П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды және олар социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшеліктерін заңдарын тұжырымдап, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлады, яғни қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсеткен.

Содержание

Кіріспе……..............................................................................2
Ресейдегі әлеуметтанудың тарихи кезеңдері............................3
Социологияның негізгі мектептері...........................................5
П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы..............................13
Қорытынды............................................................................15
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Соц.семес 5 вариант.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

Ресейде ғасырлар тоғысында үстемдік еткен әлеуметтануды  түсіндіруді ол консервативтік деп есептеді, сондықтан бұл ғылымның өзіне сенімсіздікпен қарады. Ол орыстың ірі әлеуметтанушылары М.М.Ковалевский, П.Н.Милюков және басқалары жасаған қорытындылар Ресей ақиқатында болып жатқан маңызды өзгерістерді көрсете алмайды деп есептеді. В.И.Ленин батыс әлеуметтанушылары О.Конт, Г.Спенсер, М.Вебердің де көзқарастарын қабыл-дамады, ең алдымен әлеуметтік танымның құндылығын жоққа шығарғаны үшін, ғылыми ұсыныстар негізінде қоғамдық процестерді реттеудің құралы ретінде ұтымдылықты сциентистік тұрғыда түсіндіруді мойындамады. В.И.Ленин үшін қоғамның ұтымдылығы деген, ең алдымен бұқараның өз қызметінің нәтижесі. Ол әлеуметтанудың абстрактілі схемалар жиынтығына айналдырылуына қарсы болды; рухани өмірдің күрделі құбылыстарын сараптауда кауіпті жалаң сөздерден сақтандырды.

Әлеуметтану зерттеулеріне ол өзінің қоятын талаптарын "Статистика және әлеуметтану" деген мақаласында баяндады. Қоғам туралы ғылымда ойша жорытушылыққа, дерексіздікке жол бермеудің қажеттілігін атап көрсетті: "дәлме-дәл және талассыз фактілерден туатын негізді — оған сүйенуге болатын, біздің заманымызда кейбір елдерде шектен асқан қиянатпен қолданылып жүрген, "жалпы" немесе "шамамен алынған" пайымдаулардың кез-келгенін онымен салыстыруға болатын негізді белгілеуге тырысу керек" .

XIX ғасырдағы Ресей әлеуметтануындағы тұжырым-дамалар мен көзқарастарды XX ғасыр әлеуметтанушылары одан әрі сабақтастықпен байытуы керек еді. Алайда, бұл елде болған Қазан төңкерісі әлеуметтік ойдың дамуына түбегейлі өзгерістер жасады.

П.Сорокиннің пікірінше, адамның адаммен қарым-қатынасы секілді, оның табиғатпен қарым-қатынасының арасында бір-бірімен жанаспайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жай ғана құбылыс деген ой тумауы керек. Өйткені бұл құбылыстың алдына қойылатын нақты мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес. Бұл өзгешіліктер аса маңызды болғандықтан адамзат танымының екі ірі саласында әр түрлі әдістерді қолдану қажеттігін талап етеді. Қоғамдық құбылыстарды тек субъективтік деп бағалауымыз керек. Бұл жерде жоғары бақылауды субъективті әдіс жүзеге асыруы тиіс.

П.Сорокин әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның элементтік байланыстарына қарап, оның дүниеге көзқарасын анықтауға болатынын жазды. П.Сорокин, Ч.Дарвин мен Г.Спенсердің эволюциялық теориясын мойындамады, керісінше, тұлғаны әлеуметтік бақылаудың бүлдіргіш ықпалынан құтқару қажеттігі теориясын басшылыққа алды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз соғыс жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Ресей тағдырын алға тартты. Әлеуметтік мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа еліктеудің, өзін-өзі сендірудің, беделдің қаншалықты ықпал ететініне көңіл аударып, П.Сорокин, З.Фрейд пен В.Адлердің психосараптамасына жоғары баға берді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуы ХІХғ соңғы ширегінен басталды, және ірі әлеуметтік ойшылдардың белсенділігімен өркендеп жетілді. Осы әлуметтанушыладың еңбектері арқасында Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстар оянып, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.

Ресей әлеуметтанушыларының пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелер қойған. Осындай мәселелерді көрсету арқасында Ресей социологиясы қазіргі кезде де даму  үстінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Дін социологиясы. Дүйсенов  М.С., А., 2003.

2. Мәдениеттану. Оқулық. А., 2005.           

3. Д.С. Орынбекова, “Әлеуметтану” оқу құралы, А., 2010.

4. Социология. Кенжебаев С.Ж. , А., 1998,.

5. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов, “Әлеуметтану”, А., 2003


 



Информация о работе П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы