Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 10:33, курсовая работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет. Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі

Содержание

Кіріспе .......................................................................................3-4

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 5-9
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ................................................................................................. 10-14

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар .................................................................................................
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ..................................................................................................

Қорытынды ...............................................................................
Пайдаланған әдебиеттер .........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 35.87 Кб (Скачать документ)

Э.Эриксон өзінің эпигенетикалық теориясында жасөспірімдік шақты  «жеке даралықтың қалыптасуы» деп  атады. Ол жасөспірімдік жастан, жеткіншектікке дейін жыныстық жетілудің қалыпты және аномальді даму сызығын көрсетті. Балалық шақ жеткіншектіпен алмасады да, физиологиялық өзгерістердің толқыны пайда болып, жасөспірім өзін және өзінің өткен шақтағы өмірін жоғары кемелденумен бағалайды. Қоршаған орта оны қалайша қабылдайды, бұрынғы дағдылары мен рөлдерін жаңа мүмкіндіктермен қалай біріктіруге болады сияқты сұрақтар жасөспірімді толғандырады. Бұл кезеңдегі негізгі мәселе – рөлдердің араласуы немесе гиперидентификация. Идентификацияның осындай шектен тыс кеңеюі жасөпірімдердің қызығушылықтары және мақсаттары ортақ компанияларға бірігетіндігін және өздеріне ұқсас емес құрбыларын  мойындамайтындарын түсіндіреді.

Жасөспірімдік шақта, жыныстық жетілу кезеңінде мінез – құлыққа  эмансипацияның, құрбыларымен топтасудың, қызығушылықтардың, имитацияның реакциялары әсер етеді. Бұл реакциялар психобелсенді заттарды қабылдауға да, алдын – алуға да жағдай жасайтын факторлар бола алады. Сондықтан, бұл шақтың мінез – құлықтық реакцияларын атап өту керек.

- Эмансипация реакциясы жақындарының, ұстаздарының қамқорынан, бақылауынан, басқаруынан шығуға ұмтылыс. Ересек адамдар нені бағалы, құнды десе, соны жасөспірімдер, керісінше, қабылдамайды, оған қарсы шығады. Эмансипация реакциясы нақты адамдарға (ата – анаға, мұғалімдерге және т.б.) да, ересек адамдардың тұтастай буынына да бағытталуы мүмкін.

 Жасөспірімдік шақты қиын жас деп  атайды. Шынымен де, бұл жас ерекшелігі балалар үшін де, ата – аналар мен мұғалімдер үшін де қиынға соғады. Статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас. 

 

 

 

 

1.2. Девиантты  мінез-құлықтың түрлері мен сипаттамасы.  

 

 

     

Қазіргі кезде оқу-тәрбие үрдісіндегі ең негізгі және күрделі  мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақытта оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттер өте жиі кездеседі. Статистика бойынша балалардың мұндай жағымсыз әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты көптеген педагог  – психолог ғалымдардың ғылыми жұмыстары, еңбектері, мақалалары жазылып келеді, солай бола тұраса да, «қиын бала»  мәселесі ең өзекті мәселе болып қалуда.            

Бұл күрделі мәселе кеше немесе бүгін пайда болған жоқ. Оның да өзінің тарихы бар. XX ғасырдың басында  бихевиористер мінез-құлық –  психологиялық ғылым пәні деп  жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы  туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының  негізін салушылардың бірі – Джон Уотсон (1931 ж) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық –  жұмыртқаның ұрықтануы кезінде  пайда болатын және ағзаның дамыған  сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік  ағыны».        

Мінез-құлықтағы қиындық  және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары  пайда бола бастады. Бастапқыда ғылым  саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазір де бұл терминдер  ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып  отыратын үлкен мәселе екенін айтып  өту керек. Себебі қазіргі қоғам  ортасындағы, бұл айтылып жатқан мәселелер көбірек белең алуда.

Қиын балалардың жекелік  ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен  өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1936 ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты  – қиын балалардың өмірін анықтау. Ол қиын балалардың мінез-құлық тарихын  мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетіп, сонымен  қатар қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көреді. Блонский тәрбие қиындығын Крупская секілді түсіндіреді: «Қиын бала, бұл ең алдымен кәдімгі  бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау, қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» дейді.        

