П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 11:08, курсовая работа

Краткое описание

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды және олар социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшеліктерін заңдарын тұжырымдап, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлады, яғни қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсеткен.

Содержание

Кіріспе……..............................................................................2
Ресейдегі әлеуметтанудың тарихи кезеңдері............................3
Социологияның негізгі мектептері...........................................5
П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы..............................13
Қорытынды............................................................................15
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................16

Прикрепленные файлы: 1 файл

Соц.семес 5 вариант.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе……..............................................................................2

Ресейдегі әлеуметтанудың тарихи кезеңдері............................3

Социологияның негізгі мектептері...........................................5

П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы..............................13

Қорытынды............................................................................15

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды және олар социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшеліктерін заңдарын тұжырымдап, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлады, яғни қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ресейде социологиялық ойдың тууы және өркендеуі осы кезеңге келеді. Ресейдегі әлеуметтік ойдың дамуын зерттеушілер негізгі үш кезеңге бөлді. Бірінші кезең ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың 1918 жылына дейін, екінші кезең 20 жылдардың басынан 50 жылдардың аяғына дейін, үшінші кезең 60 жылдардың басынан қазіргі кезеңге дейін.

Бірінші кезең Н.М. Михайловский (1822-1904) сынды ірі әлеуметтік ойшылдардың шығармашылығымен байланысты. Олардың әлеуметтік ойды дамытудағы бағыты субъективті социология деп аталды. Олар субъективті социологиясының басты мәселесі қоғам туралы тұтастай ілім жасау, оның дамуының бағыттарын және заңдылықтарын анықтауға ұмтылды.

Олардың тұжырымдамасында тұлға қоғамның негізгі қозғаушы күші ғана емес, сонымен қатар қоғамдық прогрестің өлшемі ретінде көрсетті.

Субъективті социологиямен  қатар бұл кезеңде психологилық бағыт та пайда болды. Оның көрнекті өкілдері Л.Петражицкий, Н.Кареев. Бұл бағыттың өкілдері социологияның негізгі ілімі – “әлеуметтік тәртіп және эмоция” деп санады.

Бірінші кезеңде орыс социологтары А.Богдановтың, П.Сорокиннің, К.Тахтаревтің  әлеуметтік стратификацияға, таптар теориясына арналған ірі еңбектері шықты.

ХХғ 20-жылдары социология теориясының екінші кезеңі болып  табылады. Бұл кезеңде орыс социология ойының тарихы мен Маркстік социологияның арақатынастарын үйлестіре отырып, нақты маркстік социологияны қалыптастыру және оның орнын Марксизм жүйесінде белгілеу болды.

30-жылдарда Марксизм біржола қоғамның идеологиялық негізі болып бекіді. Социология әлеуметтік институт ретінде өмір сүруін тоқтатып, социология философиялық ілім деп танылды.

Социология ғылым ретінде  қайта тууы ХХ 50-жылдардың аяғы 60-жылдардың басы болды. Бұл кезеңде ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерінің еңбекшілердің әлеуметтік және кәсіптік құрылымына, олардың еңбекке қатынасын оқып-үйренуде ауқымды зерттеулер жүргізілді.

1960 жылдың ортасында  алғашқы социологиялық мекемелер  – КСРО ғылым Академиясының философия институтында социологиядан зерттеу бөлімі және Ленинград мемлекеттік университеті жанынан социология зерттеу зертханасы құрылды. 1974 жылдан бастап “социологические исследования” журналы арнайы шыға бастады.

Қазіргі кезде бірқатар академиялық, жоғары оқу орындарының және тәуелсіз әлеуметтану орталықтары, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында кең түрде эмпирикалық және теориялық зерттеулер жүргізуде.

 

     Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838—1888) еңбектерінде анық байқалды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның "Өркениет және ұлы тарихи өзендер" деген ірі еңбегіңде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.

Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар  мен өсімдіктердің тіршілік ету  жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды  тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы  кооперация факторлары қызықтырады.

Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л.И.Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

Қоғамдық прогресс идеясы Л.И.Мечниковтың әлеуметтану тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат  тарихы тек оқиғалардың мағынасыз  қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. Әлеуметтік прогресс жолындағы қоғамның эволюция дәрежесінің сандық индикаторы ретінде Л.И.Мечников адамдардың қол жеткізген ынтымақтастық деңгейіне көңіл аударды. Өйткені ол табиғатта болатын тіршілік үшін күресті ығыстырды. Ынтымақтастықтың адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы айқындалғанына көңіл аударып, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің еркіндік дәрежесі сол өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола алады деп ойлады. Адамдардың ынтымақтастығы жүзеге асатын кооперациялардың тарихи типтері адамның ынтымақтастықтың қаншалықты қажеттілігін түсінуіне негізделеді. Тарих, Л.И.Мечниковтың пікірінше, кооперацияның еріксіз типіне (сырттан күш көрсетудің есебінен) бағынышты иңдивидтердің одағы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі себеп болған, "мүдделерінің ортақтығының, өзінің бейімділігі және ынтымақтастыққа саналы тырысуының" арқасында қалыптасатын адамдардың ерікті ассоциацияларына бірте-бірте трансформациялану процесі. Әлеуметтік прогресс қоғамдық өмірде көрінетін күштеу, зорлау немесе билікке кері келетін болса, керісінше, еркіндік пен өзіндік сананың даму деңгейіне тікелей байланыста болатынын айта келіп, ойшыл бұл процестің механизмдерін, тарих кезеңдерінің ауысу кезеңдерін анықтауға тырысты.

Географиялық мектептерге  тән тұжырымдама тұрғысынан қарастыруды басшылыққа алған Л.И.Мечников сыртқы орта мен сол ортаны мекендеген адамдардың кооперация және ынтымақтастыққа жеткізетін қабілетінің арасынан өркениет эволюциясының қайнар көзін іздестірді. Орта, Л.И.Мечниковтың пікірі бойынша, тек жәй қоршаған табиғат қана емес, ол адам еңбегі процесіне түскен және соның ықпалымен өзгеріске түскен оның бір бөлігі. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор (адамдар қызметіне су ресурстарының ықпалы) болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік және мұхиттық (немесе жалпы тарихтық) үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп көрсетті. Бұл факторды зерттеуші халықтың өндірістік қызмет барысында сыртқы жағдайға бейімделу қабілеті ретінде зерделеумен қатар, тарихтың қозғаушы күші ретінде де қарастырған.

Натурализмнің қалыптасуына және әлеуметтік процесс пен оның қайнар көздерін түсіндіруде біржақтылықтың орын алғанына қарамастан, Л.И.Мечников географиялық детерминизмнің дәстүрлі көзқарастарына тән ой-пікірлердің анық шектеулігін жеңіп қана қойған жоқ, сонымен қатар әлеуметтану зерттеулері үшін бірнеше проблемаларды белгілеп берді (әлеуметтік даму механизмінің элементтері ретіндегі халықтардың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері, еңбек дағдыларының социо-мәдени трансляциялары мен қоғамдық ұстанымдардың формалары және т.б.).

Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды.

А.И.Стронин  әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас организм ретінде карастыра отырып, қоғамдық институттарды оның жекелеген фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның "әлеуметтану физиологияға ұқсас болуы қажет" деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А.И.Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез-келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол күш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік идеалдардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра келіп, А.И.Стронин Батыс Еуропаның "революциялық дәндері" Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды.

А.И.Стронинннің  биологиялық редукционизмі механи-цизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.

Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыздылардың бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров (1823-1900) және Николай Константинович Михайловский (1842-1904) еді. П.Л.Лавров "Тарихи хаттар" деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз көзқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып "антропологизм", "субъективтік әдіс", "субъективтік көзқарас" ұғымдарын енгізді. Оның пікірінше, басқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен тарихта өзгермейтін және абсолютті заттар бар. Олар объективті, белгілі бір дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін, бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен тарих белгілі бір сәтке дейін анықталынбайтын ақиқаттарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның мәселені түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті дайын болмауы жатады.

