Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 10:33, курсовая работа

Краткое описание

Алдымызда Қазақстан ғасыры еліміз егемендігін алып, дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет. Дүниедегі ең бағалы асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі

Содержание

Кіріспе .......................................................................................3-4

І- БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі девиантты мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы................................................................. 5-9
1.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ................................................................................................. 10-14

ІІ – БӨЛІМ. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының
ерекшеліктері
2.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар .................................................................................................
2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы жанұяның ролі .................................................................................................
2.3. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқындағы тұлғалық ерекшеліктері ..................................................................................................

Қорытынды ...............................................................................
Пайдаланған әдебиеттер .........................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 35.87 Кб (Скачать документ)

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІ

 

МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе  .......................................................................................3-4  

 

І- БӨЛІМ.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.

1.1. Жеткіншектердің сана-сезімі  мен оны тәрбиелеудегі девиантты  мінез-құлқты зерттеудің маңыздылығы.................................................................   5-9

1.2.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының түрлері мен сипаттамасы ................................................................................................. 10-14                                

 

ІІ – БӨЛІМ.  Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының 

 ерекшеліктері 

2.1.  Жасөспірімдердің  девиантты мінез-құлқына әсер етуші факторлар  .................................................................................................

2.2. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының пайда болуындағы    жанұяның ролі .................................................................................................

2.3. Жасөспірімдердің девиантты  мінез-құлқындағы тұлғалық       ерекшеліктері ..................................................................................................  

 

 

Қорытынды  ...............................................................................

 

Пайдаланған әдебиеттер  .........................................................

 

Қосымшалар  ..............................................................................

 

Гласари  .......................................................................................         

                                      К І Р І  С П Е

 

  Алдымызда Қазақстан ғасыры еліміз  егемендігін алып, дүниежүзілік  өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын  болашағын  меңзейді. Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тірбиелеу үшін – оның тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру қажет.         Дүниедегі  ең бағалы асыл байлық –  адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттің негізі, ол – шені және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адамды сипаттағанда алдымен мінезін  ескереді. Егер де қасыңда жақсы  мінезді адам болса, өз басында  үлкен жеңілдікті сезесің. А.С.Макаренконың айтуынша, адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жараласа, оның өзі де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын.

  Мінез-құлық мәдениеті–адамшылдық қарым-қатынастың  негізгі талаптары мен ережелерін  сақтау, айналасындағылармен дұрыс  қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшеліктерін айқындайды. Мінез-құлық ерекшеліктері моральдық категорияға жатады. Ол адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптарының орындалу барысымен анықталады. Мінез-құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті  қарым-қатынасына , білім өресіне, көрген түйген өнегесінен алған өнегесіне байланысты. Адамның мінезін зерттейтін ғылым саласымен айналысқан ежелгі грек оқымыстысы Феофрастан басталады. Ол өзінің «Мінездер» дейтін трактатында афиналық отыз адамның жағымсыз мінездерін(суайт, жылпос, жәдігөй, жарамсақ, өсекшіл және т.б.) сынап жүйелейді. ХҮІІ ғасырдағы француз моралисі  Ларошфуко мыңнан астам нашар мінезді адамдардың портретін берген. Психологияда бұл соңғы кезде ғана зерттеле бастады. Орыс психологы А.Ф. Лазурский «Мінез туралы ғылыми очерктерінде» осы ілімге елеулі үлес қосты. Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп,жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала  келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам  баласы туа сала есті болмайды.Естіп,  көріп, ұстап,татып, естілердің  айтқандарын есте сақтап қана  естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді»- деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Сондай-ақ Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетпейді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгерістерге еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін  адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық»-дей келе, адамды тәрбиелеудегі  қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. Демек, Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін  негізгі себеп ретінде түсіндіреді. Үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.      

  Қазіргі таңда адамның көптеген еңбек қызметі салаларында туындап  отырған мәселелердің бірі оның нервтік-психикалық қысымымен байланысты. Урбанизация, өмірдің қилы жылдам темпі, ақпараттық ауыртпалық барлығы адамның қысымын көтереді, сондықтан ол нервтік-психикалық паталогияның пайда болуына және дамуына алып келеді. Бұл психогигиена және психо-профилактика сұрақтарын туындатады. Мұндағы маңызды міндет адамның психикалық жай-күйін, денсаулығын қорғау. Мұндай мәселелерді шешу невротизация, психопатизация  және осыған жақын субклиникалық жай-күйді алдын алудың қажеттілігі, сонымен бірге психотравмалық факторлардың әсерінен патологиялық күйге ұшырайтын акцентуациялық сипатты ауруларды алдын алуда маңызды роль ойнайды.

Жеткіншек шақ  мінез-құлықтың қалыптасу кезеңі болып  табылады. Осы уақыт кезеңі кезінде  мінездің көптеген түрлері құрыла бастайды. Дәл осы мезетте әр түрлі типологиялық варианттар  нормалары басым болады. Уақыт өте келе мінездің кейбір жақтары өзгеріске ұшырайды, жаңарады, өмірлік тәжірбиенің арқасында тегістеледі. Зерттеу жұмысының  өзектілігі: Жеткіншектік шақты қиын жас деп атайды. Шыныменен де, статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас аралығы. Бүгінгі таңдағы маскүнемдік пен нашақорлық бір ғана адамның немесе отбасының медициналық немесе адамгершілік жағынан мәселесі болудан қалып, 

барлық тұрғындардың денсаулығына, бақ – берекесіне, қауіпсіздігіне, тіпті ұлттық дамуына әсер етеді, бір сөзбен айтқанда, бір отбасының  емес, тұтастай қоғамның қайғы –  қасіреті, ұлттық мәселесі. 

І-БӨЛІМ. Жеткіншектердің  сана-сезімі мен оны тәрбиелеудегі            девиантты мінез-құлқын зерттеудің маңыздылығы.

1.1. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын зерттеу психологияның   пәні ретінде. 

 

  «Қиын бала» атанып, отбасында  да, мектепте де, қиындық тудырып  жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәденитті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастары басынан өткеруі қажет» деп санайды. Балалардың әлеуметтік педагогикалық  олқылығының пайда  болу тетігі мен дамуы  баланың тұлға болуға деген қажттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.    

Баланың персонализациялануға  ұмтылуы оған қатысты референттік  топтардың (бірінші отбасының  одан кейін балалар бақшасындағы  және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.   

Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады,  яғни баланың өзіндік санасының,  мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің  және нормативтік іс-әрекетінің  дами бастаған шағымен қатар  келеді. Жағымсыз даму жағдайында  олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

  Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдинет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық  бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).

Девианттық мінез-құлық  екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі-бұл анық немесе жасырын  психопаталогияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі –бұл  әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын  асоциалды мінез-құлық.

Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық , ал салмақты болса, әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.  

 С.Беличева девианттық  мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын  былайша жіктейді.

1. Пайдакүнемдік бағытта:  құқық бұзушылық, материалдық,  қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға  ұмтылумен байланысты(ұрлау, тонау,  алып-сату т.б) жасаған теріс  әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта:  адамға қарсы бағытталған әрекеттер(балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау).

3. Әлеуметтік енжар  тип: белсенді өмір сүруден,  азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау).  

 Осылайша (мазмұнымен  де, мақсатқа бағытталғандығымен  де) ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылықпен қылмыс жасауға дейін.  

 Асоциалдық көріністер  сыртқы мінез-құлық жағынан ғана  емес, мінез-құлықты іштей реттеудің:  әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі  бағалай алудың деформациясынан да байқалады.  Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан, тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, тұлғаның дамуына тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның   қалыптасуына әсер ететін құрал ретінде көрініс табады.      

 Оқушылардың  девианттық мінез-құлқының себептері  мен факторлары неде?

Біздіңше, балалар мен  жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.  

-дұрыс тәрбиеленбегендігінің  себебінен қажетті білімдердің,  біліктердің, дағдылардың жоқтығы,  мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың  қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;    

-жайсыз отбасылық  өзара қарым-қатынастар, жағымсыз  психологиялық ахуал, оқудағы  жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы  құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар:    

-психикалық  және физикалық денсаулығы мен  дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері:    

-ішкі және  сыртқы белсенділігінің саналы  көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне  жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің  пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан,  жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы:   

-қараусыз қалумен,  қоршаған ортаның кері ықпал  етуімен және осының негізінде  дамитын әлеуметтік-психологиялық  дезадаптациямен, әлеуметтік және  жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т.б. жағымсыз жәйттер.    

