру жүктелді.

2006 жылғы қазанда ҚР  Бас Прокурорының мәлімдемесі  бойынша, ҚР Жоғарғы Сотымен  келесі халықаралық ұйымдар террористік  деп танылып, олардың Қазақстандағы  қызметіне тыйым салынды:

1. «Әл-Қаида»;

2. «Шығыс Түркістан ислам  партиясы»;

3. «Күрд халықтық конгресі»;

4. «Өзбекстан ислам қозғалысы»;

5. «Әсбат Әл Ансар»;

6. «Мұсылман бауырлары»;

7. «Талибан» қозғалысы; 

8. «Боз құрт»;

9. «Орталық Азия мұжахидтер  жамағаты»;

10. «Лашқар-и-Тәйба»;

11. «Әлеуметтік реформалар  қоғамы».

Кейін Астана қаласы сотының  шешімімен сондай-ақ «Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами», «Аум Синрике» және Шығыс Түркістанды  азат ету ұйымдарының қызметіне  тыйым салынды.

Көріп отырғанымыздай, аталмыш  «қара тізімге» енгізілген барлық ұйымдар  халықаралық террористік құрылымдар болып табылады, олардың қызметі  көбінесе Қазақстанның айналасына, көрші  елдерге қарсы бағытталған болатын. Бұл жағдай олардың бізден гөрі сыртқы елдерге төніп тұрған қауіп-қатер  екенін растағандай болды.

Осы тұрғыда Қазақстан  ТМД Терроризмге қарсы күрес  орталығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы  Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы сияқты ұйымдардың мүшесі бола отырып, терроризм мен экстремизмге қарсы  күрес желісінде халықаралық  ынтымақтастықты белсенді түрде  дамытты және дамытып келеді.

  Қоғамдағы әлуметтік  экомикалық проблемалар мен биліктегілер  түзімнің кейбір кемшіліктері  көздерінше пайдалантынтерроршылар  бұған наразы азаматтарды өздерінің  идеологиялық бағыттары бойынша  үгіттеп,ұйымдастырады. Осы сатыдағы  терроршылар мен олардың жатықушылары  кейбір барлау мекемелері және  ұйымдасқан қылмыстық топтар  мен жең ұшынан жасалатын байланыс  орнату мүнкін. Осы күштер тамызған  қақтығыстар мен шиленістер оты  кейде ондаған жылдар бойы  өшпеуі мүнкін. Терроршылардың ұрандары  мен пікіриятары имандай сенген  ижанкештілер болса өздерін һәм  езге де күнәсіз жандарды фида  етуде. Шын мәнісінде, терроризм көріністері Қазақстанда бұрын да орын алған болатын. Осы ретте кейбір зерттеушілер 1992 жылғы ақпанда Шымкент қаласының әуежайында кепілге адам алумен байланысты оқиғаларды қарастырады. Басқалар 2000 жылы Алматының орталығында қарулы экстремистік топтың мүшелерін жойып жіберу мысалын келтіреді. Бірақ бұлар терроризмнің жекелеген, жергілікті көріністері болатын және де бұл әрекеттер көбінесе криминалды сипатта еді.

Тұтастай алғанда, Қазақстанда  террористік қауіп-қатердің үдеу түсуінің шартты түрде үш кезеңін бөліп  айтуға болады:

1. «Қашқын террористер» 

(90-жылдардың соңы –  2000 жылдардың басы)

Он жыл бұрын Қазақстан  үшін терроризм мәселесі көбінесе республика аумағында қашқын террористердің, яғни террористік іс-әрекеті және заңсыз әскери құрылымдарға қатысқаны үшін басқа мемлекеттің азаматтарының  елде жасырынуымен байланысты болды.

 Мәселен, 2000-2004 жылдары  Қазақстанның құқық қорғау органдары  террористік іс-әрекеті үшін біздің  еліміздің аумағына келіп жасырынған  Өзбекстанның сегіз азаматын  ұстап, өзбек жағына берді.

2004-2005 жылдары Қазақстанның  аумағында 11 адам ұсталып, Ресейге,  Өзбекстанға және бірқатар басқа  елдерге жөнелтілді. 2006 жылы Қазақстанда терроризмге қатысы бар деген 13 адам ұсталды. Қылмыскерлердің көпшілігі – Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қытай азаматтары. (2000 жылдардың басы мен ортасы)

Бұл кезеңде Қазақстан  азаматтарының іргелес елдердің де, алыс шетелдердің де аумақтарындағы террористік іс-әрекетке тартылу  оқиғаларының жиілеуі байқалады. Ең шулы оқиға – Өзбекстандағы 2004 жылы лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырған  «Орталық Азия мұжахидтер жамағаты»  террористік тобының әшкереленуі. Аталған топқа Қазақстан азаматтары да кірген, олар өз пікірлері бойынша көбінесе «мұсылмандардың құқықтарын аяққа басқан Өзбекстанның билігіне қарсы» қылмыстық әрекет еткен.

