Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 19:29, реферат
Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады.
Вильфредо Парето
Вильфредо Парето (Wіlfredo Pareto) (1848 - 1923) - итальян экономисі, социолог. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизінің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады. Туринде политехникалық мектепті бітірген соң 1869 жылы “Қатты денелердегі тепе-теңдіктің іргелі принциптері” деген тақырыпта диссертациясын қорғайды. Тепе-теңдік түсінігі оның бұдан кейінгі экономикалық және социологиялық еңбектерінде маңызды орын алатынын ескерер болсақ, бұл тақырып нысана ретінде қабылданды. Бірнеше жылдар бойы ол темір жол мекемесі мен металлургиялық компанияда маңызды қызметтер атқарды. 90-жылдары ол саясатқа араласуға талпынас жасайды, бірақ онысы сәтсіз болады. Осы кезде ол публицистика және классикалық мәтіндерді оқумен және аударумен айналысады. 90-жылдардың бірінші жартысында Парето экономикалық теория және математикалық экономика саласынан бірқатар зерттеулер шығарады. 1893 жылдан өмірінің соңына дейін ол Швейцарияда Лозанна университетінде атақты экономист Леон Вальрасты алмастырып, саяси экономия профессоры болды. Парето өмірінің соңғы жылында Италияда фашистік режим орнайды. Бұл режимнің кейбір қайраткерлері өздерін лозанндық профессордың шәкіртіміз деп есептеді. Осыған байланысты 1923 жылы оған Италия сенаторы атағы беріледі. Парето бұл режимге ұстамды қолдау көрсете отырып, оны либералды болуға және академиялық еркіндіктерді шектемеуге шақырды. Парето 1923 жылы 19 тамызда өмірінің соңғы жылдарын өткізген Селиньяда (Швейцарияда) қайтыс болды.
Паретоның алғашқы ғылыми
еңбектері экономикаға
Паретоның социологиялық
дүниетаным бастаулары, жан-жақты экономикалық
тепе-теңдік теориясының авторы Леон
Вальрастан басқа Н.Макиавеллидің
әлеуметтік дарвинизмі мен түйсік психологиясы,
Г.Лебен мен Г.Тардтың
Паретоның ғылыми творчествосын зерттеушілер бір ауыздан оның социологиялық көзқарастарының қалыптасуына оның құндылықты бағыт-бағдарының түбегейлі өзгеруінің ықпалын ерекше атап көрсетеді. Алғашында ол демократиялық, либералды және гуманистік көзқарастардың жақтаушысы болған. Бірақ, кейін, шамамен 1900 жылдары өз заманындағы Италияның саяси өмірін бақылай отырып, Парето өзінің жас кезіндегі мұраттарынан көңілі қалады. Парето үнемі түрлі саяси, моральдік, метафизикалық ілімдерді сынай отырып, өз заманының демократия (ол оны “плутодемократия” деп атайды), еркіндік, гуманизм, ынтымақ, прогресс, теңдік, әділеттілік сияқты сан алуан әлеуметтік мұраттарын “әшкерелейді”. Социология ғылымының өзі Парето үшін әлеуметтік мұраттарды әшкерелеу құралы болды. Осындай әлеуметтік ғылымның алатын орнына көзқарасы Паретоны Маркс, Гобино немесе Гумплович сияқты ойшылдарға жақындата түседі. Олардың ойынша, “әдемі сөздің артында ажарсыз шындық жасырынған” деп, идеяларды төмендетуге тырысты.
Жоғарыда айтылғандардан
кейін Паретоның адамзат
Паретоның философиялық антропологиясы
адам өз іс-әрекеттерін ойлап барып
жасайды деген түсінікке
Парето өзінің социология түсініктемесін қасаң қағидалы түсініктемеге қарсы қояды. “Осы уақытқа дейін социология қасаң қағида ретінде түсіндіріліп келді. Конттың өзінің философиясында берген “позитивті” анықтамасы бізді адастырмауы керек, оның социологиясы Боссюэның “Жалпы тарих жөніндегі ойлары” сияқты қасаң қағидалы болып келеді. Бұл әр түрлі діндер, сонда да ол дін болып табылады; және діннің осындай түрін біз Спенсердің, Грифтің, Летурноның және т.б. шығармаларынан табамыз. “Қасаң қағидалы”, “гуманитарлық”, “метафизикалық” социологияға қарсы тәжірибелік социология нағыз ғылыми болып табылады. Мұндай болу үшін социология “логикалық-тәжірибелік” көзқарастарға негізделуі керек. Бұл көзқарас ғылыми дәлелдеменің негізін бақылау, тәжірибе және солардан құрылған логикалық ой-қорытындылар қалайды дегенді білдіреді. Егер метафизика абсолюттік принциптерден нақты фактілерге қарай жүрсе, тәжірибелік ғылым нақты жағдайлардан абсолюттік принциптерге қарай емес (мұнда олар болмайды), тек жалпы принциптерге қарай жүреді, сосын бұл ғылым олардың басқаларға тәуелділігін орнатады, сөйтіп шексіз жүре береді. Сонымен бірге жалпы принциптерді жай болжам ретінде қарастыру қажет, “олардың мақсаты - бізге фактілердің синтезін тануды қамтамасыз ету, оларды теория арқылы байланыстырып, қорытынды шығару. Теориялар, олардың принциптері мен дедукциясы фактілерге бағынып, фактілерді дұрыс көрсету ақиқаттылығынан басқа өлшем жоқ”.
Логикалық-тәжірибелік тәсіл заттардың “мәні” жөнінде, олардың арасындағы “қажетті” байланыстар жөнінде білім бермейді. Бұл тәсіл тек ықтимал білім береді; мұнда орнаған заңдар бізге белгілі кеңістіктік-уақыттық шектеулермен шектелген, кейбір біртекті байланыстар болып табылады.
Тіпті формальді логика заңдары да осылай түсіндірілуі керек. Мысалы, белгілі силлогизм: “Барлық адамдар о дүниелік; Сократ адам; демек Сократ о дүниелік”, - тәжірибелік көзқарас тұрғысынан былай болуға тиіс: “Біз танып білген адамдардың бәрі қайтыс болған; Сократтың біз анықтаған белгілері арқылы ол осы адамдар санатына жатады; демек Сократтың өлуі әбден мүмкін”. Егер де формальді логика заңдарының осындай ықтималдық сипаты болады десек, онда мұның социологиялық заңдарға қатысты болары сөзсіз.
Паретоның әлеуметтік мінез-құлық теориясының негізі адамдардың іс-әрекетін логикалық және логикалық емеске бөлуден құралады.
Социологиялық талдау бірлігі болып табылатын “іс-әрекет” түсінігіне жүгінудің өзі ХІХ - ХХ ғасырлардың социологиясына тән болған. Біз оны Макс Вебердің психологиялық социологиясынан да кездестіреміз. Ол социологтардың қызығушылықтарының әлеуметтік макродүниеден әлеуметтік микродүниеге ауысуын білдірді. Парето макроәлеуметтік жүйелердің, жаһандық қоғамдар мен үлкен әлеуметтік топтар мәселесіне назар аудармай қалған жоқ, бірақ оның социологиялық теорияларының негізі адамдар іс-әрекетінің сан-алуан түрлеріне талдау жасау болып табылады.
Парето үшін логикалық
және логикалық емес іс-әрекеттерін
айырудың негізін олардағы субъективті
және объективті жақтарының мақсаты
мен амалдарының қарым-қатынасы
құрайды. “Мақсатқа сәйкес амалдар
болып табылатын және осы мақсатпен
логикалық түрде бірігетін
Аталған ерекшелікті түсіну
үшін субъективті көзқарас жеткіліксіз,
басты мағынаны объективті өлшемдер
ұстанады. Оларды қалай табуға болады?
Парето былай жауап береді: “...Біз
“логикалық әрекеттер” деп операцияларды
орындайтын субъектіге қатынасы бойынша
өз мақсатымен бірігетін операциялар
ғана емес, сонымен бірге кең таным-
Логикалық іс-әрекеттер саласы - ең алдымен, жаратылыстану ғылымдары, технология, кейбір әскери, саяси, құқықтық әрекеттер мен экономика.
Жалпы логикалық іс-әрекеттер сирек кездеседі, әлеуметтік өмірде логикалық емес әрекеттер басым келеді. Логикалық әрекеттер - пайымдауға, ал логикалық емес әрекеттер сезімге негізделеді. Алайда, соңғысына адамның таза түйсіктік әрекеттерінен бірге пайымдау да кіреді. Оның логикалық емес әрекеттердегі орны “логизацияда”, яғни осы әрекеттердің ұтымды болуында: себебі адамдар өздерінің логикалық емес әрекеттерін логикалық деп көрсетуге тырысады. Бұл мақсатқа әр түрлі метафизикалық, діни, моральдік, саяси, сонымен қатар жалған ғылыми теориялар қызмет етеді. Бұл теориялардың таралуына олардың логикалық құндылығы мен дәйектілігіне тәуелді емес, оның себебі олардың санаға емес, сезімге негізделуіне байланысты.
“Сезім” Паретоның социологиялық жүйесінде маңызды орын алады. Оның көзқарасы бойынша, “сезім” адам әрекеттерінің терең негізін құрайды. “Түйсік”, “қызығушылық”, “тәбет”, “талғам” сияқты түсініктермен қатар, “сезім” адам табиғатының иррационалды жақтарына үлкен маңыз береді.
Бірақ мінез-құлықтың терең факторы болғанымен сезім ұстатпайтын нәрсе: бұл белгілі бір мағынада “өзіндік зат” болып табылады. Логикалық-тәжірибелік социология оларды тек белгілі бір сыртқы көріністер арқылы тани алады. Бұл сезімдердің тану құралы Паретоның ойлап тапқан “тұнба” және “туынды” теориясы болып табылады.
Адамдар өздерінің логикалық емес әрекеттерін логикалық деп көрсететін теориялар тұрақты және өзгермелі элементтерден тұрады. Парето біріншісін әлеуметтік ғылым үшін оғаштау “тұнба” (итал. “resіduo”, франц. “resіdu”) терминімен, ал екіншісін “туынды” (“деривация”) терминімен атайды. Ол өзінің “Трактатында” “тұнба” мен “туындыға” көп тоқталып, бұл құбылыстарға үлкен маңыз беретінін көрсетеді.
Парето пайдаланған
Паретоның өзі “тұнбалар” жіктелімінің алғашқы сипатын мойындаған. Сөйте тұра, ол әр топқа жан-жақты талдау жасайды. Басты маңызды бірінші екі топқа береді. Олардың біреуі тенденцияларды әлеуметтік өзгерістерге жетелейтін “комбинациялар түйсігі” болса; екіншісі, “агрегаттарды сақтаудағы табандылықты”, яғни кертартпалықты, әлеуметтік формалардың тұрақтылығын білдіреді.
Әдетте, бір қоғамның “тұнбасы” екінші қоғамның “тұнбасынан” едәуір ерекшеленеді. Олар жеке бір қоғамда шамалы өзгеріп отырады. Бірақ оларды қоғамның ішіндегі әр түрлі сатыларға бөлу өзгермелі болып келеді.
“Тұнба” - “теорияларда”
адамның логикалық емес әрекеттерін
“логикаға сәйкестендіретін”
Парето өзі бөліп қарастырған “тұнбалардың” алты тобы Батыстың тарихында екі мың жыл бойы тұрақты болып келгенін көрсетеді. Ал әр топтың ішіндегі шағын топтар онша тұрақты болмайды.
Парето идеяларының
Поретоның ойынша “туынды” немесе “деривациялар” “теорияның” ауыспалы, жеңіл тобын құрайды. Бұл түсінік Сорельдің аңыз түсінігіне жақын. “Туындылар” “тұнбаларға” және солар арқылы күш алатын “сезімдерге” негізделеді.
Парето “туындылар” “
“Туындылар” адамның қажетін
логикада немесе жалған логикада қанағаттандырады.
Ол үстірт және өзгермелі топ бола
тұрса да, әлеуметтік жүйеде маңызды
рөл атқарады. Олар “тұнбаларды” интенсивті
ете алады, күшейте алады немесе
әлсірете алады. Олар “сезімдерге” ықпал
ету немесе соларға айналу арқылы
әлеуметтік тепе-теңдікке ықпал ете
алады. Алайда “туындылар” “сезім”
мен “тұнбаға” тәуелді бола тұрса
да, өздері дербес тіршілік етіп, бірін-бірі
тудыра алады, өздерінің арасында әр
түрлі комбинациялар жасап, олардың
“сезімдік-тұнбалық” негізін