Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 18:52, реферат
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны.
I.Кіріспе
А)Адам,индивид,тұлға ұғымдары.
II.Негізгі бөлім
А)Тұлға әлеуметтануы.
Ә)Тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі мен субъектісі ретінде
Б)Жеке тұлғаның әлеуметтанулық теориялары
В)Тұлғаның құрылымы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
I.Кіріспе
А)Адам,индивид,тұлға ұғымдары.
II.Негізгі бөлім
А)Тұлға әлеуметтануы.
Ә)Тұлға қоғамдық қатынастардың объектісі мен субъектісі ретінде
Б)Жеке тұлғаның әлеуметтанулық теориялары
В)Тұлғаның құрылымы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Адам,индивид,тұлға ұғымдары
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.
Тұлға әлеуметтануы
Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, жеке адамды зерттеудің бір ракурсы – жеке адам – әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.
Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен қандай қатынаста болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.
«Қоғам және жеке адам» мәселесінің екінші ракурсының мәні – бірнеше мәселеден тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті – адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.
Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.
Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.
Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.
Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.
Жеке адамның әлеуметтенуі
Жеке адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі – бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің қалыптасу процесін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.
Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі – адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.
Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.
Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.
Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.
Ал енді жеке адамның әлеуметтенуінің механизмі әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.