 Сондай-ақ Қазақстан  азаматтары Ауғанстан және бірқатар  басқа елдердің аумақтарында  заңсыз әскери құрылымдардың  іс-әрекетіне қатысқан сияқты  деген ақпарат кеңінен тарады. Мәселен, Гуантанамо түрмесінің  тұтқындарының бірі – Қазақстан  азаматы болып шықты. Сондықтан  2005 жылы белгілі американдық «Ұлттық  барлау кеңесі» үкіметтік емес  ұйымы «Болашақ жаһандық карта»  деп аталатын талдамалы-болжамдық  баяндамасын жария етіп, онда  Қазақстан Ресеймен, Әзірбайжанмен  және Түркіменстанмен қатар радикалды  топтар орын тепкен және арнаулы  дайындықтан өткен, әрі лаңкестік  әрекеттер жасаудың тәжірибесі  бар «джихадтың кәсіби жауынгерлері»  тұратын өңірлерге жатқызылды. Басқаша  айтқанда, терроризмнің қауіп-қатеріне  аз ұшыраған ел деп саналатын  біздің еліміз осы кезеңде  әртүрлі сараптама мәліметтерінде  атала бастады. 

3. «Жергілікті немесе  «өзіміздің террористер» 2000 жылдардың аяғынан бастап)

Бұл кезең, бір жағынан, Қазақстан  азаматтарының басқа елдердің аумағында  террористік іс-әрекеттерге қатысу жағдайының жиі кездесуімен сипатталады. Мысалы, 2009 жылдың шілде айында Дағыстанда жүргізілген арнайы операция кезінде сегіз террорист өлтіріліп, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша олардың бесеуінде қазақстандық төлқұжаттар табылған. Ел аумағында лаңкестік іс-әрекетке байланысты қылмыс жасағаны үшін тұтқындалған және сотталған адам саны

2009 жылдан бастап –  Қазақстан Республикасы ҚК-ның  төмендегі баптары бойынша сотталған  адамдар бойынша мәліметтер:

168-бабы – билікті зорлықпен  басып алу;

233-бабы – терроризм;

233-1-бабы – терроризмді  насихаттау және терроризм актісін  орындауға ашықтан-ашық шақыру;

233-2-бабы – Террористік  топты құру, басшылық ету және  оның әрекетіне қатысу;

Сондықтан да Ақтөбе мен  Астанадағы соңғы оқиғалардың террористік  астары расталатыны немесе расталмайтынына  қарамастан, елімізде терроризм қауіп-қатері күшейіп келе жатқанын мойындауға тура келеді. 2010 жылы қыркүйекте қазақстандық полиция қызметкерлеріне қарсы  жиһад туралы аталмыш үндеу жарияланып, ол жай ғана «қарсыласуға» емес, топтық қарулы шабуылды ұйымдастыруға  шақыру мазмұнында болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы  лаңкестер қалай ұйымдастырылуы керек екендігін экстремизмнің  идеологтары толық және егжей-тегжейлі түсіндірген. Мүмкін қазақстандық құқық  қорғау органдарында бұл материалдарға  және сайттардың өздеріне айтарлықтай  мән бермеген болар. Бұл сайттардың бірден жабылмағандығы біздің жорамалды  растайтын сияқты. Тек Ақтөбе мен  Астанадағы жарылыстардан бір ай өткеннен кейін барып Қазақстан  Республикасы Бас прокуратурасы  мазмұны терроризм мен экстремизмді насихаттау мен оны жақтауға тыйымды бұзған шетелдік 15 сайттың анықталғанын жариялады. Олардың Қазақстан Республикасы аумағында таралуы сот жүзінде заңсыз деп табылып және қазақстандық тұтынушылардың материалдарға қол жетімділігін шектеу бойынша шаралар қолданды. Көптеген сарапшылар Ақтөбе мен Астанадағы жарылыстардың арнаулы қызмет ғимараттары – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болғандығына бірден назар аударды. Бірінші жағдайда жарылыс облыстық департамент ғимаратында, екіншісі уақытша тергеу изоляторы кіреберісінің алдында болған. Әрине, тек екі фактіге негізделіп, қандай да бір байланыс пен заңдылық жөнінде кесіп айту қиын. Әзірге сарапшылар тек қосымша дәлелдерді келтіреді, соның ішінде, екі жарылыс арасындағы мерзімнің қысқалығы мен жарылыс болған объектілердің өзі. Одан өзге елдердегі осындай жағдайларға қарағанда, Ақтөбе мен Астанада болған жарылыстардан кейін ешқандай да ұйым өзіне жауапкершілікті алмағандығын атап өту керек. Ал анонимді лаңкестік бұл – нонсенс, өйткені, кез келген лаңкестік әдетте әуел бастан-ақ кеңінен ақпараттық және қоғамдық резонанс тудыруға бағытталатынын атап өту қажет. Сондықтан да Ақтөбе мен Астанадағы оқиғаларды бір тізбекте немесе қандай да бір жоспарға сәйкес арнайы акциялардың сериясы ретінде қарастыру асығыстық болар еді.

Информация о работе Жастардың діни-экстремистік және лаңкестік әрекеттерін тудыратын салдар