П.Л.Лавров әлеуметтануды  нормативті ғылым деп есеп-теді. Оның көзқарасы бойынша, коғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады. Оның мүддесін мойындамау деген сөз аса маңызды әлеуметтік құбылысты байқамаумен бірдей. Тарихтың барысы объективтік заңдармен анықталса да, тұлға тарихи процесті өзінше түсініп, өз алдына мақсаттар қояды және оған жетудің құралдарын таңдайды.

П.Л.Лавров әлеуметтануға  анықтама беруге талпыныс жасады. Оның түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынтымақтастықтың көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін саналы органикалық ғылым. Сондықтан бұл ғылым өзінде дара сананы барынша қалыптастырған даралығы бар бүкіл жанды қоғамды, адам жүзеге асырсам-ау деген қоғамдық идеалдарды, сонымен қатар тұлғаның өзіндік қоғамдық идеалдарды жүзеге асыруға жақындатсам деген талпынысынан туындайтын практикалық міндеттерді қамтиды.

Қоғам өмірін және ондағы процестердің негізгі мазмұнын ашудың өзіндік жолын айта келіп, П.Л.Лавров тұлғаның жеке адамгершілік идеалдарына сәйкес өмірдегі формаларды өзгертуге, сонымен қатар ол нені прогресс деп санаса сол үшін күресуге құқылы әрі міндетті екенін атап көрсетті. Сондықтан тұлға қоғамдық күштерге зор ықпал жасайды. Қоғамның дамуына күшті әсер еткен тұлғаны П.Л.Лавров алға шыққан тұлғалардың қатарына жатқызады. Мұндай тұлғалар қоғамдық құбылыстарға сын көзбен қарайды, оларды түзетуге атсалысады.

Анархизмнің теориялық мазмұны мен практикалық бағыты орыс ойшылдары және революционерлері Михаил Бакунин (1814—1876) мен Петр Кропоткин (1842—1921) шығармаларында жан-жақты дәлелденді. Олар Батыс Еуропа анархизмінің теоретиктері Ш.Фурье, М.Штирнер және П.Прудон еңбектеріне арқа сүйеді. М.Бакунин анархизмінің мәні — заттарды өздерінің табиғи ағымына жібергенмен бірдей... Осыдан келіп анархизмнің басты идеясы — ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы қалыптасты, дейді.

В.И.Ленин  де ертеректе жазған еңбектерінде халықшылдардың әлеуметтанулық көзқарастарына қарсы  шықты. Буржуазиялық және халықшыл-әлеуметтанушылар-мен пікір таластыра отырып, маркстік қоғамдық формация жөніндегі ережені дамытты.

В.И.Ленинді  әлеуметтік көрегендік сипат ерекшелейді. Өзі өмір сүрген тұстағы Ресейдің күрделі әлеуметтік-эконо-микалық үрдістеріне (әсіресе оның ішкі рыногына) сараптама жасай отырып, оларды бүкіл жүйені құрайтын байланыстар ретінде (техника, жұртшылық, тұрмыс, отбасы, хандықтың жекелеген жіктерінің әлеуметтік жағдайы, олардың саяси рөлі) өмір сүру тұрғысынан қарастырады немесе жүйенің өзін-өзі реттеушілік мүмкіндігі тұрғысынан зерделейді. Оның әлеуметтану жөніндегі түсінігі позитивистердің әлеуметтануды "таптан жоғары" тұрған ғылым деп түсіндіруіне толығымен қарама-қайшы еді. Осы орайда: "материализм өз мағынасына, былайша айтқанда, партиялықты енгізді, оқиғаға қандай да болса баға бергенде белгілі бір қоғамдық топтың көзқарасын тікелей әрі ашық жақтауды міндеттейді" , — деп жазды.

Информация о работе П.Сорокиннің интегралдық әлеуметтануы