«Девиантты мінез-құлық» терминін психологияда көбіне жастық категориямен, яғни жасөспірімдік кезеңмен байланыстырады. Бұның себебі жасөспірімдік  кезең әлеуметтік-мәдени өзгерістерге және әлеуметтік жағдайлардың дамуына  жоғары сензитивтілікпен ерекшеленеді. Дәл осы жаста баланың мінез-құлық  девиациясы отбасы, мектеп ұжымы шекарасынан  шығып, қиын мәселені туындатып, қоғамға, өзіне қауіп төндіре бастайды. Девиантты мінез-құлықтың пайда  болуы мен салдары оның тұлға  ретінде дамуына қатты әсер етуі мүмкін.

Жалпы, баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен  ережелерді сақтамауын ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген  мағынаны береді) деп атайды. Соған  орай көптеген әдебиеттерде «қиын бала»  түсінігінің орнына «девиантты»  терминінің қолданылуы жиі кездеседі. Жалпы, «қиын мінез-құлық», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» түсініктері синонимдер болып табылады. Қиын бала туралы ұғымда қай терминді алсақ та қателеспейміз.       

Негізінен, ғылыми бірлестікте  девиантты мінез-құлықтың пайда  болу себептері туралы пікрлестік жоқ. XX ғасырдың басында девиацияның  себептері туралы биололгиялық және психологиялық тұжырымдар кең тарады. Италияндық дәрігер Ч. Ломброзо адамның  асоциалды мінез-құлқы мен биологиялық  ерекшеліктерінің арасында тікелей  байланыс бар деп есептеген. Ол атап көреткен «туа біткен қылмыскер» типі астыңғы жақ сүйегі шығыңқы, бір  жерінің ауырғанына сезімталдығы төмен  және т.б. азып бара жатқан индивидті  көрсетеді. Американдық психолог У.Х. Шелтон адамның дене бітімі оның мінез-құлқын анықтайды деп есептеген. Оңалту орталығында 200 ұл балаға жүргізілген  зерттеуге сүйеніп, Шелтон девиацияға атлеттік дене бітімі бар адамдар  анағұрлым  бейім деген қорытынды жасайды. Кейіннен психологиядық тұжырымды қолдаушылар девиацияны психикалық ерекшеліктермен (психиканың тұрақсыздығымен, эмоционалды ерікті саланың дамымауымен) байланыстырады.         

Девиацияның тағы бір себептерінің бірі – жасөспірімнің психикасының жас ерекшеліктері. Жаңа әлеуметтік құбылыс – жасөспірімнің даму кезеңіне ең бірінші болып назар  аударған – Я.А.Коменский. Адам тибиғатына сүйеніп, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың өмірін әрқайсысы алты жылға созылатын  төрт жас кезеңіне бөледі. Ол есею шекарасын 6-12 жаста анықтайды. Оның пікірінше, есею ес пен елестің, оларды жүзеге асыратын дене мүшелері – тіл мен қолмен бірге дамуымен сипатталады.

Жасөспірімдік жасты бөлек  бір кезең ретінде қарастырмау  керек, оны даму динамикасында қарастыру  қажет, себебі онтогенезде бала дамуының заңдылықтарын қарама-қайшылықтарды  білмей, жасөспірімнің психикалық ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Бұндай зерттеулердің  негізінде тұлғаның дамуын үдеріс ретінде  қарастьыратын әрекеттік әдіс жатыр. Аталған үдерістің қозғаушы күштері: біріншіден, ішкі қарама-қайшылықтарды  шешу, екіншіден, қалыптасқан қажеттіліктерді  қайта құру мен жаңалардың пайда  болуына жағдай жасайтын әрекет түрлерінің ауысы болып табылады. Зерттеу  барысында (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Элконин және т.б.) қоғамға пайдалы  әрекеттерде толық көрініс табатын  өзара қарым-қатынастар нормаларын меңгеру жасөспірімдік жасқа  әрекет екендігі анықталды. Осылайша, жасөспірімдік кезеңді зерттеу - әлі күнге дейін аяқталмаған, өте күрделі, көпсалалы үдеріс. Әлі  күнге дейін оның барлық ерекшеліктері  туралы біркелкі түсінік жоқ, психологтар  арасында дау-дамай таусылмаған.        

Сонымен осы заманға дейінгі  ғалымдардың енбектеріндегі ой-пікірлері  мен тұжырымдамаларын талдай келе, біз мынадай қорытында жасай  аламыз: девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін  мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған  мінез-құлықтың бір түрі. Кейде бір  әдебиеттерде «антидисциплиналық»  деп те атайды.

Девиация бірнеше типтен тұрады:

·              Девиантты

·              Делинквентті

·              Криминалды мінез-құлық

1.Девиантты мінез-құлықтың  көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден  кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға  жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,  суицид т.б. жатады.

2. Девиацияның екінші  түрі – делинквентті мінез-құлық.  Ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:

·        Агрессивті – зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерден көрініс береді.

·        Ашкөздік мінез-құлық: ұсақ ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

·        Наша сату және тарату.

3. Криминалды мінез-құлық  – заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған  қылмысының ауырлығына байланысты  жазаланады.        

Девиантты мінез-құлықтың психологиялық  аспектісі дәстүр бойынша, психология мен педагогика қиылысқан жерде  қарастырылады. Психологиялық зерттеулердің  педагогикалық зерттеулерден ерекшелігі, ол тек қана девианттылықты сипаттап қана қоймай (диагностика, коррекция), психикалық дамудың жағдайларын  есекере отырып, тұлғаның нормадан ауытқыған мінез-құлыққа бейімділікті зерттей алады.                                          Психологияда басқа ғылымдарға қарағанда, адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданысқа ие. Сондықтан да кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандай да бір нормамаен салыстыруды қажет етеді. Осыған орай, ауытқыған мінез-құлық табиғаты әр түрлі болып келеді. Мінез-құлықтағы бұзылулар психология ілімінде тереңірек ұсынылатын,  тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген, тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді;

1.      Тәртіпке қарсы мінез-құлық;

2.      Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы);

3.      Делинквентті мінез-құлық (құқыққа қайшы келетін);

4.      Аутоагрессивті мінез-құлық.         

Ал осыған қатысты, психикалық даму жағдайына негізделген, Л.С. Выготский  ұсынған психологиялық ыңғай, салдар ретінде девиантты даму және девиантты  мінез-құлық деп екіге бөліп  қарастыруды жөн көреді. Осы концепция  бойынша, адекватсыз биологиялық және әлеуметтік даму ауытқыған мінез-құлықтың алғышарттары болып есептелінеді. Девиация биологиялық түсіндірмелерде ақыл-ой, психопатия, дегенеративтіліктің салдарлары ретінде қарастырылады. Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пәнаралық аланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған  әрекеттің бірі девиантты мінез-құлық  психологиясы мен психопатологиясының  қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау және ауру психикалық іс-әрекет мәселелерін шектеу,оларды бір-бірінен  ажыратып қарастыру.  Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы – есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мәселесі (есірткіге психологиялық тәуелділік) және медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалық тәуелділік – нашақорлық. В.И. Менделевичтің бұл күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті әрі қызықты. Әр түрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кәсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының» ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.         

Девиантты мінез-құлық қазіргі  кезде өте кең тараған мәселелердің бірі. Бұрын мінез-құлық ауытқушылығы тек ер бала жеткіншектеріне тән  десек, соңғы жылдары қыз баланың  да мінез-құлқы көңіл аудартуды  талап етеді. Сонымен қатар, бұл  жұмыс қыздардағы тек ұсақ құқықбұзушылықтың, яғни қоғамға жат қылықтардың, алкогольді немесе токсикомакцияның деңгейінің өсуімен  ғана шектелер емес. Ең маңызды әлеуметтік маңызға ие девиантты балалардың мінез-құлық ауытқушылығы және соған  сәйкес оның ауыр түрлері де болады. Сонымен бірге, жеткіншек қыздар жеткіншек ұлдардың мінез-құлқының бұзылуына түрткі болушы, яғни оларға тікелей әсер ететін «рухтандырушы» күш болып табылады.         

Бәрін жалпылай келе, келесідей  анықтама беруге болады: девиантты  мінез-құлық – маңызды әлеуметтік нормалардан ауытқыған, қоғамға, әлеуметтік ортаға немесе тіпті өз тұлғасына  шынайы зиян келтіретін, әлеуметтік дезадаптация түрінде көрініс беретін, тұлғаның тұрақты мінез-құлқы.


Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері