Вильфредо парето

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 19:29, реферат

Краткое описание

Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Вильфредо Парето.docx

— 32.30 Кб (Скачать документ)

Паретоның социологиялық  идеяларының әлеуметтік-тәжірибелік ықпалын оның басқа да көптеген публицистикалық еңбектерінің ықпалынан бөліп көрсету өте қиын. Ол үнемі барлық наным-сенімдерден арылуға ұмтылды, бұл ғылыми ақиқатты ізденуде қажетті шарт болып табылады. Бірақ мұндай ізденіс міндетті түрде одан демократия, еркіндік, гуманизм сияқты “наным-сенімдерді” қатаң сынауды талап еткен жоқ. Керісінше, тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамда мұндай құндылықтар бекімейінше ешбір “логикалық-тәжірибелік ғылымның” өмір сүруі мүмкін емес. Парето жөнінде Карл Поппер былай деген: “Егер ол өзінің теріс ұғымы мен теріс емес ұғымы арасында емес, тек гуманистік қате түсінік пен гуманизмге қарсы қате түсінік арасынан таңдап отырғанын байқаған болса, онда ол өзінің артықшылығын мейлінше аз сезінген болар еді”.

Өзі айтқандай “барлық  діндердің атеисті бола отырып, Парето фашизм өсіп шыққан наным-сенімдерден  құтылуға тырысады. Өзінің трактатында  ол ұлтшылдық, империализм, нәсілшілдік, антисемитизм сияқты идеологияларды сынайды. Бірақ басты назарын өзінің заманында  үстемдік еткен либералдық демократия идеологиясын “әшкерелеуге” аударады: нәтижесінде Парето мен Муссолини  екеуінде бір ғана ортақ жау болып  шықты. Парето кейін фашизм іс жүзінде  басып тастаған, тоталитаризмге қарсы  құндылықтарды теориялық тұрғыдан ғана түсіндірді.

Парето қайтыс болар алдында  Италияда орнаған фашистік режимге  ұстамды қолдау көрсетті. Бірақ, сонымен  бірге жаңа режим Италияда жағымсыз жақтарын бірден көрсете қоймағанын айта кету маңызды, сондықтан кейбір либералды интеллигенция өкілдері алғаш мұны елді дағдарыстан шығаратын күш деп білді. Мәселен, фашизмге қарсы либералды оппозиция лидерлерінің бірі болған, белгілі итальян философы Венедетто Кроче алғашында жаңа режимге қолдау көрсеткен болатын.

Егер фашизм тұсында Парето ұзақ өмір сүргенде көп нәрсе оған ұнамаған болар еді. Жаңа режим тұсында  жазылған мақалалардың бірінде ол фашизм әскери авантюра, баспасөз бостандығы мен білім жүйесіндегі бостандықты  шектеу сияқты қоғам үшін қауіпті  болып табылатын құбылыстардан  аулақ болуы тиіс деп көрсетеді. Бұл ескертулер фашизмнің табиғатын  Паретоның жете түсінбегендігін  көрсетеді: себебі ол фашизмді оның мәні болып табылатын және онсыз өмір сүре алмайтын нәрселерден сақтандырып  отыр. Мұндай сақтандырулар социологтың  өз еңбектерінде көп жазған “қисынсыз  әрекеттердің” нақты мысалы болып  табылады.

 


Информация о работе Вильфредо парето