 Балалар мен  жасөспірімдерге қоршаған адамдардың  немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде  дамитын әлеуметтік-педагогикалық  бақылаусыздық бұл тізбектегі  ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.     

 Қазіргі кездегі  жасөспірімнің жүрген ортасы  қолайлы емес. Өйткені бала ауытқушы  мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын  мектепке бара жатқанда да, аула  мен қоғамдық орындарда да, тіпте  үйде де, мектепте де көреді. Морал  мен мінез-құлық аймағындағы  ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырын, бейнесіз өзара қатынас сипатымен, еркіндігінің көптігімен, кері әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең ассортиментті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы, жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюушы мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.

Ежелден бері жасөспірімдік  шақ маскүнемдік пен токсикоманияның  дамуына жағдай жасайтын фактор ретінде  қарастырылады /10/. Егер аддиктивті мінез – құлық жасөспірімдік шақта басталатын болса, химиялық тәуелділіктің қалыптасу қауіп қатері жоғары болады. Осылайша, маскүнемдер мен нашақорлардың 75% -ы психобелсенді заттарды жасөспірімдік шақтан бастап қабылдағандар көрінеді.

Жасөспірімдік шақты  қиын жас деп атайды. Шынымен де, бұл жас ерекшелігі балалар үшін де, ата – аналар мен мұғалімдер үшін де қиынға соғады. Статистикалық мәліметтер бойынша, нашақорлыққа бейім болудың ең қауіпті уақыты – 12-17 жас.

Жасөспрімдік шақты  классикалық зерттеулер көптеген белгілі  психолгтардың бағыттарында бейнеленген.

Л.С.Выготский ойынша, жасөспірімдік шақтың өту ерекшелігі мен ұзақтығы қоғам дамуына байланысты өтеді, яғни бұл жаста қоршаған ортаның  ойлаудың дамуына әсері өте жоғары болады. Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдердің қызығушылық мәселесін жасөспірімнің психологиялық дамуының кілті деп есептеді. Л.С.Выготский жасөспірімнің ең айқын қызығушылықтарының негізгі топтарын бөлді, олар доминанталар деп аталды: эгоцентрикалық (жсөспірімнің өзінің тұлғасына деген қызығушылығы), алдағыға доминанта (жоғарыға деген ұстаным), күшейту доминантасы (қарама – қарсы тұруға, жеңуге, ерік – жігер қысымына қызығушылық, олар тәрбиеге қарсы бұзақылықпен, одан бас тартумен және басқа да негативті белгілермен бейнеленеді), романтика доминантасы (белгісіз құбылыстарға, тәуекелге бел бууға, батылдыққа ұмтылыс).

Жасөспірімдік шақты  басқа белгілі зерттеуші Э.Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік шақты мәдениетке бейімделудің жасы ретінде анықтады, яғни жеке дара психика берілген дәуірдің объективті және нормативті рухына бейімделеді. Шпрангер бойынша, жасөспірімдік шақтың басты жаңа құрылымдары: «Менді» ашу, рефлексияның туындауы, өзінің жеке даралығын сезіну. Алғашқы жыныстық сезімдер және белгісіз әрі құпиялы құбылыс алдында қорқыныш, ұят ұштасады, бұл дискомфорт пен толымсыздық сезімдерін тудырып, қоғам мен адамдардан қорқынышты, тіпті оларға қарсы агрессияны туындату мүмкін.

Ш.Бюллер пубертантты  кезеңді биологиялық көзқарас жағынан  зерттеп, ерекше биологиялық қажеттілік  әсерімен байланысты спецификалық психикалық құбылыстарды анықтады, бұл толықтыру  қажеттілігі, ол қарама – қарсы жыныстағы адамдармен жақындасуды, бірігуді қажет етеді. Бюллер бұл процесстің неативті фазасының негізгі белгілерін белгіледі: жоғары сезімталдық пен тітіркенгіштік, тынымсыз және қозушылық жағдайы, физикалық және жан күйзелісі, өзіменен қанағаттанбаушылықты қоршаған әлемге бағыттау. Тыйым салынған істерді жасау ерекше күшке ие болады. Бұл уақытта жалғыздық, түсінбеушілік сезімдері мазаландырады. Сондықтан жұмысқа деген қабілеттілік төмендеп, айналасындағыларынан изоляция жоғарылайды немесе оларға қарсы айқын агрессия туындалып, әртүрлі асоциалды әрекеттер жасалады.

Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері